КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
520
521
к
178
∑
дар (немесе иондар) абсолют нөл температурада да қатып қалмайды. Кванттық
механика бөлшектерге ешқашан бір орнында аялдап (тоқтап) тұруға мүмкіндік
бермейді, олар нөлдік тербелістер жасауға тиісті. Атомдар қаншалықты жеңіл
және олардың арасындағы өзараәсерлесулер қаншалықты әлсіз болса, осы
тербелістердің амплитудалары соншалықты үлкен болады. Жеңіл инертті газ -
гелий абсолют нөл температурада ешқашан кристалданбайды (нөлдік тербеліс
кристалдық торды қиратады).
Кристалдық тор ұғымын ғылымға 1824 жылы неміс физигі Л.
Зеебр
кристалдардың жылулық көлемін ұлғайтуын түсіндіру үшін енгізген.
КРИСТАЛДЫҚ ФИЗИКА – кристалдардың және өзгедей
анизотропиялық
орталардың физикалық қасиеттерін, сыртқы әртүрлі өзараәсерлердің осы
қасиеттерге ықпалын және кристалдардың нақты құрылымдарын зерттеумен ай-
налысатын сала. Кристалдардың
торлық құрылымының көптеген физикалық
қасиеттеріне қатысты дискреттілігі байқалмайды, сол себепті кристалды тұтас
анизотропиялық біртекті орта ретінде қарастыруға болады. Ортаның біртектілік
ұғымы физикалық құбылыстарды кристалдың қарапайым ұяшығының көлемінен
едәуір артық көлемде қарастыруды білдіреді. Кристалдардың қасиеттері
бағыттарға (анизатропия) тәуелді, бірақ симметриясы бойынша бағыттарға пара-
пар (эквивалентті) болады. Кристалдардың физикалық қасиеттерін сан жүзінде
сипаттау үшін,
тензорлық және
матрициалық есептеулердің және
топтар
теориясының математикалық әдістер аппараты қолданылады. Ал кристалдардың
кейбір қасиеттері бағытқа тәуелсіз, (мыс., тығыздығы)
скалярлық шама болады.
Кристалдық физикада кристалдық торлардың әр түрлі ақауларын (боялу орталығы,
вакансия, дислокация, дәндер,
домендер т.б.) және олардың кристалдардың
физикалық қасиеттеріне (пластикалығына, беріктігіне, электрөткізгіштігіне, лю-
минесценциясына, механикалық шыдамдылығына т.б.) әсерлері зерттеледі.
КРИСТАЛЛИТТЕР – айқын қырлары болмайтын ұсақ кристалдар. Металл
кесектердегі, кен жыныстарындағы, минералдардағы, поликристалдардағы
түзілістердегі түйіршіктер кристалиттер болып табылады.
КРИСТАЛЛ-ФОСФОРЛАР (кристалл + грекше «пос – жарық, «порос – та-
сушы») – люминофорлардың бейорганикалық (органикалық емес) кристалдары.
Жарықтың, электрондар ағынының, өтімді радиациялардың, электр тогының
т.б. әсерінен люминесценциялық жарық шығарады. Активаторлардан немесе
кристалдық торлардың ақаулары болатын люминесценция орталықтарынан (ва-
кансиялар, тораптараралық атомдар т.б.) түзілген жартылайөткізгіштер мен
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
522
523
диэлектриктер ғана кристалл-фосфорлар бола алады. Кристалл-фосфорлардың
жарқырауы негізінен рекомбинация болып табылады.
Кристалл-фосфорлардың люминесценциясы тікелей люминесценция
орталықтарының, сонымен бірге кристалдық торлардың қоздыру энергиясын
жұтуы кезінде және энергияны люминесценция орталықтарына беру арқылы да
жүзеге асуы мүмкін. Кристалл–фосфорлардың электрондары мен кемтіктерінің
тікелей рекомбинациясы да жарқыраумен қабаттас өтеді. Мұның соңыра жарқырауы
10
-9
секундтан бірнеше сағатқа дейін созылады.
Кристалл-фосфордың негізі сульфидтер, селенидтер және теллуридтер (Zn мен
Сd), оксидтер (Са және Мn), т.б. болады.
КУЛОН (Кл, С) – 1) электр мөлшерінің (электр зарядының) Халықаралық
бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Француз физигі Шарль
Кулонның (1736 –
1806) құрметіне аталған. 1 Кл – ток күші 1 А болатын өткізгіштің көлденең қи-
масы арқылы 1 секундта тасымалданатын зарядқа тең. 1 Кл = 3·10
9
СГСЭ бір-
лігі = 0,1 СГСМ бірлігі. 2) Электрлік ығысу ағынының (электр индукциясы
ағынының) Халықаралық бірліктер жүйесінің (СИ) бірлігі.
КУЛОНДЫҚ ҚОЗДЫРУ, я д р о л а р д ы – сырттан келіп соқтығысатын заряд-
ты бөлшектермен электрмагниттік өзараәсерлесуі нәтижесінде атом ядроларының
қозбаған (негізгі) күйден қозған күйге ауысуы. Ядроларды кулондық қоздыру
үдетілген электрондар, протондар, дейтрондар, α-бөлшектер және басқа заряд-
ты бөлшектер соққылаған кезде жүзеге асырылады. Осы қоздырудың эффектілік
қимасын анықтау кезінде қоздырылған ядро шығаратын бөлшектердің
серпімсіз
шашырау энергиясын не γ-кванттарды немесе
конверсиялық электрондарды
тіркейді. Ядроларды кулондық қоздыру – қоздырылған тұрақты ядролардың
спектрлерін және қасиеттерін зерттеудің маңызды әдістерінің бірі.
КУЛОН ЗАҢЫ – электрстатиканың екі нүктесіне электр зарядының (өлшем-
дері электр зарядтарының арақашықтығымен салыстырғанда кіші болатын)
арасындағы өзараәсерлесу күшін анықтайтын заңдарының бірі (
нүктелік за-
ряд деп өлшемдері олардың арақашықтығымен салыстырғанда аз болатын
зарядталған денелер айтылады). Бұл заңды 1785 жылы француз физигі Шарль
Кулон (1736 – 1806) өзі ойлап тапқан
иірілмелі таразы арқылы жүзеге асырылған
тәжірибесінің негізінде тұжырымдаған. (ХVIII ғасырдың 70-жылдары бұл заңды
1771 жылы ағылшын физигі әрі химигі Генри
Кавендиш (1731 – 1810) ашқан,
бірақ бұл жайлы ғылыми еңбегі 1879 жылы жарияланған). Аталған заң былай
тұжырымдалады: вакуумдегі нүктелік екі электр зарядының бір-бірімен әсерлесу
күші (F) осы зарядтардың (е
1
, е
2
) көбейтіндісіне тура пропорционал, ал олардың