53
Пəндік лексика жəне терминология:
-алдыңғы, кейінгі.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
– Осы санға қатысты кейінгі сан қалай туындайтынын жəне осыған
қатысты алдыңғы сан қалай туындайтынын түсіндір.
– Қалай ойлайсың, алдыңғы жəне келесі сандар орындарын
ауыстыра ала ма?
– Санаудың қандай түрлерін білесің?
Жазу:
-түрлі түсті қарындаштармен бояу.
Алдыңғы білім
Заттардың сандық ұғымы туралы алғашқы білім, геометриялық
фигуралар мен денелердің атауы.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Басталуы
0–5 минут
Ынталандыру.
Педагог балаларды өздерінің отбасы туралы
əңгімелеулерін сұрайды. «Отбасы» сөзінің мағынасын
түсіндіреді.
Өзектендіру.
Педагог балалардан отбасы деген не, оның бала өміріндегі
маңызы қандай деп сұрайды. Əрбір адам үшін отбасы – бұл
бала кезімізден бері бізбен бірге болған туған адамдар.
Отбасында адамның жеке басы, оның тəрбиесі
қалыптасады. Сондықтан əдетте адамның кім болатыны
отбасының қандай болуына байланысты
.
Ортасы
6–15
Үйренгенді бекіту
Балалар педагогпен бірге 20-ға дейін санамақ-əнді
орындайды.
(Т) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-суретке қарауды
ұсынады.
Балалар отбасы мүшелерін, содан кейін олардың
вагондарға орналасу тəртібін атайды.
Педагог балаларға сызықпен вагонды оның реттік нөміріне
сəйкес келетін цифрмен біріктіруді ұсынады.
Сергіту сəті.
Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың
соңын қараңыз.)
Əліппе-дəптер.
Компакт-диск,
20-ға дейін
санамақ-əн.
16–25
Бұрын үйренгенді бекіту
(Ө) Əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы орындау ұсынылады.
Балалар қалдырылған цифрды тауып, оны төмендегі
карточкалармен сызып қосып, бояйды. Осы тапсырманы
орындау реттік санау жəне цифрлық бейнені санның
сандық сəйкестігімен беттестіру білімін бекітуге ықпал
жасайды.
Əліппе-дəптер
Рефлексия
25-30
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы
бағалауды ұсынады.
Əліппе-дəптер
54
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі
сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті
салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын
жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті
салуға болады.
№20 ҰОҚ. Тақырыбы: Достарыммен
ойнаймын. Заттардың қасиеттері.
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды сынып/топ
Қатысушылардың саны: Қатыспағандардың
саны:
Оқыту мақсаттары
0.2.2.1.Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру.
0.2.2.2.Жиын элементтерін атау.
Күтілетін
нəтижелер
Барлық тəрбиеленушілер:
-заттарды көрсетілген қасиеті бойынша топқа (жиынға) біріктіреді.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-жиын элементтерін атайды жəне заттар қандай белгі бойынша
топтастырылғанын көрсетеді.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-берілген жəне/немесе өз бетінше таңдалған белгілер бойынша өз
бетінше жиындарды жасайды.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
-заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдерді құрастыра алады.
Пəндік лексика жəне терминология:
-заттың қасиеті,пішімі, өлшемі, түсі.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
– Осы топтағы заттар несімен ортақ екенін түсіндір.
– Қандай зат (фигура) артық деп ойлайсың?
– Осы топқа қандай заттарды (фигураларды) қосуға болады?
Жазу:суретті бастырып салу, жалғастыру.
Алдыңғы білім
Шеңбер, үшбұрыш, шаршы.
Негізгі түстер.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Басталуы
0–5 минут
Ынталандыру.
Педагог балалармен ойнауды жақсы көресіңдер ме,
достарыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар деп
əңгімелеседі. Олардың ҰОҚ- де пайдалы жəне қызықты
ойындар ойнай алатыны туралы хабарлайды.
Үлестірмелі
материал.
55
Өзектендіру.
«Затты тап» ойыны. Топпен ойнаймыз. Əр команда (топ)
бір затты жасырады. Ал басқа командалардың (топтардың)
мүшелері оларға «иə» немесе «жоқ» деген жауаптар беруге
болатын сұрақтар қояды. Мысалы, бұл заттың пішіні
дөңгелек пе? Ол қызыл түсті ме? Бұл киімнің бөлшегі ме?
Бұл ыдыс па?
Ортасы
6–15
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ)Жиынтық полотномен (немесе кесілген материалға
ұқсас) жұмыс. Жиынтық полотнода фигуралардың екі тобы
қойылған. Бірінде түстері бойынша, екіншісінде пішіні
бойынша фигуралар жиналған. Бірінші топтардың бірі
қаралады. Педагог мынадай сұрақтар қояды: Мына топтағы
заттар несімен ортақ? (Барлық фигуралар жасыл түсті.)
Екінші топтағы заттар несімен ортақ? (Олардың пішіні
бірдей.)
Жаңалық ашу.
(Ұ) Қандай фигураларды бірінші (екінші) топқа қосуға
болады? (Балалар фигураларды кенепке немесе жұмыс
үстелдеріне – кесілген фигураларды қояды).
Əрі қарай топтағы артық затты іздеуге арналған тапсырма
беріледі жəне зат қандай белгісі бойынша алынып
тасталатыны негізделеді. Алдымен белгілі бір белгісі
бойынша «артық» затты таңдау ұсынылады – шешімдер
нұсқаларынсыз (түсі, пішіні, көлемі бойынша). Ал содан
соң əртүрлі «артық» зат болуы мүмкін тапсырма ұсынуға
болады.
Мысалы, бір зат түсі бойынша «артық», екіншісі – пішіні
бойынша.
Мына топта қандай зат артық жəне не үшін екенін айта
аласыңдар ма? (текше – пішіні бойынша, қызыл шар – түсі
бойынша).
Электронды
қосымша.
Үлестірмелі
материалдар.Кес
ілген
геометриялық
фигуралар.
16–25
Жаңаны қолдану.
(Ж) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырма. Балалар заттарды
қарап, олардың белгілерін (пішінін, түсін, көлемін) айтады.
Содан соң педагог заттарды түстері бойынша
қорапшаларға жинап, оларды санауды ұсынады. Мұғалім
əрбір қорапшаға айналасындағы тағы қандай заттарды
(ойыншықтарды) салуға болатынын ойланып көруді
ұсынады.
(Ж) №2 тапсырманы мысалы, тек қатарларды ғана
жалғастырып қоймай, бірінші қатардағы пішіні бірдей
фигураларды бір түспен боятып, күрделендіруге болады.
№3 тапсырманы орындамас бұрын түс – пішін – көлем
деген шартты белгілер нені білдіретіні нақтыланады. Əрі
қарай тапсырма кейіннен тексеру арқылы өз бетінше
орындалады.
Əліппе-дəптер
Рефлексия
26–30
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.
Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы
бағалауды ұсынады.
Əліппе-дəптер
Достарыңызбен бөлісу: |