АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Құрметті әріптестер!
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жылдың 30 наурызында
«Жас ғалым-2017» атты
VІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияда келесі бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланады:
Гуманитарлық ғылымдар
Секция 1. Тарих (Отан, жалпы), пәлсапа, саясаттану, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, этномәдениеттану, құқықтану, экономика.
Секция 2. Филология (тіл және әдебиет): қазақ, орыс, шет тілдері.
Секция 3. Педагогика, этнопедагогика, психология, дефектология.
Жаратылыстану ғылымдары
Секция 1. Математика, физика, информатика.
Секция 2. Жағрафия, биология, химия, экология.
Конференцияға қатысуға оқудың барлық формаларындағы студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және білім беру мекемелерінің қызметкерлерін шақырамыз.
Конференция жинағына мақалалар 2017 жыл, 25 наурыз, сағат 18.00 дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш әкелінген мақалалар қабылданбайды.
Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.
Ұйымдастыру комитеті конференция материалының жинағын шығаруды көздеп отыр. Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне мына электронды поштаға zhasgalym2017@mail.ru: баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасын электронды түрінде өткізу қажет. Баяндамалар 1 дана және электронды түрде қабылданады.
Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «ТарМПИ конференциясына_________________ - дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.
Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, тіркеу жарнасын төлеген автор фамилиясымен аталады.
Мысалы, қатысушы А.Б.Жүнісова файл атын былай ұсынуына болады: Жүнісова. doc; Жүнісова. rtf немесе Zhunisova. doc; Zhunisova. rtf.
Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.
Ұйымдастыру жарнасы -3000 тг.
Қатысу тәртібі
Мақала материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптарды қанағаттандыру керек.
Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы керек және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы керек:
Кестелердің, схемалар, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек және Windows-та терілген болуы қажет.
Парақтың параметрлері: жоғарғы -2 см, төменгі -2 см, оң -2 см, сол -2 см.
Шрифт: Times new Roman, кегль – 14.
Жоларалық: 1 интервалмен.
Жаңа жол: 0,9 см.
Сол жақ жоғарғы бұрышында міндетті түрде ӘОЖ (УДК) индексі қойылады.
Келесі жолда – ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН).
Баяндама тақырыбы астына – парақ ортасына жәй әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар) – дың тегі, аты-жөні жазылады.
Астына: жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен) (мақала авторы оқитын немесе жұмыс істейтін жоғары оқу орны, кәсіби орта оқу мекемесі, мектеп).
Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама (мақала) материалдары.
11.Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде қисық, тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сай нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін: /1,с. 256/.
Баяндаманы мына мекен-жайға жіберіңіздер:
080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ.,
Төле би көшесі, 68. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Ғылым бөлімі. («ТарМПИ конференцияға) деп көрсетілсін.
Телефондар: (8 7262) 51-00-45.
Ұйымдастыру жарнасы. Қаржы реквизиттері
Мекеме «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты»,
РНН 211500217969
БИН 040440007305
ИИК KZ 376010161000026196 ЖОФ АО «Халық банкі» Тараз қ.
Кбе 16
БИК HSBKKZKX («Жас ғалым-2017» конференциясына) деп көрсетілсін.
БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Тіркеу формасы
1. Тегі, аты-жөні (толығымен) __________________________________________
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) ___________________________
3 Ғылыми жетекшінің аты-жөні ________________________________________
4. Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі _________________________________
5. Ұйым (жоғары оқу орнының, кәсіби орта оқу мекемесінің, мектептің аты, мекен-жайы)_________________________________________________________
6. Автордың мекен-жайы (индекс көрсету міндетті) _______________________
7. Телефон (Халықаралық кодымен)_____________________________________
8. E-mail (міндетті)____________________________________________________
9. Мақала тақырыбы __________________________________________________
10. Секция ___________________________________________________________
11. Керекті техникалық құралдар _______________________________________
12. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ) _______________________
Мен
Пленарлық баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.
Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.
Конференцияда тыңдаушы ретінде қатысуды қалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |