66
- оқушылардың қолы қойылған техника қауіпсіздігі журналы (компьютерлік
сыныптағы Техника қауіпсіздігі ережелеріне ғаламтор желісін қолдану
процедурасы туралы пункт енгізу (қараңыз: п.3 Білім беру мекемелерінде
ғаламтор желісін пайдалану ережелері);
- балалар мен жасӛспімдер арасында жағымсыз контенттерге кірудің алдын алу
бойынша ата-аналар жиналысының хаттамалары;
- компьютер сыныбындағы жұмыс графиктері;
- тыйым салынған контентті есепке алу\тіркеу журналы.
Қажетсіз ғаламтор ресурстарын шектеуді бақылауды техникалық
жабдықтау ҥшін қаржы іздестіру (мҥмкіндігінше)
6-БӚЛІМ
Полицияның учаскелік инспекторы жҧмысын ҧйымдастыру
2015 жылғы 21маусымдағы
«Білім беру мекемесіне бекітілген полицияның жасӛспірімдер ісі жӛніндегі
учаскелік инспекторы жҧмысын ҧйымдастыру туралы ережелерді бекіту
туралы» №372-бҧйрық
Жасӛспірімдер ісі жӛніндегі бӛлімшенің білім беру мекемелерінде білім
алатын жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын
жетілдіру мақсатында, БҦЙЫРАМЫН:
1. Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасӛспірімдер ісі
жӛніндегі инспекторы жұмысын ұйымдастыру туралы ұсынылған Ереже (бұдан
әрі – Ереже) бекітілсін.
2.
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер
департаменті бастықтарына:
1) қоғамдық қауіпсіздік бӛлімшелері қызметкерлерінің, Полицияның білім
беру мекемелеріне бекітілген жасӛспірімдер ісі жӛніндегі инспекторларының
білімін бағалайтын жауынгерлік және қызметтік дайындық жүйесіндегі ішкі
істер органдарының басқарушы және инспекторлық құрамының Ережені оқып-
үйренуін ұйымдастыру;
2) Ереженің Қазақстан Республикасының жасӛспірімдер желісіндегі ішкі
істер органдарының жұмысын реттейтін заңдарына сәйкес Ережені ережедегідей
дәлме-дәл және бірдей қолданылуын қамтамасыз етсін.
3. Бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне жүктеледі.
Ішкі істер министрінің м.а.
милиция генерал-майоры К. Касымов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі Б. Айтимова
« 23 » маусым 2005 ж.
67
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы «21» маусымдағы
№372-бұйрығымен бекітілген
Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасӛспірімдер ісі жӛніндегі
учаскелік инспекторы жҧмысын ҧйымдастыру туралы
Ереже
Бұл Ереже полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасӛспірімдер
ісі жӛніндегі учаскелік инспекторы жұмысының құқықтық негіздерін
анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасӛспірімдер ісі жӛніндегі
учаскелік инспекторларының (бұдан әрі – мектептің полициялық инспекторы)
негізгі міндеттері болып табылады:
1) оқушылар арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың және
бақылаусыздықтың алдын алу және жол бермеу, жасӛспірім-құқық
бұзушыларды, сонымен бірге заңға қарсы бағыт ұстанатын жасӛспірімдер
топтарын анықтау;
2) қылмыстық әрекетке барған, не қоғамға жат қылықтар жасаған
жасӛспірімдердің ата-анасын, не оларды алмастыратындарды, сонымен бірге
оларды қылмысқа тартқан адамдарды анықтау;
3) ата-аналардың, не оларды алмастыратындардың, сонымен бірге баланы
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәрбиелеу, бағып-қағу және оқытуға
мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы лауазымды тұлғалардың
жауапкершілігін арттыру;
4) білім беру ұйымы әкімшілігіне жалпы орта білім алудан әдейі қашып
жүрген оқушыларды білім орнына қайтаруға арналған іс-шаралар ӛткізуге
кӛмектесу;
5) жасӛспірімдердің құқығына, мүддесі мен бостандығына қол сұғып
жүрген адамдарды анықтау;
6) тұрғындарға, ата-аналарға және оқушыларға жасӛспірімдер арасында
қылмыстың, құқық бұзушылықтың, бақылаусыздықтың алдын алу мәселелері
бойынша құқықтық кӛмек кӛрсету, жасӛспірімдердің заңға бағынатын мінез-
құлқын қалыптастыру;
7) ӛмірдің ауыр жағдайларында қалып қойған жасӛспірімдерді әлеуметтік
қалпына келтіруге кӛмек кӛрсету;
8) жасӛспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың
алдын алу және болдырмау ісімен айналысатын басқа ішкі істер бӛлімдерімен,
мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ӛзара қарым-қатынас жасау.
2. Мектептің полициялық инспекторының жұмысын ұйымдастыру
2. Мектептің полициялық инспекторы облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД) басшыларының
бұйрығымен білім беру мекемелеріне бекітіледі. Мектептің полициялық
инспекторының жоғары заңгерлік не педагогикалық білімі, ішкі істер
органдарында істеген үш жылдан кем емес еңбек ӛтілі болуы керек.