АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет271/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274

626

атомдық тасушыларынының реттелген бағдарлануына оң әсерін тигізеді. Заттардың 

магниттік қасиеттерін мынадай топтастыруларға ажыратуға болады. 

І. Ә л с і з  ө з а р а ә с е р л е с у ш і  б ө л ш е к т е р д і ң  м а г н е т и з м і . Бұл топта 

диамагнетизм басым болады. Бұларға бүкіл инертті газдар; полярлық емес 

байланысты органикалық қосылыстар; сұйық және кристалдық заттар (Zn, Аu, Hg 

т.б.), химиялық қосылыстардың ерітінділер (галогендер), ерітінділер, қорытпалар 

жатады.


ІІ.  Металдардағы  және  жартылайөткізгіштердегі  э л е к т р о н д ы қ 

ө т к і з г і ш т і к т е р д і ң  м а г н е т и з м і . Бұл топқа электрондық өткізгіштіктердің 

парамагнетизмі, металдардағы электрондық өткізгіштіктің диамагнетизмі, 

жартылай өткізгіштердің пара- және диамагнетизмі, асқын  өткізгіштіктің 

магнетизмі байқалады.

ІІІ. Ат ом д ы қ  м а г н и т т і к  р е т т і л і к т і  з ат т а р  м а г н е т и з м і . Оң алмасу 

энергиялы ферромагнетизм,теріс алмасу энергиялы антиферромагнетизм 

байқалады.



Тарихи анықтама. Магнетизм туралы алғашқы жазба деректер Қытайда біздің 

заманымыздан бұрынғы (б.з.б.) кездері кездескен. Ол деректерде табиғи магниттің 

к о м п а с т а қолданылғаны туралы айтылған. Б.з.б. І ғасыр шегінде римдік ақын 

әрі философ Тит 



Лукреций «Заттар табиғаты туралы» деген поэмасында, ежелгі 

грек ғалымдарының ғылыми еңбектерінде магниттердің тартуы және тебуі және 

темір ұнтақтарының магниттелуі туралы мәліметтер кездескен. Орта ғасырлық 

Еуропалық елдерде ХІІ ғасырдан бастап магниттік компастар қолданылған. Француз 

ғылымы 1269 жылы Пьер де 

Марикур әртүрлі пішінді магниттің қасиеттерін зерт-

теген. Қайта өркендеу дәуірінде 1600 жылы ағылшын физигі Уильям 



Гильберттің 

(1544–1603) «Магнит, магниттік денелер және үлкен магнит – Жер туралы» деген 

еңбегінде Жердің м а г н и т т і к  д и п о л  екені және магниттің әраттас полюстерін 

бірінен-бірі ажыратып бөлуге мүмкін еместігін дәлеледеген. Одан кейінгі кездері 

француз философы әрі математигі Рене 

Декарттың (1596–1650), магнетизм ту-

ралы метафизикалық теориясы шыққан. 1759 жылы орыс физигі Франц 



Эпинус 

Болат жолақтағы “қарапайым магнетиктер”




627

Темір жолақтың магниттелу кезеңдері

(1724–1802)  «Электр  және 

магнетизм  теорияларының 

тәжірибесі» деген трактатын-

да  магнитік  құбылыстардың 

математикалық  теориясын 

тұжырымдаған.  Француз 

физигі  Шарль 

Кулон (1736–

1806) магнетизм туралы бол-

жал  ұсынған.  Ол  болжалда 

магнетизм магниттік сұйық 

арқылы  түсіндірілген.  1820 

жылы дат физигі Ханс 



Эрстед (1777–1851) электр тогының магниттік өрісін 

ашқан.  Сол  жылы  француз  физигі  Андре 



Ампер  (1775–1836)  токтардың 

магниттік өзараәсерлесу заңын тұжырымдаған, дөңгелек токтың магниттік 

қасиеті мен жұқа жазық магниттің эквивалентті екенін анықтаған; ол молекулалық 

токтың болатынын түсіндірген. ХІХ ғасырдың 30-жылдары неміс математигі Карл 

Гаусс (1777–1855) және оның отандасы физик Вильгельм Вебер (1804 – 1891) 

геомагнетизмнің математикалық теориясын дамытқан және магниттік өлшеулер 

әдістерін ұсынған.

Магнетизмді  зерттеудің  жаңа  кезеңі  ағылшын  физигі  Майкл 



Фарадейдің 

(1791–1867) магнетизм құбылысын электрмагниттік өрістің нақтылығы туралы 

түсініктері  негізінде  түсініктемелерінің  маңызы  зор  болды.  Электрмагнетизм 

саласындағы  бірқатар  маңызды  жаңалықтар  [1831  жылғы  Фарадейдің  ашқан 

элект рмагниттік  индукциясы; 1833 жылғы орыс физигі Эмилий 

Ленцтің 

(1804–1865)  ашқан  Л е н ц   е р е же с і ;   1872  жылғы  ағылшын  физигі  Джеймс 



Максвеллдің (1831–1879) ашқан электрмагниттік құбылыстарды жалпылау туралы 

ғылыми еңбегі; 1872 жылғы орыс физигі Александр 



Столетовтың (1839–1896) 

ф е р р о м а г н е т и к т е р д і ң   қасиеттерін  зерттеулері;  1895  жылғы  француз 

физигі Пьер 

Кюридің (1859–1906) п а р а м а г н е т и к т е р  туралы зерттеулері] 

осы 


заманғы магнетизмнің макроскопиялық теориясының негізін қалады. 

Магнетизмді  микроскопиялық  деңгейде  зерттеу  атомдардың  электрондық-

ядролық құрылымдары ашылған соң мүмкін болды. Голланд физигі Хендрик 

Лоренцтің (1853–1928) классикалық электрондық теориясы негізінде 1905 жылы 

француз  физигі  Поль 



Ланжеван  (1872–1946)  д и а м а г н е т и з м   теориясын 

тұжырымдады. 1892 жылы кеңес (орыс) ғалымы Борис 



Розинг (1869–1933) және 


628

француз физигі Пьер 



Вейс (1865–1940) молекулалық ішкі өрістің болатынын 

болжаған.



Электрон спинінің және оның магнетизмнің ашылуы [1925 жылы 

американ фзиктері Сэмюэл 



Гаудсмит (1902–1979), Джордж Уленбек (1900–?)], 

кванттық механиканың тұжырымдалуы диа-, пара- және ф е р р о м а г н е т и з м н і ң 

кванттық теориясының дамытылуына әкелді. Кванттық-механикалық түсініктердің 

негізінде  (кеңістіктік  кванттау)  1926  жылы  француз  физигі  Леон 



Бриллюэн 

(1889–1969) п а р а м а г н е т и к т е р д і ң  сыртқы магниттік өріс пен температураға 

тәуелдігін ашқан. ХІХ ғасырдың 30-жылдары еркін электрондардың магниттік 

қасиеттерінің  кванттық-механикалық  теориясы  тұжырымдалды  (1927  жылы 

– 

Паулидің  парамагнетизмі;  1930  жылы  –  Ландау  диамагнетизмі).  Кеңес 

физиктері: 1923 жылы Яков 



Дорфман (1898–1974) алдын ала болжаған, 1944 жылы 

Евгений 


Завойский (1907–1976) ашқан электрондық парамагниттік резонанстық 

парамагнетизмнің  әрі  қарай  дамытылуына  қосылған  елеулі  үлес  болды.  1926 

жылы неміс физигі Вернер 

Гейзенберг (1901 – 1976) гелий атомының кванттық-

механикалық есеп-қисабын жасаған.



Ядролық магниттік резонансқа [1946 жылы – американ физиктері: Эдуард 

Парселл (1912–?), оған тәуелсіз Феликс Блох (1905–?)] және 1958 жылы ашылған 

Мёссбауэр эффектісіне негізделген зерттеулердің физикалық әдістері заттардағы 

спиндік тығыздықтың таралуы туралы ілімдерді едәуір тереңдете түсті. Магниттік 

құбылыстардың  табиғатын  зерттеу  саласындағы  жетістіктер  болашағы  бар 

магниттік материалдарды синтездеуді жүзеге асыруға мүмкіндік жасады.



МАГНЕТИК –  заттардың магниттік  қасиеттерін  қарастырған  кезде  бүкіл 

заттарға қолданылатын ғылыми атау (термин). Магнетиктердің әртүрлілігі заттарды 

құраушы микробөлшектердің магниттік қасиеттерінің өзгешеліктеріне, сондай-ақ 

олардың арасындағы өзараәсерлесудің сипатына байланысты. Магнетик шамалары 

бойынша және олардың магниттік  алғырлығының (

ߵ



ߵ

 < 0 заттар диа-

магнетиктер, ал 

ߵ

 > 0 – парамагнетиктер, 

ߵ

 >> 1 – ферромагнетиктер 



деп аталған) таңбалары бойынша топталған. Магнетиктерді физикалық тұрғыдан 

терең  топтау  магниттік  моменті  болатын  микробөлшектердің  табиғатын, 

олардың өзараәсерлесуін, заттардың атомдық магнетиктерге ықпалын қарастыруға 

негізделген.



МАГНЕТ-КЕДЕРГІ, магнит-резистивтік  эффект – магниттік өрістегі 

(Н) өткізгіштің меншікті кедергісінің (ρ) өріс жоқ кездегі меншікті кедергісіне (ρ

о



қатысты өзгеруі.Бұл кедергі көлденең және бойлық магнет-кедергілер болып 



бөлінеді. Электр тогы көлденең магнет-кедергіде магнит өрісіне перпендикуляр, 

ал бойлық магнет-кедергіде магнит өрісіне параллел бағытталады. Магнет-кедергі 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау