Қаржы кафедрасы Г. С. Майкопова Шет мемлекеттерінің қаржысы



жүктеу 0,91 Mb.
бет1/2
Дата10.02.2018
өлшемі0,91 Mb.
#9156
түріКонспект
  1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы

Г.С. Майкопова

Шет мемлекеттерінің қаржысы
Дәріс конспектісі

050509-Қаржы

Қостанай, 2011

Дәріс мазмұны








1

Қаржы және қаржы саясат мәні............................................................3




2

Мемлекеттік қаржының тұжырымдамалык негізі..............................5




3

Мемлекеттік қаржы сферасындағы интеграциялық процестер........6




4

АҚШ – ның мемлекеттік қаржыларын ұйымдастыру........................8




5

Германиядағы қаржылық жүйе және қаржылық саясат..................12




6

Франция мемлекетінің қаржылай негізін функциялау....................14




7

Ұлыбританияның қаржы жүйесі........................................................25




8

Жапонияның қаржы жүйесі................................................................33




9

Ресей Федерациясының қаржы жүйесі..............................................38




10

Орта Азиялық республикалардың қаржылық жүйелердің негізгі белгілері мен ерекшеліктері ..........................................................40




«Шет мемлекеттерінің қаржысы» пәні таңдау базалық пәні болып табылады.

«Шет мемлекеттерінің қаржысы» курсы теоретикалық оқу пәнін, яғни «Қаржы» курсын толықтырып оқуын көрсетеді. Курста мемлекеттік қаржыны ұйымдастыруда концепциялық негізі, сонымен қатар дамыған елдердің қаржы жүйесін ұйымдастыруда АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия және Жапония қарастырылды. Бөлек қаржы жүйесінің құрамы: мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісі құрылысы; мемлекеттік қарыз және бюджеттік тапшылық сұрағы; салықсалуды ұйымдастыру; басқа да каржылық аппарат; жергілікті қаржы мәні; қазіргі этаптағы қаржы саясатының есебі және мәселелері қарастырылған.

Сонымен қатар қаржы жүйесінің құрамы, яғни мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысының құрылымы, мемлекеттік қарыз және бюджеттік тапшылық сұрақтары; салықсалуды ұйымдастыру; басқаруда қаржы аппараты; жергілікті қаржы мәні, қазіргі этаптағы қаржы саясатының есебі мен мәселелері қарастырылған.

Пәннің мақсаты - жеке елдердің дамуындағы қаржы жүйесін қалыптастыру тәжірибесін оқу табылады.

Пәннің міндеті – шетел қаржысының теориясы бойынша студенттерге белгілі бір теоретикалық білім беру қажет.

Оқыту курсы кезінде студент білуі тиіс: Курсты игеру барысында студенттердің жеке жұмыс істеуі, студенттердің конференциясы мен басқадай ғылыми-тәжірибелік шараларға баянадама қою қарастырылған.

Тақырып 1 Қаржы және қаржы саясатының мәні
Дәріс мақсаты: Қаржы мен қаржылық саясаттың негізгі түсініктерін және олардың экономикалық мазмұнын, мәнін оқу.

Дәрiс сұрақтары:

1. Қаржы – несиелік жүйесі: мәні мен мазмұны

2. Мемлекеттің ақшалай және валюталық жүйелері

3. Мемлекеттің бюджеттік және салық жүйелері
«Қаржы – несиелік» экономикалық категориясына қаржылық жүйенің және несиелік жүйенің жекеленген, бірақта өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы кіреді. Қаржылық несиелік жүйесінде де өзіне тән құрылу механизмдері және қызмет ету ерекшеліктері бар.

«Қаржылық жүйе» түсінігі «қаржы» түсінігінің қисынды жалғасы болып табылады. Қаржы мемлекеттің қызметерін және кеңейтілген өндіріс үшін қолданылатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларды қалыптастыру және таза табысты бөлу мен қайта бөлу жөніндегі ақшалай қатынастарды бейнелейді және бірқатар сипаттарға ие:

- қаржының пайда болуының қажетті шартына тауарлы-ақшалай қатынастардың бар болуы жатады;

- қаржының императивті сипаты. Бұл белгі қаржы мәнінін дискуссионды мәселелердің бірі. Осы сипат мемлекеттің белсенді араласуы арқасында қаржылық қатынастарға міндеттілік негізінен пайда болуынан көрінеді.

- Бөлу процестерінің жанасуы. Қазіргі ғылымда қаржының бірқатар айқын емес түсініктері келтіріледі, ал жоғарыда айтылған сипаттамалар жиынтығы көмегімен қаржының объектісін ажырытуға болады. Қаржының классикалық анықтамасына сүйеніп, қаржының объектісі өндірістік қатынастар жүйесінде түзілетін қосымша өнім болып табылады. Қаржының мәнін ашатын негізгі қызметтері бөлу және бақылау болып табылады.

Қаржы – несиелік жүйесінің екінші ажырамас құрамдас бөлігі несиелік жүйе байланысы табылады. Несиелік жүйе, қаржы жүйесі сияқты несие түсінігін дамытып нақтылайды. Несие бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы, олар несие берушімен несие алушы арасында ссудалық капиталды ақылық, қайтарымдық, мерзімділік, қамтамасыз етілгендік, мақсатты сипаттылық және дифференциалдық принципі негізінде алып – беру кезінде пайда болады

Мемлекеттің қаржы жүйесі бюджеттік жүйе мен салық жүйесімен тығыз байланысты. Қаржы жүйесінің нақты алғышқы екі элементі: Мемлекеттің бюджет және жергілекті бюджет бөлегі ретінде - мемлекеттің бюджет жүйесін құрайды. Өз кезегінде салық төлемдерінің жиынтығы, яғни әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысты бөлігіне кіретін салық жүйесін құрайды.

Ақша жүйесі –мемлекеттегі тарихи қалыптасқан және заңды түрде жүргізілетін ақша айналымы. Ақша жүйесінің басты элементі – ақша болып табылады. Ақша – ерекше тауар, жалпы эквивалент және ол бірнеше функцияларды орындайды:

- құн өлшемі - әр түрлі тауарлар мен қызметтің құнын өлшеу және салыстыру болып табылады. Ақшамен белгіленген тауардың құны оның бағасын білдіреді. Бағаның масштабы – бұл механизм, ол арқылы мемлекет ақшаның қызметін жүзеге асырады;

- жинақтау – ақша өзінің номиналды құнын жоғалтпай кез – келген кезде төлем құралы ретінде қолданылуы;

- айналым құралы – тауар мен қозғалыс кезіндегі делдал ролін атқарып, сондай – ақ басқа төлем операцияларын жүзеге асыру үшін қолданылады;

- төлем құралы – бұл тауар мен қызметті несиеге сатқанда пайда болады. Бұл қызметтің көзі болып несие және осы экономикалық қатынастардың негізіндегі қарыз міндеттемесі;

- әлемдік ақшалар – халықаралық тауар, қызмет және капитал айналымында қолданылып, барлық функциялардың орындалуы бір мемлекеттің ішінде ғана шектелмей, әлемдік қоғамдастықта да орындалады.



Бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржы – несие жүйесін ұйымдастыру кезінде ерекше орын алады. Бюджеттік жүйе мағынасында барлық бюджеттердің деңгейлерінің қосындысы, бұлар экономикалық қатынастар мен құқықтық нормалар негізінде жүзеге асады. Бюджеттік жүйенің ұйымдасуы және принциптік құрылымдары бюджеттік құрысты білдіреді.

Әр түрлі мемлекеттің бюджеттік құрылысы олардың мемлекеттік құрылысымен территориялды - әкімшілік бөлінуімен экономиканың даму деңгейіне және оның құрылымдық элементтеріне байланысты. Бюджеттік жүйе сияқты, салықтық жүйеде мемлекеттің құрылымына байланысты. Салықтық жүйе де мемлекеттің құрылымына байланысты.

Салықтық жүйе – бұл салықтар, жинау және баж, белгіленген рет бойынша алынатын, олардың принциптерін және ретін орнату, өзгерістер, есептеу және төлеу, салық төлеушінің бекітілген құқықтары мен міндеттері, салық органдары мен басқа да қатынастардың мүшелері, салық құқығы мен бақыланатын, сонымен қатар салықтық бақылау мен салықтық заңды бұзғаны үшін міндетін өзіне көрсетеді.

Әдебиеттер 2,3,4,5,6
Бақылау сұрақтары:

1. Қаржымен не түсіндіріледі?

2. Қаржы және бюджет жүйесінің мәні неде?

3. Ақшалай және кредиттік жүйе өзімен нені түсіндіреді?

4. Ақша қызметтір қандай?


Тақырып 2 Мемлекеттік қаржының тұжырымдамалық негізі
Дәріс мақсаты: Мемлекеттік қаржылардың негізгі тұжырымдамаларын оқып үйрену, олардың дамуы мен қолдануына көз жеткізу.

Дәрiс сұрақтары:

1.Қаржылық ғылымның және қаржы мәнінің түрлі бағыттарының дамуы

2.Қаржы мәселесі бойынша экономистердің қазіргі тұжырымдамалары
Қаржылық ғылым – ежелгі ғылым, қоғамдық қатынастардың прогрессімен өзара байланысты тарихи дамиды.

Пайда болатын қаржылық теориялар қоғам қажетсінген және ғылыммен танылғанның арқасында дүниеге келген және мемлекет пен халық үшін нақты құбылыстардың мәнін ашып, белгілі бір тәжірибелік нұсқаулар беріп отырған. Осыдан түрлі қаржылық категориялардың мемлекеттік кірістер мен шығыстар, салықтар, несие, бюджет теорияларын оқу қажеттілігі көрінеді, бұл категориялар бірігіп қаржы облысындағы ғылыми білімді қалыптастырады.

Дж.Кейнстің қаржылық тұжырымдамасы негізінде «тиімді сұраныс» жатыр. Ол өзінің теориясымен экономиканың өте ауыр циклдік дағдарысы кезінде шыққан. Ол 1929-1933 жж. «Жұмыс бастылық пайызы және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде бейнеленген. Берілген жұмыста капитал мен еңбекті қоғамдастыру шарттарындағы қажеттілігі дәлелденеді.

Экономиканың циклдік дамуына негізгі инструменттер қолданылады, олар қаржылық категориялар, мемлекеттік шығыстар. Олардың құрылымы мен өсімі «Тиімділік сұранысқа» қол жеткізудің маңызды факторы болып табылады. Салық пен займдардың арқасында мемлекеттік шығыстар кәсіпкерлікті дамытады, ұлттық табысты ұлғайтады, сонымен бірге жұмыссыздықты жояды.

Кейнсиандық модельдің құлдырауы батыстық экономистерді, құндылықтарды қайта бағалауды шығаруда, мемлекеттің қаржысын және қаржы саясатын ұйымдастырудың жаңа принциптерін ізденуге мәжбүр етті. Осындай принциптер неоклассикалық мектептің өкілдерімен ұсынылды. 20 ғ ортасында Р.Слоу, Дж.Кенрик, АҚШ, Роббинс, Дж.Мид - Ұлыбританияда мемлекеттік реттеуді шектеп, тәуелсіз кәсіпкерлік идеясы дамыды. Мемлекеттік шығыстардың жалпы өнімін қысқарту туралы, сонымен бірге құрылымда «білім беру», «ғылым» және «адам капиталы» шығыстарын ұлғайтуды ұсынды.

Неоклассикалық қаржылық теория өндірістік фактор концепцияларына негізделіп, ол бойынша өкімнің бағасы үш өндірістік факторға негізделген - капитал, еңбек және жер.

Қаржылық ғылым белгілі батыстық экономистердің қолдауымен, олардың концепцияларымен, классикалық көз – қарастарынан дамыды.

Ресейлік қаржы ғылымы 19-шы ғас-ң алғы мен 20-ғ-ң басында дамыды. Бұл уақыт аралығында ресейлік экономистер мен юристердің, яғни И.Янжуланың, И.Озеровтің, И.Кулитердің, Л.Ходскойдың, В.Лебедевтің, С.Иловайский мен тағы басқалардың белгілі жұмыстары басылған. Өздерінің жұмыстарында ресейлік ғалым – экономистер қаржы ғылымын теория жағынан ғана емес, сонымен бірге практикалық жағынанда сұрақтарға жауап берген.

Революцияға дейінгі ресейлік қаржыгерлердің қаржы қатынастарының тәжірибесінен оқу теориялық жағынан шыққан ерекше орынды мемлекеттік қаржы алған.
Әдебиеттер 2,3,4,5,6
Бақылау сұрақтары:

1. Қаржы ғылымымен не түсіндіріледі

2. Дж.Кейнстiң негiзгi қаржы концепциясына не жатады

3. Ресейдiң қаржы ғылымының мәнi неде



Тақырып 3 Мемлекеттiк қаржы сферасындағы интеграциялық процесстер
Дәрiс мақсаты: Экономикалық интеграция ұғымын талдау және де оның дамыған елдерде көрiнуiн бақылау.

Дәрiс сұрақтары:

1. Дүниежұзiлiк экономикадағы интеграциялық процесстердiң негiзгi теоретикалық түсiнiгiн анықтау.

2. Еуропалық Одақ және оның даму этаптары. Еркiн Еуропалық Ассоциацияның саудасы .

Дүниежүзiлiк экономикада интеграциялық процестердiң дамуы ұдайы өндiрiспен тығыз байланысты деймiз. Бүкiл одақтық ой бойынша өндiрiстiң интернационализациясы дегенiмiз – үлкен деңгейдегi, жоғарғы көрсеткiштегi өңдiрiс болып табылады.

Алғаш кезенде ұдайы өңдiрiс деңгейдегi өндiрiс жеке елдерде ғана байқалады, кейiнен барып ол көптеген адамдардың еңбегi ретiнде көрiнiс табады. Бiрiккен өндiрiстiң шығуы бұл байланысты, тығыз ара қатынасты бiлдiредi.

Өндiрiстің ортақтануы мемлекет деңгейiнен шығып, халықаралық мiәнез алады. Көптеген бiрiккен өндiрiс екi және одан да көп елдердiң бiрiгуiне әкелiп соқты. Бұл өңдiрiстiң интернализациясына әкелiп соқты.

Халықаралық бөлу деңгейiнде әртүрлi даму деңгейi бар елдер қатыса алады. Мысалы, мемелекеттiң шаруашылығы А және ол 60 пайыз болсын, ол елдiң шаруашылығына Б- тек қана 30 пайыз иеленедi. Бiрақ бұндай тауарлардың дифференциясы барысында әр елде әлтүрлi шаруашылық деңгейiнiң шығындары еңбек шаруашылығының шығындары әртүрлi болады. Бұл елде жұмысшы 1 машина, ал екiншi елде 2 машина өндiредi. Солай басқа өндiрiс саласында да болуы мүмкiн. Солайша халықаралық қатынастар бойынша интернациялық қатынастар елдiң экономикалық өсiмiн бақылап отырады. Сондықтан әр елдiң даму деңгейi әртүрлi болып келедi.

Халықаралық экономикалық интеграцияның басты шарты, ол кейбiр елдердiң жоспарлары өте тиiмдi, өте жоғары болып келедi, ал екiншiлерiнкi тек мемлекет деңгейiнде одақ құра отырып, халықаралық интеграцияға қатысады.

Тарихи халықаралық экономикалық интеграция Батыс Еуропада кең етек жайды, онда ХХ ғасырда үлкен экономикалық кеңістік орнайды, ұдайы өндірісі де, жалпы ортақ механизмі орнайды.

Батыс Еуропалық интеграцияның маңызы ерекше болады. Бұнда тарихи қалыптасқан елдердiң бiрiгуi, шаруашылық жүргiзудiң көп жылдар бойы қалыптасқан елдердiң бiрiгуi, шаруашылық жүргiзудiң көп жылдар бойы қалыптасқан бiлiмi, басқа тауарлармен салыстырмалы түрдегi бiлiктiлiгi кең етек жайды.

Батыс Еуропалық интеграция дiни және мәдени деңгейде де жоғары дамыды.

Батыс Еуропалық интеграцияның негiзгi жүрек лүпiлiне Францияның министiрi Р. Шуман 1950 жылы 9 мамырда септiгiн тигiзедi. 1951 жылы сәуiрде бұл елде саяси және iскерлiк салада көп септiгiн тигiзедi.

Париж шарты бойынша көмiр өндiру бiрiгу сатысында болады, ол шарт 1953 жылы жүзеге асады.

Еркiн сауда деңгейiнде “алтын ғасыр” сатысында ауылшаруашылығына үлкен септiгiн тигiзедi. 1962 жылы одақтық ортақ саясат шығады. Көптеген француздықтар экспорттық тауар өндiрiсiнен, ауылшаруашылық тауарларын сапаландыру болу болып табылады. Ауылшаруашылық агро саясат елдiң интеграциялық қатынастарын дамытуға өз үлесiн қосады.

Көптеген елдiң Ортақ тауар нарығында тауарлардың тауарлы сапаларының көтерiлуiне өте үлкен әсерiн тигiзедi. Бұл жоғары координациялық мерзімдік мемлекеттiк экономикалық қатынастарды дұрыстаушы шарттарға жатады.

Министірлік қаржы жүйесi негiзiнде де, ортақ банктiк жүйесiнде де осы саясат септiгiн тигiзедi.

Экономикалық ортақ жүйе қаржылық жағынан да ортақ келедi. Қаржылық интеграция Батыс Еуропалық интеграцияға әсерiн тигiзедi, олар 70 жылдары кедендiк одақ та өз орнын табады. Еуропалық валюталық жүйе 1979 жылы 13 наурызда өз шешiмiн табады, 1978 жылы желтоқсан айында бұл жүйе тек қана сөз ретiнде айтылған болатын. Еуропалық валюталық жүйенiң негiзгi мiндеттерi:

1. Елдiң, Одақтың iшiнде тiректi, жоғары деңгейлi валюталық қатынастарды орнату;

2. Елдiң ұдайы өндiрiсін тұрақты және пайдалы ету;


  1. Еуропалық интеграцияны халықаралық деңгейге көтеру;

  2. Халықаралық валюталық қатынастарға өз септiгiн тигiзу;

Келесi жылы Еуропалық еркін сауда ассоциациясы жүзеге асады, бұл ұйымның құрылуы туралы шешiм 1958 жылы Стокгольмде шешiледi, бұл ұйымды жасатқан Ұлыбритания елiнiң мақсаты болды, ол ел Еуропалық елдiң iшiнен көзге түскiсi келген ел болады.

70 жылдың басында Еуропалық ұйымға 10 мемлекет қатысады, валюталық ұйымға қарағанда тиiмдi, әрi пайдалы болды.


Әдебиет 3,9,10,11,16
Бақылау сұрақтары:

1. Интеграциялық процеспен не түсiндiрiледi

2. Еуропалық валюта жүйесiнiң мәнi қандай

3. ЕЕСА ненi бiлдiредi



Тақырып 4 АҚШ-ның мемлекеттік қаржыларын ұйымдастыру
Дәріс мақсаты: Дамыған елдердің бірі ретінде АҚШ-тың мемлекеттік қаржылырдың ұйымдастыру ерекшеліктерін оқу, олармен танысу.

Дәріс сұрақтары:

  1. АҚШ – жоғары технологиялы экономикасы дамыған мемлекет ретінде.

  2. АҚШ – тың бюджет құрылымының негізгі принциптері мен бюджеттік процесс.

  3. АҚШ – тың салық жүйесіне сипаттама.


1. АҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 1 адам басына шаққанда 36200 доллар құрайды.

АҚШ әлем бойынша мұнай, табиғи газ, тас көмір, т.б. өндіруден бірінші орында. Автомобиль өндірісі, ғарыш техникасы сияқты салалардан да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өнеркәсіп өндірісінің мына салалары кеңінен дамыған: тігін тігу, теріден аяқ-киім, тамақ, темекі, орман және қағаз.

Ауыл шаруашылығы болса, жоғары деңгейде механикаландырылған, әлем бойынша жүгері, бидай, мақта, темекі жинаудан алдыңғы қатарда.

Экспорт бойынша мына мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынаста: Канада (23%), Мексика (14%), Жапония (8%), Ұлыбритания (5%), Германия (4%), Франция және Нидерландия.

Импорт бойынша осы мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жалғастыруда Канада (19%), Мексика (11%), Жапония (11%), Қытай (5%), Германия (5%), Ұлыбритания және Тайвань.

Жалпы АҚШ-тың макроэкономикасының көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, соңғы статистикалық мәліметтерге сай: халық саны 279 млн-ға жуық адам, халықтың өсу динамикасы 0,9%, жалпы ішкі өнімі – 9,963 трлн доллар, кедейшілік ішінде өмір сүріп жатқан халық - 12,7%, - құрайды, еңбекке жарамды халық саны – 140,9 млн адам, жұмыссыздық деңгейі – 4%. Кіріс бөлігі шығыс бөлігінен басымдау дәрежеде, мысалы 2002 қаржы жылында 1,828 трлн доллар құраса, шығыс бөлігінде - 1,703 трлн доллар болды. Ал экспорт, импорт көрінісі: экспорт – 776 млрд доллар, импорт 1223 млрд доллар.

Салық жылы, немесе қаржы жылы 1 қазаннан басталады.
2. АҚШ-тың бюджеттік құрылымының негізгі Ата заңға (Конституция) сәйкес өңделеді. Ата заңға Конгреске бюджетті қалыптастыруға құқық беретін арнайы ереже қарастырылған.

Негізгі заңға сәйкес Конгреске салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы, сонымен қатар Конгрестің екі палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Федералды бюджет кейпі ұзақ уақыт бойы қалыпсыз сипатта болып келді. ХХ ғасырдың басына дейін ең негізгі түсімдер көзі болып – кеден баждары мен акциздер саналды. Тек 1909 жылы ғана табыс салығы тұрақты түрде жүйеге енгізіліп, бүгінгі таңда аталмыш салық федералды бюджеттің құрылымдық жүйесін қалыптастыруда аса маңызды орынға ие.

Жалпы АҚШ-тың бюджет процесі тарихи үш негізгі кезеңнен өткен:


  • 1921 жылға дейін;

  • 1921 жылдан 1976 жылға дейін;

  • және 1976 жылдан бері.

1921 жылға дейін АҚШ-тың барлық атқарушы билік органдарды өздерінің жеке бюджеттік сұрауларын тікелей конгреске жолдап отыратын. Осы уақытқа дейін АҚШ-та бірыңғай федералды бюджет болмаған. Тек 1921 жылы алғаш рет қабылданған «есеп беру және бюджет туралы» американдық жиынтық заңға сәйкес бюджет реформасының бағыты анықталып, конгресс бюджетті алғаш рет президент қарауына ұсынды. Осылайша америка президенті атқарушы билік басында бола тұра федералды бюджетті өңдеу мен (даярлау) оның орындалуына жауапты болып бекітілді. Осы мақсатпен оған 1921 жылы бюджет бюросы (болашақта әкімшілік-бюджеттік басқарма) қаржы министрлігіндегі жеке дара өз бетінше бөлім ретінде қарауына өтті.

1976 жылдың 1 қазанынан бастап, «бюджет үстінен бақылау туралы», 1974 жылы конгресс қабылдаған заң күшіне енді. Бұл заңға сәйкес АҚШ-тың конгресінде орталық бюджеттің қаралу және бекітілу тәртібіне біршама өзгерістер енгізілді. Конгресс палаталары бюджет жобасын мақұлдап қана қоймай, оны қайта қарау, президенттің бюджеттік ұсыныстарына келіспеушілік таныту, ұсынылып отырған кірістер мен шығыстар деңгейін өзгертуге, жаңа бағдарламалар енгізуге, салық жүйесін өзгертіп, заң жобасын қосуға құқылы болды.

Конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы. Конгрестің қос палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Құрама штаттардың федеративті құрылымы бюджетті-салықтық процесстердің маңыздылығымен ерекшеленіп: үш бірдей құрылымдардың мықты өзара әрекеттестігімен, яғни мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік табыстар және бюджетаралық қатынастардан тұрады.

Мемлекеттік шығыстар жүйесі бюджет жобасын даярлау, олардың атқарушы органдарды толықтыруы, Конгресте бекітілуі мен орындалуына бақылау жасау сияқты мәселелерді қамтиды. Жалпы Р. Рейган ұсынған америка экономикасын америка экономикасын сауықтыру бағдарламасы төмендегідей бағыттардан тұрады:



  • корпорациялық және жеке табыс салықтарын төмендету;

  • әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту арқылы үкімет шығындарын азайту;

  • кәсіпкерлік саланы қайта реттеу;

  • инфляцияны болдырмауға бағытталған қатаң ақша-несие саясатын жүргізу.

Рейган саясатының алғашқы қадамы – салықтарды төмендетумен байланысты. Конгрес табыс салықтарын 25% төмендету және әлеуметтік қызмет көрсетулер бойынша федералды шығыстарды азайту туралы заң қабылдады.
3. АҚШ-тың ішкі табыстар қызметі (ІТҚ) – орталық аппарат, 7 аймақтық және 58 округтік салық басқармаларынан тұрады.

ІТҚ-нің аймақтық және аудандық бөлімшелері салықтардың, түсімдердің дер кезінде түсуіне, салықтар бойынша берешектерді өндіру, салық төлену дұрыстығына бақылау жасауды сол жергілікті жерлерде жүзеге асырып отырады.

АҚШ-тағы корпорациялар жыл сайын 1120 формасындағы декларация тіпті табысы болмағанның өзінде де толтыруға міндетті. Ал шағын кәсіпорындар болса 1120$ түрін толтырады.

Егер корпорациялық келісілген мерзімде төленуге тиісті салық сомасының 90% төлемеген жағдайда айыппұл салын бастайды. Дер кезінде төлем жүргізілмеген жағдайда оның пайызы өндіріледі.

Жалпы АҚШ-тың салық жүйесі 1986 жылы қабылданған салық реформасы туралы Заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл реформаның басты мақсаты – салық жүйесінің кейбір тұстарын жеңілдете отырып, әділетті және қолайлы түрде жүргізіп, экономикалық өсімді ынталандырудың бірден-бір қайнар көзіне айналдыру болып табылады.

АҚШ-тағы салықтар үш деңгейде алынады: федералды, штаттар және жергілікті деңгейде.

Қазыналық тұрғыдан қарайтын болсақ, негізгі ауыртпалықты федералды салықтар көтереді.

Федералды бюджеттің барлық табысының 41% азаматтармен корпорацияға салынатын табыс салығы құрайды.

Сонымен, салықтардың ішіндегі ерекше мәнге ие салық – халықтан алынатын табыс салығы. Прогрессивті шкаланы пайдалана отырып бес түрлі мөлшерлемелер қолданылады. Ал, салық төлеушілердің өз мәртебелері, немесе категориялары бар, мысалы: декларацияны бөлек толтыратын ерлі-зайыптылар, бірлесе отырып толтыратын ерлі-зайыптылар, отбасының жалғыз басты иелері, жеке басты адам, жесір адам т.б. сол сияқты.

Жалпы жиынтық табысты анықтау үшін барлық табыстар топтастырылады: еңбек ақы, кәсіпкерлік істің табысы, зейнетақы мен жәрдем ақы, бағалы қағаздан түсетін табыстар т.б.

Федералды деңгейдегі салынатын салықтың келесі бір түрі – корпорация табысына салынатын салық. Бұл салық таза табысқа салынады. Табыс көлемін анықтау барысында жиынтық табысқа түзетулер, яғни корректировка енгізіледі; яғни заң жүзінде бекітілген жеңілдіктері, т.б. шегерімдер (жұмысшыладың еңбек ақысы, жөндеу шығындарпы, немесе пайыздар, зейнетақы қорына салымдар т.б.) шығарылып тастайды.

Шағын және орта бизнесті ынталадыру мақсатында бұл салық түрі прогрессивті түрде бекітіледі. Мысалы, жылдық табысы 50 мың долларға дейінгі корпорацияға – 15%, ал 50 мен 70 мың доллар арасындағы табысы бар корпорацияға 34%.

Әлеуметтік салықтарды жұмыс берушілер, яғни кәсіпкерлер және еңбекшілер төлейді. Осы алымдардан әлеуметтік сақтандыру қорлары қалыптасады.

1970 жылдан бері кеден бажының федералды бюджеттегі үлесінің салмағы небәрі 1,6% деңгейінде ғана.

Мұрагерлікке, сыйға салынатын салық мұраға немесе сыйға тартылған мүлікке салынады.

Мөлшерлемелерді бекіту ағайындық, туыстық қатынасты анықтау арқылы, яғни туыстық жақындық деңгейіне байланысты, сонымен қатар құнына байланысты анықталады. Құны 10 мың доллар болатын мүлік бұл салықтан босатылады. Осылайша мөлшерлемелер 18-50% аралығында болады. Ең жоғарғы мөлшерлемелер, егер мұра құны 2,5% млн доллардан жоғары болса қолданылады.

Жергілкті билік органдарының салықтары ішінде айтарлықтай мәнге ие салық – мүлікке салынатын салық. Бұл салықтың ерекшелігі – федералды деңгейде жоқтығы. Салық жылына бір рет төленеді, кей жағдайларда бір жолы шетінен, бөлшектеп төлеуге де болады. Мүлік түрлері:


  1. қозғалмайтын мүлік (жер, ғимараттар);

  2. жекеменшік (машина, құрал-жабдықтар, мал, тауарлы-материалды құндылықтар, өнім т.с.с.).

Жергілікті деңгейдегі корпорация пайдасына салынатын салық 45 штатта алынады. Бұл салықтың орташа мөлшерлемелері 6%, ең төменгі мөлшерлеме 2,35% (Мичиган), ең жоғарғы мөлшерлеме 11% (Коннектитут).

Көлік құралдарынан алынатын төлемдер арқылы, мысалы: автокөлікті тұраққа қою үшін төлем, жанармайға, акциз т.с.с. Ал, мөлшерлемені бекіту көлік түріне байланысты ажратылады.

Экологиялық салықтар, АҚШ-тың салық жүйесінде 1986 жылғы реформадан кейін пайда болды.
Әдебиет 1,4,7,9,10,11,12,15
Бақылау сұрақтары:

1. АҚШ – тың қазiргi кездегi экономикасы қандай

2. Федералдық резервтiк жүйесi қандай функцияны орындайды

3. Федералдық салық құрылысы өзiне неше позицияны қосады


Тақырып 5 Германиядағы қаржылық жүйе және қаржылық саясат
Дәріс мақсаты:Ерекшеліктерін менгеру дамушы Германия . Жаңашыл деңгейде айқындайтын экономикалық реформа.

Дәріс сұрақтары:

1. Германияның макроэкономикалық бірлескен жағдайы.

2. Германияда ақшалық және кредиттік жүйе.

3. Германияда бюджеттік және қаржылық жүйе.

4. Германияда салықтық жүйе.
Германия алдыңғы қатарда дүниежүзілік экономикадан.1990 жылы Батыс және Шығыс Германия бірлескенен кейін экономикалық потенциалдың Еуропада үлкен мемлекет болды. Канцлер Г. Шредердің тағайындалып 1998 жылы қыркүйекте тағайындалған рәміздері «новый дух» және «другой период» өркендеді. Концерватордың дәуірінің сонында бұл жағдай тек немістерге ғана емес бүкіл Еуропа тұрғындарына да өзгеріске үлкен үміт берді. Шредер Германиядағы экономикалық нарықты бірден қозғалыс бағдарламасын анықтады. Елдегі позицияны бәсекелестік қабілеттілігін жойылуын орнату. Экономикалық либерализм салықтық компанияларға жұмыс нарығының өзгеруіне жұмыс күнін өзгеруін жалғастыруы, еңбек ақысының берілумен қысқаруын білдірді.

Неміс үкіметінің экономика саясатының негізгі приоритеті жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.

Германияның бірыңғай ақша – несие жүйесі 1870 жылы құрылды. Империя пайда болған кезінд ақшаның – рейхмарк бірлігі 0,358423 алтын мөлшерленген енгізілді. Ол алтын монометализмнің басталуын білдірді. Осыған дейін мемлекет территориядағы 7 монитарлық жүйе болды: Солтүстік және Оңтүстік Германияда күміс монометаллизмі, Бремем алтын талер, алтын монеталор фридрихсдоры, луйдорлар, дукаттар мен пистолдар олар күміске қарағанда айнымалы курспен айналды. Олардан басқа, банкноттар мен қағаз ақшалар айналымда болды.

1949 жылы ГФР Конститутциясы қабылданғанан кейін және Бретон – Вуд валюталық жүйеге қосылғаннан кейін алтын доллар стандарты орнатылды. Неміс маркасы 3,33 /1 доллорына теңгерілді. 1949 жылы қыркүйекте айына доллар бағасы 3,33 дойчмаркқа дейін өсті, ал 1961 жылы наурыз айында 4,2 жетті және марк револьвациясы өткізілді

( 1 доллар = 4 марк). Неміс маркасының девольвациясы 1949 жылы күзде сауда балансының дефицитінен пайда болды. 1950 жылы импорттық шикізатқа бағалардың күрт өсуінен сауда балансының дефициті одан әрі өсті.

1953 жылы ГФР Халықаралық валюталық қорға косылды, ол марканың алтын мөлшерін 0,211588 таза алтын паритеті жұмысын тоқтатты.

Жеке коммерциялық банктің мөлшері мен құрылымына қарамастан оның жалпы белгісі қысқа мерзімді кредиттердің роын алуы болып табылады. Ал соңғы жылдары ұзақ мерзімді кредиттердің тенденциясы көбейді. Жеке коммерциялық банктер бағалы қағаздармен белсенді жұмыс атқарады.

Кейбір кездерде аумақтық банктерді 100 шақты жеке коммерциялық банктерге жатқызады, олар универсалды да болып табылады.

Кооперативтік банктер де универсалды функцияларды атқарады. Қазіргі кезде 3000 шақты кооперативті банктер жұмыс істейді. Кооперативті банктер универсалдық қызметтер ассортиментін ұсынады, бірақ қызметкерлерінің негізгі түрлері – мерзімсіз және жинақ салымдары және өз мүшелеріне орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді беру. Негізінен кооперативтік банктердің мүшелері жұмысшылар және қызметкерлер болып табылады.

Германияның бюджеттік жүйесі 3 буыннан тұрады; федералдық бюджет, аумақтық бюджеттер (16), жергілікті бюджет (11 мыңнан аса).

Федералдық бюджет федерацияның жоспарлаған кірістер мен шығындардан тұрады. Кірістер салықтың және салықтық емес төлемдерді аккумуляциялау жолымен құрылады. Федералдық бюджеттің шығыстары федерацияның қызметтерінің дәстүрлі сфераларының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Германияның қаржылық жүйесі қызметінің негізгі ережелері ГФР қаржылық Конститутциясында бекітілген, ол мемлекеттің негізгі заңдылық ең ірі бөлімі болып табылады. Бұл құжат федерация жер және облигациялар арасындағы қатынасын реттейді, олардың тұрақтылығын кепіл етеді және саяси коньюктураның теріс әсер етуін алдын алады. Қаржылық Конституцияның басты мақсаты мемлекеттің бүкіл территориясында бірыңғай өмірлік стандартты қажет ету болды. Германияда қаржы түзетудің 2 түрі бар вертикалды және горизонталды.

ГФР - ның қаржылық жүйесінің бас буыны арнайы қорлар болып табылады. Оның басты мақсаты әлеуметтік сақтандыру қоры, ол автономдық қорлардың көп мөлшерімен біріктіреді.

Германияның салық жүйесі Л. Эрхардтың прициптеріне негізделеді;

- салықтардың төмен болуы,

- салық салу кезінде салық алуының мақсаттылығы ескерілуі тиіс,

- салықтар бәсекелестткке кедергі болмауы тиіс,

- халықтар қауымдық саясатқа сәйкес болуы тиіс,

- салықтар халық арасында пайданың бірдей бөлінуін қамтамасыз етуі тиіс,

- салық жүйесі екілік салық салудың болмауын қамтамасыз етуі тиіс,

- жүйе адамның жеке өміріне құрметпен құрылуы тиіс,

- салықтың мөлшері мемлекетпен көрсетілетін қызметтер көлемімен сәйкес келуі тиіс,

Бүгінгі күнде ГФР – ның салық жүйесі күрделі тармақталған жүйе болып табылады. Оның негізінде салықтардың көптілік принципі жатыр (50 – ден жоғары) салық жинағы бюджеттің 80% пайдасын әкелді.

Салықтар бөлінеді:

- федералды;

- жергілікті;

- муниципалдық қоғам;

- біргей;

- шіркеулік;

Әдебиет 1,4,7,9,10,11,12,15
Бақылау сұрақтары:

1. 1870 жылы немен белгілі

2. Жеке коммерциялық банктердің мөлшері мен құрамына қарамастан жалпы белгісі не болып табылады

3. Германияның бюджеттік жүйесінің құрылымы қандай

4. Германияның салық жүйесі қандай прициптерімен негізделген


  1. Салықтың классификациясын атаңыз


Тақырып 6 Франция мемлекетiнiң қаржылай негiзiн функциялау
Дәрiс сақсаты: Франция мемлекетiнiң қаржылық ерекшелiктерiн оқу.

Дәрiс сұрақтары:

1. Францияның жалпы экономикалық жағдайы

2. Францияның мемлекеттік бюджеті: құрамы, бюджет процесі және кезеңдері

3. Францияның салық жүйесіне сипаттама

4. Францияның 80-90-шы жылдардағы экономикасы

5. Францияның 2001-2015 жылдар аралығында көздеген мақсаттары мен жоспарлары
1 Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.

Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция ғылыми зерттеулердің кең көлемді мәселелерін мына бағыттарда жүргізуде: атом энергетикасы, әуе техникасы, байланыс құрал жабдықтары, электроника түрлері т.б.

Мемлекетте темір рудасы, (әлем бойынша 5-ші орын), тас көмір, табиғи газ, алтын, вольфрам т.б. пайдалы қазбалар шығарылады.

Мұнай өңдеу, қара және түсті металургияны өңдейтін қазіргі заманғы, қуатты кәсіпорындар жұмыс жасауда. Ұшақ шығарудан әлем бойынша 3-ші орынды, ал, ғарыш техникасын шығарудан әлемде 4-ші орынды иеленген мемлекет. Ал, ауыл шаруашылығы болса, жоғары сапалы техникамен қамсыздандырылған және өнім сапалылығы өте жоғары. Бау-бақша, әсіресе жүзім өсіру, цитрустық ағаштар жақсы өсіріледі. Мал шаруашылығы сүт өнімдеріне бағытталған. Сүт өндіру бойынша Франция Европада 1-ші орында, ал ет өндіруден екінші орында.

Франция шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша әлемде 4-ші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті т.б. маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойынша Франция мына мемлекеттермен байланыста: Европалық қауымдастық: 63%(Германия 16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8% т.б.).

Импорт бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62% (Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия – Люксенбург 11%). Соңғы жылдардағы макроэкономикалық көрсеткіштері шамамен төмендегідей:

Халық саны 59 млн-нан астам адам. Халықтың өсу динамикасы 0,37% құрайды. Жалпы ішкі өнімі 1,448 трлн доллар, ал жан басына шаққанда ЖІӨ – 24000 доллар. ЖІӨ-нің өсу индексі 3,1%. Халықтың орташа өмір сүру деңгейі: ерлерде 74 жас, әйелдер 82 жас.

Еңбекке жарамды халық саны – 25 млн адам, оның 61,5% – қызмет көрсету саласында, 31,3% – өнеркәсіпте, 7,3% – ауыл шаруашылығында. Жұмыссыздық деңгейі – 9,7%.

Бюджет сипаты: кірістер – 210 млрд доллар, шығыстар – 240 млрд доллар. Экспорт – 325 млрд доллар. Импорт – 320 млрд доллар.

Елдің толық аталуы – Француз Республикасы. Мемлекеттік құрылымы – Президенттік Республика. Ал, құрамы 22 облыстан тұрады, олар өз кезегінде 96 департаментке бөлінген. Астанасы – Париж.

ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 2%, құрылыстың үлесі – 8%, сауда мен тауар қызметінің үлесі – 25%, қаржы және басқа тауарлық емес қызметтер үлесі – 20%, өнеркәсіп (соның ішінде өңдеу саласы) – 42%.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы алдыңғы орын жалпы машинасы құрылысы (12%) және көліктік (10%) үлесінде. Автомобиль өнеркәсібі ұлттық өнеркәсіптің басты негізі болып саналады. Екі ірі компаниялар – жеке меншік «Пежо – Ситроян» және мемлекеттік «Рено» – жеңіл көліктердің әлемдік өндірісінің 4–5% қамтамасыз етеді. Француз компаниялары әлемде Жапониядан кейін энергетикалық құрал-жабдықтар шығарудан екінші орынды алады.

Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-дегі салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының жоғарылылығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік – тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% береді, негізінен бұл ҚҚС (оның үлесі 45%). Ал тікелей салықтар ішінде басты рөлге жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің 20% құрайды.

Бүгінде Франция үкіметі салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық деңгейін төмендетуде күрделі қадамдар жасауда.



2 Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.

Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына – 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен 4% үлесі тиеді.

Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі – біріккен бюджеттер.

Бұлар қаржы автономиясын қолдана отырып, сауда – өнеркәсіптік операциялармен айналысатын және де өздері заңды тұлға болып саналмайтын ұйымдар үшін енгізілгені. Қазірде біріккен 7 бюджет бар – 1 әскери және 6 азаматтық. Олардың ішінде – пошта бюджеті, телеграф бюджеті, әлеуметтік ауыл шаруашылық жәрдемақылар бюджеті, ұлттық баспахана, т.б. тұрады.

Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы іс-қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетте көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.

Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік кәсіпорын қаражаттарынан, зайымдардан және т.б. түсімдерден тұрады. Бюджет табысының негізгі көзі болып салықтар саналады, барлық түсімдердің 90% салықтардан құралады.

Салықтар арқылы ұлттық табыстың 50% қайта бөлінеді. Бюджеттің кірістері мен шығыстары екі бөлікке бөлінеді:


  1. қорытынды сипаттағы операциялар (қайтарымсыз қаржыландыру);

  2. уақытша сипаттағы операциялар (несиелік операциялар).

Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда. Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.

Экономика шығындары өсіп келеді. Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі 25–35%. Экономиканы реттеу шығындарының құрамына өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының шығындары, транспорт пен байланыс, ауыл шаруашылығы кіреді. Мемлекеттің экономикаға араласуы ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе қомақты қаражаттар субсидия түрінде мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға жұмсалады. Машина жасау өнеркәсібі, әуе қатынасы құрылысы, мұнай өңдеу сияқты салалардағы мемлекеттік тапсырыс әрдайым өсіп отыр.

Әскери шығындар. Франция «НАТО» әскери ұйымынан шығып кетсе де, оның мүшесі болып қалды. 90-шы жылдары мемлекет тікелей әскери шығындары бойынша әлемде 4-ші орынға шыққан. Қорғаныс министрлігінің әскери шығындарынан басқа, премьер-министр бюджетінің шығындары да айтарлықтай (бас штаб шығындары, барлау органдары, радио бақылау қызметтері).

Ал жанама әскери шығындарға: мемлекеттік қарызды басқару шығындары мен әскери зейнетақылар жатады. Әскери мақсатқа жұмсалатын жалпы қаржыландыру мемлекеттік бюджет көлемінің шамамен 35% дейін жетеді, бұл ЖҰӨ-нің 4% деген сөз.

Әлеуметтік қажеттілік шығындары салыстырмалы түрде төмендеуде. Үкімет бұл қаражаттарды тек әлеуметтік теңестіру үшін ғана емес, экономиканы реттеу мақсатында жұмсайды. Ең төменгі жалақы және мүгедектік бойынша берілетін зейнетақы көтерілді. Сонымен бірге әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жұмысшылар жарнасының көлемі де ұлғайды. Бұл шығындардың ішіндегі ең көп көңіл бөлетіні – білім беруге бөлінетін қаржы, оның үлесі бюджеттің жалпы шығыстарының 25% құрайды.

Басқару шығындары мемлекеттік биліктің барлық органдарын қамтиды. Құрамында шамамен 1 млн-ға жуық адамы бар үлкен әкімшілік аппараттың бар болуы, мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік қызметтерімен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы шығындар мемлекеттік бюджет шығындарының шамамен 12% құрайды.

Сыртқы байланыс шығындары – халықаралық байланыстарға, қарым-қатынастарға байланысты шығындар. Бұл тізімге Африка мемлекеттеріне көмек кіреді. Дамушы елдерге көмек беру жағынан Франция АҚШ-тан кейін екінші орынды иемденеді.

Бұл шығындар өзінше жеке дара «сыртқы байланыстар» деген бапқа кіреді. Осы бапқа сай халықаралық зерттеу ұйымдарына қатысуына байланысты шығындар қарастырылған. Бұл баптағы қаражат көлемі шамамен 1,3 млрд франк, халықаралық ұйымдарға жарналар 1,5 млрд франк, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық аппарат шығындары да осы бапқа енеді.

Қайта өндіріс процесінде мемлекеттік бюджет аса маңызды функциялар орындайды, оның ЖІӨ-дегі үлесі 20% астам.

Жалпы, Францияда бюджет процесі 4 сатыдан тұрады және ол 3 жылдан астам уақытқа созылады. Алғашқы саты – бюджет жобасын құру, экономика және қаржы министрлігінің (ЭҚМ) бақылауымен 9 ай бойы жүргізіледі.

Әрбір министрлік пен ведомство өз сметаларын жасап, қаржылық бақылаушы тіркегеннен кейін бюджет жобасын даярлау үшін ЭҚМ-не жіберіледі. Бюджет жобасын үкімет мақұлдағаннан кейін парламентке жіберіледі.

Екінші саты – үш ай уақытқа созылатын бюджетті қарастыру мен бекіту. Франция Ата заңына сәйкес бюджетті қарастыру, бекіту құқығы парламентке берілген. Бюджет жобасы әр палатаның қаржы комиссиясының тексеруінен өтеді. Комиссияның бас баяндаушысы палата отырысында бюджеттің жалпы мәселелері бойынша баяндама жасайды. Алдымен бюджет жобасы төменгі палатада (ұлттық жиналыста) талқыланып, содан соң жоғарғы палатаға (сенатқа) талқылауға, қарауға беріледі.

Бюджет бекітілуі қос палатаның біріккен отырысында өтеді. Егер сенат берілген бюджет жобасымен келіспейтін болса, онда жобаны қайта қарауға төменгі палатаға қайта қайтарып береді. Егер бюджет жобасы 70 күн бойы екі мәрте талқылауға түсіп, мақұлданбаса, онда президент өзінің жарлығымен (ордонанс) бюджетті заң деп жариялайды. Бұл жағдайда ордонанстық бюджет күшіне енеді.

Франция парламентінің бюджеттік құқықтары Ата заңмен шектелген. Парламенттің ұсыныс немесе өзгертулер енгізуге құқығы жоқ. Жалақының төменгі шегі, отбасылық жәрдемақылар сияқты халықтың көп бөлігін қызықтыратын, толғандыратын мәселелер бойынша бірқатар баптарды бекіту де парламент құзырынан алынып тасталған. Ол тек аса маңызды баптардың жалпы сомасын бекіте алады. Ал кейбір баптар тіптен бірнеше жылдарға бекітіліп, парламенттік бақылауды әлсіздендіре түседі.

Үшінші саты – бюджеттің орындалуы, ол бір жылды қамтып, бюджет жылы деп аталады. Францияда ол күнтізбелік жылмен сай келеді. Бюджет орындалуының жалпы жетекшілігі ЭҚМ-не жүктелеген. ҚЭМ-гі министрліктер мен ведомстволар берген ұсыныстар (заявкалар) бойынша шығындардың айлық кестесін жасайды. Бюджеттің кассалық орындалуы қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Бюджет жылы аяқталғаннан кейін – төртінші саты басталады, яғни, экономика және қаржы министрлігі бюджет орындалуы туралы есеп беруді құрайды. Арнайы бақылау органы, яғни есеп палатасы бюджеттің орындалуы туралы есепті тексергеннен кейін парламент бекітуіне кіреді.

Бюджет процесі барысында қаржы бақылауы жүзеге асып отырады. Мемлекеттік бақылаудың арнайы органы болып есеп палатасы саналады, ол алдын ала, ағымдағы және кезекті бақылауларды орындайды. Әр министрлік пен ведомствода қаржы бақылаушысы болады.Оларды қаржы және экономика министрлігі тағайындайды. Олардың негізгі айналысатын ісі – қаражаттардың жұмсалуын тексеру. Жоғарыда аталып кеткендей, Франциядағы мемлекеттік табыс бөлігінің 90% салықтардан тұрады, ал шығыс бөлігінің бағыттары сан қилы.

Жалпы Франциядағы мемлекеттік бюджет шығындарын төмендегі суреттен бақылауға болады: (1-сурет).





жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау