АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет93/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   274

215

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

214

215


Г

107

Серпімді гистерезис – серпімді дененің деформациясының уақыттық дамуының 



кернеулерден кешігуі, қатты денелердегі ішкі кедергілердің білінуінің бір түрі 

болып табылады. Серпімді гистерезистің табиғатын түсіндіру үшін 



релаксация 

теориясы, дислокациялар теориясы пайдаланылады.

Диэлектрлік гистерезис – сегнетэлектриктің диэлектрлік полярлануларының 

сыртқы электр өрісінің кернеулігіне бірмәнді болмайтын тәуелділігі.



Магниттік гистерезис – магнетиктің магниттелуінің сыртқы магнит өрісінің 

кернеулігіне бірмәнді болмайтын тәуелділігі.



Серпімді  гистерезис  –  серпімді  дене  деформациясының  уақыт  бойынша 

дамуының сырттан түсірілген (ықпал етуші) механикалық кернеуден кешігуі, 

сондай-ақ деформация мен кернеудің арасындағы тәуелділіктің бірмәнді болмауы.

ГИСТЕРЕЗИСТІК ҚҰБЫЛЫС, э л е к т р о н д ы қ  а с п а п т а р д а ғ ы – 

электрондық аспаптың кез келген сипаттамасының оны анықтайтын шамалардың 

біріне бірмәнді емес тәуелділікпен өрнектелуі. Өндірілетін (шығарылатын) қуаттың 

шағылыстырғыш клистрондағы кернеуге бірмәнді емес тәуелділікте пайда болуы 

әлгі шағылыстырғыштың 

электрондық гистерезисі – гистерезистік құбылысқа 

мысал болады. Электрондық гистерезис кернеудің бір мәндерінде қуат шығаруды 

азайтуы мүмкін және кернеудің өзге мәндерінде қуаттың шығуы секірісті пайда 

болуына әкеп соқтырады.



ГИСТЕРЕЗИСТІК ШЫҒЫНДАР (w

0

) – магниттік материалды толық бір 



циклде осы материалдың бірлік көлемінде шығындалатын энергиясы; жалпы 

жағдайда  магниттік  гистерезистің  тұзағының  ауданымен  өрнектеледі.  Әдетте 

гистерезистік  шығын  қаншалықты  аз  болса,  магниттік  материалдың  сапасы 

соншалықты жоғары болады. Мысалы, жоғары сапалы пермаллойдың гистерезистік 

шығыны (4–50)∙10

–7

Дж/см



3

 индукцияның максимал мәні кезінде [0,5 Тл (Тесла)].



ГЛОРИЯ (латынша – тәж, әшекей) – бақылаушының 

көлеңкесінің  немесе  оған  жақын  орналасқан  заттар 

көлеңкелерінің  төңірегінде  пайда  болатын  бір  не-

месе  бірнеше  түрлі  түсті  дөңгелектер  (сақиналар); 

бақылаушының  көлеңкесінің  бұлтқа  немесе  тұман 

қабатына түсуі қажет. Глория көбінесе аспанда ұшақтың  

төмендегі  бұлтқа  түскен  көлеңкесінің  айналасынан 

байқалады. Глорияға ұқсас құбылысты таулы аймақта 

кісінің  көлеңкесінің  төңірегінен  де  байқауға  болады. 

Бұл  құбылыс  тауда  Күн  дискісі  көкжиектен  жаңадан 

көтерілген кезде жарық сәуленің көкжиекке параллель 



Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



216

217


бағытта таралатын жағдайда кісінің көлеңкесі біраз қашықтықтағы тұманға не-

месе бұлтқа түскен кездері байқалады. Тұман мен бұлтқа дейінгі қашықтық артқан 

сайын көлеңкенің өлшемі ұлғая түседі, түрлі түсті реңмен көрінетін болады. Бұл 

құбылыс алғаш рет Германияның Брокен деген қаласының маңайында байқалған. 

Сол себепті бұл құбылыс 

Брокен елесі деп аталып кеткен. Осы құбылысты аль-

пинистер Кавказ, Памир тауларынан да байқаған.

Глория құбылысы Күн сәулесінің дифракциялық құбылысының нәтижесі бо-

лып табылады. Күн сәулесі тұманның немесе бұлттың су тамшыларына белгілі 

бір бұрышпен жанай түскенде (әлгі тамшылардың ішінен шағылысып өздерінің 

тамшыларға  түскен  бағыттарына  параллель  дерлік  бағытта  кері  қайтады  да 

дифракциялық кескін суретті тудыратын болады. Сол себепті глория «

антитәж» 

деп те аталады.



ГЛЮБОЛ – глюондардан құралған құрама бөлшек.

ГЛЮОНДАР (ағылшынша «glue – желім») – спині 1 және тыныштық массасы 

нөл (яғни тыныштықта массасы болмайтын) болатын кварктер арасында күшті 

өзараәсерлесулерді тасымалдағыш болып табылатын 

болжалды электрлік бей-

тарап бөлшектер. Күшті өзараәсерлесудің осы заманғы теориясында – кванттық 

хромодинамикада «түс» кванттық сипаттамасын иемденген 

сегіз глюон бар деп 

жорамалданған.  Кварктер  арасында  глюондар  алмасу  кварктердің  «түстерін» 

өзгертеді,  бірақ  та  өзге  кванттық  сандарды  (

электр  зарядын,  ғажаптықты

«таңырқарлықты»,  «сұлулықты»)  өзгеріссіз  қалдырады,  яғни  кварктік  типті 

«хошиісті»  сақтайды.  Глюондар  «түске»  ие  болғандықтан,  бұлар  глюондар 

(глюондық өрісті) тудырып әрі жұтып, бірімен-бірі тікелей өзараәсерлесе алады. 

Глюондар  ғылыми  тәжірибе  жүзінде  онша  серпімді  емес  үрдістерде  білінеді. 

Тыныштықтағы 



протонның барлық энергиясының 50%-ы глюондар үлесіне 

тиесілі. «Түстерді» ұстау салдарынан глюондар бос күйінде кездеспейді, мыса- 

лы, мезондарды құратын кварк пен антикварктің аннигиляциясы кезінде туа- 

тын глюон адрондық ағынға айналады. Глюондар бос күйінде бола алмайды.

ГОЛДСТОУНДЫҚ БОЗОН – массасы нөл және спині нөл болжалдық бөл- 

шек. 1961 жылы американ физигі Джеффри 



Голдстоун (1933 – ?) ұсынған. Бұл 

бозон  айныған  төменгі  (вакуумдық)  энергетикалық  күйлердің  үздіксіз  жиын- 

тығын  қамтыған  теория  бойынша,  симметрияның  өздігінен  бұзылуы  кезінде 

кванттық өріс жүйесінде қоздыру кванты ретінде пайда болады. Голдстоундық 

бозондардың пайда болуы және жұтылуы осы жиынтық күйлердің арасындағы 

ауысулармен  қабаттасып  өтеді.  Сол  себепті  әртүрлі  вакуумдық  күйлер  голд- 

стоундық бозондардың санымен ерекшеленеді.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау