Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы Ел жүрегі Астана


БОЗОҚ – ДЕШТІ ҚЫПШАҚ АСТАНАСЫ



жүктеу 3,19 Mb.
бет2/13
Дата23.11.2018
өлшемі3,19 Mb.
#24199
түріБиблиографический указатель
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

БОЗОҚ – ДЕШТІ ҚЫПШАҚ АСТАНАСЫ
Көне аңыздардың сарыны бойынша барша түркілердің арғы атасы Ата Түрік түсінде батыс жаққа бағытталған алтын садақ пен үш күміс жебе көреді. Ұлы баба былайша жорыды: “Алтын садақ нақ өзі, ал үш жебе – күнбатысқа кеткен үш ұлы”. Жоғарғы жебе оңтүстікті, ортаншысы – шығысты (Бозоқ), төменгісі батысты (Ұшоқ) меңзейді”. Ата Түріктің ортаншы ұлы Бозоқ Ұлы Даланың орталық бөлігі саналатын Сарыарқаға ордасын тікті.

1816 жылы Бозоқ қаласының қиратындыларын, жұрнақтарын И.П. Шангин көрді. 1927 жылы көне қалашықта Ақмола тарихи-өлкетану музейінің директоры Л.Ф.Семенов қазба жұмыстарын жүргізді. Музей коллекциясы Тәңірдің мүсіні, құс және ат бейнелері түсірілген алтын және мыспен көмкерілген әшекейлі заттармен, тас балталармен, темір дулығалармен, сауыт, кіреукелермен толықты. (Соғыстан соң, яғни 1946 жылы музейдің жиі тұрақ-мекен ауыстыруына орай Бозоқ қалашығының коллекциясы із-түзсіз жоғалған).

Археологтардың мәліметі бойынша, қыпшақтардың ежелгі байтағы – Астананың батыс жағынан 5 шақырым жерде, Бозоқ көлінің шығыс жағалауында. Академик К.Ақышевтің үш жыл бойғы үздіксіз археологиялық қазбаларының жемісті нәтижелерінің түйінді тұжырымдамалары бойынша Бозоқ қалашығы Қазақстанның бас қаласы – Астананың түпқазығы деуге лайық. Тұрмыстық заттар мен қару-жарақтар түрлеріне орай және арабтың күміс теңгелері мен қытайдың мыс айналарының табылуына байланысты археологтар Бозоқ қаласы X-XІ ғасырларда тұрғызылған және Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларынан шыққан әміршінің тұрағы, ордасы болған дейді.

Бозоқ қалашығында үш кесене мен биік қарауыл мұнара орналасқан. Бозоқ қаласындағы сауда мен қолөнердің қарыштап дамуы оңтүстік пен солтүстікті байланыстыратын керуен жолдарының бойына орналасқаны: Есіл – Нұра – Қорғалжын – Сарысу – Сырдария – Иран; шығыстан батысқа: Қытай – Моңғолия – Алтай – Дешті Қыпшақ – Хорезм – Бұлғария –Ресей – Византия. Бозоқ қаласы –рухани және дәстүрлі мәдениеттің орталығы, аруаққа тағзым жасаушылардың құтты мекені болған.

 

БОЗОҚ ҚАЛАСЫ
Есіл өзенінің сол жағалау даласында мыңдаған жылдар бұрын пайда болған қыпшақ сұлтанының әскери ордасы Қазақстанның жаңа астанасы — Астана тарихында өз орнын алды. Бозоқ қаласының орнын ашу және зерттеуге орай қала тарихының мыңдаған жыл өткен заманға кететіні анықталды.

Нұра мен Есіл өзендерінің бассейндерінде орналасқан орта ғасырлық қалаларды іздестірумен XX ғасырының басынан бастап әйгілі ғалымдар да, жергілікті өлкетанушылар да айналыса бастады. Алайда астананы Алматыдан Ақмолаға көшірумен байланысты жоғарғы Есіл маңын жоспарлы археологиялық зерттеу басталды. Бозоқ 1998 жылы Есіл археологиялық экспедиция басшысы мен негізін қалаушы К.А. Ақышевпен ашылды.



Тұрақ әскери орда ретінде туындады, Бозоқ қаласының келбеті мен әскери — бекініс сапасы алтын орда уақытының әскери ісінің деңгейіне сәйкеспейді, бұл Сарыарқа даласында оғыз — қыпшақ тайпалары көтеріле бастаған монғолға дейінгі кезеңдегі қаланың пайда болуына әкелгенін растайды.

Қаланың тарихында екінші кезең Қыпшақ хандығының (Х-ХІғ.) далада күшею кезеңіне келеді. Осы орынды мекендеген қыпшақтар орларды тазартты, қыш кірпіштерден және ағаштан үйлер салды. Алаңдар ортасында киіз үйлер тұрды. Олардың іргетасы қазу барысында ашылды. Қаланың жаңа тұрғындары орларды жауып, бұл жерде бірінші рет бірінші кесенелер мен минареттер салды.

Осы орынды игерудің үшінші кезеңі алтын орда дәуірінде (XIII-XIV ғ) басталды және жаңа мерзімге дейін жалғасты. Бозоқ қаласының орны табыну орталығының мәртебесіне ие болып ақ сүйектерді жерлеу орны болады. Бозоқ қаласында шикі және күйдірілген кірпіштен салынған бес кесенесінің қалдықтары зерттелді. Кесенелермен қатар кірпіш күйдіретін пештер ашылды. Мазараттардың бірінде 1321 жылы шығарылған күміс теңге табылды.

 


жүктеу 3,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау