175
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
еткізбейтін «ақындықтан» сақтасын! Ендеше Зайда, қасыретті ғана
жырладым деп қамықпасын. Ол – елінің ақыны.
Әли Ысқақбай, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары:
–Зайда мен Жұматай жұбын тапқан ақындар деп ойлаймыз.
Көзі тірісінде де атына кір келтірмеген, ол кеткелі де міне 15 жыл,
төмендеткен жоқ. Талай дарынның соңында жары қалған шығар,
солар дәл осылай зарлап, зарығып жоқтай білсін, деңіз.
Тоқтасын Сүгірбеков, ақын:
Мен Зайданы өрімдей 17-18жасынан бері білемін. Өзі
сияқты алғашқы өлеңдері де сүп-сүйкімді еді. Тектілігі балауса
жырларынан–ақ аңғарылып тұратын. Жұматай екеуінің алғаш
қосылған күндерінің көз көрген куәгеріміз. Азаматты бір сыйласа –
әйел атаулы Зайдадай–ақ сыйласын. Ақынның жолына жастығын,
жап–жас творчествосын да арнады деуге болады.
Әміре Әрін, бас редактордың орынбасары:
–Зайда апай, талай кітаптарыңыз жарық көріп, өлеңдеріңіз-
дің жадымызда жатталып қалғаны да баршылық. Кейінгі жинақ-
тарыңыз тіпті қомақты, әрі мазмұнды. Оқырмандардан жақсы баға
алғанмен, сыйлық алып жатқаныңызды, оған ұсынып, насихаттап
жатқаныңызды байқамадық. Осы жағын ойладыңыз ба?
Зайда:
Мен жаңа айтып өткенімдей Жұматайдың әлемінен, әсері нен
енді айыға бастағандаймын. Өзімнің шығармашылығымды ойлап
насихаттауға мән бермеппін.
Жалпы, «Зайда ғұмыр» жинағым Мемлекеттік сыйлыққа ұсы-
нылған. Осы сыйлыққа шығармалары ұсынылған 21 ақынның
ешқай сысына да бұл атақ берілмеді.
Айтпақшы, бір күні түс көрдім, осы кітапты сыйлыққа ұсынған
кезде...Жұматай езуінде кекесінді күлкі ойнап: «Әй, қайдам?»
дегендей жымия қарап тұр екен деймін. Мен іштей: «Бұл ма ған
берілген аян ғой, кітабым сыйлық алмайды» деп жорыдым.
Әли Ысқабай: Сөз орайы келген соң айтайын:
Қожахмет Яссауиге қорған қаланып жатып қайта-қайта құ лай
беріпті. Жұрт бұған таңданады ғой, әрине. Сонда оларға да: «Алды-
мен Арыстанбаптың басына қорған тұрғыз» деген аян беріліпті
дейді. Біз дарынды тірі кезінде бағаламаймыз, өлген соң өкінеміз.
Сөз арасында:
Аталарында емшілік, тәуіптік бар Зайдаға екі рет емшілік қасиет
қонып, ол өлең жазуды доғарып, осы кәсіпке де берілген. Жоқ,
емшілікті кәсіп етіп, нәсібін айырмаған.
Жаратқанның ерекше қуатын, көңіл көзімен көре білуін,
тәуіптігін ұстанып кетсе – бір алқып–шалқыған бай болып та отырар
ма еді. Өйткені, талай атақты, мәртебелі адамдардың әйелдері
176
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
(кейде өздері де) келіп, ем-дом алған, ол қонған сауықтырған. Бірақ
бұл әрекеттерді Зайда ұзақ жалғастырмай, қайта өлең әлеміне орала
береді екен.
Жанкүміс Жәмеңке, редакция меңгерушісі:
– Сіз жаңа: «Мені ылғи Жұматайдың әйелі деп таныстырады, бұл
да жауапкершілік жүгін ауырлатады» дедіңіз ғой.
Алматыда Баспасөз үйінде бірде Жұматай Жақыпбаевты маған:
«Зайданың күйеуі» деп таныстырғаны есімде. Сіздің қай әлемде
жүрсеңіз де поэзияда өз орыныңыз бар. Міне, менің қолымдағы
мына кітап – үшінші жинағыңыз. Газетте шыққан өлеңдеріңізді
бұдан көп бұрын қиып, сақтап қойыппын. Сондағы өлеңде сіз:
Жыл десек, ай десек – есеп күн,
Ғашық болып бір боздаққа бос өттім.
Ол қалды да астында бір кесектің,
Күнін кештім есектің, – депсіз. Бұлай айту – әдебиет әлемінде
өз орны биіктігі бар адамның ғана қолынан ғана келеді. Сол биіктен
түспеңіз.
Сіз ақынға, Тәжімахалдай ескерткіш тұрғыздыңыз...
Светлана Буратай:
– «Зайда – ғұмырдағы» зар мен мұң, сағыныштың салмағы жү-
ректегі сезімдерімен өлшенеді. Оның қанша екенін оқыған жұрт
безбендеп өлшер. Ал өлең шумақтарының алты мыңдайын санауға
мұршамыз келді.
Зайда сен, ақын інің Жомарт айтқандай: «Сүйгенін жоқтаудың
шедеврін» жасадың.
Зайда:
– Мен бұл өлеңдерді он үш жылдай өң мен түстің арасында
жаздым. Мен де адаммын ғой, ақынмын, жас болдым. Кейде үйге
ерекше бір сезіммен ораламын. Сондайда Жұматайдың бюсті
бұрышта маған кейде сынап, кейде іштей жылап қарап тұрғандай
көрінетін.
Қолдан жасаған бюст-ескерткішті қойшы, жансыз бейне ғой.
Маған аспандағы жұлдыздар да қарап тұрғандай, соның бірі Жұма-
тай дың жаны ма деген әсер қалдыратын.
Жұматай Әміреев, ақын, актер:
– Өмірде бір отбасындағы жұп ақындар аз да болса кезде седі
ғой. Әрқайсысының әлемі әр түрлі. Ал сіздердің тағдырла ры ңыз
бө лектеу ме деп ойлаймын. «Ләйлә» – өлеңдегі образ де ген нің
өзін де, жаңа өзіңіз айтып жатырсыз: «Әйелдері көп болды, оны
сүйген, ол сүйген» деп... Сіздің жүрегіңізді қызғаныш тырнаған
кез бол мады ма?
Зайда:
– Бірде ол маған: «Зайда, мен үйде сенікімін, сыртта – халық-
тікімін, өзгенікімін. Жұрт көзінше қызғаныш білдіріп, мінез
көрсетпе», деген-ді.
177
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Неге қызғанбайын – қызғандым, бірақ қызғанышты білдірудің
де өз жөні бар.
Ал, Ләйлә образына келетін болсақ, ол өмірде бар адам, сұлу, ару
қыз болды.
Оның анасы Балапан Арынова апай мені: «поэтесса» деп алғаш
атағандардың бірі. Сонда 9-сыныпта ғана едім. Бірде Балапан апай:
– Жүр біздің үйге, Мәскеуден Ләйлә келген, – деп ертіп барды.
Ләйлә ерекше еді, «Арабтың алтыншы ғасырдағы қыздарындай» деп
жырлағандай, Ләйлә өте көрікті еді. Қыр мұрынды, нәркес көзді
сұлулығын көріп, таңданғам.
Кейін Жұматай: «Зайда, мен Ләйләға ғашықпын. Ол Патрис
Лумумба атындағы халықаралық университетті Мәскеуде бітірді,
қазір шетелде...» дегені бар.
Өзі сұлу, білімді, шетел асқан Ләйләға қызықтым, қызғанғанда
не бітірем?
Жұмекеңе ғашық болған ақын әйелдер де, қыздар да болды,
көріп, біліп, кейбірімен дос болып та кеттік. Өйткені ақын:
– Мен үнемі сүйіп, құмартып жүруге, сұлулыққа тамсанып
жүруге тиіспін, – дегені бар еді.
Сөз арасында:
Сөйте тұра ақын Жұматай Зайдаға:
– Бір үйде екі ақын махаббатты қосыла жырласа не болады. Сен
махаббат туралы жазбайсың, өйткені – менің әйелімсің. Ал әйелдің
өзге жігітке ғашық болып, оның өлеңге қосып отыруы қалай болады.
Сен қазақ Совет ақыны бол, Отанды, еліңді сүйіп, соларды жырла»
деген. Ал ақын мінезіне құрметпен қараған ақын Зайданың өзі
мінезсіз бе еді? Жо-оқ, мінездің нағыз кесектігі, тектілігі осы әйелде
бар-тын. Ол сондықтан махаббат тақырыбын Жұматай арқылы
жырлады. Пайымдауымызша, тамаша тамылжытты.
Зайда айтады:
– Мен Жұматаймен біге тұрып, алақанға салған әйелдің күйін
кештім дей алмаймын. Ренжісетін, сөз таластырып керісетін кезде-
ріміз де болатын. Сондайда қағазға жазып ұрысатынбыз. Бұл да
болса біздің әлеміміздің өзіндік, мүмкін тіпті, қияли көрінісі шығар.
Жұматаймен рухани дос болдық. Көп игі адамдармен таныстым.
Асқар Сүлейменов, Жұмекен Нәжімеденов біздің жалдамалы
пәтеріміздің төрінде қонақ болды, осыған шүкір деймін.
Нұрманбет Қизатұлы:
–Жұматай бақилық болып кеткелі талай уақыт өтті. Сіз әдемі
әйелсіз, жас болдыңыз, әлі де сыры кетсе де, сыны кетпеген
келбетіңіз бар. Көз салып қырындағандар көп болған шығар-ау...
Зайда (рахаттана күліп):
– Бұған менің «Махаббат пен мұң» деген кітабым жауап береді.
Бұл өмірдің, тағдырымның туындатқан шығармасы ғой. Бастап қыда
Достарыңызбен бөлісу: |