л
32
∑
ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР
620
түрлендіретін (люминесценциялайтын) қасиеті болатын заттар. Қоздыру типі
бойынша люминофорлар
фотолюминофор, рентгенлюминофор, катодлюми-
нофор, электрлюминофорларға ажыратылады; Химиялық табиғаты бойынша
люминофорлар органикалық люминофорлар (о р г а н л юм и н о ф о рл а р ) және
анорганикалық (бейорганикалық) люминофорлар (фо сфорлар) болып бөлінеді.
Кристалдық құрылымы болатын фосфорлар кристаллфо сфорлар деп аталған.
Люминофордың жарқырауы оның негізгі затының қасиетіне, сондай-ақ қоспасына
(а к т и в ат о р ғ а ) да байланысты болады. Активатор негізгі затта (негізде)
жарқырау орталықтарын түзеді.
Люминофорлар
әртүрлі энергия түрлерін жарыққа түрлендіру үшін
қолданылады. Қолданылу шарттарына тәуелді люминофорлардың параметрлеріне,
қоздыру типіне, қоздыру спектріне (фотолюминофорлар үшін), сәуле шығару
спектріне, сәуленің энергетикалық шығуына, уақыттық сипаттамасына (қоздыру
уақытына және
соңыра шығатын сәуленің бірден сөнбей біраз уақыттан соң
сөну ұзақтығына белгілі бір талаптар қойылады. Кристаллфосфорларда әр алуан
параметрлі люминофор алуға болады.
Әртүрлі фотолюминофордың қозу спектрлері ультракүлгін сәуле толқынынан
бастап инфрақызыл сәуле толқынына дейінгі аралықты қамтиды. Сәуле шығару
спектрі көрінетін, инфрақызыл және ультракүлгін сәуле аймақтарында жатады.
Жекеленген люминофорлардың шығаратын сәулесінің
спектрлік жолағының
ені мыңдаған ангстремнен бірнеше ангстремге дейін өзгереді және ол люми-
нофорлар мен активаторлардың шоғырлануына, температураға тәуелді болады.
Люминофорлар сәулесінің шығымы (сәуленің шығуының қоздырылуға
қатынасы) қоздыру түріне, оның спектріне (фотолюминесценция кезінде)
энергияның жарық энергиясына түрлену тетігіне тәуелді. Ол люминофорлар
мен активаторлардың шоғырлануы мен температурасы жоғарылаған кезде күрт
төмендейді (люминесценцияның өшуі). Әртүрлі люминофорлар сөндірілген
соң жарқырауын кенет тоқтатпай белгілі бір уақыт өткенде сөнуі (яғни соңыра
өшуі)
10
–9
секундтан бірнеше сағатқа дейінгі аралығына созылады. Соңыра
жарқырауы ең қысқа болатын люминофорлар органикалық люминофорлар, ал
ең ұзақ жарқырайтын кристаллфосфорлар. Қолданылатын люминофорлардың
арасындағы негізгі типтері: кристаллфосфорлар, органикалық люминофорлар,
люминесценцияланатын әйнектер. Мұның ішінде бәрінен көп таралғаны –
кристаллфосфорлар. Люминесценттік шамдарда кристаллфосфорлардың қос-
пасы немесе бір компоненті ғана қолданылады. Люминофорлар құрамындағы
заттардың жарқырауы күндізгі жарықтың құрамына жақындау бо-
л
32
∑
ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР
621
лып таңдалады. Катодлюминофорлар электрондықсәулелік түтіктердің,
осциллографтың, ақ-қара жай және түрлі түсті кинескоптардың, т.б. экрандарын
жасау үшін қолданылады.
Органика лық люминофорлар ерітінділерде (флуоресцин, родамин) және
қатты күйдегі (пластикалық масса, антрацен, стильбен, т.б.) денелерде люминес-
ценцияланады яғни жарық шығарады. Олар өте күшті жарқырайды әрі шапшаң
іске қосылады. Олардың шығаратын люминесценциялық сәулесінің түсі жарықтың
көрінетін аймағының бүкіл түстерін шығара алатындай дәрежеде таңдалады.
Органикалық люминофорлар сұйық лазерлердің активті бөлігі ретінде де пай-
даланылады. Органикалық люминофорлар кристалдары γ-сәулесі мен шапшаң
бөлшектерді тіркейтін сцинтилляторлар ретінде қолданылады.
Л юм и н е с ц е н ц и я л а н у ш ы ә й н е к әртүрлі құрамды әйнек матрицалар
негізінде дайындалады. Әйнекті қайнату кезінде шихтағы (қоспаға) активатор
көбінесе сирек кездесетін химиялық элементтердің немесе актиноид қатарының
элементтерінің тұздары араластырылады. Бұл әйнектердің мөлдірлігі жоғары, сол
себепті олар лазерлік материалдар ретінде де және ультракүлгін сәулелер арқылы
алынған кескіндерді көрінетін кескінге айналдыруда пайдаланылады.
ЛЮММЕР-
ГЕРКЕ ПЛАСТИНКАСЫ (орысша «пластина – қатты денеден
жасалған ені тар жұқа жолақ») – өте жоғары дәрежеде өңделген әйнектен немесе
кварцтен жазық-параллель пластина түрінде жасалған көп сәулелі оптикалық
интерферометр. Пластинканың бетінен тізбектеліп шағылған кезде сәуленің
бір бөлігі одан сыртқа шығып кетеді (сызбаға қараңыз). Сол себепті параллель
сәулелердің шоғының жолына қойылған жинақтаушы линзаның фокустық (тоғысу)
жазықтығында интерференцияланатын, біріне-бірі қатысты жүріс айырмашылығы
тұрақты болатын әлгі параллель сәулелер шоғы пайда болады. Мұны неміс
физиктері О.
Люммер және Э.
Герке ойлап тапқан.
МАГНЕТИЗМ (грекше «магнетис – магнит»)
– 1) электр токтары арасындағы, электр тогы мен
магниттер (магниттік моменті болатын денелер)
және магниттер мен магниттер арасындағы
өзараәсерлесудің ерекше түрі; 2) физиканың
о с ы ө з а р а
әсерлесулерін
ж ә н е о с ы
қасиеттер білінетін заттарды (магнетиктерді)
зерттейтін саласы. Магнетизмді жалпылама
түрде электрлік зарядты қозғалмалы бөлшектер
арасында пайда болатын материалдық
өзараәсерлесулердің ерекше түрі ретінде қарастыруға болады. Кеңістіктік-бөлінген
денелер арасындағы байланысты іске асыратын магниттік өзараәсерлесудің берілуі
магниттік өріс арқылы жүзеге асырылады. Осы өріс электр өрісімен қатар ма-
терия қозғалыстарының электрмагниттік
түрінің білінуінің біреуі болып табыла-
ды. Магниттік және электрлік өрістер
арасында толық симметрия жоқ.
Электр
өрістерінің көздері электр зарядтары
болып табылады, бірақ табиғаттан
осыған ұқсас м а г н и т т і к з а р я д т а р
әзірше байқалған жоқ, солай бола тұрса
да ондай зарядтың болатыны туралы
болжалдар айтылған-ды.
Магниттік
өрістің көзі – қозғалыстағы электр за-
ряды, яғни электр тогы. Электрондар
Магнит темір ұнтақтарын
тартады
Компас тілі арқылы магнит полюс-
терін анықтау
Болат жолақты магниттеу. а – болат
жолақтың үстінен магнитті жанастырып
өту керек; б – болат жолақты ток өтіп
тұрған катушканың ішінде біраз уақыт
ұстау шарт