Қаржы нарығының инфрақҰрылымдарына арналған қАҒидаттардың сақталуын бағалау қбео төлем жүйелері


Міндеттер бойынша жария етілетін ақпараттың қысқаша мазмұны



жүктеу 0,67 Mb.
бет6/6
Дата15.01.2020
өлшемі0,67 Mb.
#26574
1   2   3   4   5   6

Міндеттер бойынша жария етілетін ақпараттың қысқаша мазмұны


______________________________________________________________________________________________________________________________





Төлем жүйесі (БААЖ)

A міндеті. ҚНИ-ді реттеу, қадағалау және бақылау


Орталық банк, нарық реттеушісі немесе басқа құзыретті орган тарапынан ҚНИ тиімді реттелуі, қадағалануы және бақылануы тиіс.

Қысқаша мазмұны

ҚРҰБ туралы заңға сәйкес БААЖ реттеушісі ҚРҰБ-тың негізгі міндеттерінің бірі төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

Төлем жүйелерін Ұлттық Банк тарапынан реттелуі және қадағалануы тиіс объектілерге (ҚНИ) жатқызу критерийлері ҚРҰБ туралы заңда және 108-ережеде белгіленген. Мысалы, ҚРҰБ туралы заңның 8-бабының 6) тармақшасында ҚРҰБ банкаралық ақша аударымдары жүйесін (БААЖ), банкаралық клиринг жүйесін (БКЖ) және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейтіні және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асыратыны белгіленген.

ҚРҰБ туралы заңның 48-бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:

      1) төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;

      2) төлем жүйелерін ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

      3) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;

      4) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге;

      5) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;

      6) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

108-ереже БААЖ қарайтын қадағалау (оверсайт) объектілерін, сондай-ақ аталған жүйені қадағалау тәртібін айқындайды.

ҚРҰБ туралы заң БАҚ-та және ҚРҰБ сайтында жарияланған, «Юрист» ақпарат жүйесінде қолжетімді. 108-ереже ҚРҰБ сайтында қолжетімді.


B міндеті. Реттеу, қадағалау және бақылау саласындағы өкілеттіктер мен ресурстар

Орталық банктер, нарық реттеушілері және басқа құзыретті органдар ҚНИ-ді реттеу, қадағалау және бақылау жөніндегі өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті өкілеттіктер мен ресурстарға ие болуы тиіс.

Қысқаша мазмұны

ҚРҰБ туралы заңның 48-бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға құқылы.

Ақпарат беру тәртібі мен нысаны ҚРҰБ тиісті нормативтік актілерінде, оның ішінде 108-ережеде белгіленген.

Сонымен қатар, ҚРҰБ туралы заңның 70-бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.

Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар ҚРҰБ сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржы есептемесін қоса алғанда, есептемені және қажет болған жағдайда ҚРҰБ өз функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.

Сондай-ақ, ҚРҰБ туралы заңға сәйкес Ұлттық Банк ақша төлемі мен аударымы жөнінде ақпарат ұсыну нысаны мен мерзімдерін айқындайтын қағиданы бекітеді. ҚНИ операторының (ҚБЕО) ҚРҰБ-қа ақпарат ұсынудың жан-жақты тәртібі 108-ережеде және ҚРҰБ ішкі құжаттарында белгіленген. ҚБЕО әртүрлі функцияларын, қызметін, жалпы қаржылық жай-күйін бағалау үшін ҚБЕО-ның тоқсандық, жылдық, оның ішінде бизнес-жоспарды орындау туралы есептерінен, ҚБЕО-ның төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенінің, коммуникация құралдарының жай-күйі туралы ҚБЕО тоқсандық есептерінің, ҚБЕО өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы ай сайынғы есептердің деректері пайдаланылады. ҚНИ тәуекелдерін, ҚНИ қатысушыларға және жалпы экономикаға ықпалын талдау үшін БАААЖ жұмыс туралы күн сайынғы есептер пайдаланылады. ҚНИ-ның нормативтік құқықтық актілердің және саясаттардың талаптарын сақтауын талдау үшін жалпы алғанда ҚБЕО-дан алынған барлық есеп пайдаланылады.

Сонымен қатар, ҚРҰБ туралы заңның 48-бабына сәйкес төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге, сондай-ақ төлем жүйелері қатысушыларының ұйымдастыру шараларына және ҚЕБО төлем жүйелеріне кіруді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техниикалық құралдарға қойылатын талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асыруға құқылы.


C міндеті. ҚНИ-ге қатысты мақсаттарды және саясатты жария ету


Орталық банктер, нарық реттеушілері және басқа құзыретті органдар ҚНИ-ді реттеуге, қадағалауға және бақылауға қатысты өз саясатының қағидаттарын нақты қалыптастыруы және жария етуі тиіс.

Қысқаша мазмұны

ҚРҰБ-тың төлем жүйелері саласындағы негізі мақсаттары мен міндетті ҚРҰБ туралы заңда және ҚРҰБ туралы ережеде белгіленген. Мәселен, ҚРҰБ туралы заңға сәйкес ҚРҰБ банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады, төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, оның ішінде банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аудару қағидаларын, клиринг жүйесінде операциялар жүргізу қағидаларын, операторы ҚРҰБ не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын, төлем жүйелеріне банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды; Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру қағидаларын бекітеді. Бұл ертте 108-ережеде оператордың (ҚБЕО) және төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтын) жүзеге асыратын бақылаушының (ҚРҰБ) рөлдерінің аражігі нақты ажыратылған. Осылайша, мақсаттарын, функцияларын, рөлін қоса алғанда ҚНИ қатысты саясат заңнамалық және нормативтік актілермен нақты айқындалған. ҚРҰБ туралы заң және ҚРҰБ туралы ереже БАҚ-та және ҚРҰБ сайтында жарияланған, «Юрист» ақпарат жүйесінде қолжетімді. 108-ереже ҚРҰБ сайтында қолжетімді.

D міндеті. ҚНИ үшін қағидаттарды қолдану


Орталық банктер, нарықтық реттеушілер және басқа құзыретті органдар қаржы нарығының инфрақұрылымы үшін ТЕЖК-БҚХК Қағидаттарын ендіру және оларды жүйлі түрде қолдануны тиіс.

Қысқаша мазмұны

Бұрын төлем жүйелері саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде ҚРҰБ жүйелік маңызды төлем жүйелері үшін Негізгі қағидаттарды басшылыққа алды.

ҚЕИ үшін Қағидаттардың орындалуын бағалауды ТЕИК-БҚХК бірінші рет жүргізіп отыр, сондықтан қазіргі кезде барлық қағидат толық орындалуда. ҚЕИ үшін Қағидаттардың орындалуын қамтамасыз ету нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, тәуекелдерді басқару тетіктерін және төлем жүйелердің өзге тетіктерін пысықтау болуы ықтимал.


E міндеті. Басқа құзыретті органдармен ынтымақтастық


Орталық банктер, нарықтық реттеушілер және басқа құзыретті органдар ҚНИ қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін ұлттық және халықаралық деңгейде бір бірімен ынтымақтастық жасауы тиіс.

Қысқаша мазмұны

БААЖ-ға қатысты Ұлттық Банк орын алып отырған проблемаларды, жоспарланып отырған өзгерістерді, төлем жүйелері саласындағы қызметтің негізгі бағыттарын талқылау мақсатында ынтымақтастық жасайды, семинарлар, мемлекеттік органдармен, төлем жүйесінің пайдаланушыларымен және операторларымен кездесулер мен талқылауларды ұйымдастырады. Ынтымақтастық жасау нысандары: Ұлттық төлем кеңесінің жұмысы; кездесулер, семинарлар, талқылаулар. Сондай-ақ ҚРҰБ төлем жүйелерін ұйымдастырудың және оларды қадағалаудың (оверсайтының) деңгейін арттыру үшін қажетті ақпаратпен алмасу арқылы шетелдік банктермен және халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жасауды, шет мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері және халықаралық қаржы ұйымдары төлем жүйелері саласында ұйымдастырған іс-шараларға қатысуды асырады.

Жүйелердің жұмысын айқындайтын барлық нормативтік актілер және өзге құжаттар олар бекітілгенге дейін міндетті түрде БААЖ-дың барлық пайдаланушысымен, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетімен және «ЗТМО» РМҚК-мен келісіледі және олардың ұсыныстары ескеріле отырып пысықталады. ҚРҰБ Басқармасының қаулылары БААЖ-дың пайдаланушылары болып табылатын ҚР екінші деңгейдегі банктері мүшесі болып табылатын Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен (Ұлттық Банк аккредиттеген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сараптама кеңесі) міндетті келісуге жатады.

Белгілі бір келісімдер шеңберінде, өзге мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша ҚРҰБ банктік құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, БААЖ арқылы жүргізілген төлемдерді ағындары бойынша мәліметтер ұсынуға құқылы.



V. Жалпыға қолжетімді дереккөздерінің тізбесі




Құжаттың атауы

интернет-ресурс



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-сайтындағы Қазақстан Республикасының төлем жүйелері бойынша нормативтік құқықтық актілері

http://www.nationalbank.kz/?docid=45



ҚБЕО-ның интернет-сайтындағы Қазақстан Республикасының төлем жүйелері бойынша нормативтік құқықтық актілері және ҚБЕО құжаттары

http://www.kisc.kz/clients/


1 ААК = Д / Лс,

мұнда: ААК – операциялық күн ішінде БААЖ-дағы ақша айналымының коэффициенті; Д – БААЖ бойынша дебеттік айналым сомасы (операциялық күн ішінде пайдаланушылардың дебеттік айналымдарының жалпы сомасы); Жө –банкаралық жүйенің ағымдағы өтімділігі (операциялық күн ішінде БААЖ-ға келіп түскен/алынған ақшаны ескере отырып операциялық күннің басындағы БААЖ-ғы пайдаланушылардың кіріс ақша қалдықтарының сомасы).



2 АӨК = Лс/ (Д + Н),

мұнда: АӨК – операциялық күн ішіндегі БААЖ өтімділік коэффициенті; Лс – БААЖ ағымдағы өтімділігі (операциялық күн ішінде БААЖ-ға келіп түскен/алынған ақшаны ескере отырып операциялық күннің басындағы БААЖ-ғы пайдаланушылардың кіріс ақша қалдықтарының сомасы); Д – БААЖ бойынша дебеттік айналым сомасы (операциялық күн ішінде пайдаланушылардың дебеттік айналымдарының жалпы сомасы); Н – өтімділіктің жеткіліксіздігі себепті операциялық күн соңында БААЖ-жа жойылған орындалмаған төлемдердің сомасы.



3 Жүйеде АӨК және ААК шектерінің мынадай дәліздері белгіленді: ААК<0,5 кезінде АӨК>1,5 жоғары шегі , АӨК<0,5 при ААК>1,5 кезінде АӨК<0,5 төменгі шегі, осы кезде өтімділік тәуекелі мен жүйелік тәуекел ең төменгі болып табылады.


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау