68
Бекітілген кезде оқу орнындағы криминогендік жағдай ескеріледі.
Мектептегі криминогендік жағдайға және оқушылар саны екі мыңнан артық
емес болуына байланысты мектептің полициялық инспекторы екі білім беру
ұйымына қатарынан бекітілуі мүмкін.
3. Мектептің полициялық инспекторы білім беру ұйымының ішкі істер
органдарында есепте тұратын оқушыларымен алдын алу жұмыстарын есепте
тұрған баланың тұрғылықты мекенжайы бойынша полицияның жасӛспірімдер ісі
жӛніндегі учаскелік инспекторымен (бұдан әрі - полицияның жасӛспірімдер ісі
жӛніндегі аймақтық учаскелік инспекторы) және бала оқитын білім беру
ұйымының әкімшілігімен бірлесе жүргізеді.
4. Есепке алынған баланы бақылау ісін не картотекалық есепті полицияның
жасӛспірімдер ісі жӛніндегі аймақтық учаскелік инспекторы Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 17 шілдедегі №400 «Қазақстан
Республикасы Ішкі істер органдарында жасӛспірімдер ісі жӛніндегі полициялық
учаскелік инспекторының жұмысын ұйымдастыру туралы» Ережені бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 18.08.2000жылғы
№1224 болып тіркелген бұйрығына сәйкес жүргізеді (Ішкі істер министрінің
2004 жылғы 1 қарашадағы №603-бұйрығымен ӛзгерістер мен толықтырулар
енгізілген).
5. Мектептің полициялық инспекторы ай сайын полицияның жасӛспірімдер ісі
жӛніндегі аймақтық учаскелік инспекторына есепке алынған баланың білім беру
ұйымындағы мінез-құлқы туралы ақпарат беріп отырады, ақпараттың кӛшірмесі
білім беру ұйымындағы бақылау ісіне тіркеледі.
6. Мектептің полициялық инспекторы әлеуметтік педагогпен бірге мына
тұлғаларды тізімдік есепке алып отырады:
1) мектепішілік есепте тұрған жасӛспірімдерді;
2) тұрмысы тӛмен отбасынан шыққан жасӛспірімдерді.
7. Мектептің полициялық инспекторы білім беру ұйымы әкімшілігімен әрбір оқу
тоқсанына жасалып (жоспар мектеп директорының тәрбие ісі жӛніндегі
орынбасарымен бірге жасалады), мектеп директоры және қоғамдық қауіпсіздік
полициясы жетекшісі бекіткен, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының
(бұдан әрі – қала/аудан органдары) жасӛспірімдер ісі жӛніндегі бӛлімінің
басшылығымен келісілген жоспар негізінде бірлескен әрекетті іске асырады.
8. Әр тоқсанда жоспар бойынша мектептің полициялық инспекторының мектеп
директорының тәрбие ісі жӛніндегі орынбасарымен, әлеуметтік педагогпен
бірлесе жүргізген жұмысының нәтижесі туралы анықтама жасалады.
9. Мектептің полициялық инспекторы білім беру ұйымында болуы керек.
Мектептің полициялық инспекторы каникул кезінде білім беру ұйымында
болуын жалғастыра береді, қажет болған жағдайда мектеп жанындағы балалар
лагерінде жұмыс істейді. Каникул кезінде білім беру ұйымы оқытушыларымен
бірге мектепте оқушылармен викториналар, құқықтық білім күндерін ӛткізеді,
спорттық іс-шаралар ұйымдастырады. Жасӛспірімдердің бос уақытын
ұйымдастыруға, оларды жұмысқа орналастыруға атсалысады. Оқушылар
арасындағы құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың алдын алуға бағытталған
жұмыстарға, рейдтік іс-шараларға қатысады.
69
10. Мектептің полициялық инспекторын оның құзырына тән емес жұмыстарды
орындату үшін пайдалануға тыйым салынады.
3. Білім беру мекемесі әкімшілігімен ӛзара бірлескен жҧмысты
ҧйымдастыру
11. Мектептің полициялық инспекторының білім беру ұйымы әкімшілігімен
бірлескен жұмысы оқушылардың заңға қайшы не қоғамға жат мінез-
құлықтарының себептері мен шарттарын зерттеуге бағытталған іс-шараларды
дайындау мен жүзеге асыруды және оларды таратпауға арналған шараларды
қамтитын жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
бірлескен жоспар негізінде құрылады.
12. Бірлескен жұмыстың негізгі формалары:
1) құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектепішілік комиссия
құрамында қатысу;
2) білім беру ұйымында жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылықтың
алдын алуға және болдырмауға арналған іс-шараларды орындауды тікелей
ұйымдастыру және жеке қатысу;
3) жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
білім беру ұйымы әкімшілігімен бірескен іс-шараны бірлесе жоспарлау, олардың
орындалуына бақылау жасау;
4) құқықтық тәрбиені бірлесе ұйымдастыру, соның ішінде бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы пікір білдіру;
5) ұзақ уақыт бойы дәлелсіз себептермен білім беру ұйымына сабаққа
келмеген балалар мен жасӛспірімдерді анықтауға арналған рейд ӛткізуге қатысу,
олардың сабақтан қашу себебін анықтау және олардың ата-аналарына, не оларды
алмастыратын адамдарға әсер ету жұмыстарын жүргізу, не тұрмысы тӛмен
отбасыларға әлеуметтік педагогтер және Жасӛспірімдер ісі және олардың
құқығын қорғау жӛніндегі комиссия арқылы материалдық кӛмек кӛрсету;
6) тұрмысы тӛмен және аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық жағдайын,
сонымен бірге мектепішілік есепте тұрған жасӛспірімдерді зерттеу;
7)
ата-аналарының
немесе
оларды
алмастыратын
адамдардың
қамқорлығынсыз қалған жасӛспірімдерді анықтау, оларға Жасӛспірімдер ісі
және олардың құқығын қорғау жӛніндегі комиссия арқылы тұрмыстық
жағдайын жақсартуға кӛмек кӛрсету;
8) сабақтан әдейі қашып жүрген, қылмыс жасаған жасӛспірімдердің
материалдарын қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына жеткенге дейін
сотқа немесе Жасӛспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жӛніндегі
комиссияға апаруға дайындау;
9) ата-аналарының не оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз
қалған жасӛспірімдерді қамқоршылық және қорғау органдарына орналастыру
үшін материалдар дайындау;
10) оқушылардың мектептен тыс бос уақытын ұйымдастыру бойынша
ұсыныстар енгізу;
11) ӛз балаларына тәрбие беру, бағып-қағу және оқыту міндетін
орындамайтын, не тиісті деңгейде орындамайтын ата-аналарға, не оларды
алмастыратын адамдарға материалдар жинау және Жасӛспірімдер ісі және