Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет48/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   95

172
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Жадымда қалды жатталып,
Бек әсем қызыл көйлегің.
Күлуге сол сәт шақ қалып,
Қасыңды керіп сөйлеуің...
деп дәлме-дәл штрихтер арқылы адам психологиясының жай көзге 
байқала бермейтін небір нәзік иірімдерін аңғартатын осындай 
өлеңдерді оқыған сайын Маяковскийдің «Махаббат – бұл өмір, 
басты нәрсе, өлең де, қам-харакет те бәрі-бәрі де содан тарап, өріс 
алады. Махаббат – баршаның жан-жүрегі» деген қанатты сөзінің 
байыбын тереңірек түсінгендей боламыз.
Жұматайдың ақындық жолының қазіргі аяқ алысынан ара-тұра 
болса да шабысынан жаңылып, жаңсақ басатын тұстары да жоқ 
емес. Мәселен, «Ер келеді» деген өлеңнің етек-жеңі жинақталмай, 
қарабайыр күйінде қалған. Автор өлеңнің ажарын асыра түсемін деп 
жалаң көріністер мен статистикалық суреттердің жетегінде кетеді 
де, оның ішкі тұтастығын сақтамай, мазмұнын сұйылтып жіберген.
Алайда, жоғарыдағыдай жүре түзетуге болатын кемшіліктер 
біздің кітаптан алған жалпы әсерімізді әлсіретіп тұрған жоқ. Өйткені 
«Саратанда» өн-бойына мін жуытқысы келмей сыланып-сипанып 
тұрған сыбызғы үнді сырбаз жырлар өте көп. Сондықтан да кітап-
тың аннотациясындағы: « Осы тұңғыш жинағымен-ақ Жұма тай 
өзінің творчестволық келбетін танытып, ақындық паспортқа толық 
ие болды деп сеніммен айта аламыз» деген жылы ілтипатты лебізді 
біз де қызу қолдаймыз. Алайда, творчестволық табыс салмағы алға 
басқан сайын ауырлай түскендігімен құнды ғой. Ендеше, біздің 
ендігі жерде көкейімізге кеп тұрған ізгі тілегімізді автордың өзі де 
айтқызбай-ақ түсінетін шығар деп ойлаймыз.
 
«Октябрь туы» газеті, 1979 жыл 14 қараша
Светлана БУРАТАЙ
МЕНІҢ ҒАЖАП ТАҒДЫРЫМ 
– Арада жиырма бес жыл өтіпті-ау...
Ақын Зайда Елғондинованың облыстық «Жетісу» газетінің ре-
дак циясына атбасын бұрып сәлемдесе келгенде айтқан сағынышты 
сөзі бұл.
Осы қара шаңырақтан жұбы Жұматай ақынмен қол ұстасып 
Алматыға, үлкен әдебиетке кеткеніне осынша жыл өткен ғой. Ширек 


173
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
ғасыр бұрын бақытты күндері өткен киелі шаңырақ шамырт қант  пай 
қала ма? (Рас, онда бұл үйде «Октябрь туы» («Жерұйық») газе ті нің 
редакциясы болған).
Жұрт Зайдасын сағынған екен, «Жетісу» газетінің ұжымы орын-
ды үстел басындағы төрден ғана емес, жүрегінен де ойып беруге әзір 
екенін аңғартқан. 
Ақынын пайғамбардан кем көрмейтін халықпыз ғой, қонақ-
жайдағы әңгіме де сол деңгейде басталған.
Мына мұңды, мына жынды жүрекпен,
Қаншама жыл алыстым.
Пайғамбардай діні тозып, күні өткен,
Жұлдызына ғашық болдым ғарыштың, –
деп жұлдызды әлемде жүрген Зайда міне, қол созым жерде отыр. 
Жүздесуді «Жетісу» газетінің бас редакторы Жақыпжан Нұрғожаев 
поэзия туралы ойлы оралымдармен қос ақын туралы өз естелігін 
айтып, бастап берген.
Зайда айтады: Толқығаным рас, оған айып етпеңіздер. Арада 
өткен сол жылдарда қаншама жағдайды бастан өткіздік, тағдыр 
көрдік. Оны қанша өлең жазсаң да жан-дүниеңдегідей жеткізу 
мүмкін емес шығар.
  Мені  жұрт көбінесе Жұматайдың әйелі ретінде де, Зайда ақын 
деп те қабылдайды. Көп жерге естелік айтуға шақырады, ол туралы 
сұрақтар әлі көп сияқты.
 Жұмекең қайтыс болған соң атқаруға тиіс парыздарын көтеріп, 
атқарып-ақ келемін. Асын бердік, 50 жылдығын өткіздік. 
 Рас, ел-жұрты, халқы көмектесіп келеді. Дегенмен, негізгі салмақ 
жүрекке түседі ғой. Кейде табаныңнан тауысылып шаршайсың.
 Биыл оның алпысқа толар жылы. Туып-өскен өңірінде де атап 
өту – парыз. «Қалай өтеді, қалай қояды?» деген сауалдарын басы-
қасында жүруің керек. Сөйтіп жүріп, тайып құлағанда аяғымды 
сындырып алдым да, осы жаққа кетіп қалуға тура келді. 
 Көксу ауданының орталығы Балпық би кентіндегі сіңілімнің 
үйінде жатып, ойымда жүрген «Ақын сүйген әйелдер» деген 
пьесамды жазып тастадым. 
 Мезгілсіз кетіп қалған адам туралы естелік айта беру де оңай 
емес. Жұматай қайтыс болған соң «Менің ертегім» деген кітап 
жаздым. Ондағы ойым–естеліктерді айтып, арылу еді. Бір кітапты 
жазғаныммен – одан айықпадым.
Сөз арасында:
Ақын Зайда баяу ғана байыпты сөйлеп отыр. Ал өлеңдерін 
оқысаң – жан-дүниесі біресе жанартаудай бұлқынады, біресе 
көзінің жасы мөлтілдеген мұң болып, қабырғасы сөгіледі. Екеуі она 


