М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Кітапханалық-ақпараттық орталық
Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы
Ел жүрегі - Астана
(Библиографиялық көрсеткіш)
Құрастырушыдан / От составителя
Ел жүрегі - Астана: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Е.А.Помольцева, Ж.Сауранбаева. - Тараз: ТарМУ- Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2014.- 22 б. (159 ат.)
Оқырман назарына ұсынылып отырған «Ел-жүрегі-Астана» атты библиографиялық көрсеткіш Қазақстанның астанасы Астана күні мерекесіне арналған. Библиографиялық көрсеткіш *** кітаптар аталымы, мерзімді басылымдар беттеріндегі мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде берілген мақалалар тізімінен құралған. Тізімдер әліпбилік ретпен және 2001 жылдан 2014 жылдар аралығы қамтылып, мақалалар кері хронологиямен реттелген. Библиографиялық көрсеткіш М.Х.Дулати атындағы Кітапханалық-ақпараттық орталықтың Электронды каталогынан жинақталған: http://ecat.tarsu.kz/
Библиографиялық көрсеткіш оқытушылар, студенттер және ауқымды қолданушылардың оқыту және білім беру жүйесіне қолдануға арналған.
Библиографический указатель «Ел жүрегі - Астана» посвящен Дню празднования столицы Казахстана Астаны. В библиографический указатель вошли *** наименований книг, статей из периодических изданий на государственном и русском языках. Список книг составлен по алфавиту авторов и названий, а материал из периодических изданий в указателе расположен в обратнохронологической последовательности и охватывает период с 2001 по 2014 гг.
Библиографический указатель составлен на основе Электронного каталога БИЦ ТарГУ им.М.Х.Дулати: http://ecat.tarsu.kz/
Указатель предназначен для преподавателей, студентов и широкого круга пользователей в помощь учебному и общеобразовательному процессам.
АСТАНА – Еуразия жүрегінде
Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды.
Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.
«…Қазба жұмыстары 1999 жылы басталған екен. Осы уақыт аралығында ескерткiштiң барлық құрылымдық бөлiктерiне зерттеу жұмыстары жүргiзiлген. Олардың нәтижесі бойынша 1-ші кезеңде (VIII-X ғғ) Бозоқ даласы Жiбек жолы бойындағы әскери-қойылым, бекiнiс қалашығының орны болып саналғандығы ғылыми түрде дәлелденді. Сонымен қатар бұл қала қыпшақ билеушiлерiнiң резиденциясы әрi жолаушы мен керуендер үшiн даланың географиялық айрығы ретiнде және дiни-рәмiздiк орталығы ретiнде танылған. Ескерткіштің 2-ші кезеңі XIII-XV ғғ жатады, ол кезеңде қаланың қираған орны, әулиелі жер саналып, жерлеу жеріне айналған. Сондықтан зерттеушiлер, Астана қаласының тарихы өз бастауын Бозоқ қаласынан алады деп есептейдi».
Достарыңызбен бөлісу: |