Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 1,59 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата19.11.2018
өлшемі1,59 Mb.
#20580
1   2   3   4

ТАРИХ СЫРЫ ТЕРЕҢДЕ

Сонау 


шежірелі 

жылдарға 

көз 

жүгіртсек,  облыстық  атқару  комитетінің 



1987  жылғы  желтоқсан  айының 31 жұл-

дызындағы  №621  қарарымен  бұрын ғы 

Сырдария  ауданының  Жамбыл  ауыл-

дық кеңесіне қарасты Белкөл елді мекені 

«Белкөл қыстақтық кеңесі» болып қайта 

құрылды.  Осы  қарарда  көрсетілгендей 

Белкөлдің 

Сырдария 

ауданынан 

30  шақырым  қашықтықта  екендігі 

ескеріліп,  Қызылорда  қалалық  атқару 

комитеті 

əкімшілігінің 

қарамағына 

бекітілгені  де  айтылады.  Бұл  қарар 

1984  жылғы 15 ақпандағы  Қазақ  ССР 

жоғарғы  кеңесінің  «Қазақ  ССР-інде 

əкімшіліктердің 

аймақтық 

орналасу 

тəртібі  туралы»  жарлығын  басшылыққа 

ала  отырып  шығарылған.  Алғашқы 

кезде 2 мың  тұрғыны  бар  қыстақта 

құрылыс  жұмысы  қарқын  алып,  бертін 

келе  халық  саны  көбейген.  Тағы  бір 

елеулі оқиға, халық депутаттары Белкөл 

қыстақтық  кеңесі  атқару  комитетінің 

алғашқы  жергілікті  сайлауы   1988  жылы 

27  наурызда  Қазақ  ССР-і  заңдарының 

№54  бабы мен  өткізілген.  Сондай-ақ, 

қыстақтық  кеңестің    алғашқы  мəжілісі 

де  сол  жылы 28 сəуірге  бекітілген.  Осы 

мəжілісте  халық  депутаттары  Белкөл 

қыстақтық  кеңесі  атқару  комитетінің 

мүшелері  міндетті  жұмыс  тарын  бөлісіп, 

жұмыс  жоспары  бекітіліп,  тұрақ ты 

комиссия   тағайындалған.  Қыстақтық 

кеңес тің  шарықтап  дамуы   1988-1989 

жылдармен  сəйкес  келеді.  Сол  жылда-

ры  кент  тұрғындары  үшін 89 пəтерлік 

тұрғын  үй  кезекпен  беріле  бастады. 

Орта лықтандырылған 

жылу 

жүйесі, 


локомотивтік  депо,  электр  орталығы, 2 

бес қабатты тұрғын үйлер, 280 орындық 

бала бақша  ел  игілігіне  берілді.  Бұл 

жетістік тəуелсіздікке бет бұрған кенттің 

алғашқы жетістіктері еді. 

ЖАҢА БЕЛЕСКЕ 

БАСТАҒАНДАР

Белкөл  кентінде  ұзақ  жылдар  бас-

шылық  жасаған  азаматтың  бірі – Дулат 

Тау баев.     Ол елдің көркейіп-көрік   тенуіне, 

əл-ауқатының  артуына   атсалыс ты.  Мұнан 

соң кентті Ақылбек Арыстанов басқарды. 

Өте  тəжірибесі  мол,  істің  көзін  білетін 

азамат  абыройлы  еңбек етті. Бүгінде кентке  

жас  əкім  Асхат  Жорабекұлы  Ибрагим  

басшылыққа келді.  

Белкөл қала орталығынан 12 шақырым 

шалғайда  орналасқан.  Кенттің  жер  көлемі 

5378  гектарды  құрайды.  Ал,  мұндағы 

тұрғындардың жалпы саны – 3476. Кентте  

795  отбасы  бар.  Мұнда  белсенді  еңбек 

ететін  тұрғындардың 475-і  бюджеттік, 

1693-і  жеке  мекемелерде  қызмет  жасайды. 

Ал, 221 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, ел 

өміріне қомақты үлес қосуда.

Өзге  елді  мекендер  секілді  кент-

те  қоғамның  əлжуаз  тобына  жата-

тын  тұрмысы  төмен  отбасыларына 

кəсіпкерлер  жəне  үкіметтік  емес  ұйым-

дардың  демеушілігі  арқылы  жəрдем 

уақытылы беріледі. Мерекелерде   салта-

натты шаралар ұйымдастырылып тұрады. 

Мəселен,  жаңа  оқу  жылы  қарсаңында 

республикалық «Мектепке жол» акциясы 

аясында кенттегі жəрдемге зəру 62 балаға 

280 мың теңгенің оқу құрал- жабдықтары 

берілген.

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ 

ІЗГІЛІКТІ ІСТЕР

Бүгінде 3 мектепке дейінгі білім беру 

ұйымдары кішкентай балақайларды білім 

нəрімен  сусындатуда.  Белкөл  кентінің 

өзінде 1 мемлекеттік, 1 жеке  балабақша 

жəне 1 мектепке  дейінгі  шағын  орталық 

жұмыс жасап, 140 балаға құтты шаңырақ 

болып  отырғаны  көңілге  қуаныш  ұяла-

тады.  Кенттегі  тағы  бір  жағымды  жаңа-

лық – №93 «Балапан»  санаторлық 

балабақшасы  қазыналық  кəсіпорын  бо-

лып  қайта  ашылды.  Осылайша  мұнда 

150  баланы  қабылдауға  мүмкіндік  туды. 

Бүгінде  аталған  балабақша  кенттегі 80 

балаға білім мен тəрбие беруде. 

«Бірқазандағы»  №145  орта  мектебінің 

тарихы 1938 жылдан  басталады.  Қазіргі 

«Бірқазан» станциясынан 5 шақырым жер-

де «Кеңтабан» бас тауыш мектебі ашылып, 

оның басшысы  Сəрсенбай Самалихов  де-

ген кісі болған.

1940  жылы  Ұлы  Отан  соғысы  қар-

саңында  колхоз  орталығы  «Көкжиде» 

разьезі не  көшіріліп,  жетіжылдық  мек-

теп  ұйым дастырылды.  Сол 1940-1942 

жылдары  жетіжылдық  мектептің  ди-

ректоры  болып  Ыдырыс  Дүйсенбаев  

қызмет  істеген.  Соғыстан  кейінгі  жыл-

дарда қазіргі Киров ауылының тұрғыны, 

Ұлы  Отан    соғысының  ардагері  марқұм 

Баттал  Жүсіпов  мектеп  директорының 

тізгінін ұстаған. Ұлы Отан соғысы жыл-

дары  мектепте  ұстаз,  директор  болып  

қызмет  атқарған  Мəнсүр  Кəрібаев, 

Дариға Дəрменбаеваны ауыл тұрғындары 

мақтанышпен əрдайым еске алады.

1949  жылы  мектеп  «Бірқазанға» 

көшіріліп,  онда  бастауыш  мектеп  бо-

лып ашылып, тұңғыш директоры  Мəнсүр 

Кəрібаев    болған.  Білім  ордасында 4 

мұғалім  қызмет  атқарыпты.1955-56  жыл-

дары  мектеп  жетіжылдық  болып  қайта 

құрылған. 

Мектеп  өмірінің  əр  кезеңдерінде 

басшылық  жасап,   баға  жетпес  еңбегін 

сіңірген  мектеп  басшылары,  Ғабиден 

Қайдауылов,  дербес  зейнеткерлер – 

Айтбай  Сайымов,  Жұмабек  Мырзахме-

тов болды. Мектеп 2000 – 2001 оқу жы-

лында орта мектеп болып қайта ашылды. 

Сол  жылдардан  бері  мектепте  қаншама 

ұрпақ  тəрбиеленіп,  жетістіктері  ауыз 

толтырып  айтарлықтай  нəтиже  берді. 

Қазіргі  жас  ұрпақтың  жаңа  техноло-

гияларды  игеру,  білім  кеңістігін  жан-

жақты  меңгеру  бағытын  бетке  ұстаған 

білім  нысанында  білім  беру  бағдарына 

жіті  көңіл  бөлінген.  Кенттегі 2 орта 

мектеп  жаңашылдықпен  жұмыс  жа-

сауда.  Мұндағы  ұлағатты  ұстаздар 

мен  өнегелі  оқушылар  өз  кезегінде 

қалалық,  облыстық    деңгейдегі  байқау-

сайыстарда біліктілік танытып, жүлделі 

орындарды иемденіп келеді.

Сондай-ақ,  тарихы  тереңге  кет-

кен  №189, 145 киелі  білім  ошақтарының 

ұстаздары бүгінде өскелең ұрпаққа саналы 

тəрбие мен сапалы білім беруде.



ЗИЯЛЫЛАР ТҮЛЕП 

ҰШҚАН

Белкөл  аумағынан  өміріне  бастау 

алып,  респуб ликаға  танымал  болған 

азаматтар   көптеп  саналады.  Солардың 

бірі – Тəжен  Елеуов,  республикаға  та-

нымал  азамат  қазақ-кеңес  тарихшысы, 

тарих   ғылымының  докторы,  профессор, 

азамат  соғысы  тарихын  зерттеуші.  Есімі 

Қазақ  Совет  энциклопедиясынан  орын 

алған.  Сондай-ақ,  мемлекет  қайраткері – 

Қазақстанның сыртқы істер жəне мəдениет 

министрі болған, Қазақ Совет  энциклопе-

диясын  құрастырушылардың  бірі,  про-

фессор    Мүсілім  Базарбай,  Алматыдағы 

Абай  атындағы  университеттің  тарих  

ғылы мының 

докторы, 

профессор 

Күзек  Назханов,  Қазақстанның  пар-

тия,  совет   қайраткері  Ибрагим   Еділбаев,  

республикаға  танымал  дəрігер-ғалым 

Əлмырза Тəшпенбетов сынды даңқты аза-

маттарымен бүгінде ел мақтанады. 

Сырдария  ауданында  мəдениет,  білім 

бөлім дерін  ұзақ  жылдар  басқарған  Мəді 

Маханов,  мектеп  директоры    Алтын-

сары  Шүренов,  Қорқыт  ата  атындағы 

мемлекеттік 

университетінің 

деканы, 


физика-математика ғылымдарының канди-

даты  Нұртаза  Əбдірахманов – осы  жерде 

дүниеге келген.

 

 



РУХАНИ ДІҢГЕГІ 

ҚУАТТЫ

Кенттің 


мəдени 

өмірінде 

тұрғындармен  түрлі  мерекелік,  сая-

си    шаралар  өткізіліп  келеді.  Танымдық 

шараларға  қариялар  қауымы  көптеп 

шақырылып,  жастар  жағы  белсене 

атсалысқан.  Мұның  өзі  аға  буын  мен 

кіші буын арасында ұрпақ сабақтастығын 

өркендетуге негіз болған.  

Адам  жанына  рухани  азық  болатын 

кітап ханада 11703 кітап қоры жиналған, 

910 тұрақты оқырманы бар.  Онда мəдени 

шаралар  тұрақты  өткізіліп,  мерейлі 

күндерге  қатысты  кітап  көрмелері 

көпшілік назарына ұсынылып отырған.

«Абай» 


шаруа 

қожалығының 

төрағасы 

Мұрат 


Нұрсайытовтың 

демеушілігімен 300 адамға 

арна-

лып  ашылған  «Қалмұхамед  ишан» 



мешіті    көпшіліктің  алғысына  бөленіп, 

діни 


сауаттылықты 

насихаттайтын 

имандылық мекеніне айналып отыр.  

Сондай-ақ,  «Бірқазан» елді мекенінде 

бой  көтер ген  «Тағзым  алаңы»  ескерткіші 

де  ерлігіміздің  мəртебесін  көтеріп  тұр. 

Тарихтың таңбалы ескерт кішін «Бірқазан» 

елді  мекенінің  тумасы, «Интегрострой» 

ЖШС  директоры  Бақдəулет  Ысқақов, 

жергілікті  жерден  шыққан  кəсіпкерлер 

жəне  ауыл  тұрғындары  бірлесіп  өз 

қаражаттары  есебінен  салдырған.  Міне, 

мұның  бəрі  кенттегі  бірлігі  бекем,   рухы 

биік  туған  жерді  тұғыр  санаған  мəрт 

перзенттердің  азаматтық  болмысының 

жемісі.  



КƏСІПКЕРЛІК 

КӨКЖИЕГІ

Белкөл  кенті  бойынша  шағын  биз-

нес  саласы  қарқынды  дамып,  кəсіпкерлік 

нысандар   саны  алдыңғы  жылға  қарағанда 

16 пайызға артып отыр.  

Жеке  кəсіпкерлер  А.Асанқұлов  пен 

М.Омарова  кентте  жобалық  құны 500 

млн. теңгені құрайтын 800 мың тонналық 

газбен  толықтыру  стансасының  тер-

минал 


құрылысын 

салуда. 


Қазіргі 

уақытта  кенттің 4 жұмыссыз  азаматын 

жұмыспен  қамтуда,  келешекте 20 аза-

мат  мұнда  тұрақты  еңбек  ететін  бола-

ды.  Сонымен  қатар, «Бірлік-ойл»  ЖШС 

кенттегі  ескі  жылу  орталығына  жөндеу 

жұмыстарын  жүргізіп,  құны 400 млн. 

теңге  тұратын  мұнай  жөнелту  терминал 

құрылысын жаңғыртуда. Алдағы уақытта 

терминал  іске  қосылса 40-50 азамат 

жұмыспен  қамтылатын  болады.  Сондай-

ақ,  Қызылорда-Шиелі  авто жолының 

бойында  «Сырдария-Авто»  ЖШС  ауыр 

жүк  көліктеріне  арналған,  техникалық 

қызмет  көрсететін  сервистік  орталық 

жұмыс  атқарып,  ел  экономикасына  өз 

үлесін қосуда. 

Кентте 


ирандық 

технологиямен 

«Омran LTD» ЖШС газоблок шығаратын 

зауыт  құрылысын  жүргізуде.  Зауыттың 

жобалық  құны – 70 млн.  теңге.  Зауыт 

іске қосылғанда айына 10 мың газоблок  

шығарып, 20 жұмыс орны ашылады деп 

күтілуде.

Жеке  кəсіпкер  А.Сейтжаппаровтың 

«Батыс 


Европа-Батыс 

Қытай» 


автожолы ның бойынан халыққа қызмет 

көрсететін  кафе,  вулканизация,  қонақ 

үй,  ипподром  құрылысын  бітіруге 

жақын.  Жаңа  нысандар 25 адамға 

жұмыс көзін ұсынбақ. 

Бұған  қоса,  жеке  кəсіпкер  Б.Нұрым-

бетов  «Батыс   Европа-Батыс  Қытай» 

автожолының  бойы нан   С,  Д  санаты 

бойын ша  жанар  май  құю  бекеті,  кафе, 

автобөлшектер  дүкені,  жеңіл  жəне  ауыр 

автокөліктерге  арналған  эстакада,  де-

малу  орындары  бар  халыққа  қызмет 

көрсету 

орталығының 

құрылысын 

бастамақ.  Кенттегі  ескі  депо  құрылыс 

алаңынан бетон  бұйымдарын шығаратын 

өндіріс  орнын  ашуға  əзірлік  жұмыстары 

жүргізілуде.  Болашағы  баянды   қызу 

тірліктің  көрінісі  көркейген  кенттің 

кəсібінде  өрлеу  бар  екендігінің  айқын 

дəлелі.


КӨШЕ КӨРКІ – 

ЖАРЫҚ ШАМДАР

Кенттегі 

жолдардың 

ұзындығы 

21,5  шақырымды  құрайды.  Оның 2,168 

шақы рымына  асфальт, 7,832-не  тас 

төселген. Ал, 11,5 шақырымы қара жол-

дар.  Əбдіқадыров,  Есмаханов, 2-Ли-

ния  көшелерінің  жолдарының  орта-

ша  жөндеу  жұмыстарына  бюджет-

тен  қаржы  бөлініп,  жоба  сметалық 

құжаттары дайындалған. Асфальт төсеу 

жұмыстарын  жасау   үшін    бюджеттік 

өтінім  берілген.  Кентте 5 дана  электр 

трансформаторлары  орнатылған. 2 ор-

талық  көшеге  түнгі  жарық  орнатылған. 

Бұдан 

басқа 


кенттегі 

Есмаханов, 

2-линия,  

Путейская, 

Əбдіқадыров 

көшелерін  жарық тандыруға  жоба  сме-

талық құжаттар əзірленген.

Көктемгі  екі  айлық  көркейту-көгал-

дандыру  жұмыстары  аясында  кентте 

біршама  жұмыстар  атқарылған.  Осы 

науқандық  шарада  №189  мектеп,  №93 

«Балапан»  балабақшасы,  №189  мек-

теп  жанындағы  интернат, «Ғазиза» 

мемлекеттік  емес  балабақшасы,  кент 

əкімінің  аппараты  «Жол  жөндеуші» 

ЖШС-  ның  ғимараты  мен  ескерткіш 

аумағына  барлығы 1700 түп  ағаш 

көшеттері  отырғызылған.  Нəтижесінде, 

оның 70 пайы зы  жайқалып өсуде. Келе-

шекте кент тұр ғындары жасыл  желектің 

рақатын көріп,  саясында кең тыныстап  

демалатын болады.



ШАРУА ШЫРАЙЫ

Кенттегі  шаруашылықтардың  дамуы  

мұндағы  тұрғындардың  дəулетін  тасы-

тып,  берекесін  кіргізеді.  Қазірде  мұнда 

тіркелген 13 шаруа  қожалығының 

9-ы  жұмыс  жасауда.  Шөбі  шүйгін 

шаруа   қожалығында  ірі  қара – 583, 

уақ  мал – 1387, жылқы – 208 бас. 

Мемлекеттік 

бағдарлама 

игілігімен 

«Бірқазан», «Аманкелді», «Абай»  шаруа 

қожалықтарына  субсидиямен  қомақты 

қаржы  бөлініп,  олар  өз  кəсібінің  нəсібін 

көріп,  шаруашылықтарының  шырайын 

кіргізіп  отыр.  Кəсіп  иелері 32 азаматты 

тұрақты жұмыспен қамтуда.

Осылайша,  жаңа  айшықты  жоба-

ларды  жүзеге  асыруға,  мемлекет  тап-

сырмасын мінсіз орындауға бет бұрған 

белкөлдіктер  салмақты  жұмыстарды 

еңсеріп 


тастады. 

Елде 


ынтымақ 

пен  береке  салтанат  құрса,  адал 

еңбектің  құдіретімен  таудай  несібе 

аймақ  тайқазанына  құйылар  сəт  алыс 

емес.  Міне,  бұл  жетістіктер  кенттің 

тəуелсіздік  жылдарында  қол  жеткізген 

табыстарының  бір  парасы  ғана.  Алда 

атқарылар  шаруалар  шаш  етектен. 

Алайда,  ұйысқан  ынтымақ,  берекелі 

бірлік,  еңселі  еңбек  тоғысса,  алынбай-

тын  қамал,  шықпайтын  шың  болмай-

ды.  Бақуаттылық  белесіндегі  Белкөлде 

белді істер атқарыларына сенім мол.  

Сұқбатты жүргізген: 



Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА.

Суретті түсірген:



Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹79      11 ҚÀÇÀÍ, 2016 ÆÛË

ҚÎҒÀÌ

2

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

Басы 1-бетте

Шара  барысында  алдымен  об-

лыстық  ішкі  саясат  басқармасының 

дін мəселелерін зерттеу орталығының 

директоры Бақытжан Камалов қазіргі 

таңдағы  тəрбие  мен  дін  төңірегінде 

пікірін  білдірді.  Еркін  қалыпта  өткен 

кездесуде  тыңдармандар  арасынан 

сұрақтар  қойылды.  Əсіресе,  жас тар 

тəриесі  мен  бос  уақытын  тиімді  пай-

далану турасында айтылды.

Қазіргі  уақытта  дінді  дұрыс 

түсінбей,  өзге  ағымдардың  же тегінде 

кетіп  жатқан  жастар  жетерлік.  Бұл 

–  білімсіздіктің  нəтижесі.  Сонымен 

қатар, атадан қалған ұлттық тəрбиенің 

əлсірегендігі  осындай  олқы лыққа 

ұрындырып отыр. Дəс түрлі емес діни 

ағымға  ша қырушылар  жастар  сана-

сында  отанға,  ата-анаға  деген  көз-

қарасты өзгертуге тырысады. 

Мəди ҚҰРМАНƏЛІ.

ИМАН

А.Тоқмағамбетов 

атындағы мəдениет 

үйін де дін мəселелерін 

зерттеу орталығының ұйым-

дастыруымен «Қоғамдағы 

жастар, руханият жəне 

тəрбие» тақырыбында 

жастармен кездесу өтті. 

Шараға дəстүрлі əнші 

Шынберген Тілеулесов, 

өзбек этно-мəдени 

орталығының төрағасы 

Ашур Хамидов, жəне 

бірқатар сала мамандары 

қатысып, тұщымды 

жауап берді.

ҚАМЫСТЫ 


БОС ҰСТАСАҢ, 

ҚОЛЫҢДЫ КЕСЕДІ



БЕЛКӨЛ –

ЖАҢА БЕЛЕСТЕ

Шара 


барысында 

«Престиж» 

кафесінде 100-ге  тарта  мүмкіндігі 

шектеулі  азаматтарға  арналып  ақ 

дастарқан  жайылды.  Оған  қалалық 

жұмыспен  қамту  жəне  əлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  басшысы 

Гүлмира  Рахметова  қатысып,  мереке 

иелерін айтулы күнмен құттықтады.

Айта  кетейік,  бұл  шара  биыл 

ұшқындықтар  тарапынан  үшінші 

мəрте  ұйымдастырылып  отыр.  Осы-

дан  төрт  жыл  бұрын  құрылған  атал-

мыш  бірлестік  бүгінде  көмекке  зəру 

кембағал жандарға қол ұшын беруден 

аянған емес.

– Қазіргі таңда бірлестікте 52 адам 

бар,  оның 48-ін  мүмкіндігі  шектеулі 

жандар  құрайды.  Бірлестік  жаны-

нан  жиһаз  дайындау  мен  тігін  цехы, 

полиграфиялық,  жарнама,  сервистік 

қызмет көрсету бөлімдері жұмыс жа-

сайды. Облыс бойынша Арал, Қазалы, 

Шиелі  жəне  Байқоңыр  қалаларында 

бөлімшелеріміз  ашылған.  Бүгінде 

қайырымдылық  мақсатта  аталмыш 

бөлімдермен 

етене 


байланысып, 

бірлесе  қызмет  етіп  келеміз,  – дейді 

бірлестік төрағасы Бақыт Жұмашев.

Атаулы күн қарсаңында бас қосқан 

жарымжан  жандар  шад-шадыман 

күйге  бөленіп,  кеш  соңы  мерекелік 

концертке ұласты.

Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.

ҚАМҚОРЛЫҚ

«ҰШҚЫНДЫҚТАР» 

ҚОЛ ҰШЫН БЕРДІ

Қазан айының 10-шы 

жұлдызы жарымжан жандар үшін 

ерекше күн. Бұл күні мүмкіндігі 

шектеулі жандарға жасалар 

құрметтің қай түрі де артықтық 

етпейді. Осы орайда аталмыш күн 

қарсаңында «Ұшқын» мүгедектер 

құқығын қорғау жəне жəрдем 

беру» қоғамдық бірлестігінің 

ұйымдастыруымен іс-шара өтті.

Сырдария  ауданы,  Бесарық  ауылында 

тұратын  – Оңғарбаевтар отбасындағы Гүлнара 

Ермағанбетова  27 жасында бес баланың ана-

сы  атанған.  Ол  бес  баланы  бағып-қағуда 

ешқандай  қиындыққа  мойынсынбайтынын 

айтады.  Үйінің  ұйытқысы  болу,  ерін  сыйлау,  

кішіпейілділік  сияқты  ізгі  қасиеттер  қара 

шаңырақтан  алған  тəлімі.  Алдағы  уақытта  да 

Алла нəсіп етсе, сəби сүйіп күміс, алтын алқа 

иегері атанғысы келеді.

–  Отбасы  бақыты – құдай  қосқан 

қосағыңмен балалардың қызығын бірге көру, – 

дейді бізбен əңгімесінде жас ана.  – Көпбалалы 

шаңырақта    тəрбие  алған  сəбилер  бір-біріне 

бауырмал  келеді. «Əйелдің  бақыты – бала-

сында»  дейді  емес  пе!  Маған  сəбилерімнің 

сыңғырлаған  күлкісі  қуаныш  сыйлайды. «Бір 

қозы  туылса,  бір  түп  жусан  артық  шығады» 

демекші  əрқайсысының  өз  несібесі  бар, – 

дейді ол.  

Шын  мəнінде  отбасында  барды  қанағат 

етіп,  ерін  піріндей  көретін  бойжеткендер  азай-

ып  бара  жатыр.  Бір-екі  баланы  қанағат  тұтып, 

барыма  береке   берсін  дейтін  шаңырақтар 

қаншама.  Оның  қасында  бес  баланы  дүниеге 

əкеліп,  əулетін  шаттыққа  бөлеп  отырған  біздің 

кейіпкеріміз əйел бақытына лайық жан.

Қазір  шаңырақ  шаттығын  сыйлаған  төрт 

ұл  мен  бір  қыз  көзқуаныш  болып  өсіп  келеді. 

Отанасы  олардың  тəрбиесіне  ерекше  мəн 

береді.  Өзі  ауылдағы  «Бөбек»  балабақшасында 

тəрбиеші  қызметінде  болды.  Яғни,  қызметі  де 

отбасындағы  рөлі  де  бала  тəрбиесімен  тікелей 

байланысты. 

Отағасы  Мадияр  екеуі  шаңырақ  көтерген 

күннен  балалы  үйдің  базарлы  екенін  ұғына 

білді. Олардың тұңғышы мектеп оқушысы бол-

са, кенже бөбегі екі айлық.  

«Отбасы – шағын 

мемлекет» 

деп 


тегін  айтылмаған.  Бір-біріне  дəл  осындай 

сыйластығы  мен  сүйіспеншілігі  арта  түскен 

жастар  еліміздің  іргесін  нығайтып,  рухымыз-

ды  асқақтатыны  анық. «Балалы  үй – базар» 

демекші, барлығының басы қосылғанда базар  

болатын  шаңырақта  бақыт  құсы  қалықтай 

берсін деген тілектеміз.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.

ШУАҚТЫ ШАҢЫРАҚ 

Шаттық шұғыласы 

Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Қазір төрт-бес сəбиі бар үйді көрсек, таңдай қағып, таңғалатынымыз бар. 

Көпшіліктің көкейінде оның бəрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Əр баланың өз несібесі бар» деп өзімізді жұбатып 

қоямыз. Қай кезде де нəресте дүниеге келсе бір түп жусанның артық шығатынын жақсылыққа бағалайтын қазақ емеспіз бе?



жүктеу 1,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау