«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
25 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
2017-2018 оқу жылына арналған 5-курс студенттерінің
АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ
Мероприятие, Праздники
Даты
Күзгі семестр / Осенний семестр
11.09.17-16.01.18
ҚР Тұңғыш президент күні/День первого президента РК
1желтоқсан1
декабря
Тәүелсіздік күні /День независимости
16, 17 желтоқсан16,
17 декабря
Жаңа жыл /Новый год
1, 2 қаңтар1, 2
января
Рождество
7 қаңтар / 7 января
Демалыс / Каникулы
17.01.18-23.01.18
Семестр – 19 недель. Каникулы: 2 недели
Көктемгі семестр / Весенний семестр
24.01.18-31.05.18
Халықаралық әйелдер күні /Международный женский день
8 наурыз / 8 марта
Наурыз мейрамы
22, 23 наурыз22, 23
марта
Қазақстан халқының бірлігі күні /День единства народов Казахстана
1 мамыр / 1 мая
Отан қорғаушылар күні/День защитника Отечества
7 мамыр / 7 мая
Жеңіс күні /День Победы
9 мамыр / 9 мая
Өндірістік практика / Производственная
практика
01.06.18-17.06.18
Мемлекеттік аттестациялық комиссия /Государственная аттестационная
комиссия
18.06.18-01.07.18
Семестр – 19 недель. ПП – 2 недели. ГАК: 3 недели
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
26 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.3 Университеттегі оқу процесін ұйымдастыру
3.3.1 1. Оқу бағдарламаларының мазмұны
Мамандық: 5 В130200 - «Стоматология»
Оқу мерзімі: 5 жыл
Академиялық дәрежесі: стоматология бакалавры
Оқу мерзімі: 6 жыл (5+1 жыл)
«Стоматология» мамандығы бойынша 5 жыл оқып бітіргеннен кейін клиникалық
практикамен байланысты емес, бірақ өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келген түлекке
«Стоматология бакалавры» дәрежесі беріліп диплом, академиялық анықтама (транскрипт)
табыс етіледі. Анықтамаға оқылған пәндердің тізбесі және бағалары, академиялық сағаттың
көлемі жазылады.
5В130200 - «Стоматология» (5+1) мамандығы бойынша оқуын бітірген түлекке жоғары
негізгі медициналық білім алғаны туралы диплом табысталады. Сонымен қатар, жалпы
практикалық дәрігер-стоматолог біліктілігі және интернатураны бітіргендігі туралы куәлік
беріледі.
5В130200 - «Стоматология» (5+1) мамандығы бойынша оқуын бітірген түлек
сертификат пен лицензия алғаннан кейін, жалпы практикалық дәрігер-стоматолог ретінде
практикалық қызметіне кірісе алады.
Стоматология бакалавры магистратурада немесе резидентурада оқуын жалғастыруға
құқылы.
3.3.2 Офис-тіркеуші қызметі туралы
3.3.2.1 Офис-тіркеуші (ОТ) – таңдау бойынша пәндерді тіркеуден бастап, емтихандық-
рейтингтік тізімдемені өңдеу мен сақтауға дейінгі аралықта студенттің оқу саласында қол
жеткізген жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеу ісімен айналысатын, GPA балын (білім
алушылардың оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасы) есептейтін, студентті қолдау
қызметі.
3.3.2.2 Офис-регистратор бөлімі студенттердің білімін бақылаудың есебін жүргізеді
және академиялық рейтингіні есептейді.
3.3.2.3 Офис-тіркеушінің негізгі міндеттері:
- білім алушылардың академиялық үлгерімін есепке алу;
- білім алушылардың академиялық рейтінгісін есептеу;
- білім алушылардың жеке оқу жоспарын және академиялық тобын құруға көмектесу;
- білім алушылардың бірінші курстан бастап оқу бітіргенге дейінгі оқу пәндері
бойынша кредит/сағат санын бекітілген үлгі бойынша есептеу;
- ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу үшін қажетті тізімдемелерді
дайындау;
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
27 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
- аралық және қорытынды аттестаттау бойынша жиынтық тізімдеме қорытындысын
жасау және дайындау;
- ағымдық транскриптті, дипломға қосымшаны (транскрипт) табыстау және GPA-дің
өту балын есептеу;
- электив пәндер каталогын жасау процесін ұйымдастыру және жүргізу;
- білім алушылар эдвайзермен бірге элективті пәндерді ұйымдастыру және оқытуын
жазу;
- жазғы семестрді ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
- білім алушының өтініші мен расталған құжатына сәйкес ағымдық, аралық және
қорытынды аттестаттау үшін жеке тізімдемені беру.
3.4 Пәндер бойынша тіркелу тәртібі
3.4.1 Электив пәндерге жазылу тәртібі
3.4.1.1 Электив пәндер – бекітілген кредиттер (сағат) шеңберіндегі таңдау пәндерінің
компонентіне енетін оқу пәндері. Ол білім алушының жеке траекториясын көрсетеді. Курс
және кредит/сағат санын анықтау үшін МЖМБС-ке сәйкес таңдалады. Элективті пәндер
каталогы жыл сайын оқу-әдістемелік кеңесінде жаңартылады және бекітіледі.
3.4.1.2 Элективті пәндерді таңдау офис-тіркеушінің үйлестіруімен ресми түрде
тіркелу арқылы іске асады. Сонымен қатар, ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық
жұмыс үшін эдвайзерлер мен деканат қызметкерлері шақырылады.
3.4.1.3 Эдвайзерден кеңес алғаннан кейін білім алушы таңдаған пәндеріне жазылады.
3.4.1.4 Білім алушылар электив пәндерге www.edu.amu.kz/student сайты арқылы
тіркеледі.
3.4.1.5 Электив пәндерге жазылу ағымдағы жылдың көктемгі семестрінде екі аптаның
ішінде жүргізіледі.
3.4.1.6 Егер, таңдалған пәнге бекітілген шектен кем студент жазылса, пән ашылмайды
және оқу жоспарына енгізілмейді. Академиялық лектер мен топтар осы пәнге тіркелген білім
алушылардың саны жеткілікті болған жағдайда ғана құрылады.
3.4.1.7 Студент электив пәндерге тіркелудің және жеке оқу жоспарына өзгерістер
енгізудің бекітілген мерзімінен кешікпеуі тиіс.
3.4.1.8 Студент білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылына бекітілген
кредиттерге (сағаттарға) ғана жазылуы керек.
3.4.1.9 Егер білім алушы белгіленген мерзімде тіркелмеген болса, оның оқуының
негізіне осы курсқа арнап құрастырылған оқу жұмыс жоспары алынады.
3.4.1.10 Студент таңдаған электив пәндердің негізінде офис-тіркеуші топ тізімі
бекітілгеннен кейін топтар бойынша жеке оқу жоспарының үлгілерін жасайды. Онда электив
пәндер жазылады.
3.4.1.11 Білім алушы жеке оқу жоспарының өзінің жеке үлгісін жеке кабинеттен
(www.edu.amu.kz/student) жүктеп алуы тиіс немесе офис-тіркеуші бөлімінен алып мұқият
тексеріп алуы керек. Үлгі Excel бағдарламасында әзірленген. Мұнда міндетті оқылатын
компонет пен таңдау компоненті (электив пән) берілген.
3.4.1.12 Міндетті оқылатын пәндер – осы курста міндетті түрде оқылуы тиіс пәндер. Ол
аталмыш мамандықтың МЖМБС оқу жоспарында көрсетілген.
3.4.1.13 Жеке оқу жоспарында студенттің тегі, аты, әкесінің аты және тобының нөмірі
жазылады.
3.4.1.14 Толтырылған жеке оқу жоспарына студент, эдвайзер қол қояды және факультет
деканы бекітеді.