Сӛйлеуі бұзылған балалардың іс-əрекет ерекшеліктері
«Мектепке дейінгі жаста сӛйлеуі бҧзылған балалар ҥшін ойын əрекеті
олардың жеке тҧлғасының жан-жақты дамуы мен интеллектісінің
дамуында, маңызды рӛл атқарады. Бірақ, оларда кездесетін дыбыстау
кемшіліктері, сӛздік қордың шектеулілігі, грамматикалық қҧрылымның
бұзылуы, сөйлеу əуезділігінің өзгеруі – мұның бəрі, балалардың ойын
əрекетіне ӛз əсерін тигізеді, мінез-құлықтың өзгеруіне себеп болады.
Мысалы, функционалды дислалияның кҥрделі тҥріне ҧшыраған балалар,
ринолалиясы, дизартриясы бар балалар, ӛздерінің тілдік кемістіктерінен
қорғанып, ӛзге қҧрбыларымен ойнаудан бас тартады.
Шартты
рефлекторлық əрекеттің əлсіреуі, есте сақтау қабілетінің тҧрақсыздығы,
т.б. олардың топтық, ҧжымдық ойындарға қатысуларын қиындата тҥседі.
Жалпы жəне тілдік моториканың бҧзылуы, əсіресе, дизартриясы бар
балаларда, жылдам шаршауды туғызады. Сӛйлеуі бҧзылған балалар,
динамикалық стереотипті ӛзгертуде қиналады, сондықтан олар ойын
барысында, əрекеттің бір тҥрінен екінші тҥріне тез ауыса алмайды. Ми
қыртысына тӛмен қозғыштық тəн балалар, тежелу реакцияларына бейім
болып келеді, ойында енжарлық, жасықтық танытады, олардың
қимыл-қозғалыстары еркін емес, сондықтан тез шаршайды, тез жалығады.
Ал қозғыштығы жоғары балалардың зейіндері тҧрақсыз, шоғырлана
алмайды, ойынды соңына дейін жеткізуге шыдамдары жетпейді.
Ұстамсыздық, мазасыздық пен əбігерлік, кӛп сӛйлеу – мҧның бəрі топтық
ойындарға қосылуды қиындатады.
Алалиясы бар балаларда, интеллектуалды даму тежелуі жиі байқалады,
сондықтан, олар ҥшін ойынның ережелерін тҥсіну мен меңгеру, ҧзақ
уақыт жҥзеге аспайды. Бҧл балалардың ойындары бірыңғай, кӛбіне
еліктеу сипатында болады. Олар ойыншықпен ойнаудан гӛрі, манипуляция
жасауға бейім. Алалиясы бар бала, қоршаған орта нақтылығын тым ҥстірт
қабылдайды, сондықтан, олардың ойындарында мақсатты əрекеттер мен
жаңалық жетіспейді. Сӛйлейтін балалар ҧжымында, алалик балалар
шеттеп жҥреді немесе басқа балалармен ойнау барысында, тек
бағынышты рӛлдерді орындайды, тілдік қарым-қатынас жасамауға
тырысады. Тіпті кейін, логопедиялық сабақтардың кӛмегімен, сӛздік қор
жинақтап, сӛйлем жасау дағдысын игергенде, ойында бҧл дағдыларды
ӛздігінен
қолдана алмайды. Сӛзді, тек заттың атын атау ҥшін ғана
қолданады, сол затпен жасалатын əрекет аталмайды.
Кекештенетін балалар, ойында ӛздерін басқаша ҧстайды. Бҧл балалар ӛте
жасқаншақ, ӛз қабілеттеріне сенбейді, ойында алдарына мақсат қоя
білмейді. Бағынышты рӛлдерді атқарады немесе тек кӛрермен ретінде
болғанды қалайды. Кекештенудің кҥшеюімен, балалар тҧйықтала тҥседі,
қҧрбыларымен ойнаудан бас тартады.
Сӛйлеу патологиясы бар балалардың ойын əрекеті, тек ересек адамдардың
бағыт беретін сӛзінің кӛмегімен, кҥнделікті жетекшілік жасауымен ғана
қалыптасады. Ойынның бастауыш кезеңдерде, тілдік қарым-қатынасы ӛте
шектеулі болады, бҧл ӛз кезегінде, ойынның сюжеті мен кӛлемінің
шектелуіне ықпал етеді. Арнайы ҧйымдастырмаса, ойын барысында
сӛздік қорды кеңейту мен ӛмірлік тəжірибе жинақтау жҥзеге аспайды.
Балалар ӛздерінің негізгі білім қорлары мен əсерлерін, тек мақсатты ойын
ҥдерісінде ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: |