Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата19.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#20581
1   2   3   4

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹78      8 ҚÀÇÀÍ, 2016 ÆÛË

ҚÎҒÀÌ

2

АҚПАРАТТАР 

АҒЫНЫ

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

МҰРАҒАТ

МІНДЕТ

ДЕНСАУЛЫҚ

ТАРАЗЫ

ҚАУЫМДАСТЫҚ 

ҚОЛДАҒАН ЖОБА

Облыстық Азаматтық 

Альянсы қауымдастығының 

қолдауымен «Социум» 

əлеуметтік жобасы аясында 

«Ару ана» қоғамдық 

бірлестігі сурет байқауын 

ұйымдастырды. 

Қоғамдық  бірлестік  тө-

райымы 

Раушан 


Сарым-

сақованың 

айтынша, 

кон-


курстың мақсаты еліміз дегі та-

рихи оқиғалар мен тұлғаларды 

бейнелеу  арқылы  жас  ұр-

пақтың  бойында  патриоттық 

қасиеттердің    қалыптасуына 

ықпал ету. 

Байқау  қорытындысы  бой-

ынша жас суретшілердің үздік 

деп  танылған  шығармалары 

Тасбөгет  кентіндегі  оқушылар 

үйінің  фойесінде  қойылды. 

Жеңімпаздар  диплом  жəне 

естелік  сыйлықтармен  мара-

патталды. 



ТӨРДІҢ СƏНІ – 

ҚАРИЯ

Корей этномəдени 

бірлестігі қарттар күніне 

орай мерекелік шара 

ұйымдастырды. «Алекс» 

би мектебінің бишілері мен 

əнші Александр Шегай 

ардагерлерге арнап өнер 

көрсетті. Кішкентай балалар 

ардагерлерге сыйлықтар 

таратты.

Қонақтарды 

«Қоғамдық 

ке лі сім»  КММ  директорының 

орынбасары,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 

мүшесі 

А.Жұ мабаев, «Қазақстандағы 



орыс  қауымдастығы»  облыс-

тық  филиа лының  директо-

ры  В.Толоконников  жəне  ко-

рей  этномəдени  бір лестігінің 

төрайымы  Е.Ким  құттықтап, 

жылы лебіздерін білдірді.

Қариялар  шараны  өткізуге 

демеушілік  жасаған  «Жас-

мин»  кафесі, «Невеста»  сало-

ны, «Кореана»  кафесі  басшы-

ларына,  кəсіпкерлер  Аркадий 

Ким, Александр Цой жəне Еле-

на  Цой, «Саяхат»  турфирма-

сы - Наталья   Новиковаларға 

алғыстарын білдірді.

  

ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ 



ҰЛЫҚТАЛДЫ

 

Облыстық тарихи 



- өлкетану музейінің 

ұйымдастыруымен ЗК-169/5 

түзету мекемесінде көшпелі 

мұражай көрмесі өткізілді. 

Көрмеде  көне  жəдігер-

лер,   ағаштан,  аң  терілері нен  

жасалған 

түрлі 

бұйым дар 



қойылды. Музей қыз мет керлері 

Н.Оспанов  жəне  С.Елібаев 

көрменің  бүгінгі  тыныс-тір-

шілігімен,  ондағы  ескі  бұйым-

дардың  қолданылу  ерекше-

ліктерімен  таныстырды.  Ұлт 

құндылықтары 

ұлықталған 

салта натты  қөрмені  мекемедегі 

75  сотталған  азаматтар  асқан 

қызығушылықпен тамашалады.

Аталмыш  тұғырнама  негізінде  партия 9 

бағыт-бағдарламамен  жұмыс  жасайды.  Соның 

бірі  «Денсаулық  сақтау»  бағыты.  Осы  орай-

да,  жиналған  сарапшылар  күн  тəртібіндегі 

«Міндетті əлеуметтік медициналық сақ тандыру» 

жүйесінің  жай-жапсарын  талқылады.  Елімізде 

келесі  жылдан  бастап  енгізілетін  бұл  жоба-

ны  халыққа  түсіндіру  шарасы  қолға  алынған. 

Бүгінде  сарапшы  топ  өкілдері  ауыл-аймақты 

аралап, халықпен кездесулер ұйымдастыруда. 

Отырыста «Нұр Отан» партиясы қалалық фи-

лиалы төрағасының бірінші орынбасары Шəріп 

Əбдірахманов  төрағалық  етті.  Ал,  қалалық 

мəслихат  депутаты,  аталған  бағыттағы  топ 

жетекшісі, облыстық медициналық орта лықтың 

басшысы  Сəбит  Пазылов  күн  тəртібіндегі 

мəселенің  халық  үшін  маңыздылығын  атап 

өтті.  Медициналық  сақтандыру  жүйесінің 

ең  тиімді  тұстарын  №3  қалалық  емхананың 

бас  дəрігері  Гүлстан  Əубəкірқызы  баянда-

ды.  Ол  жаңа  жүйе  арқылы  халықтың  сапа-

лы  əрі  толыққанды  медициналық  кө мек  алуы 

қолжетімді, 

дəрі-дəрмекпен 

қамтамасыз 

етілуі,  амбулаториялық,  стационарлық  көмек 

кепілдендірілген  түрде  жүзеге  асатынын  тілге 

тиек  етті.  Аса  жауапкершілікті  қажет  ететін 

денсаулық саласындағы бұл жүйенің көпшілік 

үшін тиімділігі зор болмақ. 

Айдана СЕЙІЛ.

Сондай-ақ, аталмыш сала бойынша Ұлт Жоспары жүйелі іске асы-

рылып,  өткен  жылдың  өзінде  мемлекеттік  экономика  мен  қоғамды 

дамыту   аясында  жаңа 59 заң  қабылданды.  Бұл  өзгерістер  тікелей  сот 

жүйесіне де қатысты. Мəселен, ағымдағы жылдан бастап халықаралық 

стандарттарға  сай  сот  ісін  жүргізудің  үш  сатысы  енгізілді.  Сонымен 

қатар  əр  бес  жыл  сайын  судьялардың  мемлекеттік  тексерістен  өтуі 

міндеттелген.  Ал,  мұндай  тексеруден  еңбек  өтілі 20 жылдан  асқан 

судья лар  ғана босатылатын болады.

Бұл туралы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы 

Бақытжан Қалымбет облыс əкімдігінің баспасөз орталығында өткен бри-

фингте  мəлімдеді.  Сондай-ақ,  жиынға  облыстық  сот  судьялары  Артур 

Наримов  пен  Гүлсім  Таңатова  қатысып,  соңғы  тоғыз  айда  сот  əділдігін 

жүзеге  асыру  барысында  атқарылған  жұмыстар  мен  оңтайлы  өзгерістер, 

Елбасының 100 нақты  қадам  «Ұлт  Жоспары»  аясында  атқарылған  шара-

лармен таныстырды.

Мемлекет  басшысының  Қазақстан  халқына  Жолдауында  құқықтық 

саясаттың маңызды мəселесі – азаматтардың Конституция кепілдік беретін 

сот арқылы қорғалу құқығы мен сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдету, 

оған  жаңа  ақпараттық  технологияларды  белсенді  енгізу  сынды  мақсат-

міндеттерге  бағытталған  нəтижелі  жұмыстар  атқарылды.  Мəселен,  сот 

өндірісін жетілдіру аясында іске қосылған «Сот кабинеті» сервисі онлайн  

қызметтік  жүйеге  еркін  қол  жеткізіп, «бір  терезе»  қағидасы  бойынша 

жұмыс  жасауда.  Осы  орайда  аталмыш  қызмет  арқылы  соңғы    тоғыз  ай 

көрсеткіші  бойынша 18 мыңға  тарта  талап-арыз  түскен  болса,  оның 15 

мыңнан астамы электронды түрде ұсынылған.

Айта  кетейік,  Ұлт  Жоспарының 19 қадамын  іске  асыру  мақсатында 

республика судьяларының кезектен тыс VII съезі қараша айының басын-

да өткізіледі деп жоспарлануда. Аталмыш съезде судьялардың жаңа əдеп 

кодексі қабылданатын болады.      



Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

Осыған орай, елімізге шет елден 

арнайы мамандар келіп, ревматолог 

дəрігерлердің  біліктілігін  артты-

руда.  Нəтижесінде  жылдан  жылға 

ревматология саласы қарқынды да-

мып келеді.

Қызылорда  қалалық  ауруха-

насында 

«Қазақ 


ревматология 

алқасы»  қоғамдық  бірлестігі  жəне 

«Asyl  Сlinic»  біліктілікті  арттыру 

институтының  ұйымдастыруымен 

«Ревматоидты  артрит  жəне  остео-

пароз  ауруларында  емдеудің  жəне 

диагностикалық  зерттеудің  жаңа 

заманауи  тəсілдері»  тақырыбында 

облыстық семинар өтті.

Оған  профессор  Ғ.Тоғызбаев, 

Ресейдегі  В.А.Насонов  атындағы 

ғылыми-зерттеу  орталығының  сəу-

лелі  диагностика  зертханасының 

меңгерушісі 

А.Смирнов 

жəне 


«Қазақ 

ревматология 

алқасы» 

қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

Ш.Баймұхамедовтер 

келіп, 


өз 

тəжірибелерімен бөлісті. 

Екі  күнге  созылған  іс-шараға 

өңіріміздегі 

барлық 

медицина 



орталықтары  мен  емханалардан  ар-

найы мамандар қатысты. Сондай-ақ, 

семинарға қатысқан дəрігерлерге ар-

найы сертификат табысталды.



Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

Мереке қарсаңында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлері 

«Қарттарымыз – асыл    қазынамыз!»  ұранымен  облыстық  онкология 

орталығында болып, мұндағы паллиативтік бөлімінде емделуші қарттарды 

мерекелерімен құттықтады.

Төрімізді  байытып,  ортамызды  толтырып  жүрген  қазыналарымызды 

құрметтеу бүгінгі ұрпақтың парызы. Осы орайда, орталық қызметкерлері 

емделушілерге дастархан жайып, сыйлықтарын табыстады.

Ел  ынтымағы  мен  бірлігінің  ұйытқысы  болған  қазыналы  қарттарға 

жасаған қамқорлықтары үшін ардагерлер шексіз ризалықтарын білдіріп, ақ 

баталарын берді.

А.ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

Секцияны  Қорқыт  ата  атын-

дағы 

ҚМУ 


ректоры, 

техни-


ка 

ғылымдарының 

докторы 

Қылышбай  Бейсенов  ашып,  бұл 

бас қосудың 

маңызды 


екенін 

жеткізді.

– Бүгінде Ұлттық академияның 

ғалымдары  мен  жоғары  білікті 

инженерлері  ел  экономикасының 

дамуына  үлес  қосып,  ғылыми-

техникалық  əлеуеті  біріктіріліп, 

жұмыс  жүргізілуде.  Академия 

соңғы  жылдары  Қазақстанның 

үдемелі 


индустриалды-иннова-

циялық 


дамуын 

қамтамасыз 

ететін 

зерттеулердің 



маңызды 

бағыттарын  табысты  іске  асы-

рып  келеді.  Осы  орайда  аймақтық 

университеттерде  ашылған  ака-

демия  филиалдарының  да  орны 

ерекше. 


Солардың 

қатарында 

1992  жылы  академик  Уəлихан 

Бишімбаевтың 

жетекшілігімен 

құрылған  Қызылорда  филиалы  да 

өз жұмысын лайықты жалғастырып 

келеді, – деді ол.

Сыр өңірі – табиғи ресурстарға 

бай аймақтардың бірі. Соған сəйкес 

жергілікті  ғалымдар  да  шикізатты 

жəне техногенді қалдықтарды пай-

далану  арқылы  технологияларды 

жетілдіруге басымдық беріп келеді. 

Техника  ғылымдарының  кандида-

ты, профессор, «Физика-химиялық 

талау  əдістері»  инженерлік  бейін-

дегі зертхананың жетекші ғылыми 

қызметкері  Роза  Нарманова  жергі-

лікті  зерттеушілер  бірнеше  ғы-

лыми  жаңалықтарға  қол  жеткізіп 

отырғанын айтады.

–  Бүгінгі  жүргізіліп  отырған 

зерттеулердің  бір  бағыты – 

жергі лікті  сазды  топырақтың 

негізінде  мұнай  шыламдары  мен 

бархамдық  құмды  бірге  өңдеу 

арқылы  жылу  оқшаулағыш  мате-

риалдарды  алу.  Сонымен  бірге, 

мұнайдан  лас танған  жерлерді  та-

залайтын  биопрепараттар  дайын-

дау  мəселесі  де  назарға  алына-

ды. Одан бөлек түрлі қоспаларды 

алудың  жаңа  технологияларын 

да  жасап  шы ғардық.  Мəселен, 

синтездеу  əдістері  өндірісте 48 

сағатқа  дейін  жүретін  болса, 

біздің  зертханадағы  тəжірибелер 

мұны 3 минутқа дейін қысқартуға 

мүмкіндік  беріп  отыр, – дейді 

ғалым.

Ғылыми  жиында  Қорқыт  ата 



атындағы 

ҚМУ-дың 


жетекші 

ғалымдары  баяндама  оқып,  соңғы 

жаңалықтармен 

бөлісті. 

Тағы 

бір  айта  кетер  жайт,  бұл  секция 



жұмыстары  еліміздің  таңдаулы 

оқу  орындарында  жүргізілуде.  Ал 

бұл шараның Сыр өңіріндегі іргелі 

білім  ордасында  өткізілуі  оқу 

орнының  ғалымдарына  деген  зор 

сенімді білдіреді.



Мəди ҚҰРМАНƏЛІ.

Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, 

Əйтеке би, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас секілді баһадүрлер мен Ұлы 

Отан  соғысы  кезіндегі  Кеңес  Одағының  батырлары  атанған  майдан-

гер ерлеріміздің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек 

Жүргенов,  Ғани  Мұратбаев  сияқты  қазақтың  біртуар  ұлдары  мен 

даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге əкелген де осы қасиетті 

топырақ.  Олар    өлке  тарихына  еніп,  қаладағы    көшелерге  есімдері 

берілді.

Қызылорда  қаласындағы 400-ге  жуық  көшенің 273-і  белгілі 

мəдениет, ғылым қайраткерлері, ақын-жазушылар, еңбек ардагерлері, 

елін  қорғаған  батырлардың  есімімен,  қалғаны  географиялық  жер-су 

атауларымен  аталады.  Қала  аумағы  кеңейген  сайын  жаңа  көшелер 

ашылуда,  ескілеріне  жаңадан  атау  берілуде.  Архив  құжаттарына 

сүйенер  болсақ,  Қызылорда  қаласының  əкімдігі 1992-2011 жылдар 

аралығында 350-ге  жуық көшеге қатысты  қаулылар мен шешімдер 

шығарған.

Қызылорда  облысының  қоғамдық-саяси  тарихының  мемлекеттік 

архивінің қорында Қызылорда қаласының əкімі алғашқы қала көшелеріне 

атау  беру  туралы 1992 жылы 15 мамыр  айында  №346  шешімі  бар. 

Онда  Коммунистік  даңғылының  атауы  қазақтың  ұлы  ақыны  Абай 

Құнанбаевтың, Абай көшесі Абай  тұйығы болып аталып, тарихи маңызға 

ие болғандығы көрсетілген.

1997 жылы Қызылорда қаласының 180 жылдығына «Біздің қаланың 

көшелері», 2008 жылы  Қызылорда  қаласының 190 жылдық  мерекесі 

қарсаңында  «Қызылорда  көшелері»  атты  жинақтар  жарық  көрді.  Осы 

жинаққа  архивтік  құжаттар  кеңінен  пайдаланылды.  Ономастикалық 

тұрғыдан  алғанда,  мемлекет  мүддесі  мен  ел  игілігі  жолында  қызмет 

атқарған ел ағалары мен ұлт зиялыларын ұрпақтары ұмытпау мақсатында 

жұмыстар жүргізілуде.



К.САУХАНОВА,

Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының

мемлекеттік архивінің қызметкері.

ҚҰРМЕТ

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАДЫ

Қазыналы  қарттар  күнінде  қаламызда  түрлі 

іс-шаралар  ұйымдастырылды.  Əр  жыл  сайын 

дəстүрлі түрде өткізілетін бұл мереке үлкендердің 

жүзіне тағы да қуаныш сыйлады.



РЕВМАТОЛОГТАР 

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Бүгінде елімізде 200 мыңға жуық адам буын ауруының зарда-

бын  тартып  отыр.  Ал,  əлемде 2 миллион  жан  осы  дерт  бойын-

ша арнайы тізімге алынған. Бұрын бұл дерттің құрсауына 50-ден 

асқандар  шалдығатын  болса,  қазір 15 жастағы  жеткіншектің  де 

буыны ауырады. 

СУДЬЯЛАРДЫҢ ӘДЕП КОДЕКСІ 

ҚАБЫЛДАНАДЫ

Қазіргі  таңда  сот  жүйесінде  бірқатар 

өзгерістер  жасалуда.  Азаматтардың  сотқа 

еркін  жүгінуі  мен  оның  əділ  əрі  ашық  түрде 

жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында барлық 

сот  залдарына  толығымен  аудио-бейне  тіркеу 

құрылғылары орнатылған.



ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ТИІМДІЛІГІ ЗОР

«Нұр  Отан»  партиясы  қалалық  филиалының  мəжіліс  залында  «Қазақстан-2021  Бірлік. 

Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру мақсатындағы сарап-

шы топ отырысы өтті. 



ТӘЖІРИБЕ

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 5-оқу ғимаратында «Тұрақты ғылыми-технологиялық даму: тренд-

тер мен технологиялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның «Қор-

энергия үнемдегіш технологиялар: тəжірибе жəне келешегі» атты секция отырысы өтті. Бұл басқосу 

ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының 25 жылдығына арналып отыр.

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕГІШ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2013  жылы  қала  ішілік  қоғамдық 

көлік  тасымалын  жоғары  деңгейдегі  сапа-

лы  қызметпен  қамтамасыз  ету  бағытында 

жаңашыл 

жобалар 


қолға 

алынды. 


«Байқоңыр»  əлеуметтік  кəсіпкерлік  кор-

порациясы»  АҚ  арқылы  алдымен 20 үлкен 

сыйымдылықтағы  жаңа  автобус  жеткізілді. 

Олардың  барлығы  кешенді  техникалық  тек-

серуден  өткен.  Сондай-ақ,  автобустарға 

GPS  орнатылып,  арақашықтықтың  сақталуы 

қатаң бақыланады. Барлығында бейнекамера 

орнатылған  жəне  жоспарға  сəйкес  билеттік 

жүйе енгізілген.

Осы  мақсаттағы  жұмыстарды  жан-

дандыру  жəне  қала  көлеміндегі  кіші 

сыйымдылықтағы  қоғамдық  көліктерді  орта 

жəне  жоғары  сыйымдылықтағы  автобустар-

мен ауыстыру бағытында қосымша 92 үлкен 

заманауи  автобустың  келуі 3 кезеңмен  жо-

спарланды.  Қазіргі  күні  олардың  басым 

бөлігі рет-ретімен əкелінді.

Аймақ  басшысының  қолдауымен  қала 

тұрғындарына  қызмет  көрсететін  қоғамдық 

көліктердің сапасын арттыруға мəн берілуде. 

Бүгінді таңда облыс орталығында жалпы 

аумағы 5 гектар жерге сыйымдылығы 200 за-

манауи автобусқа арналған жаңа үлгідегі ав-

тобус паркі салынуда. Мұнда қала көлемінде 

қызмет  көрсететін  үлкен  автобустарға 

арналған  тұрақтар,  жанармай  бекеті,  көлік 

жуу алаңы қарастырылған. Автобус паркінің 

құрылысы толық аяқталып, іске қосылғаннан 

кейін 250-300 адам еңбекпен қамтылады деп 

күтілуде.

Соңғы 3 жылда  қаламыздың  жол 

құрылысын дамытуға 15 млрд. теңгеден астам 

қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 300 шақырымды 

құрайтын жолдар орташа, күрделі жөндеуден 

жəне  қайта  жаңғыртудан  өтті.  Биылдың 

өзінде  бұл  жұмыстар  жалғасын  тапты. 

Көлік қатынасында жолдың жəйі бөлек. Ай-

надай  жалтыраған  теп-тегіс  жол  көліктің 

қатынауына əбден ыңғайлы. Жолаушы да же-

тер жеріне еш қиналмастан бара алады. Бұл 

бұрын  талай  мəрте  айтылған  еді.  Дегенмен 

көп  уақыт  бойы  шешімін  тапқан  жоқ.  Осы-

дан  үш  жылдай  бұрын  облыс  орталығының 

қақ төріндегі Абай даңғылы заман талабына 

сай жөндеуден өткізілді. Осындай жұмыстар 

қаланың  шет  аймағындағы  С.Торайғыров, 

Əл-Фараби көшелерінде жүргізілді.

Қызылорда  қаласының  бас  жоспары-

на  сəйкес,  Сұлтан  Бейбарыс  көшесінен 

Əбілхайырхан көшесіне дейінгі аралықта 

Сырдария  өзенінің  бойын  жағалай  оты-

рып,  ұзындығы 7 шақырымды  құрайтын 

айналма  жол  пайдалануға  берілді.  Осы 

жолдың  бойында  барлық  стандарттарға 

байланысты  жарық  бағаналары,  аял-

дамалар  жəне 7 шақырымды  құрайтын 

жаяу  жүргіншілер  жолы  мен  арнайы 

веложолақ  қарастырылған.  Дəл  қазіргі 

күні осы айналма жол түнгі қаланы ерек-

ше көріктендіріп тұр.

Ал,  аялдамалар  да  көше  келбетіне 

сəн  бəріп  тұр.  Заманауи  үлгіде  салынған 

əр  аялдамадан  қазақтың  нақыл  сөздері, 

қала  тынысынан  сыр  шертетін  жазулар-

ды көре аласыз. Мұның өзі Қызылорданың 

уақытпен таласа қарыштап дамып келе жат-

са да қазақылықты сақтап қалғандығының 

айқын көрінісі.



Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Суретті түсірген: 



Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

Ел тəуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Қазақстанның өзге өңірлері секілді біздің қаламызда көптеген 

Ел тəуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Қазақстанның өзге өңірлері секілді біздің қаламызда көптеген 

оңды өзгерістер жүзеге асып келеді. Осы өзгерістер белестерінде Қызылорданың əлеуметтік-экономикалық, 

оңды өзгерістер жүзеге асып келеді. Осы өзгерістер белестерінде Қызылорданың əлеуметтік-экономикалық, 

мəдени-рухани  салалары  қарқынды  өсіп-дамыды.  Соңғы  кезде  қалада  əсем  де  сəулетті  тұрғын  үйлер, 

мəдени-рухани  салалары  қарқынды  өсіп-дамыды.  Соңғы  кезде  қалада  əсем  де  сəулетті  тұрғын  үйлер, 

əлеуметтік-мəдени нысандар бой түзеді. Бүгінде Сыр өңірі индустриялық-аграрлық мүмкіндікке бетбұрыс 

əлеуметтік-мəдени нысандар бой түзеді. Бүгінде Сыр өңірі индустриялық-аграрлық мүмкіндікке бетбұрыс 

жасауда. Қала аумағы кеңейген сайын жаңа мөлтек аудандар, жаңа көшелер ашылуда.

жасауда. Қала аумағы кеңейген сайын жаңа мөлтек аудандар, жаңа көшелер ашылуда.

Қызылорда 

қаласының 

көшелері


МЕРЕЙ

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУ 

ЖАЙЫ ЖАҚСАРДЫ

Осыдан бірнеше жылды артқа тастап қарасаңыз, қала көшелері ойлы-қырлы болатын. Шұңқыры көп жолмен кез-келген көліктер əрең жүретін 

еді. Ол кезде жолаушы тасымалдау жағдайы сын көтермегенін несіне жасырамыз? 

Бірақ, қазір бəрі жаңаша... Қала тұрғындары тегіс көшемен жүретін болды. Шаһар шырайын келтірген жаңа автобустар жолаушыға əбден 

ыңғайлы. Бүгінгі күні қалаішілік 25, қала маңына қатынайтын 6 бағытта барлығы 800-ден аса автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетіп келеді.



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау