Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы



жүктеу 3,06 Mb.
бет1/4
Дата18.12.2017
өлшемі3,06 Mb.
#4648
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

Қармақшы аудандық мәслихатының

2016 жылғы 23 желтоқсандағы

кезекті 7 сессиясының



№ 53 шешімімен бекітілген

Қармақшы ауданының

2016-2020 жылдарға

арналған даму бағдарламасы

Жосалы кенті, 2016 жыл

Мазмұны




Бағдарламаның төлқұжаты ...................................................................................................

3

Ағымдағы жағдайды талдау..................................................................................................

9

Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау;




Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;

негізгі өзекті мәселелердің кешенді мінездемесі;






Қармақшы ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама;




Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау;




өңір дамуының көрінісі;




Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары...................................................................................................................................

57

1 бағыт: Экономика...........................................................................................................

57

2 бағыт: Әлеуметтік даму.................................................................................................

67

3 бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп..........................................

77

4 бағыт: Инфрақұрылым...................................................................................................

79

5 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары.....................

83

6 бағыт: Мемлекеттік қызметтер......................................................................................

87

Қажетті ресурстар...................................................................................................................

88



  1. Бағдарламаның төлқұжаты




Бағдарлама атауы

Қармақшы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама).

Оны дайындауға

негіздеме



Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы18 маусымындағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қармақшы ауданының аумағы 31,0 мың шаршы шақырым, немесе облыс аумағының 13,7% алып жатыр. Қармақшы ауданы 1927 жылы құрылған. Оңтүстік шығысында Жалағаш, солтүстік батысында Қазалы ауданымен, оңтүстік батысында Өзбекстан Республикасымен, солтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеледі. Ауданда 2 кент, 12 ауылдық әкімшілік округтер бар, онда 29 елді мекен орналасқан. Аудан халқы 53,8 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы шақырымға 1,8 адамнан келеді. Аудан орталығы-Жосалы кенті.

Бағыттары

Экономика

Әлеуметтік даму

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Инфрақұрылым

Экология және жер ресурстары

Мемлекеттік қызметтер



Бағдарлама мақсаты


Өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

бәсекеге қабілетті өнімді өндіріп өнімнің өсу өндірісін жұмыспен қамтамасыз ету үшін аймақтағы өнеркәсіпті әртараптандыру;

өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және АӨК экспорттық әлеуетін жүзеге асыру;

кәсіпкерлік пен сауданың серпінді дамуын қамтамасыз ету;

тұрақты өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыру;

аймақтың экономикалық секторына инвестициянын ынталандыра отырып технологиялық иновацияны дамыту;

қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, жастардың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызу;

тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру;

тұрақты және тиімді жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру;

шығармашылық даму және тарихи-мәдени құндылықтарды қолжетімді етуге жағдай жасау;

бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын дамыту;

аймақтағы тиімді бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру;

мемлекеттік тілді және тілдердің үштұғырлығын дамыту;

аймақтағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

құрылыс индустриясын дамыту және облыс тұрғындары үшін тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру;

озық көліктік-логистикалық жүйесін қалыптастыру;

өмір-қолдау инфрақұрылымын дамыту;

экологиялық ахуалды тұрақтандыру және жақсарту, жер ресурстарын ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;

ауданның тірек ауылдық елді мекендерінің серпінді дамуын қамтамасыз ету;

халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қол жетімділікпен қамтамасыз ету.


Нысаналы индикаторлар

Экономика

Өңірлік макроэкономика:

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі, %

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнiм, адамға/мың теңге

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны, %

Өнеркәсіп:

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі, %

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі, адам/ мың АҚШ доллары

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізаттық емес тауарлардың үлесі, %

Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі, %

Машиналар мен қондырғылардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісінің нақты көлем индексі, %

Машина жасау саласының нақты көлем индексі, %

Машина жасау саласындағы 2012 жылға еңбек өнімділігі, %

Басқа да металл емес өнімдер өндірісіндегі экспорттың өсуі, мың АҚШ доллары,

Жеңіл өнеркәсіптің нақты индекс көлемі, %

Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі, алдағы жылға, %

Агроөнеркәсіптік кешен:

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі, %

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның нақты көлем индексі, %

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара және уақ мал басының үлесі, %

МІҚ

УМ

Тұқымды өзгерістерге қатысатын мүйізд» ірі қара және уақ мал үлесі, %



МІҚ

УМ

Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі, %



Шағын және орта бизнес, сауда:

Жалпы тіркелім көлеміндегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі, %

Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі, %

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда нысандарының санын ұлғайту(«Бөлшек сауда» қызметі түрімен), бірлік

Өңіраралық ынтымақтастық:

Өндіріліген өнімдердің басқа өңірлерге жөнелтілген көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша), мың теңге

Басқа өңірлерден сатып алынған тауарлардың басқа облыс резиденттері мен резидент еместерден (жұмыскерлер саны 50 адамнан асатын көтерме кәсіпорындар бойынша) сатып алынған тауарлардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, %

Инновациялар мен инвестициялар:

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны, %

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі, %;

Шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджет инвестицияларын қоспағанда), %

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі, %

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту, %

Әлеуметтік сала:

Білім беру

Жұмыс істеп тұрған үш ауысымдық және авариялық мектептер саны,

Мектеп бітірушілер арасында жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі, %

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы, %

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %

оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training), %

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері арасындағы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқығандар мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі, %

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі, %

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі, %

Жалпы орта білім беру мекемелеренің мемлекеттік желілер нормативтеріне сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету, %

Денсаулық сақтау:

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар
өлімінің төмендеуі, %

1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар


өлім-жітімін төмендету, %

100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету, %

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының 0,2-0,6 % шегінде таралуы, %

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау:

Жұмыссыздық деңгейі, %

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі, %

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, %

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі, %

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі, %

Өндірістік жарақат деңгейі ( бақытсыздық жағдайының 1000 адамға шаққандағы жиілік коэфициенті), адам

Еңбек заңдылығының бұзылуының қалпына келтірудің барлық табылған заңсыздықтың жалпы санына шаққандағы үлесі, %

Заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы, (ШЖК тартуға арналған квота бойынша), %

Атаулы әлеуметтік қөмектерді алатындар арасындағы еңбекке жарамдыларының үлесі, %

Ең төменгі күнкөріс табысы бар халықтың үлесі, %

Арнайы әлеуметтік қызметте қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде), %

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар)ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі, %

Мәдениет:

мәдениет мекемелеріне баратындардың 1000 адаға шаққандағы орташа саны, адам:

кітапханаға келушілер

театрға келушілер

концерттік ұйымдарға келушілер

мұражайларға келушілер

Дене шынықтыру және спорт:

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту, %

балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 7 мен 18 аралығындағы балалар мен жас өспірімдерді қамтудыңжалпы балалар мен жасөспірімдер санына шаққандағы үлесі %

Туризм:


Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер), %

Өткен жылмен салыстырғанда сыртқы туризмбойынша орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттеремес), %

Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі, %

Үш тілді дамыту:

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп:

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %

100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету, %

Жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы, %

Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы, %

Есірткі қылмыстарының жалпы есепке алынған қылмыстардың ішіндегі үлес салмағын азайту, %

Бірлесіп анықталған есірткі қылмыстары саны (контрабанда), бірлік

Есірткі уытымен жасалған қылмыстардың жалпы қылмыстардың ішіндегі үлес салмағы, %

Қылмыстық істі тергеу кезінде есірткі бизнесінің кірістерін заңдастыру (легализация) деректерін анықтау, бірлік

Бірлесіп анықталған есірткі қылмыстары саны (бақылау тасымалдау тәсілімен), бірлік

Есірткі затын өткізу қылмыстарының жалпы есірткі қылмыстардың ішіндегі үлес салмағы, %

Тәркіленген есірткі заттарының салмағы, кг

оның ішінде героин, гр.

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі, %

Инфрақұрылым:

Байланыс және коммуникация

телефон байланысының тіркелген желісінің 100 тұрғынға шаққандағы тығыздығы, бірлік

Интернетті пайдаланушылардың үлесі, %

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі, %

Құрылыс:

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі, %

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы, мың шаршы метр

Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі, %

Жолдар мен көлік:

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %

Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі, %

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы:

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету, %

Қалаларда орталықтандырылған қолжетімділік:

сумен жабдықтау, %

су бұрумен жабдықтау, %

Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік:

сумен жабдықтау, %

су бұрумен жабдықтау, %

Жаңғыртылған желілердің (құрылысы) ұзақтығы,

Жылумен қамту, шақырым

Газбен жабдықтау, шақырым

Электрмен қамту, шақырым

Жаңартылған желілердің жалпы желідегі үлесі,

газбен жабдықтау, шақырым

электрмен жабдықтау, шақырым

Экология және жер ресурстары:

Су шаруашылығының (су шаруашылығының объектілері) және гидромелиоративті жүйелер мен қондырғылардың негізгі капиталына салынған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі, %

Орман шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлемі индексі, %

Ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына салынған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі, %

Жануарлар дүниесін жаңғыртудың негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің индексі, %

Пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды  кәдеге жарату үлесі, %

Экологиялық және санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан), %

Ластаушы заттардың нормативті көлемі:

атмосфераға шығарылатындар,млн.тонна

су объектілеріне төгілетіндер, млн.тонна

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орман отырызылған алқап ауданы, мың. га

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданындағы бір орман өртінің орташа ауданы, мың. га

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту, %

Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы), %

Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс), %

ауданның ауылдары арасындағы тірек елді мекендеріндегі тұрғындар санының өсуі, мың. адам

Мемлекеттік қызметтер:

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру, %



Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.

Қаржыландыру көздері:

Барлығы – млн. теңге

Оның ішінде:

2016 жыл. – 7194,3 млн. теңге

2017 жыл. – 8706,5 млн. теңге

2018 жыл. – 8149,1 млн. теңге

2019 жыл. – 184885,8 млн. теңге

2020 жыл. - 5198,8 млн. теңге

2. Ағымдағы жағдайды талдау

1 Бағыт: Экономика

2.1.1.Өңірлік макроэкономика


Қармақшы ауданының аумағы 31,0 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 13,7 % алып жатыр Қармақшы ауданы–Қызылорда облысындағы жеті ауданның бірі, 1927 жылы құрылған. Оңтүстік шығысында Жалағаш, солтүстік батысында Қазалы ауданымен, оңтүстік батысында Өзбекстан Республикасымен, солтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеседі.

Ұлы Жібек жолының Қармақшылық бөлігі тарихи ескерткіштердің, археологияның, сәулет өнерінің, қала тұрғызудың керемет кешені. Ол Шірік-Рабат сияқты ежелгі қалаларымен белгілі, олар тек сауда орталығы болып қана қоймай, сонымен бірге ғылым мен мәдениет орталығы болды. Сырдарияның бойында Ұлы жырау – философ Қорқыт ата жерленген.

Аудан аумағында әлемге әйгілі «Байқоныр» космодромы орналасқан, сонымен қатар Қармақшы ауданының үстінен 163 шақырым көліктік дәлізді «Батыс-Европа-Батыс Қытай» жолы өтеді. Жосалы төбелерінің атымен үлкен бригадалық станцияның аты «Жосалы» болып аталады. Қазіргі кезде осы Қармақшы ауданының территориясынан өтетін ұзындығы 110 шақырым теміржолдың бойында 2 теміржол вокзалы және 8 теміржол бекеттері орналасқан.

Аудан жерін толығымен Тұран ойпаты алып жатыр. Қиыр солтүстігінен Арал Қарақұмының төбелі келген Жінішкеқұм және Көлқұдыққұм құмды алабы, орталық тұсында Алақайдың ақтақыры және Жосалы даласы, оңтүстігінде Қызылқұмның төбелі құмдары орналасқан. Ауданның ең биік жері солтүстігінде (Тарғыл тауы, 160 м). Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Топырағы солтүстігінде сұр құмайтты сұр, тақыр және тақыр тәрізді топырақ, орталық бөлігінде құмайтты сұр, бозғылт сұр, Сырдария аңғары мен жайылмасында шалғынды топырақ және шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Оларда бозжусан, ерекшешөп, баялыш,бұйырғын, тасбұйырғын, көкпек, ши, қарасексеуіл, сарсазан, қамыс, құрақ қаратал, жиде, жыңғыл, шеңгел, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, борсық, құмқояны, құстардан қаз, үйрек, қырғауыл,көкқұтан, т.б. мекендейді. Сырдария өзені балыққа бай.

Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық әрі куаң, аңызақты келеді. Қантар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы 9-13 градус С, шілдеде 27-29 градус С. Жауын –шашынның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм. Аудан жерінің орта тұсынан Сырдария өзені ағып өтеді. Одан Қармақшы, Шиелі каналдары тартылған. Оңтүстігінде Сырдарияның ежелгі арналары – Жаңадария, Инкәрдария, жатыр.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңірді мамандандыру аграрлық – индустриялық болып табылады. Дамыған ауыл шаруашылығымен және табиғи қазбалардың бай кендерімен өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту қарастырылуда. Атап айтқанда: азық-түлік тағамдары, құрылыс материалдары және мұнай газ өңдеу өндірістері. Сонымен қатар, суармалы жерлерді ұлғайту, жерлерді суаруда су ресурстарын үнемдеуге көшу және мал басын арттыру жолымен ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту қарастыруда.

Болжамды схема салаларды дамытуды қарастырады: құрылыс материалдарын өндірісі, энергиямен, сумен жабдықтау, сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту.

Ғаламдық экономикалық дағдарыс жағдайында, әсерін әзірше Қазақстан Республикасы жеңілдетуде, Қармақшы ауданы бірінші кезекте аз уақытта экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретін және халықты ең көп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін салаларды дамытатын болады.

Әлеуметтік тұрақтылық, экономикалық өсім және іскерлік белсенділікті арттыру- облыстың алдағы 5 жылдықта дамытудың басты басымдықтары. Олар «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясат және бес институтционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сай келеді.

2.1.2. Өнеркәсіп

2013 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 5 799,0 млн теңгені құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 191,8 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 2,0 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 88,6 пайызды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 2,0 пайызды, басқа салалар 7,4 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны байқалып, 2012 жылмен салыстырғанда 95,0 пайызға, кен өндіру өнеркәсібі 97,8 пайызға өсіп отыр.

2014 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 1929,0 млн теңгені құрайды. 2013 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 33,4 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 2,5 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 81,6 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 6,2 пайызды, сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жинақталуын және таратылуын бақылау 14,4 пайызды құрады.

2015 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 686,7 млн теңгені құрайды. 2014 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 92,9 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 2,7 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 73,5 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 6,8 пайызды, сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жинақталуын және таратылуын бақылау 17,0 пайызды құрады.
1 - кесте.2013-2015 жылдардағы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі.


Өнеркәсіп

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Барлығы

5 799,0

1 929,0

1 687,0

Оның ішінде:










Кен өндіру өнеркәсібі

81,0

49,0

45,6

Өңдеу өнеркәсібі

5 342,0

1 481,0

1 241,0

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

100,0

121,0

116,0

Сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жинақталуын және таратылуын бақылау

277,0

278,0

284,0

Көрсеткіштін төмендеудін басты себебі аудан аумағындағы қазіргі таңда атқарылып жатырған ірі жобалар жоқ, соған байланысты өнімге сүраныс азайған. Сонымен қатар машина жасау саласы бойынша «ППС Ойл трэйд» ЖШС мекемесі қазіргі уақытта өз жұмысын тоқтатып тұр. Аудан бойынша қиыршық тас пен құм өндіру былтырғы жылға қарағанда биыл екі есеге жуық төмендеп кеткен. Себебі өнімге сұраныстың азайып кетуіне байланысты болып отыр.

Кен өндіру өнеркәсібі.

Аудан аймағында құрылыс құмдарының мол қорлары бар. Минералдық-шикізат кешені саласын дамыту мақсатында, мемлекеттің қолдауымен ауданда іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде. Қармақшы ауданында 3,5 мың метрлік тереңдікте ұңғыма жұмыстарын жүргізу жобасы қолдау табылды.

2015 жылы кен өндіру өнеркәсібінде 32796 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 77,6 пайызды құрады.

Кен өндіру көлемінің төмендеуі «Батыс Европа-Батыс Қытай» дәлізінде жұмыс жасап жатқан мердігер компаниялардың жұмыс көлемінің қысқарып, қиыршық тас пен құмға деген сұраныстың азайып кетуіне байланысты болып тұр.

Өңдеу өнеркәсібі

Өңірде өңдеу өнеркәсібі ішінде тамақ, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп салалары жолға қойылған.

2013 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында 5 342 млн.теңгенің өнімі өндірілген, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2,0 есеге өскен. Көрсеткіштің өсу себебі ірі инфрақұрылымдық «Батыс Европа-Батыс Қытай», «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобаларға байланысты болды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында 1 481,0 млн.теңгенің өнімі өндірілген, яғни 2013 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге азайып кеткен.

Өңдеу өнеркәсібінде 2015 жылы 894 168 мың тенгенің өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 56,2 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібі көрсеткішінің төмендеу себебі: өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру саласындағы жұмыстардың (асфальт шығару) азаюы. 2014 жылы өндіріс көлемінің жоғары болуына Жосалы-Жалағаш тас жолының салынуы ықпал еткен.

Көрсеткіштін төмендеудін басты себебі аудан аумағындағы қазіргі таңда атқарылып жатырған ірі жобалар жоқ, соған байланысты өнімге сүраныс азайған. Сонымен қатар машина жасау саласы бойынша «ППС Ойл трэйд» ЖШС («КазРосИмпекс» ЖШС-қазіргі атауы) мекемесі қазіргі уақытта өз жұмысын тоқтатып тұр.

2 – Кесте. 2012-2015 жылдардағы Қармақшы ауданының өңдеу өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Облыс бойынша

(2015 ж.)



Өңдеу өнеркәсібінің НҚИ

%

89,2

191,8

33,4

87,1

102,3

Машина жасау.

Қармақшы ауданында «ППС-ойл трэйд» ЖШС (цистерна жуу, жөндеу) бар Өңдеу өнеркәсібнде машина жасау саласының үлесі 1,3% құрайды. Ауданда 2014 жылы машина жасау саласында 33,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп (қызметі атқарылып), нақты көлем индексі 2013 жылмен салыстырғанда 52,4% құрады.

Жеңіл өнеркәсіп

2014 жылы жеңіл өнеркәсіп саласында 9,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 2013 жылмен салыстырғанда 61,1% құрады. Жеңіл өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,3 % құрайды.

2015 жылы жеңіл өнеркәсіп саласында 4,5 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 2014 жылмен салыстырғанда 127,6% құрады. Жеңіл өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,3 %.



«2015-2019 жылдарға арналған Индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының» аясында аудан бойынша облыс әкімі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алған жалпы құны 1 150,5 млн теңгені құрайтын 2 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар 2016-2018 жылдар аралығында іске қосылады деп жоспарлануда. Олар: Жеке кәсіпкер Ж.Жаппасбаевтың «Металл бұйымдарын өңдеу цехы» жобасы; «Ақтөбе и К» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін зауытын ашу» жобасы.

Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі индустриялық аймаққа 7 жобаны орналастыру жоспарланып, қазіргі таңда өңірлік үйлестіру кеңесіне құжаттары ұсынылып, жер учаскелерін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Саланың даму жөніндегі SWOT-сараптама:

Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

        1. Пайдалы қазбаларға бай кен орындары;

        2. Өңдеу өнеркәсібіне пайдаланылатын минеральды қорлардың болуы;

3. Еңбек ресурстары мен өнеркәсіп саласындағы мамандарды дайындайтын көпсалалы оқу орындарының болуы

1. Кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібінің арасындағы үлкен айырмашылық.

2. Электрмен жабдықтау жүйелерінің тозу дәрежесі жоғары;

2. Ауданда ірі өнеркәсіп кәсіпорын болмауы;;

3.Индустрияландыру бағытында өнімділіктің жоғарғы өсу қарқыны жеткіліксіз;

4. Өңірдің индустриялық қуаттылықтың орналасуы тепетеңдіксіз

5. 2011-2015 жылдары аралығында ауданда машина жасаудың үлесі 1,3 %-дан 0,3 %-ға дейін төмендеген.



Мүмкіндіктері (O):

Қауіптері (T):

1.Пайдалы қазбалар кен орындарында құрылыс саласын дамуына үлкен мүмкіндіктің болуы;

2. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өндірісті модернизациядан өткізу;

3. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ауыл шаруашылық шикізаттарының көлемін арттыру.


1.Экономика құрылымының шағын салалығынан шикізат пен тұтынушылық өнімдердің бағасына тәуелділігі.

2. Экспорттың шикізаттық бағытта сақталуы.





Өнеркәсіп саласының өзекті мәселелері:

аудан көлемінде ірі өнеркәсіп өнімдерін шығаратын және өңдейтін кәсіпорындар жоқтығы;

-аудан экономикасы негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған, сонымен қатар кен өнеркәсібінінің даму қарқынының төмендігі;

-кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі;

-тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын өндірістің жоқтығы;

-инновациялық технологияны дамытуға мүдделі, қаржы құюға дайын отандық және шетелдік инвесторлардың жоқтығы;

-өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;

2.1.3. Агроөнеркәсіп кешені

2016 жылдың 1 қаңтарына ауданның елді мекендерде 53,9 мың адам тұрады немесе Қызылорда облысының жалпы халық санының 7,1% құрайды. Жеке шаруалықпен айналысатын азаматтарды қоспағанда ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың орташа жылдық саны 0,9 мың адамды немесе аудан бойынша барлық жалдамалы жұмысшылардың 14,4 % құрайды.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өндірісі және өңдеумен 185 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар айналысуда.

Ауданның жер қоры 3104 мың га құрайды, оның ішінде егістік жерлер көлемі 32,3 мың га (1,0%), көп жылдық екпелер 58,8 мың гектар, шабындық жерлер және жайылымдық жерлер 11824,2 мың га (49,2%).

2012 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 009,4 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 109,6 пайызға артты. 2013 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 032,6 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 101,2 пайызға артты. 2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5 910,2 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,0 пайызды құрады. 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 8878,7 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 92,8 пайызды құрады.

3 Кесте Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі (млн теңге)


Көрсеткіштің аты

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі,

Өткен жылмен



6009,4

109,6%


6032,6

101,2


5910,2

97,0


8878,7

92,8


Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы

Өткен жылмен



4411,0

113,0%


4372,9

99,2


4130,5

95,4


5812,5

88,6


Малшаруашылығы

Өткен жылмен



1576,3

100,8%


1653,5

110,0


1769,2

101,2


3050,4

102,2


Қызметтер

Өткен жылмен



22,1

39,9%


6,2

27,6


10,5

190,3


15,8

129,6


Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымының басым бөлігі егіншілік шаруашылығы 57%, мал шаруашылығымен 43% айналысады. Егіншілік саласының негізі күріш өсіру, картоп, көкөніс, бақша және мал азығы және майлы дақылдар өндірісі.

Ауданда барлығы 32317 га суармалы жер бар, оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілгені 23050 га, 38 күріш ауыспалы егіс жүйесі және 6 мал азығындық ауыспалы егіс жүйесі бар.

4 кесте. Өсімдік шаруашылығының 2012-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштерінің динамикасы


Дақыл түрі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Егіс көлемі, га

Орта өнім, ц/га

Жалпы өнім, . тн.

Егіс көлемі, га

Орта өнім, ц/га

Жалпы өнім, . тн.

Егіс көлемі, га

Орта өнім, ц/га

Жалпы өнім, . тн.

Күріш

14321

38,8

50898

12509

39,1

48144

15390

43,5

64596

Картоп

1082

153,7

16632

1400

155,5

21457

659

145,9

9615

Көкөніс

507

166,0

8416

690

175,8

14166

309

172,6

5333

Бақша

703

180,3

12675

825

207,0

14825

458

173,6

7952

Мал шаруашылығы саласында түйе, жылқы, қой шаруашылықтары дамып келеді. 2015 жылы облыстағы ірі қара малының 9,2%, қой-ешкі 8,7%, жылқы 6,5 %, түйе 6,7 % үлесінде болды.

Статистикалық талдау есебінде ауыл шаруашылығы мал басының негізгі бөлігі жұртшылықта шоғырланған.

Агробизнес-2020 бағдарламасы және басқа да салалық бағдарламалардың аясында ауданда 2012-2015 жылдар аралығында асыл тұқымды 42 бас МІҚ, 4 бас түйе, 6 жылқы, 756 бас қой сатып алынды.

5 кесте. Субсидияландыру бағдарламасы шеңберінде 2012-2015 жылдар
аралығында аудан көлемінде сатып алынған асыл тұқымды малдар жөнінде анықтама


Мал түрлері

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

МІҚ

13

20

11

Қой

0

0

744

Жылқы

0

0

6

Түйе

0

4



Аймақ күріш жармасының негізгі өндірушісі болып табылады. Аудан бойынша тамақ өндірісінің 36 % күріш өңдеу құрайды. Айта кетіні, қазіргі уақытта күріш өңдеудің барлық мәселесі шешімін тапқан. Аудан аумағында халықаралық стандарттарға сай 2 күріш зауыты жұмыс жасап тұр. Күріш өңдеумен айналысатын кәсіпорындар: Қармақшы ауданында – 2.



Жалпы, тамақ өңдеу өнеркәсібінде өсім байқалады. Алайда, өңдеу кәсіпорындарының дамуы үшін шығарылатын шикізат түрлерінің (ет, сүт және т.б.) көлемін ұлғайту қажет.

Осы орайда, ет бағытындағы мал шаруашылығының дамуына мүмкіндік беретін жайылымдар бар. Экспорттық әлеуеті жоғары балық аулау және балық өңдеуді дамытуға қолайлы жағдай бар.

Ұлттық тамақ тұтыну нормасына сәйкес Қармақшы ауданында маңызды тамақ түрлерін өндірудің көлемі жеткіліксіз. Өз өндірісімізбен етке қажеттілік 50,0%, сүт және сүт өнімдеріне 42,0%, жұмыртқа 10,7% ғана қамтиды.

Аталған мәселенің негізгі себебі ет және сүт өндірудің басым бөлігі үй шаруашылығының үлесіне тиесілі болуында. Соған сәйкес, ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру және сервистік-дайындау орталығын құру өзекті мәселе болып табылады.


SWOT – сала дамуының анализі:

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Экспорт көлемін өсіруге мүмкіндіктер беретін «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы мал басын және өнімділігін көтеру.

2. Техникалардың белсенді жаңалануы;

4 Қымбат емес табиғи газбен қамтамасыз етілуі (жылыжай және т.б. қажеттіліктерге қысқы жылу үшін).


1. Қолданыстағы тұқымдар мен малдардың генетикалық әлеуетінің төмен деңгейде болуы;

2. Мал азығы қорының жеткіліксіздігі, толық рационды құрама жемнің жоқтығы, осыдан мал мен құстың өнімділігінің төмендігі;

3. Өндірістік өңдеу үшін шикізаттың жеткіліксіздігі және отандық шикізатты терең өңдеу үлесінің төмендігі;

4. Өңірде мал шаруашылығы өнімдерін (жүн, тері, елтірі) өңдейтін кәсіпорындардың болмауы;

5. Ауыл шаруашылығы техникаларының физикалық тозуы;

6. Шаруашылық құрылымдарының қажетті техника сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерінің болмауы;

7.Ауыл шаруашылығы өндірісінің майда болуы;

8. Ет және сүт өңдеудің басым бөлігі (90 %) жеке секторларда болуы;

9. Ірі күріш өсіруші шаруашылықтар тарапынан мал өсіруге және мал азығы дақылдарын егуге қызығушылықтың болмауы.


Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

1. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін топырақ-климат жағдайының қолайлы болуы

2.Жайылымдық жерлердің болуы;

3. Жаңа инновациялық агротехнологияны енгізу;

4. Сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі;

5. Саланы мемлекеттің белсенді қолдауы;

6.Ет, сүт, құс жұмыртқасы, картоп, көкөніс, бақша және т.б. өнімдерді өндіретін жеке ауылшаруашылық өндірушілерін біріктіру арқылы СДО, кооперативтер құру.

7. Келешекте мал шаруашылығын дамытуға оның ішінде экспорттық әлеуеті жоғары ет бағытында, балық аулау мен балық өндіругекүштіұстанымының болуы.


1. Табиғи сипаттағы қауіп-қатерлер (аяздар, үсіктер, жылу жетіспеушілігі, артық ылғалдылық, бұршақ, нөсер, қатты жел, құйын, су алу, жаппай жылу, өсімдіктер мен жануарлардың жаппай ауыруы, ракеталық-ғарыштық қызметтен зиян заттарды мөлшерден артық бөлінуі);

2. Арзан шет елдік ет, сүт өнімдерінен туындайтын жоғары қауіп;

3. Нарықты тауарлармен молықтыру қалыптасқан жағдайда өткізу көлемінің азаюына әкелуі мүмкін, бұл тез бұзылатын өнімдердің шығынына әкелуі мүмкін.


ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі жалпы жүйелік мәселелері:

ауыл шаруашылығы техникаларының физикалық және моральдық тозуы;

шаруашылық құрылымдардың қажетті көлемде техника сатып алуға қаржылай мүмкіншіліктерінің жоқтығы;

ауыл шаруашылығы өндірісінің майда болуы;

мал азығы қорының жетімсіздігі және құрама жемнің сырттан тасымалданатындығынан мал мен құс өнімділігінің төмендігі;

азық-түлік тауарларының ішкі нарығында терең өңделген өңірлік тауарлар үлесінің төмендігі;

экономиканың аграрлық саласына инвестиция тарту деңгейінің төмендігі;

жайылымдық жерлердің тозуы;

шалғайдағы жайылымдық жерлерді пайдалану үшін суландыру қондырғыларын қалпына келтіру жұмыстарының кешеуілдеуі;

өңірде мал шаруашылығы өнімдерін (жүн, тері, елтірі) өңдейтін кәсіпорындардың болмауы.

2.1.4. Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік аймақ экономикасының өсуінің негізгі факторларының бірі болып табылады және әлеуметтік саланың дамуында маңызды рөл атқарады.

1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері саны 5,0 ден 5,7-ке дейін көтерілді.

Ұйымдастырушылық – құқықтық формасының бөлінісі бойынша ШОК құрылымында тіркелген субъектілердің көпшілік бөлігі жеке кәсіпкерлерге тиесілі (2012 – 2014 жылдар аралығында орташа есеппен – 85,3), заңды тұлғалар орташа есеппен белсенді ШОК субъектілерінің жалпы санының- 9,0-ын, ШФҚ - 5,7-ын құрады.

2014 жылы ШОК белсенді субъектілерінің саны - 2396 бірлікті, 2015 жылы 2594 бірлікті (2015 жылғы деңгейден 95,0-ға жоғары) құрады. 2016 жылы ШОК белсенді субъектілерінің саны 2015 жылғы деңгейден салыстырмалы түрде 10,0-ға, 2016 жылғы деңгейден салыстырмалы түрде 105,5-ға артып, 2646 бірлікті құрады.

2016 жылы ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 5613 адамды құрады. 2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте 5346 адам жұмыспен қамтылды, яғни 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 101,0-ға жоғары. 2014 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 4845 адамды құрады.

ШОК құрылымында жұмыспен қамтылғандардың көпшілік бөлігі немесе ШОК жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 10,1-ы заңды тұлғаларға тиесілі, жеке кәсіпкерлер – 69,0, ШФҚ – 1,3 құрайды.

ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 2015 жылы 5346 млн.теңгені құрады, яғни 2014 жылғы деңгейден 5,1-ға жоғары. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 2015 жылғы өнімге қарағанда 41,6-ға және 2014 жылғы өнімге қарағанда 85,0-ға артып, 1260,9 млн.теңгені құрады.

Ұйымдастырушылық – құқықтық форма бөлінісінде ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемінің басым бөлігі заңды тұлғаларға тиесілі (2014 – 2016 жылдар аралығында орташа есеппен 98,4). ШФҚ-ның субъектілерімен шығарылған өнімінің жалпы көлемінің-5,3-ын, ЖК-10,3-ын өндіреді.

Сонымен қатар, ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 2015 жылмен салыстырғанда (84,0-ды құрап) 11,0-ға артып, 2016 жылға (95,0-ды құрап) қарағанда 10,0-ға артқан.

6 - Кесте 2014-2016 жылдар аралығындағы ауданның ШОК қызметінің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2014ж.

2015ж.

2016ж.

ШОК субъектілерінің тіркелген саны

бірлік

2396

2594

2646

ШОК тіркелген субъектілерінің жалпы санындағы белсенді субъектілерінің үлесі

%

84,0

95,0

105,0

ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны

адам

4845

5346

5613

ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемі

млн. теңге

401,5

844,3

1 260,9

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін 2014 – 2016 жылдар аралығында бағдарлама аясында 18 жобаға субсидия беріліп, 9-грант берілді.



Кесте 7. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бағыттары бөлінісінде қаржылық қолдау алған жобалар саны

Қолдау бағыттары

2014ж.

2015ж.

2016ж.

3 бағыт бойынша субсидиялау

4

8

6

Кепілдендіру (оның ішінде)

(4)

(6)

(4)

Гранттар

0

1

8

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту










Кесте 8. «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы шеңберінде компоненттер бөлінісінде оқудан өткен қатысушылар саны

Компонент

2014ж.

2015ж.

2016ж.

Бизнес кеңесші 1

87







Бизнес кеңесші 2

0







Топ-менеджментті оқыту

1







Іскерлік байланыстар

1







Жас кәсіпкер мектебі

0







Аға сеньор

0







Барлығы

89







Сауда

Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 394 сауда дүкені, 4 сауда базары, 13 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын және орташа наубайхана қамтамасыз етеді. Қармақшы ауданындағы 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр» ,«Мақсат» және «Достық» базарлары. Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде орналасқан 1-еуі Төретам кентінде.


Ауданда бөлшек тауар айналымы 2012 жылы 2235,5 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға, 2013 жылы 2441,4 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылмен салыстырғанда 22,8 пайызға. 2014 жылы аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 2746,6 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға, 2015 жылы аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 2959,8 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға өсті.

9 Кесте. 2012-2015 жылдар аралығындағы аудан бойынша сауда қызметінің негізгі көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Бөлшек сауда көлемі

млн теңге

2235,5

2441,4

2746,6

2959,8

Бөлшек сауданың ФКИ (физикалық көлем индексі)

%

114,1

122,8

112,5

101,1

Сырттан әкелінетін өнімдер бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі жеткізушілермен әлеуметтік маңызды тауарлар сату кезінде өндірушілердің өткізу бағасынан 10 артық емес жалпы тауар үстемесін белгілеу туралы 5 меморандумға қол қойылды.

2011-2014 жылдар аралығында сауда саласының дамуы заманауи сауда форматтарына көшуге, бөлшек сауда айналымында ірі сауда желілерінің үлесін арттыруға, сондай – ақ, сауда базарлары инфрақұрылымының талаптарын арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасындағы сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған Бағдарламаға сәйкес жүзеге асты.

Оң серпінге қарамастан, үдеріс процесі баяу жүруде. Аймаққа базар орындарының қымбаттылығы мен заманауи форматтағы сауда орындары үлесінің аздығы тән: сауданың негізгі үлесі (72,0%) жеке кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалардың сауда айналымына тиесілі.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:


Күшті жақтары(S):

Әлсіз жақтары(W):

  1. 2015 – 2017 жылдарға арналған кәсіпкерлік пен туризмді дамытудың өңірлік жол картасы аясында ШОК-ті қолдау бойынша жұмысты жүйелендіру;

  2. Жыл сайын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бюджет шығындарын ұлғайту;

  3. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың оңтайлы іске асырылуы;

  4. Ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредиттер беру;

  5. ШОК қызметін ұзақ мерзімді қаржыландыру мен үйлестіру үшін құрылған институционалдық құрылымдардың болуы: ауданда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы; кәсіпкерлік палатасы

  6. Бөлшек саудаға қазіргі сауда форматын енгізу тәжірибесі;

  7. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жасаудың қолданыстағы жүйесі

  8. «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік – 2020» бағдарламалары (кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау);

  9. Қызмет көрсету саласын дамыту Бағдарламасы (Сауда нарықтарын және бөлшек сауданы, сонымен қатар электрондық сауданы жетілдіруді мемлекеттік қолдау);

1.ШОК субъектілеріне арналған қаржылық ресурстарға қолжетімділік мәселесі;

2. ШОК субъектілерінің меншікті айналым құралдарының және кепіл мүлігінің жеткіліксіздігі;

3. ШОК субъектілерінің инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі;

4. Бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілердің бар болуы;

5. Бизнеске оқу дайындығы деңгейінің жеткіліксіздігі;

6. Салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы кәсіпкерлерді ақпараттандырудың жеткіліксіздігі;

7. Сауда базарларының қызметі аясында көлеңкелі экономиканың үлкен көлемі;

8. Электронды сауданың дамуының төмен деңгейі.



Мүмкіндіктері (O):

Қауіптері (T):

1. Жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жетілдіруге және кеңейтуге бағытталған жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру

2. Жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіптерді ашу, жасау;

3. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралар қолдану есебінен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметінің тиімділігінің дамуы мен жетілуі;

4. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысында жаңа жұмыс орындарының ашылуы;



  1. Макроэкономикалық ортада қолайсыз өзгерістер: валюталық курс, қаржының көтерілуі, пайыздық мөлшерлеме, ақша ұсынысы, капиталдың қымбаттауы, инфляция экспорты;

  2. Бюджеттік ресурстардың тапшылығынан мемлекеттік салалық бағдарламаларды қаржыландырудың қысқаруы;

  3. Кәсіпкерлердің белсенділіктерінің бәсеңдеуі;

  4. Сыртқы экономикалық ахуалдың нашарлауы себебінен ШОБ-ке тәуелді жүйе түзуші компаниялардың өніміне деген сұранысының қысқаруының ШОБ-ке әсері

2.1.5. Инвестициялар

2012 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 679,0 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өсті. Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: бюджет қаржысының үлесі 32,4 пайыз, басқа көздер үлесі 67,6 пайызды құрады.

2013 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 51350,9 млн. теңге болып, 2012 жылмен салыстырғанда 7,7 есеге артты.

Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: республикалық бюджет 9,8 пайыз , жергілікті бюджет 2,1 пайыз, жеке қаражат 18,6 пайыз, шетел қаражаты 0,04 пайыз, қарыз қаржылары 69,5 пайыз.

Қармақшы ауданы бойынша 2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 29116,0 млн.теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 43,3 пайызға кеміген («Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобаларының аяқталуы салдарынан). Қармақшы ауданы облыстың инвестициялардың жалпы көлемінің үлесі 11,1 пайызды құрады.

2015 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16023,9 млн. теңге болып, 2014 жылмен салыстырғанда 45,7 пайызға кеміді.

Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: республикалық бюджет 41,0 пайыз , жергілікті бюджет 2,5 пайыз, жеке қаражат 5,5 пайыз, қарыз қаржылары 51,0 пайыз. Қармақшы ауданы облыстың инвестициялардың жалпы көлемінің үлесі 6,8 пайызды құрады.

(2014-2015 жылдары «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобаларының аяқталуы салдарынан төмедеген.)

10 Кесте. 2012-2015 жылдарда инвестицияның өзгеру динамикасы

млн теңге



Инвестиция

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл % 2014 жыл

Барлығы

6 679

51350,9

29116,0

16023,9

54,3

Өнеркәсіп, инновация және инвестиция салаларына SWOT-талдау:



Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

  1. Құрылыс материалдары өнеркәсібі, АӨК, машина жасау салаларын дамыту арқылы экономиканы диверсификациялау стратегиясының жүзеге асуының оң нәтижесі;

2. Еңбек ресурстары мен өнеркәсіп саласына кадр дайындайтын көппрофильді оқу орындарының жеткілікті деңгейі;

3. Индустриялық аймақтар ашу және оны дамыту арқылы инвестициялық тартымдылықтың көтерілуі; 





  1. Өнеркәсіп саласынан (6,5%) тау-кен өнеркәсібінің (90,5%) басымдылығы;

  2. Өнеркәсіптегі ЖҚҚ-ның өсуінің төмен қарқыны;

  3. Индустриялық сектор өнімділігінің жеткіліксіз өсу қарқыны;

4.Халық пен бизнес өкілдерінің инновациялық қызметтің негізін толыққанды түсінбеуі;

  1. ШОБ инновациялық белсенділігінің төменгі деңгейі;

  2. Өңірдің инновациялық жүйесінің аясында

ұйымдастырылған жүйелі байланыстың жоқтығы;

6.Сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты инвестицияларды дамытуға бөлінетін бюджеттік жұмсалымдардың қысқаруы;



Мүмкіндіктері (О)

Қауіп-қатерлері (Т)

1. «100 нақты қадам» Ұлттық іс-шаралар жоспарының аясында өнеркәсіпті, инвестицияларды және инновацияларды дамыту;

2.2015-2019 ж.ж. арналған  ИИДМБ аясында өнеркәсіпке қолдау көрсету;

3. « Бизнес Жол Картасы-2020», «Өнімділік -2020» арқылы салалық қолдау көрсету;

4. 2020 жылға дейінгі ҚР инновациялық дамуының концепциясының және Жол картасының жүзеге асуының дамуының болашағы;

5. Баламалы энергетика нысандарын салу арқылы инновациялық даму (күн, жел);


  1. Өңірдің моносалалық мамандануының сақталуы және аудандағы өнеркәсіптік дамудың біркелкі болмауы;

  2. Өңірдегі инновациялық белсенділіктің төменгі қарқынының салдарынан өнеркәсіптегі төменгі бәсекеқабілеттіліктің сақталуы;

  3. Энергожетіспеушілік, ауданның энерго тасымалдауда көршілес мемлекеттер мен өңірлерге тәуелдігінің күшеюі;

  4. Ресурстарды ұтымсыз пайдаланудың салдарынан, облыстың минералды-шикізаттық базасының сарқылуы.

Сектордың негізгі проблемалары:

тау-кен өндірісіндегі инвестициялардың басымдылығы;

аудан аумағы бөлінісінде инвестиция тартудың біркелкі болмауы;

біліктіліктің жеткіліксіз деңгейі және ИҚКО қызметінің орталық құрылымдармен жеткіліксіз үйлестірілуі;

сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты инвестицияларды дамытуға бөлінетін бюджеттік жұмсалымдардың қысқаруы;

Инновациялар мен инвестициялар

Өңір экономикасының сапалы дамуының басты факторларының бірі – инвестция мен инновацияларды дамыту болып табылады.

Инвестиция көлемінің соңғы жылдары көп болуы негізінен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» ірі көлемді жобаларының іске асырылуымен байланысты. Жобалардың 2014 жылы аяқталуы салдарынан инвестиция көлемінің өсу қарқыны бірқатар төмендеді. Сәйкесінше инновация мен инвестицияны дамыту бойынша алдағы уақытта атқарылатын шаралар ШОБ саласында технологиялық инновацияларды дамытуға және өңір экономикасының басым салаларына инвестиция тартуды ынталандыруға бағытталатын болады.

Аумақтық (кеңістіктік) даму

Қармақшы ауданының аумағы 31,0 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 13,7 % алып жатыр. Қармақшы ауданының орталығы- Жосалы кенті. Ауданда облыс халқының 7,2% тұрады.

Қармақшы ауданның мамандандыруы- тамақ өнеркәсібі. Қармақшы ауданында сервистік инфрақұрылымды құру мақсатында көліктік дәлізді «Батыс-Европа-Батыс Қытай» жолы учаскесі жанында «Қорқыт ата зиарат ету орталығы» ашылды.

Өзекті мәселелер мен тәуекелдер:ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу инфрақұрылымының жетілмегендігі;

энергия ресурсының тапшылығы;

су және жылу желілерінің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз жағдайда;

бизнестің инновациялық белсендігі төмен деңгейде.

Бәсекелік басымдылығы:

Ауылшаруашылығын дамытуға қолайлы топырағы мен климаттық жағдайы;

Тиімді географиялық орналасуы.

Мүмкіншілік:

Көмірсутектер шикізатың іздеу жұмыстарын ұйымдастыру-3500 м терендікте параметрлік сүйеніш скважинасын бұрғылау;

жел энергиясын пайдалану арқылы энергетикалық тәуелсіздікке жету;

заманға сәйкес туристік инфрақұрылымды дамыту,оның ішінде зиарат туризмді дамыту.



      1. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту.

Әлеуметтік-экономикалық даму мониторингісінің қорытындысы бойынша 2015 жылы ауданда 2 кент және 12 ауылдық елді мекен бар, оларда 53900 адам тұрады. Соның ішінде 2 елді мекен тіректі елді мекенге, 1 кент орталығы, ал қалған 11 ауылдық елді мекендер ішінде 5-і даму әлеуеті жоғары және 6-ның даму әлеуеті орташа болып белгіленді.

“Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №53 бұйрығын орындау мақсатында, Қызылорда облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі айқындалды. Аудан бойынша осы тізбеге Төретам кенті және ІІІ-Интернационал елді мекені енгізілді. Тіректі елді мекендердегі халық саны 13784 адам. Жалпы аудан халқының 25,5 пайызын құрайды. Кент орталығы мен 11 даму әлеуеті жоғары және орташа басқа да ауылдық елді мекендерде халық саны 40116 адам.

Қызылорда облысы бойынша 2014 жылы 16 тірек елді мекен анықталып, оларды дамыту бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылдың 12 желтоқсандағы №238 шешімімен “Қызылорда облысының аудан орталықтары мен тірек ауылдық елді мекендерін дамытудың кешенді жоспарлары” бекітілді. Бұл бекітілген кешенді даму жоспарларының негізінде, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін дамыту, тұрғын үй салу, мемлекеттік, қаржылық, сервистік және басқа да көрсетілетін қызметтерді дамыту бойынша жүзеге асырылады.

Жосалы кенті мен тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың жеке кешенді жоспарлары 3 құрауыштан тұрады.



Кент

Жосалы кентінде 7 жалпы орта мектеп және оқушылар үйі, әуез мектебі мен аграрлық колледж жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, 1 санаториялық типтегі балабақша, 6 мемлекеттік және 5 жеке меншік балабақшалар жұмыс жасайды. Бұл 3-6 жас аралығындағы балалардың 98 пайызын қамтиды. Кезекте тұрған бала саны – 134. Бірақ бұл көрсеткіш 0-3 жас аралығындағы балалар.

Кент халқының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы, сауда-саттық, тұрмыстық және көлік қызметі. Тіркелген кәсіпкер саны – 384, оның ішінде шаруа қожалығы-24.

Жосалы кентінде 217 сауда дүкені, 3 сауда базары, 15 сауда орталығы, 8 наубайхана, 3 қонақ үй, 1 жылыжай, 19 кәсіпорын, 7 мейрамхана, 3 нотариус, 8 асхана, 5 автокөлік жуу орталығы, 2 автостанса, 1 коммуналдық базар, 4 кәуапхана, 8 шаштаразы, 4 вулканизация, 2 фото салон,1 ветеринарлық дәріхана, 17 дәріхана, 14 техникалық қызмет көрсету орталығы, 5 жжм бекеті, 2 газ құю бекеті, 5 сауна, 2 ломбард,5 наубайхана,3 кондитерлік өнімдері,1 ағаш өңдеу цехы, 1 көзілдірік сататын дүкен халыққа өз қызметін ұсынуда.

Жосалы кентінен өндіріс орындарын құруға жағдай туғызу үшін 15 га жер бөлініп № 1 индустриялық инфрақұрылым аймағы ашылды.



Кешенді іс-шара жоспары бойынша 2014-2016 жылдары республикалық бюджеттен 6 жоба орындалды. (Жосалы кентінде: 2 бөлмелі 12 тұрғын-үй құрылысы, Жосалы кентінде ауыз сумен қамту жүйелерін қайта құрылымдау және кенейту (4 кезегі), №6 Айсұлу» бала-бақша ғимаратын күрделі жөндеу, №105 орта мектепт ғимаратының күрделі жөндеу, ІІІ-Интернационал ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы, Төретам кетінде 280 орындық балабақша құрылысы).

Облыстық бюджет есебінен 7 жоба жүзеге асырылған. ( Олар: Төретам кентінің бас жоспарын дауындау, кент жолдарын абаттандыру, ІІІ-Интернационал мәдениет үйінің жылу жүйесін қайта жаңғырту, Жосалы кентінде Мүсірбаев көшесі бойындағы коммуналдық меншіктегі ғимараттың құрылысы, мұражай мен кітапхана құрылысы, №26 орта мектеп ғимаратын қүрделі жөндеу, №26 орта мектептің бу қазандығын қайта жаңғырту).

Аудандық бюджеттен 4 жоба жүзеге асырылды. (Төретам кентінде ақылы автотұрақ ашу, Жосалы кентінде автотұрақ ашу, Жосалы кентінде бассейн құрылысы, Жосалы кентінің кіре берісін абаттандыру бұрыңғы емхана ғимаратын 90 орындық балабақша ашу үшін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжатына 7,0 млн теңге қаралып, құжаты жасалды)

Тірек ауылдық елді мекен (бұдан әрі-ТАЕМ)



  1. ТАЕМ-де экономикалық қызметтi дамыту.

Бұл құрауыш ТАЕМ-де өндiрiстiк саланы дамытуға, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн және өнеркәсiптiк өндiрiстi тұрақты жүргiзу үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған.

“Зәкiрлiк” инвестициялық жобаларды енгiзу базалық қала түзушi өндiрiстi құруға мүмкiндiк бередi, ол ТАЕМ-нiң өндiрiстiк әлеуетiн дамытудың негiзгi тетiгi болып табылады, экономиканы көтеруге, экспорттық әлеуеттi ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етедi.



  1. ТАЕМ-де әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту.

      Бұл құрауыш тұтастай алғанда, ТАЕМ-де инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру жолымен ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмiр сүру сапасын жақсартуға бағытталған

3. ТАЕМ-де көлiктiк қолжетiмдiлiктi дамыту.

Үшiншi құрауыш өткiзу және жабдықтау нарықтарына көлiктiк қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн облыстық және аудандық маңызы бар, тiрек ауылдар мен ТАЕМ-нiң тартылыс аймағына кiретiн басқа да елдi мекендердiң арасындағы жолдарды дамытуға бағытталған.



Төретам кентінде 3 білім ошағы, №80 мектеп гимназия, №85 орта мектеп, 2014 жылы пайдалануға берілген №269 орта мектеп жұмыс жасайды. Онда 1603 оқушы дәріс алуда.

3 балабақша жұмыс жасайды, оның ішінде 2014 жылы 280 орындық балабақша пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының І-бағыты аясында Төретам кентіндегі №4 «Күн нұры» балабақшасында (78,4 млн.теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Төретам кентінде 100 тұрғынға қызмет көрсететін емхана және ауылдық аурухана халыққа қызмет көрсетеді.

Кентте 2012 жылы пайдалануға берілген кітапхана және 150 орындық клуб үйі жұмыс жасайды.

Кентте 2 спорт алаңы бар. Төретам кентіндегі спорттың 3 түрінен (волейбол, баскетбол, футбол) жас ерекшеліктеріне қарай 90 бала тәрбиеленуде.

Кент тұрғындарының 97,6 пайызы орталық су жүйесімен қамтылған.

Кентте барлығы 36,8 шақырымды құрайтын 33 көше бар, оның ішінде 4 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2014 жылы Төретам кентінің 9,54 шақырым болатын 15 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге олыстық бюджеттен 191,0 млн.теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аудандық бюджеттен 24,2 млн.теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Төретам кентінің Б.Момышұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу - 11 млн 032 мың теңге бөлінді.



ІІІ-Интернационал тіректі ауылда бір орта мектеп және бір балабақша жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында №9 «Достық» балабақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 11,3 млн. теңге бөлінді.

Балалар әуез мектебінің филиалында 7 мұғалім, 2 шаруашылық қызметкер жұмыс істейді, 59 оқушы баян, домбыра, фортепиано кластары бойынша дәріс алуда.

2013 жылдан бастап 10 төсектік аудандық ауруханасының бөлімшесі қызмет жасайды. 2014 жылы дәрігерлік амбулаториясы салынды.

320 орындық ауылдық мәдениет үйі жұмыс жасайды, 2013 жылы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалды. Материалдық-техникалық базасы толық жабдықталған.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мәдениет үйі ғимаратында орналасқан, 6 қызметкері бар. Спорт мектебіне барлығы 58 бала әр түрлі секцияларға қатысады. Балалар республика, облыс, аудан көлеміндегі жарыстарға қатысады. Салауатты өмірді насихаттау, бұқара спортқа тарту мақсатында 2 спорт нұсқаушы қызмет етуде.

1 байланыс бөлімшесі арқылы көрсетіледі. 329 телефон нүктесіне арналған цифрлық АТС жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауылдық округте Интернет жүйесіне 100 порт ашылып, Мегалайн қызметіне қосылған.

Елді мекенде 11 көше бар, оның 5 көшесі күрделі жөндеуден өткізілген. 2016 жылы ІІІ-Интернационал аулы бойынша Қазақ және Астана көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 12,5 млн.теңге бөлінді.

Ауылдық округ ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Ауылдық округтің электр жүйесінің ұзындығы 60,6 шақырымды құрайды.

Ауыл шаруашылығы.

«Ақниет», «Береке», «Болашақ», «Дархан», «Нұрдаулет», «Байболат» шаруа қожалықтары, «Достық жер МК» ЖШС және 88 жеке кәсіпкер түрлі салалар бойынша халыққа қызмет көрсетуде.

Ауылдық округ бойынша мүйізді ірі қара 2713 бас, қой мен ешкі 2400 бас, жылқы 485 бас, шошқа - 421 бас, құс 2800 басты құрады.

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес “Өңірлерді дамыту” бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1492 қаулысының Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4 тармағының 7 тармақшасына сәйкес даму әлеуеті жоғары және орташа басқа да ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша аудандық іс-шаралар жоспары 2014 жылдың 28 сәуірінде №174 аудандық мәслихат сесиясының шешімімен бекітілді.

Аудандық iс-шаралар жоспарларында шаруа (фермер) және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, дайындау ұйымдарының желiсiн кеңейту, өткiзу нарықтарына дейiн көлiктiк қолжетiмдiлiктi жақсарту және басқа да шаралар қаралды.



Қармақшы ауданының 11 даму әлеуеті жоғары және орташа басқа да ауылдық елді мекендерінде де бірқатар жобалар жоспарланып, жүзеге асуда. Нақтылап айтсақ,

- «Ақтөбе и К» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін зауытын ашу» жобасы Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің эксперттық комиссиясының отырысынада «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу» жөніндегі мәселе оң шешімін тапты. Қазіргі таңда жобаның құжаттары «Байқоныр» ӘКК-сы АҚ-ның директорлар кеңесінің отырысына ұсыну үшін әзірленуде.

- «Дөйт» ЖШС-нің «Күріш өңдеу зауыты» жобасы. Жоба құны 210,0 млн теңге.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 30 млн 832 мың теңге (аудандық бюджеттен 3426,0 мың теңге) төмендегі жұмыстарды атқаруға қаржы бөлінді



Ауданда, 2010-2016 жылдар аралығында елді мекен көшелерінің 26,0 % жөндеуден өткізілді.

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:



Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1.Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығын дамыту үшін топырақ пен климаттың қолайлы жағдайы;

2. Елді мекендерде мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар.



1.Әлеуметтік инфрақұрым объектілері желісінің жеткілісіз даму деңгейі;

2. Ауыл тұрғындарының жұмысты ауылдан тыс жерден іздеуі.



Мүмкіндіктері (O):

Қауіп-қатерлері (T):

1. Жұмыс орнына қолда бар медициналық кадрлар мен білім беру саласындағы мамандарды ұзаққа тұрақтандыру үшін жүйелі шаралар әзірлеу және жас мамандарды тарту, соның ішінде елді мекендерге;

2. Тірек және басқа да ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту.



1. Халық санының азаюы;

2.Ауылдық жерлерде тозығы жеткен инфрақұрылым жүйесі;

3. Несие алуға қажетті кепілдік мүлік құнының төмендігі.


Саланың негізгі мәселелері:

халық санының кемуі (миграциялық кему, теріс табиғи өсімі, жастардың қалаға кетуі);

ауыл шаруашылық өндірісінің ұсақ тауарлығы;

демографиялық және миграциялық үдерісінен мектеп оқушылар контингентінің қысқаруы;

алыстағы елді мекендердің жүйелі жолаушы қатынасымен қамтамасыз етілмеуі;

сауда және тұрмыстық қызмет көрсету жүйесі дамымаған.


2 бағыт: Әлеуметтік даму

2.2.1. Білім саласы

Аймақтың білім жүйесі Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына басымдық беру есебімен дамып келеді және аймақтың экономикалық тұрақты өсуі үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мектепке дейінгі білім беру

2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны - 55 (оның ішінде балабақшалар - 30, шағын орталықтар - 25). Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 3 жыл ішінде 34,1℅-ға ұлғайды. (2012 жылы - 41).

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету 2012 жылмен (75,9%) салыстырғанда 24,1% ұлғайып, 100℅-ды құрады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 60,9℅, 2015 жылы -69,2℅, 2016 жылы 73,6℅-ды құрап отыр.



11-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2015 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы.

Аудан

Барлығы

МДҰ


3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны

МДҰ-дағы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны

Қамтылуы %

1 жастан 6 жасқа дейінгі кезекте тұрған балалар саны

Қармақшы ауданы

55

3240

3155

97,3

690

Жалпы орта білім

2015-2016 оқу жылындағы 29 жалпы орта білім беретін мектеп, 28 жалпы білім беретін орта мектеп және 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды. Оқушылар саны – 13659.

2015 жылдан бастап Байқоңыр қаласының қазақ тілінде оқытылатын білім беру ұйымдарын Ресей тарапынан Қазақстан Республикасының юрисдикциясына берілді.

Биылғы жылдың ерекшелігі, аудан бойынша 1-ші сыныпқа келген 1642 оқушы жаңартылған білім мазмұны (12 жылдық білім беру жүйесі) бойынша білім алуда. 1-сыныпқа арналған оқулықтар түгел дерлік жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 85 педагогтың 71-і (83,5%) арнайы даярлықтан өтті. (Байқоңыр қаласы бойынша бойынша 1 сыныпқа 645 оқушы қабылданды)

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы №275, №277 орта мектептерде екі сынып жиынтығында 37 оқушы бірінші сыныпта орыс тілінде Қазақстан білім беру стандартымен оқытылуда.

Барлық білім мекемелеріне қарасты мөлтек аудандар бойынша мектеп жасындағы оқушылар түгел дерлік 100 пайыз міндетті оқумен қамтылған. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқушылардың білім сапасы 58-60 пайызды құрайды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2016 жылға 259 педагогты оқыту жоспарланып, 2016 жылдың 1 жарты жылдығында 211 педагог біліктілігін арттырды (ол 81,4 %) .

Оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса, биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп лицей бағытына ауыстырылды.

Облыс әкімінің «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарының 79-қадамын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының білім беру жүйесінде жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралары бекітіліп, іс-шараның 6 тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250 мектеп-лицейлерде ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

12- Кесте. Қармақшы ауданы бойынша аймақтағы күндізгі білім беретін мектептер желісі (2015 жыл)



Аудан

Барлық мектептер

Оның ішінде қалалық/ ауылдық

Электронды оқыту жүйесі енгізілгені

Жаңа үлгідегі пән кабинеттерімен қамтамасыз етілуі

физика

химия

биология

Қармақшы ауданы

29

6/23

5

5

10

9

Қазіргі таңда білім мекемелерінде 1836 педагог қызметкерлер білім беруде. Олардың 99-ы (6%) жоғары санатты, 714-і (39%) бірінші санатты, 440-ы (24%) екінші санатты, 583-і (32%) санатсыз мамандар.

Соңғы жылдары білім саласының көрсеткіштері: мектеп бітірушілер 2014 жылы – 451 оқушы, 2015 жылы – 427 оқушы, 2016 жылы - 549 оқушы.

ҰБТ-ге қатысқаны 2014 жылы – 276 оқушы, 2015 жылы – 265 оқушы, 2016 жылы - 454 оқушы қатысқан.

ҰБТ-нің орташа балы 2014 жылы - 76,8%, 2015 жылы - 83,14%, 2016 жылы - 83,01%.



13-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2015 жыл бойынша инклюзивтік білім берумен қамтылу, адам

Аудан/қала

Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың саны

Мектептерде оқитын балалар саны

Жалпы санының пайыздық көрсеткіші

Қармақшы ауданы

345

271

78,5

Кәсіптік-техникалық білім беру.

2014 жылдың қорытындысы бойынша аймақтағы ТжКБ ұйымдарының желісіне 1 ұйым енген, оларда 360 студент 5 арнайы мамандық бойынша білім алуда.

Қазіргі таңда, ТжКБ ұйымдарының материалды-техникалық базасын жаңарту қажеттілігі туындап отыр (2011 жылы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанға дейін Қазақстандағы ТжКБ жүйесінің жаңартылуына мемлекеттік бюджеттен бұл салаға қаржы қарастырылмады және аймақтағы осы саланың инвестицияланбауының бірден-бір себебі осы болып табылады).



14-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша аймақтардағы ТжКБ-ның капиталдық инвестициялық қажеттілігі, бірлік

Аудан/қала

Жатақхана қажет етеді

Күрделі жөндеуді қажет етеді

Қармақшы ауданы

1

1

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктерін талдау негізінде және индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша облыс көлемінде кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілуде.

Оқу үдерісіне дуалды оқыту технологиясының элементтерін ендіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі қарастырылуда. Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінде 1504000-«Ферма шаруашылығы» мамандығы, 1504092- «Электрожабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтер» біліктілігіне дуалды оқыту технологиясын ендіру 2016-2017 оқу жылына қарастырылып отыр.

ТжКБ жүйесіндегі жекелеген көрсеткіштерді талдау барысы кадрлардың сапалық құрамында кемшіліктердің бар екенін көрсетеді, сондай-ақ білім алмайтын және жұмыссыз жастардың үлесі республикалық орташа деңгеймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.



15-Кесте. 2012-2014 жылдар аралығындағы Қармақшы ауданы бойынша ТжКБ жүйесінің жеке көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

ҚР бойынша орташа алғанда

(2014 ж.)



Оқу жылын аяқтағаннан кейінгі алғашқы жылдағы ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасудағы үлесі, оның ішінде:

-ауыл


-қала

%

61,7

60,9


61,2

62,3

61,7


61,9

68,0

66,5


67,8

68,0

ТжКБ ұйымдарындағы І және жоғары категориялы оқытушылардың үлесі

%

31,2

39,8

40,5

40,5

Электронды оқыту жүйесін пайдаланатын ТжКБ ұйымдарының үлесі

%

8,5

11,3

15,4

15,0

Жастардың (14-24 жас) техникалық және кәсіптік білім мен қамтамасыз етілу үлесі

%

17,0

17,0

18,0

18,0

SWOT-саланың ағымдағы ахуалын талдау:



Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілуі пайызы (94,6%) жоғары;

2. 2013 жылы аймақта 3 аусымды оқыту жойылды;

3. 2014 жылы ҰБТ-ның орташа балы 2012 жылмен салыстырғанда 18,2% жоғарылады. 2015 жылы ҰБТ-ның орташа балы аймақта 83,1 балды құрады (облыс бойынша – 81,7%), облыс бойынша 2 орында;

5. Білім саласына бюджеттен бөлінген қаржы жыл сайын өсуде;





1. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған бөбекжай топтарының жетіспеушілігі (1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы - 60,9%);

2. 2014 жылы аудандағы 1 мектеп апаттық жағдайда деп танылды ;

3. Білім беру ұйымдарының материалдық базасының және техникалық қамтамасыз етілуінің төмендігі;

4. Білім саласындағы қызметкерлердің біліктілік деңгейінің төмендігі (2014 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жоғары және І санатты педагогтардың үлесі – 13,2%; ТжКБ – 39,2%; мектептерде – 48,6%);

5. ТжКБ жүйесін жатақханамен қамтамасыз етудің төмендігі;

6. ТжКБ жүйесінде ауылдық оқытудың өз деңгейінде дамымауы



Мүмкіндіктер (O):

Қауіптер (T):

1. Дүниежүзілік банктердің және Еуропа қайта құру даму банкісінің бағдарламасы негізінде инженер педагогтардың біліктілігін арттыру;

2. ТжКБұйымдарын басқаруда шетелдік тәжірибе негізінде корпоротивтік басқару жүйесін ендіру.



1. Техникалық және аграрлық білімі бар мамандардың тапшылығы;

2. Кең жолақты интернетке қолжетімділік құнының жоғарылығы.



Саланың негізгі мәселелері:

Білім саласы аймақтағы бәсекелестіктің негізі болып табылады. 2011-2015 жылдар аралығында аудан біршама жетістіктерге қол жеткізді: 3 аусымдық мектептердің мәселесі шешілді, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілуі 100 пайызға жеткізілді, білім сапасы көтеріліп келеді. Білім саласында шешуін таппаған мәселелер де бар:

Мектепке дейінгі білім беруде:

1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар топтарының жетіспеушілігі;

Жоғары білікті кадрлардың тапшылығы;

Аудан мен қалада кадрмен қамтамасыз етілудің тепе-теңдігінің сақталмауы.

Жалпы орта білім:

Апаттық жағдайдағы 1 мектептің болуы;

Кадрмен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі, әсіресе ауылдық елді мекендерде;

Мектептерде материалдық-техникалық базаның төмендігі;

Кеңжолақты интернетке қол жеткізудегі қиындықтар;

Ауданда инклюзивті білім берумен қамтылудың төмендігі, тәртіп бойынша 3 мектептің бірі инклюзивті білім беру стандартына жауап беруі қажет;



Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін кадрдың тапшылығы;

мектептің түлектерінің орналасуы, еңбекпен қамтылуы;

ТжКБ жүйесінде:



Колледждің материалдық-техникалық базасының төмендігі; 

ТжКБ қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің төмендігі;

ТжКБ жүйесінде жатақхананың жетіспеуі;

ТжКБ жүйесінде дуалдық оқытудың өз деңгейінде дамымауы,колледждердің 25% ғана дуалдық оқытуды жүзеге асырады.



Жастар саясаты

Қармақшы ауданында 14 пен 29 жас аралығында 13 880 азамат тіркелген. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 25,8 % құрайды.

16-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына



Атауы


Халық саны

(адам)


14-29 жас аралығындағы жастардың жалпы халық санынан үлесі(%)

барлығы

Оның ішінде:14-29 жастар саны

6

Қармақшы ауданы

53761

13880

25,8 %

Қармақшы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында мемлекеттік жастар саясаты тиімділігін арттыру мақсатында атқарылған шаралар нәтижесінде 2016 жылы «14-29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатына қатысты қанағаттанарлық деңгейі» - 87 %. Әлеуметтік сауалнама мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «Сыр медиа» ЖШС Ақпараттық талдау орталығымен жүргізілді.

Облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің 2016 жылғы 18 маусымдағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес жастармен адресті жұмысты күшейту және оларға әлеуметтік-құқықтық кеңестер беру жұмыстарын үйлестіру мақсатында «Коммуналдық мемлекеттік мекеме құру туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы №380 қаулысы қабылданып, ауданда «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, әділет органдарынан заңды тіркелді. Жастар ресурстық орталығының қызметі жастардың өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне жағдай жасауға бағытталған.

Қазіргі таңда Қармақшы ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 3 жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Олар «Қармақшы Жастары», «Қорқыт елі-Қармақшы» және «Төретам жастары» жастар қоғамдық бірлестіктері.

Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың саны мен белсенділігінің артуына орай, жастарға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемінің ұлғаюына өз септігін тигізіп отыр. Бүгінгі таңда аудан көлемінде белсенді 17 үкiметтiк емес ұйым түрлі мақсатты шараларды жүзеге асыруда.

SWOT-саланың ағымдағы ахуалын талдау:



Күшті жақтары (S)

Әлсіз тұстары (W)

1.Жастар саясаты институционалды қамтамасыз етілген;

2.Аудан әкімдері жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес қызмет атқарады;

3. Аудандық ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлімшесі жұмыс жасауы;

4.Ауданға қарасты ауылдық округтердегі жастармен жұмыс жасайтын мамандардың жұмыс жасауы;

5.Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінетін қаржы деңгейінің артуы;

6.Жастармен адресті жұмысты жүргізу үшін түрлі бағыттағы әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы;

7. Жастар ұйымдарының белсенділігінің артуы.


1.Маргиналды жастармен жұмысты арттырудағы кедергілер

Мүмкіндіктер (О)

Қауіптер (Т)

  1. Жастармен адресті жұмыс жүргізу;

  2. Жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

Жастар арасындағы құқық бұзушылық

Саланың негізгі мәселелері:

Мемлекеттік жастар саясаты бойынша ведомствоаралық және салааралық өзара байланыстың әлсіздігі;

Жастар саясатының ақпарат және мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

Жастардың халықаралық тәжірибе алмасуларының әлсіз дамуы.


2.2.2. Денсаулық сақтау

2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан ”мемлекеттік бағдарламасы іске асырудың нәтижесінде аудан халқының өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа дейін өскен. 2011 жыл қорытындысымен орташа өмір сүру ұзақтығы 66 жас болған (облыс бойынша-69 жас).

Қармақшы ауданы бойынша халық тіркелім порталына тіркелген тұрғындар саны 2016 жылдың 1 қаңтарына 53863 болса, 2015 жылы - 53800. Ауданда тұрғындар санының өсуіне нәрестелердің 2014 жылғы 1202-ден, 2015 жылы - 1310-ға немесе 1,08 пайызға өсуі және жалпы өлім-жітім көрсеткіштерінің 6,3-тен 5,3-ке төмендеуі.

Өлімнің басты себептерінің бірі қан айналым жүйесі аурулары болып табылады.

Сәби өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда жылдан-жылға төмендеу тенденциясында 2013 жылғы -18,31 болса, ол 2015 жылы -12,0-ге дейін төмендеген.

Жүкті және босанатын әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру және ана мен бала өлімін төмендету мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының №646 “Жасыл дәліз ” бұйрығы негізінде аудандық емханада арнайы жүкті әйелдерді тіркеу орны ашылып, жүкті әйел еш кедергісіз жасыл дәлізбен жүкті әйел тіркеу бөлмесіне барады. Ол бөлмеде акушер мен психолог жұмыс жасайды.

Сонымен қатар симптомсыз бактерурияға тексеру жұмыстары жандандырылды.

Антенаталдық күтім туралы 20 дәрігер оқытылды. Жоспарлы түрде жол картасы бойынша неонатолог дәрігері 4 айлық цикл бойынша оқытылды.


17-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2012-2015 жылдары 1000 туылғанға өлім жетім деңгейі




Өлу көрсеткіші

Сәби өлімі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Қызылорда облысы

6,57

6,01

6,10

5,1

18,75

14,37

12,01

11,4

Қармақшы ауданы

7,27

6,42

6,35

5,3

23,05

18,32

14,05

11,1

Сонымен қатар қан айналым ауруларынан өлім-жітімді азайту мақсатында “Жедел миокард инфаркті. және “Жедел-ми қан айналымы бұзылуы” жол картасымен ішкі алгоритмдер енгізіліп жұмыстар жүргізілуде.

“Жедел коронарлық синдром ” ауруына алғашқы жедел көмек көрсету үшін кабинет ашылып керекті құрал-жабдықтармен (ЭКГ, дифибрилятор, дәрі-дәрмектер) қамтамасыз етілді.

Аудандық медициналық мекемелерді кардиостандарттармен жабдықтау мақсатында портативті жоғары сезімталды тропонинді анықтайтын аппараттар алынып жұмыс жасалуда.

“Жүректің ишемиялық ауруы ” және “Артериалды гипертензия” мектебінің жұмысы жандандырылды.

Аудан тұрғындарына медициналық көмек амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық аурухана құрылымдық бөлімдері мен көрсетеді. Құрамына 145 орындық аудандық орталық аурухана, 250 орындық қабылдауы бар емхана, селолық емхана (Төретам), 9 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік пункт және 6 медициналық бекет кіреді. Аудандық орталық аурухананың 100 төсек орны аудан орталығында орналасса, 85 төсек орын күндізгі бөлімде, Акай, Төретам ауыл тұрғындарына 30 төсектік тәуліктік стационар және 10 төсектік Көмекбаев ауылына, 3-Интернационал ауылдарында 5 төсектік тәуліктік стационар бөлімдері қызмет көрсетеді. 100 төсек орындық аудандық орталық ауруханада 15 төсектік-терапия, 15 төсектік гинекология, 20 төсектік хирургия, 15 төсектік балалар бөлімшесі , 15 перзентхана, оның ішінде 5 патологиялық және 10 орындық босану бөлімшесі, 20 төсектік (10 балалар және 10 ересектер) жұқпалы ауруларды емдейтін бөлімше жұмыс жасауда.

Саладағы қабылданған жүйелік шаралар аясында ауданда туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерінің тұрақтануы байқалады. Ауданда туберкулез ауруын төмендету мақсатында біршама ігі жұмыстар жүргізілді, нақты іс-шаралар жасалынды аурушаңдық көрсеткіштері тұрақталды алғаш рет тіркелген науқастар саны 2016жылы-46 болса, 2014-2015 жылдары тұрақталып 35-36 науқас көлемінде тіркелді.

Аурушаңдық көрсеткіш 2013 жылы - 86,1-ден, 2014 жылы - 65,2, 2015 жылы - 66,8 тіркелді. Облыстық көрсеткіш-72,5.

Туберкулез аурушаңдылығының жоғары деңгейде қалуының негізгі факторларына аудан халқының санитарлық мәдениетінің төмендігі, әрі кеш анықталуына байланысты болып отыр.

Қармақшы аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерлері туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастарды емдеуге қайта жасалған (профилактика).

Қан айналым жүйесінің аурулары жылдан-жылға өсе түсуде. 2014 жылы аурушаңдық көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 821,3 болса, ал 2015 жылдың осы мезгілінде 903,9 өсуде. Қан айналым жүйесінің ауруларының өсуінен тұрғындар арасында осы аурудан қайтыс болғандар саны 2014 жылы 42 болса, ал 2015 жылдың салыстырмалы уақытында қайтыс болғандар саны -75-ке дейін көтерілген.

Облыстың қатерлі ісік аурушаңдығы мен өлім жітім көрсеткіштерін салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш Қармақшы (195,1 және 127,6). Өсудің негізгі себебі науқастардың асқынған сатысында қаралуы болып табылады.

Амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде аудан халқын тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы дәрілік заттарды қажет ететін тұрғындардың 100% қамтылды.

Аудандық денсаулық сақтау саласында әсіресе елді мекен тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуде жоғары білімді маман дәрігерлерінің тапшылығы сезілуде.

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында темекі шегудің алдын алу заңдылықтарын сақтап және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мақсатында белсенді ақпаратты –коммуникациялық жұмыстар жүргізілуде және барлық қазақстандық қоғамдастықты салауатты өмір салтын қалыптастыруға тарту секторларының қарым-қатынасын жақсарту жұмысы қолға алынды.

Денсаулық сақтау саласының SWOT- анализі


Басым бағыты (S)

Әлсіз бағыты (W)

1. Халықтың өмір сүру ұзақтығының жоғары болуы (орта республикалық көрсеткіштен жоғары);

2. демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы: нәресте өлім-жітімінің төмендеуі, орта республикалық деңгейден төмен болуы, туу көрсеткішінің жоғарылауы;

3. халыққа медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде түрлері бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілуінің қолжетімділігінің жақсаруы;

4. аудандардар бойынша АИТВ инфекциясының аз тіркелуі.



1. халық денсаулығына аймақтағы экологиялық жағдайлардың әсері;

2. медициналық кадр жетіспеушілігі және біліктілік деңгейінің төмен болуы;

3. әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейінің жоғарылауы;

4. туберкулездің аурушаңдық көрсеткіші жоғары деңгейде болуы ;

5.медициналық көмек сапасының төмен болуы;

6. денсаулық сақтау ұйымдарының жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі.




Мүмкіндіктер (О)

Қауіптер (Т)

  1. денсаулық саласында, оның ішінде ауылдық елді мекендерде жоғары квалификациялы мамандарды тарту арқылы сала қызметінің сапасын жақсарту;

  2. аурушаңдық деңгейін азайту мақсатында аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту;

  3. көрсететін медициналық қызметтің сапасын жақсарту, денсаулық сақтау мекемелерін жарақтандыруын жоғарылату үшін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды кеңейту.

1. денсаулық сақтау ұйымдарының материалды-техникалық базасын төмендігі мен дәрігерлік кадр тапшылығының деңгейінен халыққа медициналық қызметтің толық емес және сапасыз көрсетілуі;

2. экологиялық жағдайдың нашарлауы әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейінің жоғарылауына әкелуі;




Саланың негізгі мәселелері:

Ауданда халықты денсаулығын қорғау саласы бойынша белсенде тенденциялар байқалады: халықтың өлім жетімінің төмендеуі байқалады, демографиялық көрсеткіштерінің жақсаруы, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің сапасы мен қолжетімділігі. Сонымен қатар, көкейкесті мәселелері болып:

халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін аймақтың экологиялық жағдайының қолайсыздығы;

халықтың әлеуметтік маңызы бар аурумен әсіресе туберкулезбен ауыратын жоғары деңгейдегі аурушаңдық;

көрсетілетін медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі;

кадрлық сұрақтардың шешімін таппағандағы (медициналық кадрлар біліктілігі деңгейінің жеткіліксіздігі мен тапшылығы);

денсаулық сақтау ұйымдарында материалды-техникалық жабдықтау деңгейінің жеткіліксіздігі;

Халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігінің төмендігі.


2.2.3. Еңбек және әлеуметтік қорғау

Аудан бойынша белсенді халық саны 66,9 пайызды құрады.

2014 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 69 512 теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 3,0% -ға өсті. Нақты жалақы индексі 94,7 пайызды құрады. Ең жоғарғы еңбеккақы шамасы өнеркәсіпте - 72275 теңге, ең төменгі еңбеккақы шамасы ауылшаруашылығында (43497теңге) белгіленген.

2015 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 69 512 теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 3,0% -ға өсті. Нақты жалақы индексі 94,7 пайызды құрады. Ең жоғарғы еңбеккақы шамасы өнеркәсіпте - 72275 теңге, ең төменгі еңбеккақы шамасы ауылшаруашылығында (43497теңге) белгіленген.

18-кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2012-2015 жылдардағы орташа айлық жалақы көрсеткіштерінің динамикасы, теңге


Аудан атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Қармақшы ауданы

67 465

68 814

69 512

72251

19-кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2015 жыл әлеуметтік және еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері.




Көрсеткіштер

Белсенді халық коэффициенті,

%


Жұмыссыздар деңгейі, %

Жұмыссыздар деңгейі

(15-28 жас аралығы), %



Орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

Қармақшы ауданы

66.9

5.3

5.4

72251

Аудан бойынша 2015 жылы экономикалық белсенді халық саны 24,8 мың адамды құрады (жалпы халық санының 46,8%, облыс бойынша бұл көрсеткіш 43,5%). Аудан экономикасындағы құбылыстарына байланысты экономикалық белсенді халық саны 2012 жылы 29,5 мың адамнан (15,9 %) 2015 жылы 24,8 мың адамға дейін төмендеді. Сонымен бірге өңірде 23,6 мың адам жұмыспен қамтылған, яғни 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 14,8% төмен (27,7 мың адам). 2015 жылы облыстың экономикалық белсенді халық санының деңгейі 32,8 % құрады, бұл облыс көрсеткішке қарағанда (33,7 %) 0,9 % жоғары.


20-кесте. Қармақшы ауданы бойынша экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылған халық саны, мың адам





2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015 жыл

Экономикалық белсенді халық

29,5

29,5

25,2

24,8

Жұмыспен қамтылған халық

27,7

27,7

23,9

23,6

2012-2014 жылдары өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың саны 18,8% артқан немесе 2012 жылы 8,5 мың адамнан 2015 жылы 10,2 мың адамға дейін. 2015 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 41,1% құрады (2012 жылы 28,7%),


21-кесте. 2015 жылы Қармақшы ауданы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны, адам

№р/с

Аудан/қала атауы

2015 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, адам

Барлығы

оның ішінде:

өнімді

өнімсіз

1

Қармақшы ауданы

10 154

5 836

4 318

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылы экономикалық белсенді халықтың 5,3 пайызын жұмыссыздар құрайды.


22-кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2015 жылғы жұмыссыздық деңгейі



Аудан/қала

Жұмыссыздық деңгейі, %

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі

(15-28 жас), %



қала

аудан

қала

аудан

1

Қармақшы ауданы

-

5,3

-

5,4

Жұмыссыздар арасындағы көп үлесті кәсіби-мамандандырылған орта білімі бар азаматтар құрап отыр: ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер; мамандығы жоқ жұмысшылар; жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес; тәжірибесі жоқ жастар. Жұмыссыздардың басым бөлігін әйелдер құрайды.

2011 жылдан бері Елбасының тапсырмасына сәйкес «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарламаның бірінші бағыты «инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету» барысында бөлінген қаржы – 751,2 млн. теңге, жұмысқа орналасқаны 52 адам.

Екінші бағыт бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға» 1033,8 млн теңге қаралған, кәсіпкерлік негізідері бойынша 192 адам оқу курсынан өтіп, 495 адам шағын несие алды, 130 жұмыс орны құрылды..

Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшінші бағыт аясында: 1040 адам оқуды бітірді. Оқуды бітіргендердің ішінен жұмысқа орналасқаны 590 адам, соның ішінде 510-і тұрақты жұмыс, 23-і әлеуметтік жұмыс орындары, 57-і жастар тәжірибесіне жолданды.

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 2012-2014 жылдар аралығында 4434 адам немесе жалпы хабарласқандардың 39,1 пайызы жұмыспен қамтылды. (2012 ж. – 2550 адам, 2013 ж.-2441 адам, 2014 ж. -2660 адам, 2015 ж.-3688 адам), оның ішінен 3125 адам (2012 ж. -858 адам, 2013 ж. – 891 адам, 2014 ж. - 803 адам, 2015 ж. – 573 адам) қоғамдық жұмыстарға жолданған.
23-кесте. Қармақшы ауданы бойынша аудандар бөлінісінде жұмысқа орналасқандардың саны туралы ақпарат (2015 ж.)




Аудан/қала

Хабарласқандар саны, адам

Жұмысқа орналасқандар саны, адам

Жұмысқа орналасқандардың үлесі

%


1

Қармақшы ауданы

11339

4434

39,1

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының барлық бағыттарын пайдалану арқылы, жұмыссыздық деңгейі 2012 жылы 6,2 пайыздан 2015 жылы 5,3 пайызға дейін төмендеп, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 8,5 пайыздан 5,4 пайызға азайған. 2012-2015 жылдар аралығында жұмысқа орналасқан мүгедектер саны 108 адам, жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан мүгедектер саны 35,0 пайыз.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында соңғы 4 жылда 24 инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, бірінші бағыт бойынша 52 жұмыс орындары құрылды. Бағдарламаны іске асыру барысында барлығы 2930 адам жұмысқа орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына - 822, 412 - жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасты.

Жыл сайын жұмыспен қамту органдары еңбек нарығының сұранысын анықтайды. Жүргізілген талдаудың нәтижесінде еңбек нарығында техникалық және жұмысшы мамандықтарына қажеттілік байқалады.

2015-2017 жылдарға қалыптасқан еңбек ресурстарының баланс болжамы жұмыс күшінің қажеттілігіне әлеуетті ұсыныс бағамының теңгерімін анықтады.

Аудан бойынша 2015 жылы 7943 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 183,4 млн. теңгеге әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысы төленді, атап айтқанда:

атаулы әлеуметтік көмек - 323 азаматтарға 6319,8 мың теңгеге (ауылдық жерде - 219 адам);

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы – 5713 балаға 99036,4 мың теңгеге (ауылдық жерде - 4397 бала);

тұрғын үй көмегі - 1907 отбасына 78021,4 мың теңгеге (ауылдық жерде - 860 отбасы).

2012 жылмен салыстырғанды атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 64,9% (615 адамға) азайды. Бұл «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілген іс шараларға байланысты. Құрылған жаңа және маусымдық жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы жұмыссыздар тартылады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы жұмысқа жарамдылардың үлесі (29,2%) республикалық көрсеткіштен (30,8%) 1,6 п.к. төмен.

Әлеуметтік көмек алатын отбасының бейнесі - бұл табысы кедейлік шегінен төмен, көп балалы (4 және одан жоғары), толық емес отбасылар.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы қарттарға, психикалық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 18 жастан асқан мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде. Күндізгі оңалту орталығы арқылы 30 бала қызмет алуда.

Саланы дамыту бойыншаSWOT-талдау:


Күшті жақтары(S):

Әлсіз тұстары(W):

1. Жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша (5,3%), облыс бойынша бойынша (5,0%)

2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі 27,1% , ҚР бойынша төмен.(29,5%)

3. Мүгедектердің денсаулық сапасын жақсарту және оңалту шараларын жүргізу үшін жаңа технологиялармен қамтылған мүгедектерді оңалту орталығы жұмыс істейді;

4. Үкіметтік емес ұйымдар психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға күндізгі болу бөлімшелерінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;

5. Мүгедектердің объектілерге кіру және өмірлік іс-әрекетінде барлық салалар бойынша қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін шешу (арнаулы жол белгілері, жаяужүргінші жолдары, пандустар және т.б.);

6. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеке ісін ашу үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалуда;

7. Медициналық әлеуметтік мекемелер (МӘМ) мүгедектердің денсаулығын жақсарту, мүгедектік топтарын төмендетуге ықпал жасау үшін заманауи жаңа технологиялармен қамтылған.


1. Аудан бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары-5,5%, облыс бойынша- 5,1%;

3. Еңбек нарығында шиеленіс өспейді, бірақ теңсіздік бар, сұраныс 1 жұмыс орнына 4-5 жұмыссыздан келіп отыр.

4. Ауылдық жерлерде білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

5. Ауданда (ауылдық округтерде) кәсіпкерлікті дамыту Карталарының және сәйкесінше кәсіпкерлікті дамыту жүйесінің болмауы;

6. Шағын несие алушылардың кепілдік мүліктерінің болмауы;

7. Мүгедектер санының артуы, соның ішінде жүйке жүйесі бұзылған мүгедектер.  Нәтижесінде, стационарлық үлгідегі мекемелерде орын тапшылығы байқалады .



8.Мүгедектердіңқоғамға тиімді бірігуінің жоқтығы (медициналық көмек алудағы қиындықтар, жұмыспен қамту, білім беру, мәдени іс-шаралар, спорт, әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым мүгедектердің қол жеткізуін алудағы қиындықтар)


Мүмкіндіктер (O):

Қауіп-қатерлер (T):

1.Шағын несие алуға сұраным жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтамасыз етілген азаматтардан көптеп түсуде;

2. «Мүгедектерді оңалту орталығы» КММ-де орындардың көбеюуі;

3.Мүгедектердің әлеуметтік белсенділігінің артуы;

4. Село, қала/аудандар деңгейінде мүгедектерге көрсетілетін бірінші кезеңдегі оңалту шаралары.




1.Дағдарыс жағдайында кәсіпорындардың жабылуына байланысты жұмыссыздардың өсуі мүмкін

2.Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің артуы;

3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік алушылар санының артуы;

4. Әлеуметтік оңалту ұйымдарына сұраныстың артуына байланысты қосымша қаржыландыру көздерінің болмауы;

5. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әрекетсіздігі;

6. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы көмек түрлерінің орнына, отбасының жұмысқа жарамды мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысу шартымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің енгізілуіне байланысты болуы мүмкін қауіптер.



Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы негізгі проблемалары:

Ауданда жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың төмен деңгейі;

белгілі бір мамандықтар мен біліктілігі бар кадрлар тапшылығының өсуіне байланысты еңбек нарығындағы құрылымдық сәйкессіздіктердің күшеюі;

жұмыс күшіне сұраныс жеткілікті болғанымен ұсыныстың болмауы (жұмысшы мамандықтарына бос орындардың тұрақты болуы);

ауданның экономикасының дамуына қажетті білікті және құзыретті тұлғалардың созылмалы тапшылығы, инновациялық секторды қосқанда, оның ішінде жоғары білікті мамандардың және жастардың біздің аймақтан өмір сүру деңгейі жоғары және инновациялық бағытта еңбек етуге жағдай жасалған басқа аймаққа кетуі;

еңбек және өндірістік тәртіпті бұзушылылар сақталған;

аумақтың экологиялық апат аймағына жатуы.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласында:

Мүгедектер және басқа да санаттағы азаматтардың оңалтуда қажеттілігі өсіп келе жатқандығы(ең жоғары кезектілік психоневрологиялық интернаттарда);

мүмкіндігі шектеулі адамдарүшін қолжетімді ортаның болмауы.


2.2.4. Мәдениет

Қазіргі таңда аудан көлемінде 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 35 мекеме жұмыс жасайды.

Аудан халқынына мәдени қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында мәдениет мекемелері мен нысандарын жаңарту, түрлі мәдени шараларды ұйымдастыру тұрақты жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда: 2012 жылы 1 клуб, 2013 жылы 3 клуб, 2015 жылы 1 мұражай салынып, пайдалануға берілді.

2012 жылы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 70,0 млн. теңге қаржы бөлініп, бу қазандығы ғимараттан тысқары орналастырылып, ішкі беті қайта жаңғыртылып, шатыры жаңартылды. 2013 жылы 13843,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйінің ауласы және Төретам кенттік клуб үйінің ауласы абаттандырылып, көгалдандырылды. 2014 жылы Жаңажол, ІІІ-Интернационал ауылдарындағы мәдениет үйлері облыстық бюджеттен бөлінген 43,0 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.2015 жылы 24,5 млн теңгеге аудандық мәдениет үйінің қас бетіне және 47,0 млн теңгеге Ақтөбе ауылында мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шалғай елді мекендер тұрғындарына, егіс бригадаларына, малшы қауымға мәдени қызмет көрсету мақсатында облыстық бюджет есебінен ауданға дыбыстық және музыкалық аппаратпен толық жабдықталған «Зерде» автомобилі берілді.

2012-2015 жылдар аралығында аудандағы клуб мекемелерінде 3563 мәдени шаралар өткізілді. Мәдениет мекемелеріне келушілер саны кестеде көрсетілген.
24 кесте. Қармақшы ауданы бойынша 1000 адамға шаққандағы мәдени мекемелерге келушілер саны


Көрсеткіштер

2013ж.

2014 ж.

2015 ж.

Клуб мекемелері

2563

2848

2860

Кітапханалар

3342

3293

3329

Аудандағы қолжетімді кітапханаларда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тәжірибеге енгізу қазіргі кездегі басымдықтың бірі болып саналады. 18 кітапхананың 27-і компьютермен жабдықталған, бұл 33 %-ды құрайды. Дүр Оңғар, Ақай ауылдық кітапханалары модельді кітапхана ретінде қайта ашылып жаңаша қызмет көрсете бастады.

Ауылдық кітапханалар әлі де техникалық модернизациялауды қажет етеді. Өңірдегі кітапханалардың негізгі көрсеткіштері 25 кестеде көрсетілген.
25- кесте. Қармақшы ауданы кітапханаларының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2013ж.

2014ж.

2015 ж

Ақпараттық ресурстар көлемі

(кітап қоры)



4681189

476903

478873

Қорды толықтыру (жаңа әдебиеттер түсімі)

7998

8714

6455

Оқырмандар саны

20965

21012

21112

Кітап берілімі

399522

399617

401128

Келушілер саны

176127

176153

179452

Компьютермен жабдықталған кітапханалар саны

19

21

21

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу:

компьютерлер саны



19

21

21

Электронды каталогқа енгізілген кітаптар саны

74234

80710



Ауданда мұражай қорында барлығы 462 дана жәдігер бар.

Аудан көлемінде 85 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 3-і республикалық, 51 – жергілікті маңызы бар. 31 ескерткіш алдын-ала есепке алынған.

Ауданда тарих және мәдениет ескерткіштерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қармақшы ауданындағы Шірік-Рабат қалашығының қазба жұмыстары жалғастырылды. Шірік-Рабат қалашығынан табылған қазба байлықтары да облыстық мұражай қорына табысталды.


Сала дамуының SWOT-талдауы:

Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1.Мәдениет мекемелеріне келушілер деңгейін арттыру;

2.Өткізілген мәдени-көпшілік шараларды арттыру;

3.Мәдениет саласындағы қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру.


  1. Мәдениет мекемелері ғимараттарын жаңалауға деген тұрақты қажеттілік;

  2. Тарихи ескерткіштерге жататын мәдениет мекемелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;

  3. Елді мекендердегі мәдениет мекемелерін техникалық жабдықтау деңгейінің төмендігі;

  4. Ауылдық кітапханаларда Интернет, компьютерлендіру дің жоқтығы.

Мүмкіндіктер (О):

Қауіптер (Т):

  1. Жаңа мәдениет объектілерін салу, мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту;

  2. Мәдениет саласындағы көрсетілетін қызмет түрлеріне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тәжірибеге ендіру арқылы қызмет сапасын арттыру;

  3. Еліміздегі және шетелдегі мәдениет, тарихи ескерткіштерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және ЮНЕСКО тізіміне енгізу арқылы танымалдығын арттыру.

  1. Мәдениет мекемелерінің жағдайының төмендеуіне, квалификацияланған мамандандырылған кадрлардың жетіспеуіне, сондай-ақ мәдени-демалыс қызмет түрлерінің жоқтығына байланысты облыс халқының мәдениет саласындағы қызмет сапасына қанағатануының төмендеуі.

Саланың негізгі проблемалары:

Аймақта соңғы жылдарда мәдениет саласындағы жұмыстар дамытылып келеді: мәдениет ошақтарында күрделі жөндеулер жүргізілді, жаңа мәдениет орындары салынып, іске қосылды, тұрақты түрде мәдениет қызметтері кеңеюде, мәдениет ошақтарының жұмыстарын электронды нұсқаға көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар өзекті мәселелер де бар:

Мәдениет ғимараттарын жаңалаудың қажеттілігі (мәдениет үйлері, кітапханалар);

Аймақтағы тарихи-мәдени мұраларды сақтау мәселелері, тарихи ескерткіштерге жататын мәдениет обьектлерінің қаннағаттанарлықсыз жағдайы;

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық жағдайларының төмен деңгейі, әсіресе ауылдық жерлерде (музыкалық аспаптардың, жаңа жабдықтардың, сахналық костюмдердің жеткіліксіздігі),

Ауыл кітапханаларында компьютер мен Интернеттің жеткіліксіздігі.




жүктеу 3,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау