2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдам-дығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражат-тың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпо-рынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызу-ға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер ет-пейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген ша-руашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқты-рады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.
Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімді-лігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайда-ланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кә-сіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету ер-кіндігіне ие болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кә-сіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бір-дей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өн-дірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициент-тер жатады:
1.Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсет-кіш мына формула бойынша анықталады:
К = Д/ А
Мұнда, К- капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
А- авансталған капитал.
Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жыл басында – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурс-тарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кә-сіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.
2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылы-ғын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайда-ланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептей-ді.
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық дең-гейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің тө-мен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.
Біздің кәсіпорын үшін негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті жыл басында – 2,47 рет; ал жыл соңында – 1,79 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында негізгі құ-ралдардың әрбір бірлігі 2 теңге 47 тиын келтірсе, жыл соңында 1 теңге 79 тиын келтірді.
3.Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:
К= Д/ С
Мұнда: К- меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
С- меншікті капиталдың шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудығ артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жаңдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 1,21 рет, ал жыл соңында – 1,26 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.Егер жыл басында кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі 1 теңге 21 тиын, ал жыл соңында 1 теңге 26 тиын келтірді.
4. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэф-фициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағым-дағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |