138
2.2.
Территорияның орташа шұғыл басымдылықта тұрақты əлеуметтік-
экономикалық дамуының жəне бəсеке артықшылықтарын, негізгі мəселелерінің,
тəуекелдіктерінің, ұстап тұру факторларының кешенді сипаттамасы
Осы бөлімде Қарағанды облысының дамуының негізгі мəселерін стратегиялық
талдаудың əділдігі жəне кешенді сипаттамасын қамтамасыз ету мақсатында облыс
аумағының ағымдағы жетілу деңгейін сипаттау жəне бағалау оның даму аспектілерін бір-
бірімен өзара байланыста ұсынылған:
– осы аумақтың халығының тыныс-тіршілігінің əлеуметтік тиімділігі (халықтың
сапасы);
– осы аумақтағы халықтың өмір сүру жағдайы (аймақтың жайлылығы);
– осы аумақтағы халықтың тыныс-тіршілігінің түрлері мен нəтижелері (аймақтың
өнімділігі);
Қарағанды облысының дамуының əрбір тұрғыдан жеткен деңгейін басқа
аймақтардың жетістіктерімен салыстыра бағалау аймақтың жағдайының жағымды
жəне жағымсыз жақтарын, сондай-ақ олардың облыстың əлеуметтік-экономикалық
жəне қоғамдық-саяси дамуына əсерін бағалауды құрайды.
Төменгі тұрған аспектінің қол жеткізген деңгейі жоғары тұрғанның мүмкіндіктерін
анықтайды, сондықтан əрбір аспектіні жоғарыдан төмен қарай дəйекті баяндау аймақтың
ағымдағы жетілу деңгейін қамтамасыз ету факторларын бағалау талдау, мəні бойынша -
негізгі мəселелерді, тəуекелдерді, тежеуші факторларды, бəсекелестік артықшылықтары жəне
тұрақты
əлеуметтік-экономикалық
дамуының
мүмкіндіктерінің
орта
мерзімді
басымдылықтағы кешенді сипаттамасын білдіреді.
2.2.1.
Тұрғындардың өмірлік қызметінің əлеуметтік тиімділігі
Тұрақты дамудың басты ресурсы мен кепілі,
мемлекеттің ұлттық, экономикалық
қауіпсіздік негізі халықтың өмір сүру сапасы – аумақта тұратын адамдардың интегралдық
қасиеті болып табылады. Ол халықтың тыныс-тіршілігінің əлеуметтік тиімділігінің деңгейімен
анықталады.
Қарағанды облысының халқының сапасы Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда
орта деңгейге жетеді:
– үш жылдың аралығында экономикалық белсенді халықтың санының азаюына
қарамастан, 2016 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халықтың деңгейі
64,6%, орташа республикалық мəннен 5,4% төмен, ел өңірлерінің арасында экономикалық
белсенді халықтың саны бойынша Қарағанды облысы 5 орында тұр (690,6 мың адам);
– көші-қон ағындарын тарту бойынша облыс Қазақстанның басқа өңірлерінің арасында
13 орында тұр, облыс бойынша 2017 жылдың қаңтар-маусымындағы миграцияның теріс
сальдосы 5514 адам құрайды
2.2.2. Осы аумақтағы халықтың өмір сүру жағдайлары
Мемлекеттің негізгі функциясы – азаматтарына өмір сүруге қолайлы жағдай жасап беру.
Осы мақсатта мемлекет бірқатар міндеттер орындайды: экономикалық жəне əлеуметтік
проблемаларды шешу, өз аумағында қорғаныс қамтамасыз ету, экономика мен қоғамның
тұтастығын басқару. Сондықтан аумақты дамытудың екінші аспектісі жəне таңдалған
халықтың сапасын анықтау факторы ретінде тұратын аумақтың жайлылығы таңдалды.
Қарағанды облысы халқының өмір сүруінің деңгейі бұл аумақта өмір сүрудің
жайлығының жеткіліксіз болуымен байланысты — 2015 жылғы мəліметтер бойынша өмір
сүрудің жайлығының алты көрсеткіштерінің біреу республиканың орташа мəндерінен төмен
болып табылады: