АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет230/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   274

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

526


527

к

178



КҮН АКТИВТІЛІГІ – Күнде оған тән құрылымдарды (күн дағы, жарқырауық 

түйіршіктер (факелдер) және фотосферада флоккула және хромосферада оталу, 

тәжде протуберанц) тудыратын физикалық үрдістердің ықпал етуі. Күн активтілігі 

артқанда  корпускулалық,  сондай-ақ  Күннің  қатаң  электрмагниттік  сәулелері 

күшейетін болады, бұл Жер атмосферасының магнитсферасы мен ионсферасының 

күйлеріне ықпал етеді (магниттік дауылдар, поляр шұғыласы, атмосфера газы 

молекуласының  ыдырауы).  Күн  активтілігінің  деңгейі  өзгеріп  тұрады.  Күн 

активтілігінің 11 жылдық циклі белгілі. Күн активтілігі жер бетіндегі құбылыстар 

мен үрдістерге едәуір ықпал етеді (поляр шұғыласы, магниттік өрістің ұйытқуы, 

жер сілкіну, өсімдіктердің өсу жылдамдығының өзгеруі, жәндіктердің көбеюі және 

«қоныс аударуы», тұмау, оба, сүзек т.б. эпидемиясы). Күн активтілігі – өсімдіктердің 

фотосинтезінің негізгі шарты болып табылады.

КҮН  БАТАРЕЯСЫ  –  күн  радиациясының  энергиясын  тікелей  электрге 

түрлендіретін құрылғы. Күн элементтерінің (КЭ-нің) әсері  ішкі фотоэффект 

құбылысын  пайдалануға  негізделген.  Мұның  энергетикалық  сипаттамалары 

фотоэлементтің  материалына,  КЭ-нің  құрылымдық  ерекшеліктеріне,  батарея 

құрамындағы  КЭ-нің  санына  тәуелді.  КЭ  жасауға  арналған  материалдар  Si, 

GaAs, CdS, CdTe. Si негізді материалдар пайдаланылады. Бұлардың пайдалы әсер 

коэффициенті (пәк) – 17%; СаAs негізді КЭ-нің пәк – 22%. Күн батареясы жазық 

панел түрінде (беті мөлдір материалмен қорғалған) жасалады. Батареядағы КЭ-нің 

саны бірнеше жүз мыңға, панел ауданы мыңдаған шаршы метрге (м

2

), ток күші 



– жүздеген А (ампер), кернеуі – жүздеген В (вольт), өндірілетін қуаты – бірнеше 

ондаған (кейде жүздеген) кВт-қа (килоВаттқа) жетеді. 



КҮН ДАҚТАРЫ – Күннің атмосферасынан  байқалатын күңгірт құрылымдар; 

оның көлденеңі 200 000 км жетеді. Температурасы фотосфераның температурасы-

нан 1 – 2 мың градусқа төмен. Сол себепті күн дақтары жарық фонда күңгірт болып 

байқалады. Күн дақтары күн активтілігінің 11 жылдық циклі бойынша өзгереді. 

Негізгі ерекшелігі – күн дақтарында күшті магниттік өріс [0,3 – 0,5 Тл (тесла)].

КҮН  ДИСКІСІНІҢ  СОПАҚТАЛЫП  КӨРІНУІ  –  ертеңгісін  Күн 

көкжиектен көтерілген және кешқұрым Күн батар кезде Күн дискісінің әдеттегі 

дөңгелек пішінінен ауытқып байқалу 

құбылысы.  Бұл  құбылыс  Күннің 

көкжиектен  көтеріліп  шығуы  мен 

көкжиектен  төмен  түсіп  батар  ал-

дында (көкжиекке жақындаған кезде) 

күн  сәулесінің  рефракциясы  (күн 



1-сызба.  Күн  және  Ай  дискілерінің  көкжиекке 

тақау  келген  кездеріндегі  сопақталып  бай- 

қалуы


к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



528

529


сәулесінің  түзу  сызықты  таралу 

бағытынан ауытқуы) әсерінен туатын 

оптикалық  құбылыс.  Күн  дискісі 

Жер бетіндегі бақылаушыға 32´ (32 

секундтық)  бұрышпен  байқалады. 

Күн дискі көкжиекке жанасар алдын-

да күшті рефракцияға ұшырайды, Күн 

дискінің жоғарғы жиегі көкжиектен 

32´ (32 секундтық) бұрыштық биікте 

болады. [Оның себебі Күн дискісінің 

бұрыштық диаметрі 32´ секундтық 

бұрышпен  көрінуіне  байланысты].  Қалыпты  атмосфералық  жағдайда    Күн 

дискісінің көкжиекке тақау астыңғы жиегі Күн сәулесінің рефракциясының сал-

дарынан 35´ (35 секундтық) бұрышқа, ал жоғарғы жиегі тек 28´ (28 секундтық) 

бұрышқа ғана жоғары көтеріліп байқалады. Рефракция салдарынан Күн дискісінің 

биіктігі 7´ (7 секундтық) бұрышқа «кемиді». Сондықтан Күн дискісі бақылаушыға 

(яғни бізге) екі бүйірі шығыңқы сопақ пішінді болып көрінеді (1-сызба). Осыған 

қоса  Күн  дискісі



  жарық  сәуленің  шашырауынан  қызғылт  реңді  болып 

байқалады. Егер ауаның тығыздығы биіктеген сайын бірқалыпты болмай кемитін 

болса, онда Күн дискісі әрқалай бұрмаланып көрінетін болады. (2-сызба).



КҮН ДИСКІСІНІҢ ҰЛҒАЙЫП КӨРІНУІ – аспан күмбезінің дәл жарты сфера 

пішінді болмай, төбе жағының биіктігі айналадағы көкжиектің қашықтығымен 

салыстырғанда  аласа  болып  көрінуінің  салдарынан  туындайтын  оптикалық 

алданыс құбылысы. Күннің Айдан әлде қайда алыста екенін білесіздер (Күн мен 

Жердің арақашықтығы 149 миллион 500 мың км, ал Жер мен Айдың арақашықтығы 

384  мың  400  км).  Аспан  күмбезінен  бұлардың  Жерден  қашықтығын  сезіне 

алмаймыз. Оларды біз аспан күмбезінде ойша бірдей қашықтықтан байқаймыз. 

Күн мен Айдың диаметрі (Күннің диаметрі  ~1392·10

5

 км болса, Айдікі – 3476 км) 



бірдей болмаса да аспан күмбезінде дәл төбемізде олар бірдей 32′ (32 секундтық) 

бұрышпен байқалады. 



Аспан күмбезі бізге оптикалық құбылыс салдарынан дәл 

төбемізде жақын, ал көкжиекте алыстан көрінеді. Күн мен Ай бізге аспан 

күмбезінде 



төбеде  кішірейіп,  ал  көкжиекте  ұлғайып  байқалады  (сызбаға 

қараңыз). Жер бетінде орналасқан заттар қаншалықты алыста орналасса, олар 

кіші  бұрышпен  байқалады.  Бұл  құбылыс  – 

алыстан  байқалу  (перспектива) 

деп аталған. Мысалы, Ай бізден 384 000 км қашықтықта болғанына қарамастан 

көкжиек маңында сызықтық (яғни диаметрлік) өлшемін өзгертпейді. Сол себепті 

2-сызба.  Батар  кездегі  Күн  дискісінің  бұрмала- 

нып байқалуы



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау