Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет51/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126

Аукционшы

Лауазымдық міндеттері. Тауарды (жеке үй мүлкін, автомобильдерді, өнер туындыларын, зергерлік бұйымдарды, асыл тастарды, сондай-ақ акцияларды, шикізатты, өндірістік жабдықты, үй малдарын және т.с.) сату үшін аукциондық сауда-саттыққа ұсынылған жылжитын және жылжымайтын мүліктің сапасын анықтауға және бағалауға қатысады. Аукционнан клиенттің немесе кәсіпорынның, мекеменің, әр түрлі меншік нысанындағы ұйымның атынан тауар сатады. Сатудың өспелі бағасын белгілей отырып аукциондық сауда-саттықтың рәсімін жүргізеді. Нарықтың конъюктурасын, жылжитын және жылжымайтын мүлікке сұранысты зерделейді. Кепілдік аукциондар, инвестициялық конкурстар, аукциондық сауда-саттыққа түскен тауарларға сараптама жүргізуге қатысады. Заңды және жеке тұлғаларға оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді. Сату тәртібі мен талаптарын талқылауға қатысады. Құжаттарды, оның ішінде қаржылық құжаттарды және белгіленген есептілікті ресімдейді.

Білуге тиіс: жылжитын және жылжымайтын мүлік құқығын реттейтін заңнамалық актілер, нормативтік және әдістемелік материалдар; шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, экономиканың заңдылығы және ерекшеліктері; шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, экономиканың заңдылығы және ерекшеліктері; ішкі және сыртқы нарықтардың конъюнктурасы; іскерлік қатынас этикасы; тауартану, материалтану, өнертану; инвестициялық конкурстың, сауда-саттықтың, аукциондардың қатысушыларына, сату үшін түскен тауарларға қойылатын талаптар; инвестициялық конкурстар, аукциондық сауда-саттықтарды және кепілдік аукциондарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі; аукциондық каталогтар жасау тәртібі; тексерулер және құжаттамалық тексерулер жүргізу тәртібі; әлеуметтік психология негіздері; ішкі және сыртқы нарықтың конъюктурасын және даму үрдістерін талдау және сатылатын тауарлардың сапасы мен құнын белгілеу әдістері; қажетті құжаттарды және белгіленген есептілікті жасау және ресімдеу тәртібі; азаматтық және еңбек заңнамасы; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, қосымша арнайы дайындық, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және тиісті мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс стажы болу тиіс.

Бизнес-кеңесші
Лауазымдық міндеттері. Кәсіпорынның бизнес процестерін зерттеу бойынша жұмыстарды жоспарлауды жүзеге асырады. Бизнес процестерді тиімді ету, талдау және үлгілеу бойынша күнтізбелік жоспарды құрады және оны стратегиялық даму бойынша директормен келістіреді. Басшылыққа инновациялық жобаларды әзірлеу және оларға қатысуды ұсынады. Бизнес процестерді (жаңа бизнес процестер) үлгілеуді жүргізу үшін қажетті ресурстардың сметасы мен коммуникацияларының жоспарын құрады. Үлгіленетін бизнес процестер мен функциялардың тиімділігін бағалау белгілерінің құрылымын жетілдіреді. Кәсіпорында қабылданған үлгілеудің құралдарын пайдалана отырып, бизнес процестерді тиімді ету, талдау және үлгілеуді жүргізеді. Мәтіндік түсініктемелер және талдау кестесі түріндегі бизнес процестерді талдау жүргізгеннен кейін жалпы саралау есебін жасайды. Тиімді бизнес процестер, инновациялық технологиялар және ұйымдық құрылымға өзгерістерді енгізуді ұсынады. Ақпараттық технологиялар бойынша маманға қажетті ақпаратты ұсынады. Таныстыруды өткізуге қажетті демонстрациялық материалдарды әзірлейді. Қажетті ақпараттық материалдармен, техникалық және бағдарламалық құралдармен таныстырудың қамтамасыз етілуін ұйымдастырады. Бизнес процестерді оңтайландыру нәтижелерінің шеруін жүргізеді. Кәсіпорынның бизнес технологиялар порталында бизнес процесті оңтайландыру бойынша материалдардың басылуын ұйымдастырады. Кәсіпорында қабылданған әдістеменің кемшіліктерін анықтау мақсатында бизнес процестерді оңтайландыру және зерттеу әдістерінің қолда бар (басқа да белгілі) сұрақтары бойынша қол жетімді ақпарат көздерінің мониторингін жүргізеді. Кәсіпорынның әдістемесінде бар кемшіліктердің құжаттамасын жүргізеді, оларды жоюдың әдістерін ұсынады және стратегиялық даму бойынша директорға есеп тапсырады. Бизнес процестерді оңтайландырудың жаңа технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар жасайды. Ұйым қызметкерлерінің біліктіліктерін жоғарылату мен оқытуын ұйымдастырады. Тиімді бизнес процестің жағдайларында бизнес процестерді үлгілеудің инструменталды ортасында жұмыс жасауға кәсіпорын қызметкерлерін оқытуды жүргізеді. Кәсіпорынның әзірлеген жоспарына сәйкес оқу мен аттестациядан өтеді.

Білуге тиіс: инновациялық, өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативті-құқықтық актілері; бизнес процестердің ішкі аудиті, реттелуі мен сипатталуы бойынша кәсіпорынның стандарты; ISO 9001-2001 ұлттық стандарты; бизнес процестерді оңтайландыру және талдау сұрақтары бойынша кәсіпорын басшылығының ағымдағы бұйрықтары мен нұсқаулары; кәсіпорын менеджментінің жүйесін жетілдірудегі озық отандық және шетелдік тәжірибелер; кәсіпорынның қызмет етуінің процестік, үлгісін, қолданыстағы бекітілген бизнес; компьютерлік техниканың заманауи құралдарын және оларды бизнес процестерді оңтайландыру мен талдау бойынша жұмыстарды орындау үшін қолдану мүмкіндіктері (бизнес процестерді талдау мен сипаттау үшін CASE-құралдары); экономика негіздері, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.


Биржа маклері

Лауазымдық міндеттері. Биржаларда жүзеге асырылатын коммерциялық, кредиттік, валюталық, сақтандыру және басқа мәмілелерді жасау кезінде делдалдық қызметтер көрсетеді. Мәмілелерді жүзеге асыру мерзімдерін қысқартуды, барынша кіріс алуды, капитал айналымын жеделдетуді, өндірістік, инвестициялық және инновациялық қызметті жандандыруды қамтамасыз етеді. Мәміленің мәні болып табылатын коммерциялық ақпаратты, шикізаттың, жабдықтың, өнімнің және қызметтің сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың қаржылық жай-күйін және іскерлік беделін зерделейді. Ішкі және сыртқы нарықтардың конъюнктурасын, сатылатын тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты, сатып алушылардың талаптарын талдайды, баға өзгерісін және жылжымайтын мүлікті (пәтерлерді тұрғын үйлерді, жерді, бақша телімдерін және т.с.) сатып алу-сату сұраныстарын болжайды. Клиенттермен шарттар жасау туралы келіссөздер жүргізеді, сатып алу-сату объектілерін тексереді, жылжымайтын және басқа мүліктің құнын бағалайды. Шикізаттың, материалдардың, өнімнің және мәміленің басқа объектілерінің сапасын сараптауға және тексеруге, бағаны, сатып алу-сату талаптарын анықтауға және келісуге және оны ресімдеуге қатысады. Клиенттерді, сондай-ақ мәмілелерді жүзеге асыру кезінде қажетті мамандар мен қосалқы қызметкерлерді тартуға, тәуелсіз делдалдың және сол сияқты атынан мәміле жасалатын биржаның беделін арттыруға байланысты жұмысты орындайды. Жасалған шарттардың құқықтық нормаларға сәйкес келуін, қажетті құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес тиісті дәрежеде ресімдеуді қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: коммерциялық қызметке қатысты заңнамалық актілер, нормативтік және әдістемелік материалдар; шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, экономиканың заңдылығы және ерекшеліктері; бизнесті ұйымдастыру және жүргізу ережелері; биржалық мәмілелердің түрлері; іскерлік уәде беру дағдылары; нарықтың конъюнктурасы, оның әлуеті және даму үрдістерін зерделеу әдістері; іскерлік байланыс жасау және биржалық мәмілелерді ұйымдастыру; әлеуметтік психологияның негіздері; шикізаттың, жабдықтың, өнімнің, мүліктің, қызметтің сапасын анықтау әдістері және бағасын белгілеу тәртібі; жасалған шарттар бойынша комиссиялық төлемдердің мөлшерін айқындау ережесі; мәмілелерді ресімдеу кезінде құжаттама жасау тәртібі; азаматтық және еңбек заңнамасы; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, қосымша арнайы дайындық, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.



Брокер
Лауазымдық міндеттері. Мүдделі тараптар-клиенттердің арасында солардың тапсырысы бойынша немесе солардың есебінен түрлі мәмілелерді жасауға қолдау көрсететін делдал болып табылады. Аукциондарда, нақтылы тауарлар нарығы немесе тауарларды жедел нарығында, сондай-ақ құнды қағаздар, оның ішінде коммерциялық қызметтер (несие, келісімдерді жасасу, көлік құралдары, жылжымайтын мүлікті сату, жүк тасымалдары, жарнаманы ұйымдастыру және т.с.с) нарықтарында тауар партияларын сатады және сатып алады. Тауарларды сатушы және сатып алушылар, тапсырыс берушілер және қызмет көрсетушілер арасындағы іскерлік қатынастарды орнатады. Тауардың заманауи және анағұрлым тиімді жағдайларда сатылуы мен сатып алынуын, қызмет көрсетуге келісімдерді жасауды қамтамасыз етеді. Ішкі және сыртқы нарықтардың конъюктурасын, құнды қағаздардың сенімділігін, тауарларды сату немесе сатып алу кезіндегі мәміле қатысушыларының талаптарын зерделейді. Саудаға салу мен аукциондарға қатысады, аукциондық тізбелерді дайындау үшін қажетті деректерді ұсынуды, клиенттің атынан сату бағалары мен олардың өзгеруін, сондай ақ мәмілелер сомаларын уақытылы белгілеуді қамтамасыз етеді. Аукционда сатылмаған тауарлардың жеке келісімі бойынша сату немесе сатып алу туралы келіссөздер жүргізеді. Тауардың тасымалын ұйымдастырады, жеткізілім құнын орнатады және клиенттің құнынан алынуын ресімдейді. Биржалық құжаттарды ресімдеу және тіркеу бойынша есептік-аналитикалық операцияларды орындайды, тапсырыстың мазмұнын келтіреді. Клиенттерге оның құзыреттілігіне қатысты сұрақтары бойынша кеңес береді. Өзіне бағынысты агенттердің жұмысына басшылық етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативті құқықтық актілері, сауда-экономикалық қызметке қатысты әдістемелік және басқа материалдар; экономиканың даму ерекшеліктері, заңдылығы мен шаруашылық ету әдістері; ішкі және сыртқы нарық конъюктурасы; биржа, брокерлік кеңсе, басқа ұйымның сұлбасы; биржалық мәмілелер түрлері; қызмет көрсету, тауарды сату немесе сатып алу шарттары туралы келіссөздерді жүргізу ережелері; тауарға (қызмет түріне) бағаны орнату тәртібі, оны төлеу және жеткізу; сауда, жарнамалық қызметті, инвестициялық конкурстарды, сауда мен аукциондарды өткізуді ұйымдастыру; аукционды тізбелерді құру ережелері; әлеуметтік психология негіздері; тауарға (қызмет түріне) қойылатын талаптар; келісімдерді жасасу тәртібі; қажетті құжаттаманы, орнатылған есептілікті, сатылатын тауар, көрсетілетін қызмет туралы ақпаратты дайындауды ресімдеу; басқару мен еңбекті ұйымдастыру; азаматтық заңнама, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, қосымша арнайы дайындық, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.



Сауда брокері
Лауазымдық міндеттері. Комиссия келісімі немесе тапсырма келісімін жасаудың негізінде тауарлардың түрлі тектерімен азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасайды. Клиенттердің тапсырыстарын олардың келіп түсуі тәртібінде, олар үшін анағұрлым тиімді жағдайларда орындайды. Аукциондарда, нарықтарда, саудада тауарлар партияларын сатады және сатып алады. Тиімді сату немесе сатып алуды қамтамасыз ету үшін сатушылар немесе сатып алушылармен іскерлік қатынастарды орнатады. Клиенттерге брокерлік жазбаларды құру арқылы жасалған мәмілелер туралы хабарлайды. Нарық конъюктурасын, тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін, тауарларды сату немесе сатып алуға қатысты мәміле қатысушыларының талаптарын немесе сенімнің түрлі деңгейіндегі (комиссия келісімі, тапсырыс келісімі) коммерциялық, биржалық мәмілелерді жасауды зерделейді. Сауда-саттық пен аукциондарға қатысады, аукционды тізбелерді құру үшін, сондай-ақ клиенттердің атынан сату, оның өзгеруі мен мәмілелер сомасының бағасын орнату үшін қажетті деректердің ұсынылуын қамтамасыз етеді. Есептік-аналитикалық операцияларды, сондай-ақ биржалық құжаттарды ресімдеу және тіркеумен байланысты операцияларды орындайды, брокерлік тапсырыстардың мазмұнын жасайды. Құзыретіне жататын сұрақтар бойынша клиенттерге кеңес береді. Өзіне бағынышты агенттерге басшылық етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, биржа, брокерлік кеңсенің қызметіне қатысы бар әдістемелік және басқа да материалдар; шаруашылық ету, заңдылық және экономиканың даму ерекшеліктерінің нарықтық әдістері; ішкі және сыртқы нарықтың конъюктурасы; брокерлік кеңсе, биржаның бейіні; биржалық мәміле түрлері; тауарды сату немесе сатып алу шарттары туралы келіссөздерді жүргізу ережелері; тауар бағасы және төлемді орнату тәртібі; сауда, жарнамалық қызметті, инвестициялық конкурстарды, сауда мен аукциондарды өткізуді ұйымдастыру; аукционды тізбелерді құру ережелері; әлеуметтік психология негіздері; тауарға (қызмет түріне) қойылатын талаптар; келісімдерді жасасу тәртібі; қажетті құжаттама, орнатылған есептілікті, сатылатын тауар, көрсетілетін қызмет туралы ақпаратты дайындауды ресімдеу; басқару мен еңбекті ұйымдастыру; экономика негіздері; азаматтық заңнама, Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнама; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, қосымша арнайы дайындық, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.



жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау