Білуге тиіс: шет тілі; ғылыми-техникалық аударма әдістемесі; қолданыстағы аударманы үйлестіру жүйесі; ұйым қызметін мамандануы; қазақ (орыс) және шет ел тілдерінде зерттеулер мен әзірлемелердің тақырыптары бойынша терминология; сөздіктер, терминологиялық стандарттар, жинақтар мен анықтамалар; ғылыми және әдеби редакциялау негіздері; тілдің грамматикасы мен стилі; еңбекті ұйымдастыру мен нормалауды; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Суретші (дизайнер)
Лауазымдық міндеттері. Ұйым бөлімшесінің тапсырмасы жөніндегі көркемдік-безендіру жұмыстарын уақытылы және сапалы орындайды. Зерттеу мен әзірлеменің, жиналыстардың, ғылыми конференцияның, семинарлардың, шығармашылық дискуссияның, оқу немесе ғылыми-техникалық (техникалық) кеңес мәжілісінің, оның секциялары мен комиссияларының сызбаларын, графикалық, диаграммаларын, сонымен қатар басқа да кестелік және шрифтік жұмыстарын орындайды. Эскиздерді жасайды, жобаны, макетті, ғылыми-техникалық есеп беруді, ақпараттық материалдарды және басқа да техникалық құжаттарды көркемдік безендіру жөніндегі жұмыстарды атқарады. Ұйым мекемесінің бөлмелерін, фасадтарын көркемдік безендіру жобасын жасауға қатысады. Интерьерлерді түстік безендіруде, бөлмелерді, жұмыс орындарын жарықтандыруда ұтымды шешімді анықтайды, бұл ретте техникалық эстетиканың талаптарын орындайды. Көркемдік безендіру жұмыстарын орындау барысында авторлық бақылау жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар ұйым бөлімшелерінің көрнекті үгіт құралдарының, көрмелердің, стендтердің, панно, плакаттардың дұрыс безендірілуін бақылайды.
Білуге тиіс: көркемдік-безендіру жұмысын орындау тәсілдері мен құралдары; қолданыстағы техникалық құжаттарды рәсімдеу жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттар, әдістемесі мен нұсқаулықтары; техникалық эстетика; техникалық эстетиканы енгізудің отандық және шетелдік тәжірибесі; жұмыста қолданылатын материалдар, олардың қасиеттері; экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Техник
Лауазымдық міндеттері. Бекітілген әдістемелік бағдарламаға сәйкес зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыру процесінде қатаң регламенттелген тапсырмалар шегінде бастапқы материалдарды, статистикалық есептіліктер мәліметтерін және басқа да ақпараттарды жинау, өңдеу мен жинақтау бойынша жұмыстарды орындайды. Қарапайым жобаларды, қиын емес кестелерді әзірлеуге қатысады, ерекшеліктер, диаграммалар, таблицалар, графиктер мен басқа да техникалық құжаттамаларды құрастырады, қиын емес техникалық есептерді орындайды. Қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес өткізілген зерттеулер мен әзірленген жобалар сипаттамасын жасайды. Зертханалық жағдайда және нысандарда жабдықтарды (приборларды, аппаратураларды) дайындау, икемдеу, реттеу мен тәжірибелік тексеру бойынша жұмыстарды орындайды, оның дұрыстығын қарайды. Қарапайым макеттер дайындауға, нұсқаулықтар мен бағдарламаларға сәйкес өткізілген зерттеулер мен әзірлемелер бойынша сынақтар мен тәжірибе жұмыстарына қатысады. Жұмыста пайдалану мақсатында ғылыми-техникалық ақпараттар материалдарын, үлгілік жобаларды, анықтамалық және арнайы әдебиетті оқып біледі. Қолжазбаларды, жоспарлы және есептік құжаттаманы ресімдеу бойынша техникалық жұмысты орындайды, материалдарды графикалық ресімдеуді жүзеге асырады. Орындалған жұмысты қарау мен талдау кезінде қабылданған шешімдерге сәйкес қажетті өзгерістер мен түзетулер енгізеді. Көшіріп алған және көбейткеннен кейін материалдарды салыстырады және түзетеді. Хат-хабарды қабылдайды және тіркейді, оның сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттардың өтуін есепке алады және олардың орындалу мерзіміне бақылайды, сондай-ақ іс жүргізумен аяқталған құжаттарды техникалық ресімдеуді жүзеге асырады.
Білуге тиіс: жұмыс тақырыбы бойынша басшылыққа алатын нормативтік және анықтамалық материалдар; зерттеу мен жобалаудың негізгі әдістері; жұмыс бейіні бойынша арнайы әдебиетте қолданылған терминология; қолданыстағы стандарттар мен әзірленетін техникалық құжаттамаға техникалық жағдай; тәжірибелер мен бақылаулар жүргізудің дәйектілігі мен техникасы; техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу ережелері; бақылау-өлшеу аппаратурасы мен оны қолдану ережесі; ұйым бөлімшесінің жабдықтарын пайдалану ерекшеліктері; техникалық есептеулер, графикалық және есептеу жұмыстарын орындаудың әдістері мен тәсілдері; есептеу техникасын пайдалану ережелері; экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары білім, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Зертханашы
Лауазымдық міндеттерi. Зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде лабораториялық талдауларды, сынақтарды, өлшеу және басқа да жұмыс түрлерін атқарады. Жұмыстың бекітілген бағдарламасына сәйкес зерттеу жұмысында материалдарды жинауға, өңдеуге ат салысады. Лабораториялық қондырғының дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сынақтар жүргізу үшін қондырғыларды (приборларды, аппаратуларды) дайындайды, оны тексереді, нұсқауға және басқа да техникалық құжаттарға сәйкес жөнге келтіреді. Сынақтарды орындауға қатысады, қажет дайындық және қосымша операцияларды жүргізеді, бақылау жұмыстарын жүргізеді, приборлардың көрсеткіштерін жазып алады, жұмыс журналдарын жүргізеді. Ұйым бөлімшелеріндегі қызметкерлерді қажет қондырғылармен, материалдармен, реактивтермен қамтамасыз етеді. Талдау, сынақ, өлшем нәтижелерін әдістемелік материалдарға сәйкес өңдеп, жүйелендіреді, рәсімдейді, оларды тіркеуге алады. Әдебиет көздерінен, рефераттық және ақпараттық басылымдардан, нормативтік-техникалық құжаттардан белгілі бір тапсырмаға сәйкес деректерді іріктеп алады. Жүргізілетін зерттеулерге байланысты есептеу және графиктік жұмыстарды атқарады. Ұйым мекемесінің атқарған жұмыстары бойынша техникалық құжаттарды құруға және ресімдеуге ат салысады.
Білуге тиіс: жұмыс тақырыбына сәйкес жетекшілік, нормативтік және анықтамалық материалдар; талдау, сынақтарды және зерттеудің басқа түрлерін жүргізу тәсілдері; техникалық құжаттың стандарттары, техникалық шарттары, оны рәсімдеу тәртібі; лабораториялық қондырғылар, бақылау-өлшеу аппаратурасы, оны пайдалану ережесі; техникалық есептеуді орындаудың тәсілдері мен құралдары, графикалық және есептеу жұмыстары; есептеуіш техниканы пайдалану ережесі; еңбекті және өндірісті ұйымдастыру, экономика негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары білім, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |