ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеідегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:
Сыртқы пайдаланушылар екі категорияға бөлінеді:
Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар:
Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;
Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
Субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар:
Басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары)
3.1.Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:
Берілген инвестиияларға байланысты тәуекеклді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияларды сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға жне субъектінің дивидент төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады;
Тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақтылы төлене ме деп білгісі келетін қарыз берушілер;
Тиесілі сома бола ма, төлене ме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қызығушы жабдықтаушлар мн басқа сауда кредиторлары;
Сатып алушылар. Олар субъекттің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе олардың субъектіге ұзақ мерзімді келісімдері туралы ақпарат қажет;
Қызметкерлер. Олар субъект қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, жалдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделік танытады;
Ресуртарды бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі мемлекеттік органдар. Сонымен қатар оларға субъектінің іс-әрекетін реттеу, салық салу саясатын белгілеу үшін жне ұлттық табыс пен басқадай статистикалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет;
Көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті экономикаға көптеген тәсілдермен елеулі үлес қосады, бұған халықтың еңбекпен қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушыларды қолдауы да қатысты. Қаржылық есеп беру көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістіктері мен даму бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көмектесе алады.
Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін ұйым басшылығы қаржылық жағдай, оның нтижелері мен қаржылық жағдайдағы өзгерістер жайлы ақпаратқа сүйене отырып, жауапкершілік көтереді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестииялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушыларының әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы кәсіпорынның алған меншік капиталы мен басқа инвестииясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпаратқа мүдделі болып келеді:
Есеп берудің мәліметтері
|
Пайдалылығы
|
Экономикалық ресурстары
(активтер құрылымы)
|
Кәсіпорынның табыс алу қабілітін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты
|
Қаржылық құрылымы
(кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталының ара қатынасы)
|
Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату: кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау
|
Өтімділік пен төлем қабілеттілігінің коэффициенті
|
Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау
|
Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті
|
Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау
|
Қаржылық жағдайының өзгеруі
|
Қаржылық, инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау, келешекте ақша қажеттілігін болжау.
|
Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады, әрбір есеп беру әртүрлі ақпартты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде ШЖС пайдаланады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.
Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жерін, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру ҚР-ның валютасында жасалады, өлшем бірлігі – мың теңге. Жылдқ есеп берудің есептік кезеңі болып толық, күнтізбелік жыл саналады, ал жаңадан құрылған субъектілер үшін – заңд тұлға ретінде статусын алған күннен бастап есепті жылдң 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар.
3.2. Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері.
Бүкіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп приниптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартары комитеттері (ҚЕХСК) Австралия, Канада, Франия, Германия, Жапония, Мексика, Голландия, Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ-тың ксіби бухгалтерлері арасындағы келісім нтижесінде құрылды. 1983 жылдан бері барлық ксіби бухгалтерлерлік үйымдар Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы мүшелерң ҚЕХСК-ның мүшелері болдыү
Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандартары комитеті барлық жерде қабылданып, ұстану үшңн 41 ҚЕХС жете зерттеп, жасап, жариялады жне ұсынды.
ҚЕХСК-ның басты мақсаты – егер мыналар анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық есеп беруді ұсыну:
Міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;
Ақпараттық жүйе құру приниптері;
Осы ақпараттың салалық сипаттамалар;
Қаржылық есеп беру элементтері;
1997 жылдан бастап ҚР-да ҚЕХС негізінде жасалған бухгалтерлік есептің стандарттары қолданыста жүр.
3.3.Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
Ол мынандай аспектілерден тұрады:
Қаржылық есеп берудің мақсаттары – пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.
Алайда, қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпарат жинақтайды:
несиелерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға;
субъектінің ресурстары мен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;
басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек.
Бұл үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.
Қаржылық жағдайда ол бақылайты экономикалық ресурстар, оның қаржылық құрылымы, өтімділігі, төлем қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілетттілік әсер етеді.
Өтімділік, төлем қабілеттілігі – қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.
Субъект қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігіпайдалылығы туралы ақпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістерді бағалау үшін керек.
Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақшалай қаржыны алу қабілеттілігін бағалаған кезде пайдалы.
Қаржылық есептер өзара байланысты, өйткені олар шаруашылық өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.
Түсініктеме жазбада пайдаланушыларға қаржылық есеп баптары жөніндегі қосымше мәліметтер болады.
Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі мақсаттары белгіленген:
субъектінің, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толы жне сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;
субъектінің шаруашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қойылған міндеттерді орындау үшін қаржылық есеп беру негізгі принциптерге және саналық сипаттамаларға сәйкес жасалады.
Кезеңдік қаржылық есеп беру субъект жөніндегі бухгалтерлік ақпаратты топтастырудың негізгі құралы болып табылады.
3.4. Қаржылық есеп берудің элементтері
ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай мынадай принциптер қабылданған:
Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операиялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте мағызды.
Үздіксіз қызмет. Субъект өзінің іс-қызметін белгісіз уақыт кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ, немесе ол қызметінің ауқымынелеулі түрде қысқартпақ емес деп шамаланады.
Элементтер – қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамасы жеті элемент (активтер, міндеттемелер, капитал, кірістері, шығыстар, пайда, шығындар) белгілейді. Олар ұсынылатын қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері болып табылады. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғанық нәтижесін сыныпқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұны қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады:
Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда боуына соқтырмайды. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, ноу-хоу, гудвилл т.б.) сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз ретінде болып келуі мүмкін.
ШЖС активтерге меншік құқығы болуы да болмауы да мүмкін, бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қаматмасыз етеді және оларды пайдаланудан алатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстар арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тура келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына арналғанын көрсетпейді.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғандығы, белгілі бір қимылының кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағы және болашақтағы түрі болады. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісімшартқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттмеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.
Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есесте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы,резервтік капиталы және бөлінбеген пайда. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижені өлщеу элементі табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы және субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі емес қызмететн алынған табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы, ТМҚ-дан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады.
Шығыстар – бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі және өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:
кез келген болашақтағы олжаны осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де шығып кетуі де мүмкін;
баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:
Бастапқы құны – активтер тараптардың келесімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады, міндеттме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады.
Ағымдық құны – активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді, міндеттемелер есеп берудегі дисконтталған бағасы бойынша көрініс табады, тап осы сомада өтелуі талап етіледі.
Сату құны – активтер өзінің сатылған құны бойынша көрініс табуы мүмкін, міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталған сомасын білдіеді және олардың өтелуін талап етіледі.
Дисконтталған құн – активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын көрсетеді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі.
Баланстық құны – актив пен міндеттеме баланстық есеп беоілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.
Енді біз қаржылық есеп беруді жасаудың тәртібі мен мазмұнын және соған тіркеме ретінде берілетін түсініктеме хаттамасын қарастырамыз.
Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен, бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сай болуға тиіс.
Бухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарнда анықталған ақпараттардан тұруы тиіс.
Баланс бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығы негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.
Ағымдағы активтер мен міндеттемелердің өзара зачет жасалуы рұқсат етілмейді. Баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі керек, немесе бұрып қоюға болдмайды.
Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардық мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.
Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.
Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.
3.5. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды.
Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру келесі көрсеткіштерден тұрады:
- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған таувар құнын, бағадан және сатудан жеңілдіктерді қоспағанда;
- өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікедлей шығындар кіреді;
- жалпы табыс өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағанан соң шығатын қаржылық нәтижесі;
- кезең шығыстары өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, пайыздарды төлеу бойынша шығыс;
- негізгі қызметтен түскен табыс – жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;
- негізгі емес қызметтен түскен табыс – кәсіпорнның негізігі қызметімен баланысты емес операциялардан алынған табысы;
- салық салынғанаға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы – негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргенне алынған табыс;
- табыс салығы бойынша шығыс – 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;
- төтенше жағдайынан алынған табысы;
- таза табыс.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.
Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.
4 БЕС стандартына сай субъекттер жасаған «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.
Операциондық қызмететегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциондық қызметет тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.
Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің қкөрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
Таза табысты түзететін операциялар
|
Түзетуді жүргізудің тәртібі
|
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойыншаесептелген амортизациясы
|
Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді
|
Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер
|
Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетіледі
|
Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер
|
Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді
|
Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді саиып алу,сату және берілген несиені өтеу және алу.
Инвестициялық қызметке мыналар жатады:
Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;
Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.
Инвестицяилық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады:
Оған мыналар жатады:
Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;
Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу жне т.б.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі:
Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады;
Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады;
Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түріне сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады.
Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.
Түсініктеме жазба – кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық құжат. Онда, бірінші кезекте, бизнес жоспарының барлық тауарлары бойынша негізгі себептермен қоса, орындалу жайына қысқаша баға беріледі және есептік кезеңде кәсіпорынның жұмысына оң және теріс әсер еткен жақтары да ашылады:
Түсініктеме жазба қаржылық есеп берудің бір бөлігі ретінде келесі негізгі мәселелерді ашуы керек:
Есеп бөлігіне қатысты субъекттің есеп саясатында қаралған негізгі ережелері:
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар – бағалаудың тәсілдері мен амортизациясын есептеу;
Субъекттің инвестициялық саясаты – қаржылық инвестицияның баланстық құнын анықтау және қайта бағалаған ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның есептен шыққанын, қайта бағалаудан алынған табысын шығару, инвестицияны сатқаннан алынатын табысқа шектеулер қою, қайта бағалаудың кезеңділігін сақтау;
ТМҚ - қорларды есепке алудың әдісі және оларды бағалау, сатып алынған тауарларды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді бағалаудың әдісі;
Тапсырыс берушілермен және сатып алуышлармен, дебиторлармен, еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын серіктестіктермен есеп айырысудың нысаны;
Міндеттеме – несиелік саясатын, демалысқа шыққан еңбеккерлердің еңбекақысы;
Меншік капиталы – жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру;
Табыс және шығыс;
Түсініктеме жазба баланс бойынша ұзақ және ағымдағы активтерді, меншік капиталын, ұзақ және ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсетеді:
Ұзақ мерзімді активтердің бөлігіне қатысты;
Ағымдағы активтердің бөлігіне қатысты;
Меншік капитылының бөлігіне қатысты;
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатысты;
Қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысты.
Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мыналар қамтылуы керек:
кәсіпорынның барлық қызмет түрінен алынатын табыстың төмендеуіне әсер ететін факторлар, сатылған өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар;
төтенше жағдайлардан алынатын табыстар мен шығыстар;
есепті кезеңде орын алған және қаржылық шаруашылық қызметіне мәнді әсер ететін немесе етпейтін шаруашылық операцияларын баяндау керек.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мыналар баяндалуы керек:
операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады;
түсетін ақша қаражаттары мен клиент атына төленетін ақша қаражаттары нетто негізінде ашыла ма, әсіресе кәсіпорынның өз ақша қаражаттарынан клиеттердің ақша қаражаттары асып кеткен жағдайда;
ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.
Түсініктеме жазбада кәсіпорынның қаржылық қызметі мен қаржылық жағдайына баға берілуі керек.
Бухгалтерлік есеп беру нақты бір кезең уақытындағы қаржылық-шаруашылық қызметінің бір-бірімен байланысқан кешенді көрсеткіштерін көрсетеді. Бухгалтерлік есеп берудің нысаны ақпараттылығымен және қисындылығымен өзара байланысқан, ал бұл кәсіпорынның қаржылық шаруашлық жағдайы туралы ақпараттарды динамикалық тұрғысынан жан-жақты қамтамасыз етеді және қаржылық талдау үшін толыққанды базасы ретінде қаржылық есеп берудің пайдалануына өз септігін тигізеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдісі қаржылық есеп беруге берілген ақпараттың көлеміне және мақсатына тәуелді болып келеді. Егер де талдаудың мақсаты ШЖС даму мүмкіндігі мен жағдайы туралы ақпараттардың көрнекті әрі жай ғана алу болса, онда талдаушы экспресс-талдаумен ғана шектеледі. Егер де талдаудың мақсаты ШЖС жағдайын толық түрінде талдау болса, онда қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық талдау көрсеткіштерін пайдалануы керек.
IV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау
Есептік кезең біткен соң ШЖС қаржылық есеп беруді жасайды. ШЖС құрамында ҚР аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолиданған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.
Заңды тұлға егер де басқа заңды тұлғаның өзінің жарғылық қорына салған салымдарынан басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.
Заңды тұлға егер де басқа заңды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.
4.1. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолиданған есеп беруі.
Заңды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін, егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі заңды тұлға болып танылады, ал бақылайтын кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес кәсіпорында бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидалынған есеп беруін жасайды.
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас бөлігін білуге мүддеі болып келеді. Бұндай қажеттілік консолиданған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.
Консолиданған есеп берудің құрамына: консолиданған бухгалтерлік балансы, консолиданған қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолиджанған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.
13 БЕС сәйкес «Консолидалынған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі» негізгі заңды тұлға жергілікті және шетелдегі еншілес заңды тұлғалардың консолиданған қаржылық есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатқа ие болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктістіктердің мәліметі консолиданлынған есеп беруге қосылмайды.
Негізгі кәсіпорын өз кезегінде еншілес кәсіпорын да болуы мүмкін, онда ондай кәсіпорындар консолидалынған қаржылық есеп беруі мүмкін, егер де оны негізгі кәсіпорындар талап етпесе.
Негізгі заңды тұлға және оның еншілес заңды тұлғасы қаржылық есеп беруді келесі жолмен жасайды:
Есеп беруді өзара сәйкестендіреді;
Активтер, міндеттемелер, меншік капиталы, табысы, шығысы туралы мәліметтердің әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылады;
Кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді.
Бірнеше заңды тұлғалардың есеп беруінен бір ғана қаржылық есеп беруді жасау үшін ішкі есеп, бағалы қағаздар, меншік капиталы және т.б. мәліметтердің негізінде тиісті түзетулер жасалынады.
Түзету жазбалары консолидалынған қаржылық есеп берудің дайындау барысы оның жұмысшы кестесінде жасалынады және ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрсетілмейді.
Толық есеп беру жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның бухгалтерлік балансында бөлек көрсетіледі. Баланста әрбір еншілес серіктестіктердің және негізгі заңды тұлғаның үлесі бойынша меншік капиталы қарастырылады. Бұл жерде меншік капиталында негізгі заңды тұлғаның үлесінен оған енген еншілес серіктестіктердің үлесі көп немесе аз болуы мүмкін.
Негізгі заңды тұлғалар және оның еншілес заңды тұлғалары консолидацияға кіретіндері қаржылық есеп беруді бірлесіп жасайды, ол үшін біртұтас есептік саясатын пайдаланып аналитикалық операцияларын және қаржылық шаруашылық қызметінің оқиғаларын дайындайды.
Егер де олардың есеп беруі әр кезде жасалатын болса, ал оның айырмасы үш ай құраса, онда олардың мәліметін консолидауға болмайды. Егер топ мүшелерінің пайдаланатын есеп саясаты әрқилы болса, есеп беруді консолидауға қабылдаған есеп саясаты негізге алынады. Еншілес заңды тұлғаның шаруагылық қызметінің нәтижесі консолидалынған есеп беруге
олардың сатып алынған күнінен бастап енгізіледі. Егер де сатып алу процесі жыл бойы жүретін болса, онда сатып алынған заңды тұлғаның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі есептік кезеңде сатып алынғанға дейін және сатыпалынғаннан кейін болып, екіге жарып көрсетілуі мүмкін.
4.2. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидалынған есеп беруі.
Негізгі заңды тұлғалардың қаржылық есеп берулерінде тәуелді заңды тұлғалардың инвестициясы консолидалынған қаржылық есеп беруінде «Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясының есебі» деген БЕС сәйкс есепке алынуы мүмкін. Бұл жерде үлестік қатысу әдісін пайдланады. Тәуелді заңды тұлға бұл инвестордың біршама ықпалында тұратын тұлға және ол еншілес те, бірігіп бақылатын заңды тұлға емес болып табылады.
ҚРның заңдарына сәйкес егер басқа заңды тұлға оның дауыс беруші акциясының 20-50% дейін иелік етсе, онда ол тәуелді шаруашылық серіктестігі болып танылады. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің инвестициясы қаржылық есеп беру консолидациясына үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынады, иек мына жағдайларды қоспағанда:
Инвестицияны жақын арада сату мақсатымен алынса;
Тәуелді шаруашылық серіктестігі қатаң шектелген ұзақ мерзімді жағдайда әрекеи ететін болса.
Егер де инвестор тәуелді шаруашылық серіктестігінің еншілес тұлғасының да акциясына бірдей иелік етсе, онда ол еншілес тұлғаға қатыстысын БЕС сай консолидациялайды, ал қалған бөлігін, яғни тәуелді заңды тұлғаның бөлігін үлестік қатысу жолымен консолидациялайды.
Инвестордың да, тәуелді заңды тұлғаның да қаржылық есеп беру күні сәйкес келеді. Егер де негізгі компания мен заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру күні сәйкес келмесе, онда тәуелді тұлға негізгі кәсіпорынның жасаған күні бойынша жасайды. Дегенмен де, олардың күні сәйкес келмесе, онда мәнді операциялардың, құбылыстардың нәтижесі бойынша түзетулер жасалынады.
Негізгі және тәуелді заңды тұлғалар қаржылық есеп беруде біртұтас есептік саясатын пайдаланса, аналитикалық операцияларын және қаржылық шаруашылық қызметінің оқиғаларын қолданады.
Егер де олардың пайдаланған есеп саясатында өзгешеліктер болса, онда тәуелді заңды тұлғалардың қаржылық есеп беруіне тиесілі түзетулер енгізіледі. Егер де түзетулер енгізу мүмкін болмаса, онда орын алған факт түсініктеме жазбада көрініс табады.
4.3. Бірлескен қызмет бойынша қатысулық үлесті қаржылық есепте көрсетудің ерекшеліктері.
Өзінің қатысу үлесін есепеу үшін бірлескен қызметін жүзеге асыратын ШЖС «Бірлескен қызметі бойынша үлестік қатысуды қаржылық есепте көрсету» деп аталатын БЕС басшылыққа ала отырып ұйымдық құқықтық нысанына тәуелсіз, осы қызмет бойынша қатысушылардың шығысы мен табысы, міндеттемесі, активтері қатысушылардың қаржылық есеп беруінде көрініс табады.
Бірлескен қызмет жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін екі және одан да көп тараптар бірлесіп әрекет еткен кезіндегі қызмет болып табылады.
Бірлескен қызмет бойынша қатысушылар өзініңқаржылық есеп беруінде және консолидалынған есеп беруінде танылуы тиіс:
Бірлесіп бақыланатын өндірісте: активтер консолидацияланады және міндеттемелерін өз жауапкершіліктеріне алады;
Бірлесіп бақыланатын активтері: активтердің сипатына сәйкес жіктелініп, бірлесіп бақыланатын активтер әрқайсысының үлесі бойынша анықталады;
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның қатысушылары өзінің жекелеген қаржылық есеп беруінде пропорционалды консолидация үшін арналаған екі бірдей есеп берудің бір форматын пайдалана отырып, өзінің қатысу үлесін көрсету керек. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғада қатысу үлесі жақын арада сату мақсатында алынса, қатаң ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында әрекет ететін болса, онда бұндай жағдайларда пропорционалды консолидация әдісі пайдаланылмайды.
Бірлескен қызметке қатысушылар қаржылық есеп бергенде мына жағдайларды ашып беруі тиіс:
Үлестік қатысушымен байланысты міндететменің жалпы сомасы және осы қызметке қатысы жоқ міндеттемелер;
Бірлескен қызметінің мақсаты бойынша оның басым бөлігіне сипаттма беру және олардың тізімін келтіру керек;
Үлестік қатысумен байланысты ағымдағы активтердің, ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы міндеттемелердің, табыстардың және шығыстардың жиынтық сомасы.
4.4. Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашу.
Есептік кезеңде кез келген заңды тұлғаның қызмет нәтижесін ашу керек, өйткені қаржылық есеп беруде көрсетілген сандар болған оқиғаның себебін толық аша бермейді. Көптеген себептердің ішінен ең маңыздысы зерттеледі, әсіресе бір заңды тұлғаның екінші бір нарық субъектісімен болған қатынасы, яғни ШЖС қаржылық нәтижесіне қатты әсер еткен факторлар алынады. Егерде екі субъекттің арасында айрықша қатынастар қалыптасса, онда олар «байланысқан тараптар» деп аталады. Заңды тұлғаның қызметіне, қаржылық нәтижесіне және жағдайына әсер ететін негізгі факторлар, ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі факторларға осы заңды тұлғаның қызметіне қатысты шешімдерді қабылдауға және басқаруға, жоспарлауға тікелей араласатын басшылардың іскерлік атағын және жіктемесін жатқызуға болады. Көптеген заңды тұлғаларға инвестиция көбінесе қосымша қаржылық ресурстарының көзі ғана болып табылады. Заңды тұлғаның бағалы қағазын ала отырып, инвестор оның басқару қызметімен байланысты құқын және мүлкін қожалық етуші болып табылады.
Байланысқан тараптардың арасында өзара жасалатын операцияларға бағаны белгілеу үшін әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін:
Бақыланбайтын бағаларды салыстыру әдісі экономиканың салыстырмалы нарығында сатыпалушыларға сатылатын сатушымен ешқандай байланыста емес, ондағы салыстырылынатын тауарларға сүйене отырып баға белгіленеді;
Қайта сатылатын бағасы бойынша бұл әдіс тауарларды басқа тәуелсіз жаққа сатқанға дейін байланысты тараптардың бірінен екіншісіне аударған жағдайда пайдаланылады;
Қосымша шығындар әдісі жабдықтаушылардың жасаған шығындарына қолайлы үстемелер қосылады.
Қайта сату бағасын анықтау үшін орташа рентабельділік деңгейін пайдаланады, ал ол ұқсас өнеркәсіп саласының айналысын немесе капиталын пайдалануын салыстыруға мүмкіндік береді.
Кей жағдайда байланысты тараптардың пайдаланатын мәліметтерінде тек жасалған шығындар деңгейінде баға белгілеу басшылыққа алынуы мүмкін немесе жалпа баға беруден бас тартады.
Есеп беретін субъекті
|
Ия
Ия
Ия
Ия
|
Байланысты тараптар
|
Жарғылық капиталында субъктілердің 20% астам инвестициясы барма, немесе акционерлер осы субектінің дауыс беретін акциясының 20% иелік ете ме?
|
Басым бөлігін заңды және жеке тұлғалар құрайды
|
Жарғылық капиталына салынған салымдардың 20% астам дауыс беруші акциясы басқа субъектікі ме?
|
Еншілес немесе тәуелді заңды тұлғалар
|
Құрылтай немесе жалпы жиналысында жалпы басшы қызметкерді тағайындау туралы шешімі бар ма?
|
Басқарушы қызметкерлер
|
Басқа субъектілермен субъектіні басқару жөнінде келісімшарт жасалған ба?
|
Оперативті басқару құқығы
бар заңды тұлғалар
|
|
Заңды және жеке тұлғалардың жасаған келісімшарты
«Төленбеген капитал шоты» заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздардың сомасы туралы ақпарат жинақталады. 5020 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді. Демек сол капиталдарға иелік құқы бар екендігін білдіреді.
№
|
Шаруашылық операцияларының мазмұны
|
Шоттар корреспонденциясы
|
дебет
|
кредит
|
1
|
2
|
4
|
5
|
1.
|
Жалға беру келісімшартында көрсетілген бағасында негізгі құралдар жалға берілді
|
001
|
2410
|
2.
|
Жалға мерзімі өткен соң жалға алынған негізгі құралдар жалға беруші кәсіпорынға қайтарылды
|
2410
|
001
|
3.
|
Жарияланған жарғылық қор сомасы белгіленген тәртіппен тіркелген
|
5020
|
5010
|
4.
|
Материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу
|
2710-2740
|
5020
|
5.
|
Ақшалай қаражаттарды
Жарғылық қорға жарна ретінде төлеу
|
1010-1070
|
5020
|
Достарыңызбен бөлісу: |