Қаржы кафедрасы Г. С. Майкопова Қаржы


Тақырып 13. Қаржылық нарық



жүктеу 0,6 Mb.
бет6/7
Дата01.01.2020
өлшемі0,6 Mb.
#25682
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып 13. Қаржылық нарық

1. Қаржы нарығы және қаржы ресурстарын жұмылдыру және бөлудегі оның ролі.

2. Бағалы қағаздар нарығы.

3. Қор биржасы, оның қызметін ұйымдастыру.


Қаржылық нарық әртүрлі формадағы ақшалай капиталдардың және бағалы қағаздың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар. Ол нарықтық қа-тынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және тауарлық және басқа нарықтармен (жер, табиғи ресурстар, жұмыс күші, үй және басқадай қозғалмай-тын мүлік, сақтандыру, валюталық, технология, алтын және т.б.) органикалық түр-де байланысады (Сурет 8). Қаржылық нарық құрылымы 9 суретте көрсетілген.

Бағалы қағаз нарығы - бағалы қағаз қозғалысымен байланысты экономика-лық қатынастар. Сондай-ақ, бағалы қағаз және туынды бағалы қағаз сияқты қор құндылықтарының айналымымен байланысты болғандықтан, қор нарығы деп аталады. «Қор нарығы» термині бағалы қағазбен мәміле жасалған және ресімдел- ген мекеме атауымен (қор биржасы) байланысты.

Бағалы қағаздар нарығы- шаруашылық субъектлері және мемлекет шығарған бағалы қағаздың барлық түрлері сатылатын және сатылып алынатын қаржы нары-ғының бір бөлігі. Бағалы қағаз дегеніміз мүліктік құқықты немесе ондай құжат шы-ғарған ұйымға олардың иелерінің қатынасын куәландыратын ақшалай құжат. Баға-лы қағаз түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеттік қарыздық міндеттемелер, банктердің депозиттік және жинақ сертификаттары, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары.

Бағалы қағаздарды топтастыру: экономикалық табиғаты бойынша (үлес-тік, қарыздық); бағалы қағазға құқықты беру тәсілі бойынша (атаулы, ордерлік, ұсыну); шығару формасы бойынша (құжаттық, құжатсыз); айналыс мерзімі бо-йынша (ұзақ мерзімді, орташа мерзімді; қысқа мерзімді; мерзімсіз); айналыс территориясы бойынша (аймақтық, ұлттық, халықаралық); эмитент бойынша (мемлекеттік, жергілікті билік органдарының бағалы қағазы, корпоративтік, ше-телдік); табысты төлеу тәсілі бойынша (тұрақты және бір реткі табыс алатын бағалы қағаз); эмиссия формасы бойынша (массалық тираж, бір реткі).


Сурет 8 – Экономикалық жүйедегі қаржылық нарықтың өзара байланыстары


.

С
урет 9 – Қаржылық нарық құрылымы

Эмиссия – бағалы қағазды айналымға шығару. Бағалы қағаз нарығына қа-тысушылар – бағалы қағаз эмитенттері, инвесторлар және инвестициялық дел-далдар. Инвесторлар – заңды тұлғалар немесе азаматтар, оның ішінде өз атынан және өз есебінен бағалы қағаз сатып алған шетелдіктер. Бағалы қағаз нарығы-ның инвестициялық делдалдары – бағалы қағаздардың эмитенттерден инвес-торларға қарай жүруін қамтамасыз ететін маманданған ұйымдар - инвестиция-лық қорлар, коммерциялық қор биржалары, брокерлік және дилерлік кеңселер, консалтингтік фирмалар, бағалы қағаздарды сақтау, бағалы қағаз ұстаушылар-ды тіркеу, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша (депозитарий, кастодиум, клирингтік ұйымдар, тәуелсіз реестр ұстаушылар) өзара есеп айы-рысу жөніндегі маманданған ұйымдар.

Бағалы қағаз нарығына қатысушыларинвестициялық институттар, яғ-ни бұл инвесторлар мен делдалдар: инвестициялық қорлар, инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, қаржылық брокерлер, инвестициялық консультанттар.

Бағалы қағаз нарығының үлгілері: банктік емес, банктік және аралас. Қа-зақстанда аралас үлгі қолданылады, онда бағалы қағаз нарығының делдалдары ретінде банктік емес компаниялар да, банктер де жүреді.

Акционерлермен өзара қатынастарына байланысты инвестициялық қорлар мынадай түрлерге бөлінеді: екі жақты қорлар - эмицияланған акцияларды қор акционерлерінен аңда белгіленген баға бойынша және жағдаймен сатып алуға міндетті ашық инвестициялық қорлар; инвестициялық компаниялар - шығарған акцияларды қор акционерлерінен сатып алуға міндетті емес жабық инвестиция-лық қорлар.



Бірінші реткі нарық – капиталды бағалы қағазды сату жолымен қозғалысқа түсіру, оларды бірінші реткі тарату. Екінші реткі нарық - бұрын шығарылған бағалы қағаздар айналымда жүретін нарық, ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) нарық.

Қор биржасы – қызмет ету заты бағалы қағаз айналымының қажетті шар-тын қамтамасыз ету, нарықтық бағаларды анықтау және олар туралы ақпарат тарату болып табылатын ұйым. Қор биржасы екінші реткі бағалы қағаз нары-ғын ұйымдастырушы болып табылады. Биржадан тыс нарық жаңадан шыққан бағалы қағаздарды қамтиды. Онда ірі несие-қаржылық институт, ең әуелі ком-мерциялық банктер атынан ұжымдық салымшы қызмет етеді. Биржадан тыс нарықта көбінесе облигациялар таратылады. Биржада, керісінше, ескі бағалы қағаздарға, негізінен АҚ акцияларына курс тоқтатылады.

Қор биржасы ЖАҚ формасында құрылады және Қазақстан заңдылықтары-на сай кем дегенде он мүшесі болуы қажет. Қор биржасының мүшелері тек ғана акционерлер болуы мүмкін емес. Ол коммерциялық емес ұйым болып табыла-ды, пайда табуды мақсат тұтпайды, өзін-өзі өтеу қағидасына құрылған және мү-шелеріне өз қызметінен табыс төлемейді. Заң қор биржаларының ең төменгі жарғылық капиталын бекітеді. Қор биржасы инвестициялық институт ретінде қызметпен айналыспайды, брақ оның мүшесі ретінде кіру құқығын беретін меншікті акцияларын шығарып, сата алады.

Қор биржаларының мүшелері: инвестициялық институттар, сондай-ақ, не-гізгі міндеттері бағалы қағазбен жасалатын операцияларды жүзеге асыру болып табылатын мемлекеттік атқару ұйымдары. Қор нарығындағы операцияларды тек ғана оның мүшелері атқарады. Солардың тапсырысы бойынша бағалы қа-ғазды брокерлер мен дилерлер алып-сатады. Брокерлер – мәміле жасаған кезде клиент тапсырмасы бойынша, соның есебінен, белгілі төлем ала отырып, қыз-мет атқаратын делдалдар. Дилерлер өз атынан және өз есебінен бағалы қағаз саудасымен айналысады: бұл – жеке фирмалар, банктер, жеке тұлғалар – қор биржаларының мүшелері. Қор биржасының қаржылық қызметі оның мүшелігіне құқық беретін ак-ция сату; қор биржасының жүйелі мүшелік жарнасы; биржада жасалған әр мәміледен алынатын биржалық алымдар; биржа қызметінің басқадай табыстары есебінен жүзеге асырылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік қаржылық реттеу қажеттілігін айтыңыз.

2. Экономиканы қаржылық реттеуді қалай топтастырады?

3. Бағалы қағаз нарығына қатысушылар.

4. Салықтық-бюджеттік реттеу туралы айтыңыз.


жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау