АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет90/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   274

209

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

208

209


Г

107

тарылған ыдыстардағы сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысым күші сұйықтың 



салмағынан  кем,  ал  ернеуіне  қарай  тарылған,  түп  жағы  кеңейген  ыдыстағы 

сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысым күші сұйықтың салмағынан артық болады. 

Цилиндр пішінді ернеуі мен түбінің аудандары тең болатын ыдыста сұйықтың 

салмағы мен ыдыстың түбіне түсірілетін 

қысым күші өзара тең болады.

Егер түптерінің аудандары өзара тең, 

пішіндері  әртүрлі  ыдыстарға  биіктігі 

бірдей деңгейлі біртекті сұйық құйылса, 

сұйықтың  салмағы  әрқалай  болуына 

қарамастан,  барлық  ыдыстардың  түбіне 

түсірілетін қысымдар өзара тең, ал цилиндр 

пішінді ыдыстың түбіне түсірілетін қысым 

күші  сұйықтың  салмағына  тең  болады. 

Мұның себебі: гидравликалық қысым күші 

(р) әрқашан ыдыстың қабырғасына тік бағытта 

(нормал, перпендикуляр) әсер ететіндіктен, 

ол  күш  ыдыстың  көлбеу  қабырғасына  тік 

бағытталған  құраушыға  (р

1

)  болады,  осы 



құраушы  цилиндр  пішінді  ыдыстағыдан 

артық көлемді сұйықтың салмағының есесін 

қайтарады (компенсациялайды), ал жетіспей 

жатқан көлемдегі әлгі салмақтың да есесін қайтарады. Бұл парадоксты 1654 жылы 

француз математигі әрі физигі Блез 

Паскаль (1623 – 1662) ашқан.

ГИДРОФИЗИКА (грекше «гидро – су» + физика) – Жердің су қабығы гидрос-

фера және онда өтетін физикалық үрдістер (процестер) туралы ғылым. Гидро-

физика судың үш агрегаттық күйіндегі молекулалық құрылымын, әлгі күйлердің 

арасындағы  ауысуларды,  судың  және  мұздың  механикалық  және  жылулық 

қасиеттерін, олардың акустикалық, оптикалық, электрлік сипаттамаларын, сулы 

ортаның әрқилы қозғалыстарын зерттейді. Гидрофизика геофизиканың саласы 

ретінде құрлық суының физикасына (немесе құрлық гидрологисына) және теңіз 

физикасына ажыратылған.



ГИДРОФИЛДІК  ЖӘНЕ  ГИДРОФОБТЫҚ  (грекше  «...фобос  –  қорқы- 

ныш»  +  «...филео  –  сүйемін»)  –  жұғу  құбылыстарында  анықталатын  және 

молекулааралық  өзараәсерлесу  күштері  себеп  болатын  қатты  дененің  суға 

тектестігін сипаттайтын ұғымдар. Гидрофилдік пен гидрофобтық – заттардағы 



А  және  В  сұйықтың  деңгейлері.  Ғ  – 

ыдысқа әсер ететін күш

а – ыдыстағы суды күштер сығымдайды; 

б  –  Ғ  күштің  құраушылары  сұйықты  қы- 

сады;  в  –  Ғ  күштің  төмен  бағытталған 

құраушылары ыдыстың түбіне әсер ететін 

күшті арттырады


Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



210

211


молекулалардың  әртүрлі  сұйықтармен  өзараәсерлесулерінің  сипаттамалары 

болатын 


лиофилдік [грекше «лио – босатамын, ерітемін»] дербес жағдайлары. 

Осы гидрофилдік пен гидрофобтықты су тамшыларының дененің тегіс бетінде 

ағулары бойынша, яғни олардың жұғулары бойынша ажыратуға болады. Там-

шылар  гидрофилдік  бетте  тұтастай  ақса,  гидрофобтық  бетте  –  ішінара  ғана 

ағады, оған қоса тамшы беті мен қатты дененің арасындағы бұрышына дененің 

гидрофобтығына қаншалықты тәуелді болады (қ. Жұғу). 



ГИЛЬБЕРТ  (Гб,  Gb)  –  магниттікқозғаушы  күштер  немесе  магниттік  по-

тенциалдар айырымының СГС және СГСМ бірліктер жүйелеріндегі бірлікте- 

рі.  Ағылшын  физигі  Уильям 

Гильберттің  (1544  –  1603)  құрметіне  аталған.  

1 Гб = 10/4π A ≈ 0,796 A.



ГИПЕР... (грекше «гипер – үсті, жоғары, аса») – үстінде деген мағына беретін, 

сөздің алғашқы бөлігіне қосылатын қосымша. Мысалы, гипердыбыс.



ГИПЕРДЫБЫС (гипер... + дыбыс) – жиілігі 10

9

-нен 10



12

 – 10


13

 Гц-ке дейінгі 

аралықта болатын серпімді толқындардың жоғары жиілікті бөлігі. Гипердыбыс 

физикалық  табиғаты  бойынша  ультрадыбыстан  айырмашылығы  жоқ  (мұның 

жиілігі 2·10

4

-нен 10



9

-іне дейінгі Гц болады). Бірақ та жиілігінің жоғары болуы-

на байланысты, ультрадыбыс аймағының толқын ұзындығынан мұның толқын 

ұзындығы едәуір қысқа. Сол себепті гипердыбыстық ортаның квазибөлшектері- 



мен – өткізгіштік электрондармен, жылулық  фонондармен,  магнондармен, т.б. 

өзараәсерлесуі маңызды болады. Гипердыбыс көп жағдайда квазибөлшектердің 

ағыны – фонондар ретінде қабылданады.

Гипердыбыстың жиілік аймағы дециметрлік, сантиметрлік және миллиметр- 

лік диапазондардағы электрмагниттік толқындардың жиіліктерімен сәйкес келе- 

ді. Бірақ та толқын ұзындығы молекулалардың еркін жол ұзындығынан артық 

серпімді толқындар ғана газ тәрізді ортада тарай алады. Жиілігі 10

9

 Гц қалыпты 



атмосфералық қысымда және бөлме температурасына тең ауада гипердыбыстың 

толқын ұзындығы 3,4·10

–5

 см-ге сәйкес болмақ, яғни бұл әлгіндей жағдайлардағы- 



дай  молекулалардың  еркін  жол  ұзындығымен  шамалас.  Бірақ  та  серпімді 

толқындардың  толқын  ұзындықтары  газдағы  бөлшектердің  еркін  жолының 

ұзындығынан  айтарлықтай  артық  немесе  сұйықтарда  және  қатты  денелерде 

атомаралық  арақашықтықтардан  артық  болғанда  ғана  орталарда  тарай  ала-

ды.  Сондықтан 

гипердыбыс  газдарда  (дербес  жағдайда  ауада)  қалыпты 

атмосфералық қысымда тарай алмайды. Гипердыбыстың сұйықтардағы өшуі 

өте үлкен, сол себепті, таралу қашықтығы алыс болмайды. Гипердыбыс қатты 

денелерде – монокристалдарда салыстырмалы түрде төменгі температураларда 

жақсы таралады.




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау