Естуі бұзылған балалардың іс-əрекет ерекшеліктері
Іс-əрекет ҥдерісінде, яғни адамдардың қоршаған ортамен белсенді əрекеті
барысында,
психологиялық
ҥдерістер жетіледі,
кемелденеді, таным
тҥрлері байиды, əрі кҥрделенеді, əлеуметтік тəжірибелер жинақталады.
«Заттық əрекет дамуының алғышарты – заттармен ісəрекет жасауды ҧзақ
уақыт ішінде меңгеру болып табылады: ҧстау, спецификалық жəне
спецификалық емес манипуляция жасау, заттарды қажетіне қарай
пайдалану, қолдану т.б.
-------------------------
Есту
қабілеті
бұзылған
балаларда,
спецификалық
емес
манипуляциялардан, спецификалық
манипуляцияларға кӛшу, еститін
балаларға қарағанда, кешірек жҥзеге асады. Саңырау балаларда, арнайы
ҥйретусіз бҧл сала ӛте баяу жəне əркелкі дамиды. А. А. Венгер, Г. Л.
Выгодская, Э. И. Леонгард сияқты ғалымдардың мəліметтері бойынша,
бҧл балалардағы кейбір əрекет тҥрлері тек 2-2,5 жастан кейін, тіпті
мектепке дейінгі ересектену жасында ғана пайда болады. Балалар тек
ӛздеріне таныс заттармен ғана іс-əрекет етеді. Саңырау балалардың заттық
əрекеттері, мектепке дейінгі жаста, яғни олардың бағдарлау əрекеттерінің
тəсілдері ӛзгергенде жалғасады. Мектепке дейінгі жаста,
олардың
қарапайым бағдарлау əдістері, анағҧрлым кҥрделі формаларға ауысады.
Бірақ, А. А. Венгердің
айтуынша, оларда заттармен іс-əрекет жасау
тəжірибесін қорытындылау мҥкіндігі аз. Сондықтан, балалар кез келген
қҧралды, жаңа жағдаятта пайдалана алмайды. Олар ӛз мақсатына жету
ҥшін, адекватты емес жолдарды таңдайды (мысалы, орындықтың артында
жатқан допты алу ҥшін, орындықты аударып тастайды), таяқ сияқты
тиімді
пайдалануға болатын
қҧралға еш назар аудармайды. Кейбір
жағдайда, қандай да бір қҧралды қолдану керектігін, саңырау балалар
ҧғынса да, айналасынан іске жарайтын, ештеңе таба алмайды. Бҧл
олардың бағдарлау деңгейінің
тӛмендігімен, объектілердің сапаларын
жете тҥсінбеумен, оларды сəйкестендіру қиындығымен тҥсіндіріледі.
Заттық əрекеттің нəтижесінде, қабылдаудың барлық тҥрлері дамиды, ал
саңырау балада кӛру арқылы қабылдау, алдыңғы қатарға шығады, осы кӛру
арқылы қабылдаудың кӛмегімен, ол
заттық əрекетті жҥзеге асырады;
қимыл-қозғалыстары кҥрделенеді, ойлаудың
генетикалық негізгі,
бастаушы тҥрі – кӛрнекі-əрекеттік ойлау тҥрі қалыптасады.
Сюжеттік–рӛлдік ойын, саңырау балалардың мектепке дейінгі жасындағы
жетекші əрекеті болып табылады. Есту қабілеті бҧзылған балалардың
сюжеттік–рӛлдік ойындарының
дамуында, бірқатар ерекшеліктер бар.
Мазмҧны жағынан, бҧл балалардың сюжеттік–рӛлдік ойындары, еститін
сау балалардың
ойындарымен ҧқсас (Г. Л. Выгодская). Саңырау
балалардың
ойындарында,
ересек
адамдардың
тыныс-тіршілігі,
қарымқатынасы мен іс-əрекеті кӛрініс береді. Себебі, саңырау балалар
ӛздерін қоршаған ортадан алған əсерлерінің шеңберінен аспайды.
Сау балаларға қарағанда, саңырау балалар заттық-əрекеттік ойындар
деңгейінде тҧрақтап қалады, ал олардың сюжеттік ойындары бірыңғай,
тым
қарапайым
болып
келеді.
Саңырау
балалар
жасырын
қарым-қатынастарды, ӛз беттерімен ҥнемі ҧғына бермейді, есесіне,
кӛрнекі-заттық əрекеттерді ойындарында барынша кӛрсете алады. Сюжет
детальды тҥрде орындалатын əрекеттермен ығыстырылып қалады. Мектеп
жасына дейінгі саңырау балаларға педантизмге бейімділік тəн, олар
қоршаған ортаның шындығын, ӛз ойындарында толық кӛрсетеді.
Сӛйлеудің тежелуі себепті, қоршаған орта қҧбылыстарын қорытындылау
жəне шығармашылықпен кӛрсете білу қабілеті ӛте шектеулі. Кӛп жағдайда,
саңырау балалардың ойындарындағы ісəрекеттер, стереотипі ҥрдісін
аңғаруға болады. Балалар сол рӛлдерді, сӛздерді, əрекеттерді механикалық
тҥрде қайталай береді. Əрі сол ойынды бҧрын ойнағандай, дəл сондай
жағдайлар жасауға тырысады. Саңырау балаларда сонымен бірге, ӛзге
балаларға механикалық еліктеу элементі кездеседі. Олар ӛз жандарынан
еш жаңалық енгізбестен, тек ӛзгелердің ойынын қайталай беруге
жалықпайды.
Саңырау балаларда ойын барысында, заттарды алмастыру қиындығы жиі
кездеседі. Тіпті, қызметі жағынан жарайтын заттың ӛзін, қажет затты
алмастырушы ретінде қабылдай алмайды (мысалы, машинаның орнына
текшемен, қасықтың орнына таяқшамен ойнау сияқты, уақытша шартты
əрекеттер болмайды). Саңырау балалар ойын əрекетін меңгерген сайын,
біртіндеп детальды кеңейтулер енгізе бастайды. Айталық, қуыршақты
тамақтандыруда, қасықты оның аузына жақындатумен шектелмейді. Ол
алдымен, тамақты тəрелкеге салады, қасықпен араластырады, ҥрлеп
суытады, содан кейін, «тамақтандыра бастайды» т.б.» .
Оқу əрекеті
бұл балаларда, мектепке
дейінгі
жаста
қалыптасады. Оқу əрекетінің ерекшеліктері туралы
-------------------------
Е. Г. Речицкаяның еңбектерінде беріледі. Оның мəліметтері бойынша,
саңырау балаларда оқу əрекетінің барлық тҥрткілері бар. Əсіресе, жоғары
баға алуға деген ынта, кӛбірек кӛзге тҥседі.
Оқытудың ықпалымен, бастауыш сыныптағы саңырау балалардың
оқу-танымдық тҥрткілерінің рӛлі арта тҥседі, сӛйтіп, 3-4 сыныптарда ол
екінші дəрежелік орын алады. Саңырау балалардың ақыл-ой дамуының
ерекшеліктерімен байланысты, оларда оқу əрекетінің барлық тҥрлерінің
қалыптсуында, бірқатар қиындықтар туындайды. Оқу əрекетіндегі
маңызды кемшіліктердің бірі – олардың оқудағы міндеттерді орындауға
емес, мҧғалімнің талаптарын қанағаттандыруға ҧмтылуы.
Негізгі ойлау операцияларының дамуындағы тежелумен байланысты,
саңырау балаларда оқу əрекеттері баяу қалыптасады: талдау мен
жинақтаудың жетілмеуінен, есептін шарттарын ӛзгерту қиындығы пайда
болады, абстракциялау кемшілігінен қатынастарды модельдеу қиындығы
туады. Оқу əрекеттері тарылған, шектелген, қорытындыланбаған негізде
қалыптасатындықтан, саңырау балалар оқу əрекеттерін жаңа жағдайларға,
жаңа шарттарға кӛшіре алмайды.
Есту қабілеті бҧзылуының орнын толтыру бағытында, саңырау балаларды
ӛмірге əлеуметтік бейімдеуде, еңбектің рӛлі ерекше. Демек, балаларға
кəсіп таңдау мҥмкіндігін беру ӛте маңызды. Саңырау балалардың ақыл-ой
дамуындағы талдау мен жинақтау, абстракциялау, қорытындылау сияқты
қабілеттердің кемшіліктері салдарынан, балалар ӛз мақсаттарын анықтап
алу мен оны санамен қабылдауы қиынға соғады. Еңбек əрекеті ҥдерісінде,
олар тезірек нəтижеге жетуге, мақсатқа жылдам қол жеткізуге ҧмтылады.
Бірақ, оларда тапқырлық пен мақсаттылық жетіспейді, яғни болашақ
нəтиже бейнесі мен алынатын нəтиже арасындағы қатынасты орнату,
қиындықтардың себептерін талдау қабілеті жетіспейді. Сондықтан,
саңырау жасӛспірімдер кейде тҥпкі мақсатқа жету жолындағы міндетті
жетістіктерді саналы тҥрде ҧғынбайды, назардан тыс қалдырады. Бҧл
сапалардың толыққанды қалыптасуы ҥшін, еңбекке деген жағымды, оң
кӛзқарас тəрбиелеу керек, қажетті тҥрткі мен ынта туғызу керек.
Басты қиындықтар, əсіресе, еңбек жолының бастапқы кезеңдерінде пайда
болады. Бҧл олардың
тҧлғааралық ӛндірістік қарым-қатынастарды
саналы тҥрде тҥсінуінде, яғни тҧлғааралық қатынастар мен тҧлғааралық
қабылдау
механизмдерінің
баяу
қалыптасуымен
байланысты.
Жасӛспірімдер мен жастардың тҧлғааралық қатынастарды бағалау
кӛрсеткіштері жеткіліксіз қалыптасқан. Олар жҧмыс барысында,
айналадағы қарым-қатынас жасайтын адамдарды бағалауда жиі қателеседі,
іскерлік жəне тҧлғалық қарым-қатынастарын саралай алмайды.
Есту қабілеті бҧзылған адамдардың психикалық даму ерекшеліктерін
зерттеген А. П. Гозова, олардың мамандық таңдау шеңберінің шектелуі
туралы айтады. Бҧл олардың координациясының дəл болмауы мен
қимыл-қозғалыстарындағы ӛздеріне сенімсіздік кӛрсетуі, статикалық жəне
динамикалық тепе-теңдікті ҧстау қиындығы, кеңістікті бағдарлау
деңгейінің
тӛмендігі,
іс-əрекет
қарқынының
баяулығы
сияқты
ерекшеліктермен тҥсіндіріледі.
Есту қабілеті бҧзылған балаларды араластыратын еңбек əрекеттерінің,
əдептілік, адамгершілік негіздері болуы шарт, сондай-ақ, əлеуметтік
маңызы бар, нақты нəтижеге қол жеткізуге мҥмкіндік беретін, ӛндірістік
еңбек болуы шарт. Еңбектің тҥрі, педагогикалық бағдармен анықталады.
|