163
(лауазымын к7рсету)
Анықтама *______________________________________________________
(берілген органны атауы)
көрсету үшін берілді.
**Алматы қаласы (________ ауданының) Əкімі ________ _____________
( олы) (аты-ж7ні)
4.4.6. Шарт
Шарт – азаматтық құқықтарды, қандай-да бір қарым-
қатынастардан туындайтын міндеттерді белгілеу, өзгерту, тоқтату
туралы екі немесе бірнеше тұлғалардың (тараптардың) келісімі. Шарт
А4 форматтағы парақта ресімделеді.
Шартта мынадай деректемелер болады:
● құжат түрінің атауы;
● күні;
● тіркеу нөмірі;
● мəтін;
● келісім жасалып жатқан тараптардың заңды мекен-жайлары;
● тараптардың əрқайсысының лауазымды тұлғаларының
қолдары;
● тараптардың əрқайсысының мөрлері;
● келісу бұрыштамалары.
Шарттың санын шарт жасасушы тараптар анықтайды.
4.4.7. Телеграмма
Телеграмма – байланыс арнасы берілетін құжат. Ақпаратты беру
жəне қабылдау уақытына дер кезінде шешім қабылдау мен оның
дұрыстығы əсер етеді. Сондықтан, ақпараттың жылдам алынуын
қамтамасыз ету үшін оны телеграф арқылы жібереді. Құжаттардың
факсимильді
көшірмелерін
жіберу
үшін
фототелеграмма
пайдаланылады.
Телеграмма
А4
форматқа
басылады
жəне
мынадай
деректемелері болады:
● шұғылдық санаты;
● түрінің атауы;
● адресаттың атауы;
● мəтін;
● тіркеу нөмірі;
● күні;
● жөнелтушінің қолы.
Телеграмма 300 сөзден аспауы тиіс.
Телеграмманы 3лгісі
164
ТЕЛЕГРАММА
ШҰҒЫЛ
АСТАНА,
ЖЕҢІС Д-ЛЫ, 14
«ПАРАСАТ» ҚОРЫНА
«ТҰЛПАР» ПОЕЗЫМЕН ЖІБЕРІЛГЕН ЗАТТАРЫҢЫЗ ҚАБЫЛДАНЫП АЛЫНДЫ.
000000, Алматы, Республика алаңы 4
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
Президент
Жеке олы
______________
М.О.
Күні
Орындаушының фамилиясы
жəне телефоны
Шығ. № _______ «___»_______
4.4.8. Телефонограмма
Телефонограмма – телефон байланыс арнасы арқылы ауызша
берілетін жəне алушы жазып алатын құжат.
Телефонограмма бір данада жасалып, оған басшы немесе
жауапты орындаушы қол қояды. Егер телефонограмма бірнеше
адресатқа жіберілетін болса, онда оған жіберілетін жерлердің телефон
нөмірлері көрсетіле отырып, тізімі қоса тіркеледі.
Телефонограмма 3лгісі
ТЕЛЕФОНОГРАММА
20.05.2007 ж.
№ 17
сағ.:15:25
Бұқаралық ақпарат құралдарына
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен 2007 жылдың 29
мамырында сағат 15.00-де «Достық» үйінің мəжіліс залында «Жаһандану
дəуіріндегі мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел өтеді.
Президент
Жеке олы
______________
Хабарлаған хатшы
Қабылдаған үйлестіруші
165
Ш. Шəкенова
Тел.: 271-66-49
Н. Айдынова
Тел. 255-45-52
сағат 15.40
Телефонограмма мəтіні 59 сөзден аспауы керек. Айтылуы қиын
сөздер мен күрделі сөз тіркестерін қолданбаған жөн. Хабарлағаннан
кейін оның дұрыстығын қайтадан оқып, пысықтау қажет.
Қабылданған телефонограммалар журналға тіркеледі.
4.4.9. Факсограмма
Қазіргі кезде факс арқылы хат-хабар алмасу кең қолданысқа енді.
Сондықтан оны ресімдеу мəселесі өзекті болып отыр.
Факс – телефон байланыс арнасы арқылы арнайы аппаратпен
алынған құжат. Факс мəні бойынша берілетін құжаттың көшірмесі
болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез келген түрі
жіберіледі. Алайда факстер көп жағдайда іскерлік əріптестер мен
мекемелер арасындағы хат алмасудың бір түрі болып қалады. Факсті
ресімдеу қызметтік хатты ресімдеу секілді жүреді. Тек адресат
деректемесінде почталық мекен-жаймен бірге алушы қаласының коды
мен факс нөмірі көрсетіледі.
Қалған деректерді аппараттың (теелфакс) өзі қояды:
- жіберушінің коды;
- беру күні мен уақыты, сондай-ақ оның ұзақтығы;
- ақпарат берілген телефакстың нөмірі;
- берілген беттердің саны
Егер алынған факсте маңызды ақпарат болса жəне ұзақ уақыт
қолдануға арналса, оларды көшіріп алу керек, өйткені көптеген факс
аппараттарының пайдаланатын қағазы жұқа болып келеді. Ал кəдімгі
қағазды пайдаланатын қымбат факстерді көшірмесе де болады.
4.4.10. Электрондық хабарлама
Электронды хабарлама – компьютерлер арасындағы желілік
байланыс бойынша «электрондық почта» арқылы жіберілетін
электрондағы нұсқадағы құжат.
Электронды хабарлама электронды почта адресатынан,
қызметтік ақпарат атауынан жəне мəтіннен тұрады.
Электронды почта арқылы жөнелтілетін құжаттарға мынадай
талаптар қойылады:
● құжаттар Word мəтін редакторының немесе Excel кеслеік
редактордың көмегімен Times New Roman, Arial шрифтерін пайдалана
отырып дайындалады жəне графикалық бейнелерден тұрмауы тиіс;
Достарыңызбен бөлісу: |