КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
518
519
к
178
∑
қосарланып сыну құбылысын 1669 жылы дат ғалымы Эразм
Бартолин (1625 – 1698)
ашқан. Осы жыл кристалдық оптиканың бастау алған уақыты болып есептеледі.
Жарықтың кристалдың шекарасында сынуы кезінде онда екі сынған сәуле пайда
болады, оның біреуі әдеттегі сыну заңына бағынады, сондықтан әдеттегі сыну
деп, ал әлгі заңға бағынбайтын екіншісі әдеттегі емес сыну деп аталған. Егер ϑ
0
(әдеттегі жылдамдық) > ϑ
е
(әдеттегі емес) болса, бір осьті кристалл оң, ал ϑ
0
< ϑ
е
болса, онда ол
теріс кристалл деп аталған. Екі осьті кристалда екі сәуле де әдеттегі
емес сәулелер болады.
Күшті жұтатын кристалдардағы сызықтық полярланған толқын екі эллипстік
полярланған толқынға (бірдей бағытта айналатын) бөлінеді. Кристалдық оптикалық
әдістер полярланған жарықты талдау, оптикалық жапқыштарды (затворларды),
модуляторларды, дефректорларды жасау үшін пайдаланылады.
КРИСТАЛДЫҚ ОПТИКАЛЫҚ ОСЬ – кристалда жарық сәуленің қосар-
ланған сынуына шалдықпай таралатын бағыты.
КРИСТАЛДЫҚ САНАУЫШ – диэлектриктік кристалдарға елеулі
электрөткізгіштігі болатын бөлшектер түскен кезде әлгі өткізгіште пайда бола-
тын бөлшектерді тіркеуге арналған аспап. Бұл санауыш қарама-қарсы жақтарына
электродтар жалатылған монокристалл (әдетте, алмас немесе СdS) түрінде
жасалған болады. Зарядталған бөлшектер кристалл арқылы өткенде, онда ион-
дандыру туғызады. Пайда болатын
заряд тасушылар –
өткізгіштік электрондар
мен кемтіктер электр өрісінің ықпалымен
электродтарға қарай қозғалады. Жекеле-
ген бөлшектер санауыш тізбегінде қысқа
мерзімді ток импульсін тудырады, осы
импульсті күшейткен соң есептегіш аспап-
пен немесе амплитудалық талдағышпен
тіркеуге болады. Импульстің амплитудасы
бөлшектің кристалда бөлінген энергиясына
пропорционал болады. Кристалдық санауыштың кемшілігі – диэлектриктің по-
лярлануы. Заряд тасушылардың электродтарға қарай қозғалуы кезінде бір бөлігін
кристалдық тордың ақаулары қармап ұстап қалады. Ішкі электр өрісі пайда болады.
Кристалдардың сәулеленуіне орай ақаулардың саны және ішкі өріс арта түседі және
түсірілген сыртқы өрістің әсері әлсізденеді. Осы жайт импульстер амплитудасын
кемітуге және санауды тоқтатуға (полярлануды жою үшін кристалдарды қоздыру),
оны жарықтау, айнымалы өріс пайдаланылады. Бірақ кристалдық санауыштың
құрылысының қарапайымдылығы, оның өлшемдерінің шағын болуы (бірнеше
Кристалдық санауыштың блок-сұлбасы
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
520
521
мм
3
) және кейбір кристалдардың (мысалы, алмастың) жоғары температура кезінде
жұмыс жасауы оны дозиметрияда пайдалануды қолайлы детектор етеді.
КРИСТАЛДЫҚ ТОР – заттар бөлшектерінің (атомдардың, иондардың,
молекулалардың) кристалдық күйге тән үш өлшемінде периодты түрде
қайталанбалы орналасуы. Кристалдың тепе-теңдік жағдайларда пайда болған
жазық жағы атомдық жазықтықтарға, қырлары атомдар қатарларына сәйкес
болады. Кристалдық тордың болуы жүйенің потенциалдық энергиясының мини-
мумына сәйкес келетін атомдар арасындағы тартылыс және тебіліс күштерінің
тепе-теңдігі үшөлшемді периодтылық жағдайында
жүзеге асырылады.
Кристалдық торды сипаттау үшін параллел
көшіру (трансляциялау) арқылы кристалдық тор-
ды түзетін атомдардың осы тордың
қарапайым
ұяшығында орналасуын білу жеткілікті.
Қарапайым ұяшықтың пішіні параллелепипед
тәрізді болады. Ұяшықтар әр түрлі тәсілдермен
таңдалады. Қарапайым параллелепипедтің а, b, c
қырлары кристалдық
тордың тұрақтылары неме-
се
периодтары деп аталған. Қарапайым ұяшықта
бір атомнан (химиялық элементте) бастап 10
2
атом (химиялық қосылыстарда)
және 10
3
– 10
6
атомдары (белоктар мен вирустерде) бола алады. Осыларға сәйкес
кристалдық торлардың периодтары әрқилы бірнеше ангстремнен (Å) бастап 10
2
– 10
3
ангстремге дейін жетеді. Қарапайым ұяшықтың нүктелік симметриясы,
яғни қабырғалары мен бұрыштарының қатынасы бойынша жеті с и н г о н и я ғ а
(қарапайым ұяшықтардың кіші бөлімдеріне) ажыратылған.
Кристалдық тордың атомдық құрылымы , оның барлық бөлшектерінің ор-
наласуы к е ң і с т і к т і к (федоровтық) симметриялық топтар бойынша си-
патталады. Кеңістіктік симметрия тобының барлық саны 230. Егер кристалдың
берілген нүктесіне (
түйінге) мысалы, оның кез келген атомына тек берілген
кеңістіктік топқа ауыстыру үрдісі (процесі) қолданылса, онда кристалдық торды
сипаттайтын геометриялық үш өлшемді-периодты
түйіндер жүйесі пайда бола-
ды. Осындай 14 жүйе бар, олар
Браве торлары деп аталған (А.
Браве – фран-
цуз физигі). Осы тұрғыдан кристалдық тор ұғымымен кристалдың атомдық
құрылымы ұғымымен парапар ( эквивалентті).
Кристалдық тор ешқашан идеал тор болмайды, Онда бос түйіндер (вакан-
сиялар), қоспалы атомдар, дислокациялар болады. Оған қоса тор құралатын атом-
Кристалдық тордың қарапа-
йым ұясы