174
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
алты жылдай бірге тұрды. Ол бақилық болып кеткелі де Зайданың 
Жұматай әлемінде өмір сүргеніне он бес жыл өтіпті. Осынша жыл 
азалы күй кешу оңай ма? Тіпті обал емес пе? Жүрегін тілкемдеп 
отырып, неше кітап жазды. «Менің ертегім», «Махаббат пен мұң», 
бір өзі бір кітапты орап алар «Зайда-ғұмыр» жинағы.
Өлеңді түсінетін, оны сүйетін қауымның ұйып тыңдауы ақын-
ның жүрекжарды сырын айтуына мүмкіндік бергендей.
Зайда айтады:
Жұматайға мені тағдыр қосты. Сол тағдырыма кейде өкіне мін, 
кейде шүкіршілік етемін. Өкінетінім – Зайда ақын ретінде менің 
шығатын өз биігім бар еді ғой, соған ұмтылмай, Жұматайдың әле-
міне еніп кеттім. Шүкіршілік ететінім – оның ғана емес, ақындық-
тың әлеміне қызмет істедім деп ойлаймын.
Сөз арасында:
Жанын әрі баурап, әрі жегідей жеген сезімдерден құтылуды неге 
ойламасын, ойлаған да шығар. Бірақ...өзі айтып отырғандай жаны 
мен жүрегінен бір сәт алыстату өз алдына, естелік айтудан жай ғана 
пенде ретінде «қашып бара жатқанда» аяғын сындырып, майып 
болып қалғанын қарамайсыз ба?
Зайданың да өз творчествосы өлеңдері, тіпті ән жазатыны бар. 
Жүректі езген ауыр мұңнан құтылуды ойлауы – заңдылық емес пе?
Зайда:
Жұматайдың басынан да талай өмір өтті. Ол сүйген, оны сүйген 
әйелдер болды. Мен –Талдықорғанда, ол – Алматыда, қызымыз 
Айкүн үшеуміз екі-үш жыл үш жақта жүрген кедер де болған. Содан 
пәтер алып, Алматыға көшіп барғанда Жұматай маған:
–Бірден жұмысқа шықпай, алты айдай үйде отырасың, –деді.
–Неге? –деймін ғой.
–Мен сенсіз бұл қалада үш жыл қызмет істедім, басымнан талай 
жағдай өтті. Ел сөзі басылсын, әйтпесе арамызға жік түседі, –дейді.
–Бірде баспаға (Абай көшесі мен Гагариннің қиылысында еді 
ғой) барсам, мен отырған бөлмеге қыз-келіншектер келгіштеп, 
қарап кетеді. Сөйтсем баспа ішінде: «Жұматайдың әйелі келіп отыр» 
деген хабар тараған ғой. Осының өзінен-ақ біраз нәрсені аңғардым. 
Бірақ, ештеңені бетіне баспадым, шыдамдылық көрсеттім деуіме 
болады. 
– Сөз арасында:
Енді міне, көңілімде күн шықты,
Жүрегімде суреттелмес сең жүрді.
Қап-қара мұң тұңшықты,
Бақыт келіп баянына сендірді.
Кейде өлеңнің бар қасіретін тартып, сорын арқалаған дарынды 
ақынның бақытсыздығына қызығуға болады. Өйткені, ол жазған 
өлең өлмейді, ел-жұртының жүрегінде жүреді. Өлеңі тірі, бірақ селт 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау