АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет87/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   274

Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



202

203


заттың – көміртегінің кристалдық құрылымы бойынша екі әртүрлі фазалары), 

асқынөткізгіштің асқынөткізгіш және қалыпты фазалары, араласпайтын сұйықтар 

(мысалы, 

су және өсімдік майы), композициялық материалдар (талшықтық және 

дисперстік нығыздалған, құрылымы бойынша әртүрлі қатты күйдегі химиялық зат-

тар). Гетерогенді жүйе мен гомогенді (біртекті) жүйенің айырмашылығы әрқашан 

айқын білінбейді. Мысалы, гетерогенді механикалық қоспалардың (қалқымалы) 

және гомогенді (молекулалық) ерітінділер арасындағы өтпелі аймақты 

коллоидтық 

ерітінділер деп аталған ерітінділер алып жатыр, бұл ерітінділерде еріген заттар 

соншалықты ұсақ, оларға фаза деген ұғымды қолдану мүмкін емес.



ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ (грекше «гигрос – ылғалды» + «скопео – бақылай- 

мын»), 


гигроскоптық  –  материалдардың,  заттардың  ауадан  ылғал  сіңіру 

(жұту)  қасиеті.  Бұл  қасиет  материалдың  немесе  заттың  сумен  химиялық 

қосылыстар  түзуі  немесе  капиллярлық  конденсация,  яғни  капиллярлардың 

қуыстарында,  микрожарықшақтарында  сұйық  фазаның  түзілуі  есебінен 

жүзеге  асады.  Капиллярлық-кеуек  құрылымды  материалдарға  (мысалы,  ағаш 

сүрегі)  гигроскопиялық  қасиет  тән.  Гигроскопиялық  қасиет  құралымдардың 

(конструкциялардың) ұзақ уақытқа шыдамдылығын бағалау кезінде ескеріледі. 

Кейбір гигроскопиялық заттар (мысалы, күкірт қышқылы) ауаны құрғату үшін 

пайдаланылады. Мұндай қасиет суда жақсы еритін заттарда да кездеседі (астұзы, 

қант, т.б.).



ГИДРАВЛИКА (грекше «гидро – су» + «аулос – түтік») – гидромеханиканың 

сұйықтардың қозғалысын және тепе-теңдік заңдарын инженерлік қолданысқа 

ендіру  мәселелерімен  шұғылданатын  саласы.  Гидравлика 

тұтқырлығы  аз 

сығылмайтын  сұйықтарды  зерттейді.  Қысымы  мен  тығыздығы  тұрақты  газ- 

дарға  да  гидравликаның  негізгі  заңдарын  қолдануға  болады.  Гидравлика  сұ- 

йықтың  қозғалыс  және  тепе-теңдік  заңдылықтарын  анықтайтын 



теориялық 

және осы заңдарды инженерлік мақсаттарға қолданатын 



іс жүзінде пайдала-

нылатын гидравликаларға ажыратылған. Гидравликада тамшылы сұйықтардың 

қозғалыстары да зерттеледі, ол үшін сұйық әдетте сығылмайтын сұйық ретінде 

қарастырылады.  Гидравликаның  қорытындыларын 

газдар үшін де қолдануға 

болады,  бұл  үшін  газдардың  тығыздығының  тұрақты  деп  есептелуі  шарт.  Іс 

жүзінде қолданбалық гидравликада сұйықтардың құбырлар ішінде ағуы, 

өзен 

және 


жасанды арналармен, саңылаулардан ағуы, кеуек орталардағы ағуы 

(сүзілуі) зерттеледі. Гидравликаның бүкіл тарауларында сұйықтардың орныққан 

және  орнықпаған  қозғалыстары  қарастырылады.  Осы  қозғалыстар 

Бернулли 

теңдеуімен, үздіксіздік теңдеумен зерттеледі. Әртүрлі сұйықтар мен газдарды 

тасымалдау қажеттілігі гидравликаның қолданбалық маңызын арттырған.




203

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

202

203


Г

107



ГИДРАВЛИКАЛЫҚ КЕДЕРГІ – сұйықтардың (газдардың) тұтқырлықта- 

рының себебінен олардың құбырларда, арналарда ағуы кезінде қозғалысқа те- 

жеулік әсер көрсетіледі, яғни кедергі жасалады.



ГИДРАВЛИКАЛЫҚ  СОҚҚЫ  –  ағын  жылдамдығының  күрт  тоқтатылуы 

салдарынан (ысырма не шүмек жабылғанда) құбырдағы 



сұйық қысымының ке-

неттен артуы кезінде пайда болады. Бұл құбылыс құбырдың ішінде ағып тұрған 

сұйықтың жолын кенеттен бөгегенде, 



турбина немесе сорғы жұмысын кенеттен 

тоқтатқанда, т.б. жағдайларда туындайды. 



Ысырма немесе шүмек жабылғанда 

құбырдағы сұйықтың ағыс жылдамдығы күрт тежеледі де лезде 



инерциялық 

қысым күші пайда болып сұйық қысымын арттырады. Пайда болған жоғары 

қысым  құбырды  бойлай  ағысқа  қарсы  бағытта 



1000  м/сек  жылдамдықпен 

соққы (соқпа) толқын түрінде таралады. Осы соққы толқынның әсерінен құбыр 

жүйесі, машина бөлшектері және ағынның жолындағы әртүрлі 



аспаптар бүлі- 

неді. Гидравликалық жүйелерде әлгіндей соққылардан сақтандыру үшін клапан, 

диафрагма,  теңгергіш,  мұнара,  кері  клапан  секілді  сақтандыру  құрылғылары 

пайдаланылады. Гидравликалық соққы теориясын дамытуға орыс ғалымы Нико- 

лай 


Жуковский (1847–1921) елеулі үлес қосқан (1898 жылы).

ГИДРО... (грекше «гидро – су») – күрделі сөздердің су, суат, т.б. ұғымдарға 

қатысын білдіретін бастапқы бөлігі. Мысалы, гидроакустика, гидродинамика.



ГИДРОАКУСТИКА (гидро... + акустика) – акустиканың дыбыс толқында- 

рының  суда  (мұхиттарда,  теңіздерде,  көлдерде)  таралуын  және  оларды  су 

астындағы  локация,  байланыс,  т.б.  мәселелер  үшін    пайдалануды  зерттейтін 

саласы. Су астындағы дыбыс ауада таралатын дыбыстарға қарағанда баяуырақ 

өшеді. Сондықтан дыбыс су астында ауадағы таралуымен салыстырғанда алысқа 

таралады. Мысалы, қарқындылығы орташа, жиілік диапазоны 500 – 2000 Гц бо-

латын дыбыс су астында 15 – 20 километр, ал ультрадыбыс 3 – 5 км қашықтыққа 

тарайды. Дыбыстың өшуіне судың өзіне тән қасиетінен басқа дыбыстың реф-



ракциясы, шағылысуы, сынуы, т.б. әсер етеді. Дыбыс рефракциясы, яғни дыбыс 

сәулесінің  бастапқы  таралу  бағытынан  ауытқуы  судың  біртекті  болмауынан, 

әсіресе, оның тік бағыттағы 

гидростатикалық қысымының, тұтқырлығы- 

ның, температурасының өзгеруі салдарынан пайда болады. Осы себептердің 

барлығы бірден әсер еткен кезде дыбыс тұщы суда, шамамен, 1450 м/сек, теңіз 

суында, шамамен 1500 м/сек жылдамдықпен таралады.

Дыбыс  толқыны  тығыздығы  әртүрлі  және  дыбыс  түрліше  жылдамдықпен 

таралатын  екі  ортаның  шекарасына  келіп  түссе,  онда  толқынның  бір  бөлігі 

шағылысып бірінші ортада қалады да, екінші бөлігі сынып, екінші ортадан өтеді. 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау