Лауазымдық міндеттері. Кәсіпорынның бөлімшелерін қажетті құралдармен және технологиялық жарақтармен қамтамасыз ету, оларды уақтылы жөндеу және қалпына келтіру, сондай-ақ кесу құралдарының барлық түрін орталықтандырылған түрде қайрауды және жарақты жөндеуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кәсіпорын бөлімшелерінің өздері дайындаған құралға және жараққа және сатып алатын құралға деген қажеттілігін айқындайды. Өндірісті құралмен қамтамасыз етуге дайындығының, құрал мен жарақты дайындаудың, оларды сатып алуға, сондай-ақ құрал құю өндірісіне қажетті болаттың арнайы маркаларына, құймаларға және басқа материалдарға өтінімдер жасаудың перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуге арналған бастапқы деректерді дайындауға қатысады. Құрал мен жарақты жоспарлы алдын ала жөндеудің күнтізбелік кестелерін әзірлейді. Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құралға деген қажеттілігін, жұмыс орындарындағы, құрал қоймасындағы құралды жұмсаудың үлестік нормалары мен қорларын, құрал тарату қоймаларының айналым қорларының мөлшерін есептейді. Құрал цехының өндірістік бағдарламаны орындауын, жеткізушілердің шарттық міндеттемелердің талаптарын (жеткізу мерзімдерін, номенклатураны, құрал мен жарақтың сапасын) сақтауын, құрал, жартылай фабрикаттар және құрал өндіруге арналған материалдарға өтінімдердің орындалуын жедел бақылауды жүзеге асырады. Сапасыз құрал жеткізілген кезде бас тарту дайындауға қатысады. Құралдың мезгілінен бұрын тозуы, сынуы, артық жұмсалуы себептерін, оны пайдалану талаптарын талдайды. Құралдың конструкциясын жетілдіру, оның сапасын, беріктігін, жөндеу қабілетін арттыру, құрал мен жарақты дайындау кезінде пайдаланылатын материалды үнемдеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Қандай да болмасын құралды қолданудың немесе ауыстырудың экономикалық тиімділігін айқындайды. Құралды және жарақты жетілдіруге, сондай-ақ оларды пайдалануға қатысты рационализаторлық ұсыныстарды қарайды және қорытындылар береді.
Білуге тиіс: өндірісті құралмен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік және нормативтік материалдар; кәсіпорынның техникалық даму перспективалары; құрал өндірісін ұйымдастыру және технологиясы; құралды және техникалық жарақты пайдалану және сақтау ережелері; құрал цехтарының технологиялық жабдығы және оның жұмыс принципі; кәсіпорында қолданылатын құралдың және техникалық жарақтың номенклатурасы; құралға және техникалық жараққа қойылатын техникалық талаптар, оларды дайындау үшін пайдаланылатын материалдар; салада және кәсіпорында қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптар; құралды және техникалық жарақты жұмсау нормалары және қорлары; техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі басшылыққа алатын материалдар; кәсіпорын бөлімшелерінің құралға және техникалық жараққа қажеттілігін анықтау, оларды дайындауды жоспарлау, сатып алатын құралға өтінім жасау, жеткізушілермен жасалған шарттарды ресімдеу тәртібі; құралды дайындау, жөндеу және қалпына келтіру саласындағы алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік кәсіпорындардың тәжірибесі; экономика, өндіріс, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. I санатты құрал-сайман жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты құрал-сайман жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.
II санатты құрал-сайман жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз құрал-сайман жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.
Құрал-сайман жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы тиіс.
Сапа жөніндегі инженер
Лауазымдық міндеттері. Шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстың (қызметтің) сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етеді, кәсіпорын бөлімшелерінің өнімнің, жұмыстың (қызметтің) ғылым мен техниканың қазіргі заманғы деңгейіне, ішкі нарықтағы тұтынушылардың талаптарына, сондай-ақ экспорттық талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету бойынша қызметтерін бақылауды жүзеге асырады. Сапаны басқару жүйесін әзірлеуге, жетілдіруге және ендіруге, сапа көрсеткіштерінің стандарттары мен нормативтерін жасауға қатысады, олардың сақталуын бақылайды. Өнім, жұмыс (қызмет) өндірудің түрлі кезеңдерінде алынған ақпаратты, әзірленген және шығарылған өнімді, жұмысты (қызметті) сипаттайтын сапа көрсеткіштерін талдайды, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді шығарудың, жұмысты (қызметті) өндірудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды. Өнімнің, жұмыстың (қызметтің) сапасы бойынша бас тартуларды және наразылықтарды қарайды және талдайды, оларды қарау нәтижелері бойынша қорытындылар дайындайды және хат алмасуды жүргізеді. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын нашарлатуға, ақау шығаруға әкеп соғатын себептерді зерделейді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және ендіруге қатысады. Кәсіпорынға келіп түскен шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, жиынтықтаушы бұйымдардың стандарттарға, техникалық талаптарға сәйкес келмеуі туралы қорытындылар дайындайды және жеткізушілерге талаптар қою үшін құжаттар ресімдейді. Сапаны басқару жүйесін әзірлеу және ендіру жөніндегі алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді. Кәсіпорынның сапаны басқару жөніндегі стандарттарын жасауға, өнімді сертификаттауға және аттестациядан өткізуге дайындау жөніндегі жұмыстарға, кәсіпорын шығаратын өнімге стандарттарды және техникалық талаптарды ендіруге байланысты іс-шаралар дайындауға, сондай-ақ бақылау операцияларын автоматтандыруды және механикаландыруды және осы мақсаттарға арналған қажетті құралдар, оның ішінде бұзбайтын бақылау құралдарын жасау көзделетін бақылаудың неғұрлым жетілдірілген жүйелері мен әдістерін әзірлеуге және ендіруге қатысады. Өнім өндіру барысындағы жұмыстың сапасын ағымдағы бақылау жөніндегі әдістемелер мен нұсқаулықтарды әзірлеуге, дайын бұйымдарды сынақтан өткізуге және олардың сапасын куәландыратын құжаттарды ресімдеуге қатысады. Өнімнің сапасы жөніндегі стандарттар мен техникалық талаптарды ендіруді және сақтауды мемлекеттік қадағалау, ведомствоаралық және ведомстволық бақылау нәтижелері, өнімді сертификаттау және аттестациядан өткізуге дайындық жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және ұйымдастырады. Кәсіпорынның өнімнің сапасын басқару жөніндегі қызметі жөнінде есеп жүргізеді және есептілік жасайды.
Білуге тиіс: өнімнің сапасын басқару жөніндегі қаулылар, өкімдерді, бұйрықтар, әдістемелік және нормативтік материалдар; өнімнің сапасын мемлекеттік қадағалау, ведомствоаралық және ведомстволық бақылау жүйесі; өндірістің технологиялық процестері мен режимдері; шығарылатын өнімнің негізгі технологиялық және конструкциялық деректері; салада және кәсіпорында қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптар; өндірістік ақаудың түрлері, олардың алдын алу және жою әдістері; шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, жиынтықтаушы бұйымдардың және дайын өнімнің сапасы жөнінде бас тарту ұсыну және қарау тәртібі; техникалық құжаттамаға, шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттарға, жиынтықтаушы бұйымдарға және дайын өнімге қойылатын талаптар, олардың сапасын бақылау жүйелері, әдістері және құралдары; өнімді сынақтан өткізу және қабылдау ережелері; өндірістік өнімді сертификаттауға және аттестациядан өткізуге дайындау тәртібі; есепке алуды ұйымдастыру, өнімнің сапасы туралы есептілікті жасау тәртібі және мерзімдері; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Достарыңызбен бөлісу: |