Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет17/25
Дата14.12.2017
өлшемі0,74 Mb.
#4359
түріАнықтамалық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

36 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

түрінде  өткізген  жағдайда  әр  пәннің  бағасы  жеке-жеке  тізімдемеге  жазылады.  ҚБ  келесі 



формула арқылы есептеледі: 

ҚБп = РРБп*0,6 + ҚББп*0,4 

мұнда:  РРБп – РРБ пән бойынша  

ҚББп – үлес салмағы есепке алынған пән бойынша емтихан бағасы  

3.6.3.5  Қорытынды  бақылауды  дифференциалдық  сынақ  түрінде  жүргізген  кезде  ҚБ 

4.1 тармағына сәйкес есептеледі. 

3.6.3.6 Практикадан өтпеген, практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы 

жағымсыз  пікір  алған  немесе  есепті  қорғаған  кезде  қанағаттанарлықсыз  баға  алған  білім 

алушы  келесі  академиялық  кезеңде  теориялық  оқумен  қатар  немесе  жазғы  семестр  кезінде 

қайтадан практикаға жіберіледі. 

3.6.3.7  Студентке  қорытынды  бақылауда  алған  жақсы  бағасын  көтеру  мақсатында 

аралық аттестаттаудың сол кезеңінде бақылауды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 

3.6.3.8  Білім  алушы  академиялық  рейтингіні  көтеру  үшін  ақылы  түрде  келесі 

академиялық  кезеңде  немесе  жазғы  семестрде  осы  пәннің  оқу  жоспарында  жазылған  оқу 

пәндерінің барлық түрлеріне қатысады және рұқсат алып қорытынды емтиханды тапсырады. 

3.6.3.9  Дәлелді    және  дәлелсіз  себеппен  босатылған  сабақ  2  күнтізбелік  апта  ішінде 

өтеледі,  ал  офис-тіркеуші  бөлімі  РРБ  тізімдемесін  емтихан  сессиясы  басталғанға  дейін  3 

күннен кешіктірілмей береді. 

3.6.3.10    Оқу  қызметін  бақылаудың  барлық  түрлерінің  тәртібі  «АстМУ»  АҚ-тың 

«Білім  алушылардың  оқу  үлгерімін  рейтингілік  бақылау  туралы»  ережесіне  сәйкес 

жүргізіледі. 

3.6.3.11  Практиканы  бағалау  тәртібі  «АстМУ»  АҚ-тың  «Кәсіби  практика» 

стандартына сәйкес жүргізіледі. 

3.6.3.12 Студенттерді қорытынды бақылауға рұқсат етудің міндетті шарты  – студент 

портфолиосын көрсету. 

 

3.6.4 Білім алушылардың рейтингісін есепке алу 

3.6.4.1  Жақсы  қорытынды  баға  тиісті  пән  бойынша  кредиттер  санымен  белгіленген 

меңгерген  кредиттерді  толықтыруға  негіз  болады  және  білім  алушының  транскриптісіне 

жазылады. 

3.6.4.2  Оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  жазғы  семестрді  есепке  алып  офис-

тіркеуші  бөлімі  үлгерімнің  орташа  балын  (GPA)  білім  алушының  оқудағы  жетістіктері 

деңгейінің орташа сараланған бағасы ретінде есептейді. 

GPA былайша есептеледі: 

 (балл*кредит/сағат+балл*кредит/сағат +…..+балл*кредит/сағат) 

кредит/сағаттың  жалпы саны 

3.6.4.3  Дифференциалдық  сынақ  бағасы  көшіру  балын  (GPA)  есептеу  кезінде  есепке 

алынады, бұл жұмыс түрлеріне кредит санының сәйкес санын бөлген жағдайда ғана жүзеге 

асырылады.  Денешынықтыру  және  әскери  дайындық  бойынша  қорытынды  баға  GPA 

есептеген кезде есепке алынбайды. 



3.6.5 Апелляция 

3.6.5.1  Егер  білім  алушы  емтихан  сессиясының  (аралық  аттестаттау,  Қазақстан 

тарихынан  мемлекеттік  емтихан)  қорытынды  аттестаттау  (Мемлекеттік  аттестаттау)  

нәтижесімен  келіспесе,  нәтижелерді  хабарлаған  күні  комиссияның  қарауын  талап  ететін 

пәнді көрсетіп және сұрақты жазып, Университеттің апелляциялық комиссиясының төрағасы  

– білім беру қызметі жөніндегі проректордың атына апелляцияға беруге құқылы. 




 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

37 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

3.6.5.2 Өтінішке:  



-  пән комиссиясының төрағасы (факультет деканы); 

-  кафедра меңгерушісі қолдарын қоюы қажет. 

  3.6.5.3  Оң  шешім  қабылданған  кезде  деканат  пәндік  аппеляциялық  комиссия  құрамы 

және  аппеляцияға  рұқсат  етілген  білім  алушылардың  тізімі  туралы  бұйрық  шығарады. 

Бұйрықта аппеляция өткізілетін мерзім белгіленеді. 

3.6.5.4  Пәндік  аппеляциялық  комиссия  шешімі  хаттамамен  ресімделеді.  Аппеляция 

қорытындысы бойынша алынған баға студенттің жеке, емтихандық тізімдемесіне енгізіледі. 

3.6.5.5  Пәндік  аппеляциялық  комиссия  хаттамасы  деканатта,  көшірмелері  кафедрада 

сақталады, жеке емтихандық тізімдеме офис-тіркеуші бөліміне өткізіледі.  

3.6.5.6  Қорытынды  аттестаттау  болған  және  Қазақстан  тарихынан  мемлекеттік 

емтихан  тапсырған  жағдайда  аппеляция  қорытындысы  МЕК  немесе  МАК  отырысының 

хаттамалары  бойынша  ресімделеді.  Бұл  жағдайда  бірінші  хаттама  қорытындысы  «Баға  -

___жылғы    №__  хаттамасымен  ____  парақта  қайта  қаралды»  деп  жазылып,  МЕК/МАК 

барлық қатысып отырған мүшелері қолдарын қояды. 

Апелляциялық  комиссияның  шешімі  хаттамамен  ресімделеді  және  ол  хаттамаға 

комиссия  төрағасы  мен  мүшелері  қол  қояды.    Егер  қорытынды  баға  өзгеретін  болса,  онда 

апелляциялық тізімдеме толтырылады. Апелляциялық комиссияның хатшысы апелляциялық 

тізімдемені толтырғаннан кейін бір тәулік ішінде офис-тіркеушіге өткізеді.  

3.6.5.7 Аппеляцияға қойылатын критерийлер:  

  3.6.5.8 Егер емтихан тестілеу түрінде жүргізілсе:  

- тест тапсырмаларында дұрыс жауап жоқ; 

- тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауап жазылған; 

- тест тапсырмалары оқу бағдарламасынан тыс құрылған;  

-тест тапсырмалары дұрыс аударылмаған (бір тілден екінші тілге); 

- тест тапсырмаларында қате тұжырымдама берілген. 

  3.6.5.9 Егер емтихан ауызша болса:  

- тест тапсырмалары оқу бағдарламасынан тыс құрылған;  

-тест тапсырмалары дұрыс аударылмаған (бір тілден екінші тілге); 

- тест тапсырмаларында қате тұжырымдама берілген. 

Ескерту: Студенттің және емтихан алушының қолы қойылған жауап парағы болуы 

керек.   

 3.6.5.10 Егер емтихан жазбаша болса:  

- тест тапсырмалары оқу бағдарламасынан тыс құрылған;  

-тест тапсырмалары дұрыс аударылмаған (бір тілден екінші тілге); 

- тест тапсырмаларында қате тұжырымдама берілген. 

–    сауалдар  мен  тест  тапсырмаларының  құрастырылуында  қателіктер  орын  алған 

жағдайда; 

–  сауалдар мен тест тапсырмаларына дұрыс жауап болмаған жағдайда;  

–  сауалдар  мен  тест  тапсырмаларына  берілген  жауаптардың  бірнешеуі    дұрыс  жауап 

болған жағдайда;   

–  сауалдар  мен  тест  тапсырмалары  ПОӘК-те  көрсетілген  оқу  бағдарламаларында 

қарастырылған тақырыптардан тыс болған жағдайда.  



Ескерту:  Студенттің  және  емтихан  алушының  қолы  қойылған  жауап  парағы 

болмаған жағдайда өтініш қарастырылмайды.  

3.6.5.11 Егер емтихан – ОҚКЕ (объективті құрылымдалған клиникалық емтихан) болса: 

- практикалық машықты тапсыру үшін станцияның техникамен толық жабдықталмауы. 



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау