Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет15/25
Дата14.12.2017
өлшемі0,74 Mb.
#4359
түріАнықтамалық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

32 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

            3.5.5.9  Сабақты  босататын  жағдайда  студент  3  күн  ішінде  растайтын  құжатпен 



деканатқа  немесе  топ  старостасына  келіп  ескертуі  тиіс.  Сырқаттанған  жағдайда  «АстМУ 

медициналық орталығы» ЖШС берген белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы әкелуі 

тиіс. Басқа жағдайларда – сабаққа келмеу себебін растайтын құжат әкеледі.  

3.5.5.10  Сабақты  себепсіз  босатқан  білім  алушы  факультет  деканының  атына 

түсініктеме жазады.  

3.5.5.11  Босатқан  сабағын  өтеу  үшін  студент  деканаттан  сабақты  өтеуге  рұқсат  алуы 

тиіс. 

3.5.5.12  Босатылған  барлық  (дәлелді  себеппен  және  дәлелсіз  себеппен  босатқан) 



сабақтар тегін өтеледі: 

-  ДӘЛЕЛДІ  СЕБЕППЕН  босатылған  сабақты  өтеу  кезінде  алынған  баға  рұқсат  ету 

рейтингісінің бағасын (бұдан әрі – РРБ) есептеген кезде ескеріледі; 

-  ДӘЛЕЛСІЗ  СЕБЕППЕН  босатылған  сабақты  өтеу  кезінде  алынған  баға  рұқсат  ету 

рейтингісінің бағасын есептеген кезде ескерілмейді (0-ге теңестіріледі); 

3.5.5.13 Босатылған сабақтар сабаққа келгеннен кейін 2 аптаның ішінде өтелуі тиіс. 

3.5.5.14    72  және  одан  да  көп  аудиториялық  сағатты  дәлелсіз  себеппен  босатқан 

немесе  4  кредит  (180  аудиториялық  сағат)  және  одан  да  артық  академиялық  қарызы  бар 

студент оқудан шығарылады. 

3.5.5.15 Университеттің қоғамдық өміріне қатысатын, халықаралық, қалалық деңгейде 

өтетін  іс-шараларға  қатысатын  білім  алушы  рейтінгі  сақталып,  дәлелді  себеппен  босатты 

деген  рұқсат  алады.  Аудиториялық  сағатты  есепке  алмағанда,  күніне  2  немесе  одан  да  көп 

тақырыпты  өтеуге  болады.  Білім  алушылардың  кезекшілігі  және  өздік  жұмыстың  басқа 

түрлері деканат немесе кафедра кестесіне сәйкес жүргізіледі. 



 

3.6 Сынақ-емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу ережелері 

 

3.6.1.  Білім  алушылар  пәндерді  оқытудың  бекітілген  бағдарламалары,  сондай-ақ 

университеттің  бекітілген  бағдарламалары  бойынша  оқу-жұмыс  жоспарына  сәйкес  қатаң 

түрде барлық сынақтарды және емтихандарды  тапсыруға міндетті.  

           3.6.2  Білім  алушы  пән  бойынша  рұқсат  ету  рейтингісі  кемінде  50%  болса  ғана 

емтиханға жіберіледі. 

 

3.6.3.  Құжатпен  расталған  нақты  себебі  болған  жағдайда  факультет  деканы 



емтихандар  мен  сынақтар  тапсыратын  жеке  уақытты  белгілейді.  Емтихан  сессиясын 

ұзартуды деканның қызметтік өкімі арқылы ресімделеді. 

 

3.6.4.  Оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  курстан  курсқа  көшу  балының  белгілі 



мөлшерін жинамаған, бірақ оқу процесін толық тапсырған білім алушы GPA балын арттыру 

үшін  ақылы  негізде  жеке  пәндерді  қайтадан  оқып,  қорытынды  емтихан  тапсыра  алады. 

Рұқсат ету рейтингісінің бағасын көтеру үшін емтиханнан кейін немесе диф.сынақтан кейін 

сабақты өтеу рұқсат етілмейді. 

 

3.6.5. Емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткен күннен кейінгі күні 



апелляцияға беруге құқылы. 

 

3.6.6  Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын, қайталап оқу курсына қалған 



білім алушы мемлекеттік гранттан айрылады және ақылы негізде оқуын одан әрі жалғастыра 

алады. 


 

3.6.7.  Қайталап  оқу  курсында  оқитын  білім  алушы  оқу  жоспарына  сәйкес  барлық 

пәндер бойынша өткізілетін сабақтарға қатысуға міндетті. 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

АМУ-17 


 

57 беттің  

33 беті   

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы 

 

 



3.6.8.  Қайталап  оқу  курсынан  кейін  «қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алған  білім 

алушы ректордың атына тағы да өтініш жазады және ректордың бұйрығы шыққаннан кейін 

тиісті пән бойынша оқу курсына қайтадан қатысады; 

 

3.6.9. Университеттен шығарылған білім алушыға белгіленген форма бойынша оқуды 



аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама (транскрипт) беріледі.  

 

3.6.10.  Емтихан  сессиясы  кезінде  қайталап  оқу  курсын  тапсыруға  болмайды  және 



жеке тізімдемелер берілмейді.   

3.6.12  Ағымдық,  аралық  және  қорытынды  бақылауды  тапсырған  кезде  білім 

алушылар  компьютерлік  тестілеу  бөліміне  өздерімен  бірге  жеке  куәліктерін  немесе  жеке 

куәліктерінің нотариус куәландырған көшірмелерін алып кіруі керек. 

3.6.13 Егер білім алушы межелік бақылау күнінде ақысыз қан өткізсе, оған 2 аптаның 

ішінде  межелік  бақылауды  тапсыруға  рұқсат  беріледі.  Донор  3  күн  ішінде  деканатқа  күні, 

қанның көлемі, түрі (ақылы, ақысыз) және мақсаты жазылған, донор орталығы басшысының 

қолы қойылып, мөр басылған анықтаманы әкеліп беруі тиіс. 



 

3.6.1 Емтихандар мен сынақтарды өткізу тәртібі 

3.6.1.1 Сынақ-емтихан сессиясының кезеңділігі мен ұзақтығы оқу-жұмыс жоспарымен 

және оқу процесінің графигімен анықталады. Жазғы сынақ-емтихан сессиясы білім алушыны 

курстан курсқа көшіретін сессия болып есептеледі. 

 

3.6.1.2 Емтихандарды ректордың бұйрығымен бекітілген оқытушылар жүргізеді. 



 

3.6.1.3 Емтиханға келген білім алушылар өздерімен бірге сынақ кітапшаларын әкелуге 

міндетті. 

3.6.1.4  Емтихандар  жазбаша,  ауызша  немесе  тест  түрінде  өтеді.  Әр  пән  бойынша 

емтихан өткізу формасын және тәртібін Университеттің Ғылыми Кеңесі бекітеді. 

3.6.1.5  Емтиханда  қойылған  жақсы  бағалар  емтихан  ведомосына  және  сынақ 

кітапшасына жазылады, «қанағаттанаралықсыз» деген бағалар тек емтихан ведомосына ғана 

жазылады. 

 

3.6.1.6  Егер  білім  алушы  емтиханға  келмеген  болса,  онда  емтихан  тізімдемесіндегі 



оның аты-жөні  жазылған тұсқа  «келген жоқ»  деген белгі қойылады. Орынды себебі  болған 

жағдайда  (ауырып  қалғанда,  отбасылық  жағдайға,  басқа  да  объективті  себептерге 

байланысты) факультет деканы студентке жеке график бойынша емтихан сессиясын тапсыру 

туралы шешім шығарады.  



 

3.6.2 Білім алушыларға ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізуді 

ұйымдастыру тәртібі   

3.6.2.1  Білім  алушылардың  (студенттердің,  интерндердің,  докторанттардың, 

магистранттардың)  оқудағы  жетістіктері  Ғылыми  кеңесте  бекітілген,  кафедралардың  өздері 

белгілеген  бақылаудың  (ағымдық,  межелік,  қорытынды)  және  аттестаттаудың  әртүрлі 

формалары арқылы бағаланады. 

3.6.2.2  Бақылаудың  барлық  формалары  бойынша  білім  алушылардың  оқудағы 

жетістіктері  орындалған әр тапсырма үшін 100 балдық шкаламен бағаланады. 

3.6.2.3  100  балдық  шкала  білімді  бағалаудың  халықаралық  практикада  қабылданған 

балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес келеді. 

3.6.2.4 Ағымдық бақылау − білім алушылардың әрбір оқу пәні бойынша жетістіктерін 

оқу  бағдарламасына  сәйкес  жүйелі  түрде  тексеру.  Оны  академиялық  кезең  барысында 

аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда  оқытушы жүргізеді. 

3.6.2.5  Бұл  бақылауды  әрбір  оқу  пәнінің  өз  оқытушысы  жүргізеді.  Жетістіктерді 

ағымдық бақылау сабақ кестесіне сай жүргізіледі.  




жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау