Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата19.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#20581
1   2   3   4

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

4

¹78   8 ҚÀÇÀÍ, 2016 ÆÛË

Ò²Ðز˲Ê

Меншiк иесi:

жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

Бас директор

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Қызылорда қалалық «Ақмешіт

апталығы» газетінің редакциясы

Бас редактор

Əділжан ҮМБЕТ

Телефондар:

Бас директор - 70-00-36

Бас редактор - 40-01-09

Қабылдау бөлімесі - 70-00-37

Бас редактордың орынбасары - 40-11-10 

Жауапты хатшы, бөлімдер - 40-11-10

Газеттің негізін қалаған Əділхан БƏЙМЕН

Мекен-жайымыз: 120008, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4. Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйі.  

 

Нөмірдің кезекші редакторы Айдана СЕЙІЛ.



Газет Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат 

агенттігінде 11.07.2014 жылы қайта тіркеліп, №14459-Г куəлігі берілген.

«Ақмешiт апталығы» қалалық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына 

сəйкес сертификатталған.

Аптасына 2 рет, сейсенбі, сенбі күндері шығады.

Жарияланған материалдардағы пікірлер редакция көзқарасымен сəйкес келе бермейтіндігі, деректер 

мен мəліметтердің нақтылығына автордың, хабарландыру иесінің жауапты екендігі ескертіледі.

Газет редакцияның компьютер орталығында 

теріліп, беттеліп,«Сыр медиа» ЖШС 

баспаханасында басылды.  Тел: 8(7242) 40-06-68

Газеттің  таралымы бойынша  70-14-08 телефонына 

хабарласуға болады.

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 4.

Таралымы 4611         Тапсырыс №1196

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

СПОРТ

ҚЫСҚА-НҰРСҚА

КӨКЖИЕК

Бүгінде  сандық  түбіндегі  сарғайған  сол  хаттар-

ды  қолға  алып,  жастықтың  жалынды  күндерін,  кешегі 

кешкен  өмір  естеліктерін  сағынышпен  еске  алушы-

лар  қатары  көп.  Себебі, «Ұлы  емші – уақытқа  сот  бар 

ма, сая бырлап келе жатыр хаттар да» деп жауһар жыр 

жолдарында  жырланғандай,  оны  өмір  ағысының  өзі 

ығыстырып  бара  жатқанына  көзіміз  бүгінде  анық 

жеткендей.   Расында, айшылық алыс жерлерден жылдам 

хабар алғызған қазіргідей ақпараттық-технология зама-

нында хат жазуға ешкімнің де иек арта бер месі белгілі. 

Десек  те,  күн  санап  дамитын  тех ника  хаттың  орнын 

толық баса алмасы тағы анық.

Мəселен,  менің  хат  жазбағаныма  он  үш-он  бес 

жылдай уақыт болыпты. Əлі есімде... Бастауыш сынып  

оқушысы  болуым  керек,  студент  атанған  үлкен  екі 

əпкеме хат жазатынмын. Біз тұрған ауыл шет аймақта 

орналасқандықтан  сол  кездері  əке-шешем  əйтеуір 

əпкелеріммен  байланысты  сол  арқылы  жалғайтын. 

Алматы   мен  ауылдың  арасын  шарлап,  біз  жазысқан 

сол дүниелер бір айлап жетсе де, кеше жазған хат бүгін 

жеткендей асыға күтіп оқитынбыз. Осылайша жүріп-

ақ  мен  оның  жазу  тəртібін  жақсы  меңгеріп  алдым.  

«Жағдайыңыз  қалай,  ауырмай-сырқамай  жүрсіз  бе? 

Оқуыңыз  бір  қалыпты  ма?  Үлкен  қалада  ауа-райы 

қандай? Ал, өзіме келсем, менде бəрі ойдағыдай. Үй-

іші,  көрші-көлем  тегіс  аман»...  Міне,  мен  жазатын 

хат дəл осылай басталатын. Қағаз бетіне үйде болып 

жатқан  жаңалықтар    түгел  жазылып,  артынша  жана-

шыр  бауырлардың  сағынысқан  сөздеріне  ұласатын. 

Диктант жазғандай аса ұқыптылықпен қарап, шимай-

ланса, ерінбей қайта көшіретінмін. Жазып болған соң, 

міндетті  түрде  бір  оқып  шығамын.  Құдды  шығарма 

жазғандай.  Сөйтіп,  екі  бүктеп,  анама  беретінмін. 

Оның қашан жетерін білмесек те, пошташыға апарып 

аманаттау  анам  екеуміздің  міндетті  жұмысымызға 

айналған-ды.

Ал,  сіз  оны  жазғандағы  ерекше  сезімді  бас тан 

өткеріп көрдіңіз бе? Ғашықтық хатты былай қойғанда, 

амандық-саулықты  жеткізіп,  оны  қағаз  бетіне  жүйелі 

түсіре  білудің  өзі  үлкен  өнер  екені  сөзсіз.  Сөйтсек, 

бұл – балаға  дұрыс  сөз  қолданысы  мен  сөйлеу 

мəдениетін  меңгертуде  септігін  тигізіп,  сөйлемдердің 

тиянақтылығы,  нақтылығы  мен  шашыраңқы  шатпақ 

ойдан  арылып,  жүйелі  жаза  білуге  дағдыландыратын 

үлкен мектеп екенін қазір ұғынғандаймын.

Жазылған  хат  иесі  жыртпайынша,  аса  бір 

құжаттай сақталып қалады дедік қой. Жақында ғана 

жазылғанына 25 жыл  болған  хат  қолыма  тиді.  Бұл 

анам қарашаңырақтың иесі – ағама жүкті болғанда 

келген  екен.  Оны  дүниеге  келер  нəрестеге  есім 

таңдап  үлкен  жеңгем  сонау  алмалы  Алматыдан 

жолдапты.   Анам  аман-есен  қол-аяғын  бауырына 

алған  соң  есім  жазылған  сол  дүниені  иткөйлекке 

орап  шамаданның  түбіне  тастаған  екен.  Ширек 

ғасыр  сақталған  бір  жапырақ  қағаз  да  осылайша 

қымбат естелікке айналыпты. 

Ал, қазір сымсыз байланыс қарыштап дамыған за-

манда  көзді  ашып-жұмғанша  ақ парат  алмасуға  зор 

мүмкіндік бар. Ұялы телефон мен əлеуметтік желілер 

арқылы туған-туыс, дос-жаранға жылдам əрі оңай хат 

жазуға болады. Десек те, бұл жылдамдық адамдардың 

бір-біріне  жүрек  сырын  көсіле  жеткізуге  мүмкіндік 

бере  бермейтіні  анық.  Ары  кетсе, 3-4 сөйлеммен 

ғана 

шектелесің. 



Жағдай 

сұрайсың, 

аманды-

ғыңды  жеткізесің,  болғаны  сол.  Тіпті,  электронды 



пошта   қызметі  дамығалы  кəдімгі  пошта  қызметіне 

жүгінушілер саны да жоқтың қасы.

–  Қазіргі  таңда  пошта  қызметі  арқылы  ағайын-

туыстың  арасында  амандық  хат  мүлдем  жүрмейді 

десем  де  болады.  Оған  техникасы  дамыған  қоғам  да 

айтарлықтай  зəру  деп  айта  алмаймын.  Бəрі  уақыт 

жағынан  ұтқысы,  қалаған  ақпаратына  уақытында 

қол  жеткізгісі  келеді.  Дегенмен,  сарбаздар  сəлемін 

білдіретін  хаттардың  ара-тұра  келіп  тұратынын 

жасырмаймын.   Негізінде, біз қазіргі таңда хат тасуда   

көбіне  банктерге  қызмет  көрсетеміз, – дейді  №12 

қалалық пошта байланыс бөлімшесінің хат тасушысы 

Роза Сəменова.

Ал,  біз  бұл  үрдістің  жиі  болмаса  да  əскерде 

жақсы сақталғандығын жоққа шығара алмаймыз. 

Отан алдында парызын өтеп жүрген жас сарбаз-

дар  ата-анаға  күнде  ұялы  телефонмен  хабарлас-

са да, хат жазудың орны мүлдем бөлек екендігін 

айтады.

«Таң атпайын десе де, күн шықпасына қоймайды» 



дегендей  өркениетті  қоғам,  алға  жылжыған  уақыт 

қашанда өз үздігін таңдап алады. Заман ағысына ілесу 

деген  де  осыдан  туған  дүние.  Əйткенмен,  сан  мың 

жыл  бойы  екі  тарапты  байланыстырған  бұл  хабар 

тасымалдаушысы  əлі күнге дейін де өз өміршеңдігін 

жоғалтпайтындығына  сенім  мол.  Себебі,  оған  аса 

қажеттілік  туындамаса  да,  оны  қолданыстан  мүлдем 

ысырып тастау мүмкін емес. Ал, сіз оқырман, соңғы 

рет қашан хат жазғаныңыз есіңізде ме?

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

Ақ парақ пен қара қаламды қолға алып, ішкі дүниеңдегі сезім мен ой түбінде жатқан сөздерді көркем кестелеп хат жаза білу де қарымды қабілетті қажет етеді. Сонау жылдарда талай 

елді елдестіруде, талай қос ғашықтың бір-біріне деген іңкəр сезімін қалтқысыз əсерлі жеткізуде бұл хат ерекше маңызға ие болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Талай сырлар 

айтылып, талай жырлар жазылған бұл дүние хат алысып, хат жазысқан əрбір жанда қымбат естелік ретінде қалары сөзсіз. Маңыздылығы да сол, ондағы сөздер тез ұмытылмай, құнды 

құжат іспетті сақталып қалатындығында жатыр.

ХАТ ЖАЗЫП ТР...

Қарт  Қаратау.  Тіл  ұшына  осы 

бір  сөз  тіркесі  еріксіз  орала  береді. 

Таудың  етегіне  бара  қалсаңыз,  оның 

тастарына  қарай  отырып,  ескі  заман 

көз  алдыңда  еріксіз  көлбең  қағады. 

Қаншама  ғасырлар  өтті.  Бір  кездері 

Қаратау  заңғар  көкпен  таласқан 

биік  болған  шығар-ау.  Оны  кімнің 

көзі  көрген?  Қазір  ше?  Шөгіп  бара-

ды.  Тура  жасы  келген  адам  секілді. 

Орташа  биіктігі 1800 метр  екен.  Ең 

биік  тұсы – Мыңжылқы.  Оның  өзі 

де  аспанмен  таласқан  талай  шыңның 

қасында өте пəс.

Қаратауды 

қазыналы 

қарияға 

теңеп  жатамыз.  Елдің  басына  қауіп-

қатер  алып  келген  талай  қилы  кезең 

өтті  емес  пе?  Біздің  білетініміз – 

берідегі  қиян-кескі  шайқастар  ғана. 

Ғалымдар  бұл  таудың  жердің  бетінде 

пайда  болғанына  қаншама  милли-

он  жыл  өткенін  айтады.  Ал  одан  бері 

талай  мəрте  жылғадан  су  ағып,  сан 

рет  ағаштар  бүршік  жарды.  Қаншама 

ұрпақ алмасса да, Қаратау адам бала-

сымен бірге жасап келеді, əлі де талай 

ұрпағына құпиясын аша жатар... 

Ескі замандарда ежелгі адамдар осы 

таудың баурайын мекен еткен деген де-

ректер  бар.  Оның  айқын  куəсі – тасқа 

қашалып  салынған  суреттер.  Мұндай 

тарихи орындар 400 шақырымға созы-

лып  жатқан  Қаратау  қойнауында  өте 

көп. Ғалымдар оларды қола дəуірі мен 

орта  ғасыр  аралығында  бейнеленген 

деп  жорамал  жасап  жүр.  Археологтар 

зерттеуге алған тастағы таңбалы сурет-

тер қазір мыңнан асады. 

Жаңақорған  ауданының  қазіргі 

Талап   ауылының  тұсында  да  осындай 

киелі орындар бар. Оңтүстік Қазақстан 

облысы  Созақ  ауданының  Қызылорда 

облысымен  шектесетін  аймақтарында 

да  ондай  орындар  жетерлік.  Ғалым-

дардың  айтуынша,  шимайлы  тастар 

тік,  қия  жəне  ірілі-ұсақты  қой  тастар-

да  бедерленген.  Көшпелі  тайпалар 

өзінің өмір сүру дəстүрі жайлы кейінгі 

ұрпаққа  аманат  еткен  секілді.  Салт-

сана,  діни  түсініктер,  ырымдар  жəне 

əдет-ғұрып қашап салынған көне туын-

дыларда өз бейнесін тапқан.

Аңшылық  өнерді  де  сурет  арқылы 

жеткізгісі  келген  екен.  Қола  дəуірінде 

қашалған  тастарда  соғыс  арбалары 

көптеп  кездеседі.  Жергілікті  халықтың 

ежелгі  рухани  өмірін  айшықтайтын 

ерекше  мəдени  ескерткіштер  біздің 

халқымыздың  тамыры  тереңде  жат-

қанын,  біздің  де  өзге  жұрт  секілді  та-

рихымыз  қаншама  дəуірлерге  созы-

латынын  айғақ  етеді.  Осыдан  кейін 

Қаратауды  қазыналы  қартқа  теңемей 

көріңізші.  Қойнауына  көз  салсаңыз, 

бүгілген талай  құпияның кілті табылып, 

қалың қазақтың кəдесіне жарар еді-ау... 



***

Жаңақорған  ауданы  тұсындағы 

Қатынқамал  үңгірі  жайында  көпшілік 

жақсы  біледі.  Бұл  жер – тарихи  орын. 

Жаугершілікте  қалың  елге  пана  бол-

ды. Алайда, оның құпиясы əлі ашылған 

жоқ.  Үңгір  қалай  пайда  болды  екен? 

Ел  айтатын  əфсана  түрліше  сөйлейді. 

Ғылым  тілімен  дəйек  жоқ.  Қазірге 

дейін  Қаратау  қойнауында  жатқан 

50-ге  жуық  қамал  бар  екен.  Көбісі  əлі 

зерттеле  қоймапты.  Киелі  қоныста  ел-

жұрттың аузында жүрген талай жерлер 

əлі де құпиясын ішіне бүгіп жатыр. 

Ескінің əңгімесін жақсы білетін бір 

ағамыз бірде маған:

–  Тастүскен  деген  жерді  білесің 

бе? – деп  сұрады.  Елең  ете  қалдым. 

Бұрын-соңды  естімеген  екенмін.  Ба-

сымды шайқауға тура келді. 

– Ол қай жерде? 

Бұл – менің  сауалым.  Ағамыздан 

сыр тартып көрмекшімін.

–  Ол  жер  Қаратауда  орын  теп-

кен.  Əрине,  елдің  көзі  онша  түсе 

бермейді.  Оған  бару  жаяу  жолаушыға 

оңай  тимейді.  Жастау  кезімде  сол 

жерде  болған  едім.  Жаратылыстың 

құдіретіне  шек  болсайшы.  Кəдімгідей 

тас  түскендей  көрініс  береді.  Сондай-

ақ, үлкендерден Күйгентас деген жерді 

де естігенмін.

Атынан-ақ  көрініп  тұр,  тау  таста-

ры өртенген секілді қарақошқыл болып 

тұрады  екен.  Бұдан  басқа  да  осындай 

жерлер бар. Алайда, бұл жерлер əлі де 

түбегейлі зерттеліп жатқан жоқ. 

***

Табиғаттың  тамашасына  көз  сал-

ғыңыз  келсе,  Қаратаудың  баурайы-

на  барсаңыз,  келбеті  көркем  көптеген 

көрікті  жерлерді  көріп,  көңіліңіз 

көтеріліп  қайтады.  Жаратылыстың 

сұлулығы мұнда да жетіп жатыр. Оны 

қолмен  қашап  жасаған  мүсіншінің 

туын дысы   дерсіз.  Алайда,  оның 

барлығы  он  сегіз  мың  ғаламның  төл 

туындысы.  Беткейінің  топырағы  да 

басқаша,  қоңыр  жəне  қызғылт  қоңыр 

түсті, келген адамның көзіне ол бірден 

түседі. Сан алуан өсімдіктер де таудың 

келбетіне шырай қоса түседі.

Көктем  мезгілінде  таудың  етегі 

қызылды-жасылды  қалы  кілемдей 

жайнап  кетеді.  Қырдың  қызғалдағы, 

сарғалдағы  жəне  өзге  гүлдер  көздің 

жауын   алады.  Құдды  бір  Иран 

бағын  аралап  жүргендей  əдемі  күйге 

бөленесің. 

Əсіресе, 

қызғалдақты 

айтсаңызшы.  Айтпақшы,  қазір  əлемде 

гүл  бизнесімен  өркенін  жайған  Гол-

ландия  оның  түпкі  отаны – Қазақстан 

екенін жоққа шығарып отырған жоқ. 

1246  жылы  итальян  жиһанкезі 

Плано Карпини Қарақорымға сапарға 

шыққан екен. Жолай Қаратаудың етегі 

арқылы  жүрген.  Жергілікті  жердегі 

сұлу  табиғатқа  тəнті  болған  ол  қазақ 

даласының  керемет  көрініс  аз  емес 

екеніне еріксіз бас шайқаған. Көктем 

мезгілі  болғандықтан,  Қаратау  етегі 

де  алуан  түске  боялып,   өзіне  еріксіз 

баурап  тұрған  шағы  екен.  Жиһанкез 

қызғалдаққа  көз  салып,  жанында 

жүрген қосшыларына “Не деген əсем 

гүл?”  деп  таңданысын  білдіріпті. 

Оның  тұқымын  өзімен  бірге  ала  кет-

кен  көрінеді.  Ендеше,  қазір  жер-

жаһан жұрты аузының су құрып там-

санатын  сұлу  қызғалдақ  ерте  кезде 

Қаратаудың  баурайынан  жеткізілген 

деп жорамал жасауға негіз бар. 

Бұл  бізге  ой  саларлық  дүние.  Біз 

əлі  күнге  дейін  қазақ  жерінің  қымбат 

қазынасын  тани  алмай  келеміз.  Өкі-

ніштісі,  қазір  қызғалдақ  дегенде  Гол-

ландия елі ойға орала береді... 



***

Қаратауды  мекен  еткен  аң  мен 

құс көп-ақ. Кезіндегі салқын көзқарас 

олардың  кейбірінің  тұқымын  тұздай 

құрта жаздағаны рас. Солардың бірі – 

арқар.  Ол  мүйізі  күнмен  шағылысып, 

саят құрған пендеге өзінің сұлулығын 

паш ете түседі. Ғалымдар оның негізгі 

шыққан  жері – Қаратау  деп  айдай 

əлемге  жар  салып  жүр.  Бəлкім,  солай  

да  шығар.  Қаратау  арқары  тек  осы 

жерді  ғана  мекен  етеді.  Жарықтық 

жануар  өзге  өңірді  өз  қонысы  секілді 

көре  алмайды  екен.  Таулы  аймақтың 

жазықтау  жерінде  жүретін  аң  олай-

бұлай көшіп жүргенді қалай бермейді. 

Қашаннан  да  бір  сəттік  қызық  үшін 

басқасына  бас  ауырта  бермейтін 

аңшылар  арқарды  оңды-солды  мыл-

тықтың 


шүріппесіне 

байлағаны 

өкініштен  өзегімізді  өртей тіні  тағы 

бар.  Бүгінгі  күні  тау  жақ қа  жолыңыз 

түссе, оны көре алмай қалуыңыз ғажап 

емес. Ұшқан құс пен жүгірген жануар  -

ды   есепке  алатын  ғалымдар  оның 

саны  кеміп  бара  жатқанын  айтып, 

дабыл  қағып  жүр.  Өткен  ғасырдың 

жетпісінші  жылдарында  таудың  бау-

райында бар-жоғы 150-250 арқар көзге 

ұшырасқанға ұқсайды.

Қазір  одан  екі  есеге  азайып  кет-

кен.  Қаратау  қойнауы  одан  өзге  де 

аң  мен  құсқа  толы.  Жемтігін  түзден 

іздейтін  қасқыр  да  бар.  Қырдың 

қызыл  түлкісі  де  көзге  ұшырасып 

жатады.  Басқасы  да  көп-ақ.  Олар 

да  азайып  бара  жатыр.  Адамның 

ашкөзділігі  ғой  бұл.  Ертеңін  ойла-

майды.  Бүгінгіге  мəз.  Табиғаттың 

тартуына  қол  сұғып  жатыр.  Қашанға 

дейін?  Қайдам?  Əйтеуір,  ет-жүрегің 

езіледі.  Жаратылыстың  байлығын 

сақтай алсақ қой, шіркін...

***

Ғалымдар 

Қаратаудың 

қойны-


қонышы  қазба  байлыққа  толы  дейді. 

Бұл  сөздің  жаны  бар.  Қорғасын  мен 

мырыш,  фосфор  секілді  қат  дүниелер 

қоры жетерлік мұнда. Гипс, цемент те 

кездеседі.  Кейбірі  өндіріліп  те  жатыр, 

ендігі  біріне  түрен  тие  қойған  жоқ... 

Қаратаудың құпиясы көп-ақ...

Əділет ТАЛАПТАН.

ДАРХАН ДАЛА АҢЫЗДАРЫ

ҚÀÐÀÒÀÓ 


ҚÀÐÀÒÀÓ 

ҚҰÏÈßËÀÐÛ

ҚҰÏÈßËÀÐÛ

Қалың қатпарлы Қаратаудың соңғы сілемдері Сыр өңіріне жетіп жығылады. Қазақ даласының 

оңтүстік өлкесін бойлап жатқан тау қашаннан да ұлтымыз үшін ұлық тұтқан киелі мекеннің бірі. 

Бағзы заманнан байтақ даламыздың көркін кіргізіп, ажарына əр берген, елге нəр берген. 



FACEBOOK 

ХАТТАРДЫ ҚҰПИЯ 

ҰСТАЙДЫ

Facebook  қолданушылардың 

хат  алмасуына  мүмкіндік  бе-

ретін  мессенджерге end-to-end 

шифрланған  бағ дарламасын  ен-

гізді.  Бұл  туралы searchengines.

ru 

хабарлайды. 

Технология 

хаттардың қауіпсіздігін сақ тауға 

бағытталған. Осы арқылы адам-

дардың жеке құпиялары мен өзі 

ту ра лы  мəліметтерді  жасыруға 

болады.

Сонымен қатар, Фейсбук мес-

сенджеріндегі  хаттар  белгілі  бір 

уақыттан  соң  автоматты  түрде 

өші ріледі.  Бұл  шифрлық  бағдар-

лама баптауларда «құпия чаттар» 

деп  белгіленген. «Құпия  чатта» 

қол данушылар  мəтіндік  хабарла-

ма,  сурет,  стикерлермен  бөлісе 

алады.  Бірақ,  ол  арқылы GIF-

суреттер мен видео жіберуге бол-

майды.


Егер  екі  қолданушыда  да 

Messenger-дің  соңғы  нұсқасы  ор-

натылған  болса,  онда  олар  «құпия 

чат» режиміне кіре алады.



АЛТЫН СМАРТФОН 

Ұялы  телефондарды  əрлеу-

мен 

айналысатын 

ресейлік 

Caviar  компаниясы iPhone 7-нің 

арнайы  топтамасын  шығарды 

деп 

хабарлайды Lenta.ru-ға 

сілтеме 

жасап 

ҚазАқпарат. 

Басы лымның жазуын ша, смарт-

фондардың  саны  шектеулі  жəне 

олар Ресей пре зиденті Владимир 

Путиннің туған күніне арналған.

Supremo Putin Damascus 

атауына 

ие 


болған 

үлгілер 


өрнек  термен 

жəне 


мемлекет 

басшы сының  барельефті  порт-

ретімен  безендірілген.  Телефон 

дизайнының екі түрі бар: титандық 

гаммада жəне алтынмен əшекейлі.

Гаджеттер  жадының  көлемі - 

128 жəне 256 гигабайт. Жаңа теле-

фондардың  құны 207 мың  рубль-

ден 232 мың рубльге дейін жетеді. 

Тираж 64 данамен шектелген.



БАНК  РОБОТТЫ 

ҚЫЗМЕТКЕ АЛДЫ 

Тайваньдағы First Com-

mercial Bank-інде 

жапондық 

SoftBank  үшін  жасалған Pepper 

есімді адамға ұқсас құлтемір рес-

ми түрде жұмыс істей бастады – 

деп хабарлайды 24 kz. 

Роботты  жеңіл  операцияларға 

тестілеу  маусым  айында  бас-

талған 


болатын,  

алайда 


ол 

тұтынушылармен  жұмыс  жаса-

ма ған.  Ал,  қазір  ол  банкке 

келушілердің  көңілін  аулайды. 

Бірақ  ақша  аударымы  сияқты  опе-

рациялар тапсырылмайды. Тайвань 

банкі SoftBank-тен  барлығы 20 ро-

ботты  жалға  алды.  Механикалық 

көмекшілерді сатумен жəне қызмет 

көрсетумен  айналысатын Perobot 

компаниясы  құлтемірлерді  айы-

на 836 доллар  төлеп,  жалға  алуды  

ұсынады.  Тайваньдағы  орташа 

айлық 45 мың тайвань долларын не-

месе 1490 АҚШ долларын құрайды.

Ақпарат агенттіктерінің  

материалдары пайдаланылды.

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 

МЕРГЕНДЕР ЖЕҢІСІ

Үстіміздегі  жылдың 27 қыркүйек - 2 

қазан 

аралығында 

Алматы 

қаласында 

стенд  атудан    ересектер  арасында  Қазақстан 

Республикасының чемпионаты өтті. 

Облыстық  дене  шынықтыру  жəне  спорт  бас-

қармасының  баспасөз  қызметінен  хабарлағандай,  жа-

рыста  облыстық  жоғары  спорт  шеберлігі  жəне  №1 

облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған 

балалар-жасөспірімдер  мектеп терінің  спортшылары 

төрт медаль олжалап, жалпы командалық есепте екінші 

орынды иеленді. Бірінші орында – Шымкент, үшінші 

орында – Алматы қалалары.

Трап  жəне  дубль-трап  бойынша  Айжан 

Досмағамбетова 2 алтын  медальді  иеленді.  Мак-

сим  Коломоец  дубль-траптан  үшінші  алтынды 

қоржынға  салса,  Виолетта  Ягодарова  қола  жүлдеге 

қол жеткізді. 



«ҚАЙСАР» ХОККЕЙ 

ОЙНАЙДЫ

Қызылордада 

жасөспірімдер 

арасын-

да  шайбалы  хоккейден  ел  чемпионатының 

бірінші туры өткізіледі.

Бұл  жарыс 10 қазан  күні  «Мұз  айдыны»  спорт 

кешенінде    болады.  Онда 2004 жылы  дүниеге  кел-

гендер бақ сынасады. Жарысқа «Астана-2» (Астана), 

«Алматы №18» ұлдар, «Алматы» қыздар, «Каспий» 

(Ақтау), «Юность -2» (Қарағанды), «Қазақмыс» 

(Сəтпаев), «Горняк» (Рудный)  жəне  «Қайсар» 

(Қызылорда)  командалары  қатысады.  Ел  чемпиона-

ты облысымызда алғашқы мəрте өткізілуде.

Жарысты  ұйымдастырушы  Қазақстан  шайба-

лы  хоккей  федерациясы,  Қызылорда  облысының 

дене шынықтыру жəне спорт басқармасы. Жарыс 16 

қазанға дейін жалғасады.  

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР 

САЙЫСЫ

Қазалы ауданында ауыл спортшыларының 

XXX «Алтын күз-2016» облыстық спартакиада 

бағдарламасы  бойынша  көкпар,  аударыспақ, 

теңге ілу сайыстары аяқталды. 

Бұқаралық  спортты  дамыту,  ауылдық  жерлерде 

саламатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық ойын-

дарды  халық  арасында  кеңінен  насихаттау    жəне 

аймақ жастарының ұлттық спортқа қызығушылығын 

арттыру  мақсатын  ұстанған  сайыс  өте  тартысты 

өтті.  Нəтижесінде  көкпардан  Жаңақорған  ауда-

ны  жеңімпаз  атанса,  Шиелі – екінші,  Қармақшы – 

үшінші орындарды иеленді. 

Аударыспақ  шеберлері 3 салмақ  дəрежесінде 

сынға 

түсті. 


Жаңақорғандықтар 

өздерінің 

мықтылықтарын  көрсетіп,  бас  жүлдені  жеңіп 

алды. Қазалы – күміс, Сырдария – қола жүлделерді 

иеленді.  Теңге  ілу  сайысында  Жаңақорған  көш 

бас таса, Шиелі - екінші,  Сырдария – үшінші орын-



дарды еншіледі.

жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау