З
16
∑
ЗАҢ – ЗОНД
388
389
ЗАТ – материяның тыныштық массасы болатын түрі. Зат тыныштықтағы мас-
сасы нөлге тең емес қарапайым бөлшектерден (негізінен электрондардан, протон-
дардан және нейтрондардан) құралған. Классикалық физикада
зат және физикалық
өріс
материяның екі түрі ретінде бір-біріне қарама-қарсы қойылған, заттың
құрылымы дискретті (үзік-үзік), ал өрістің құрылымы – үздіксіз болады. Кванттық
физикада кез келген микронысанға корпускулалық-толқындық
екі жақтылық идея
енгізілген. Зат пен өрістің өзара тығыз байланыстылығын айғақтау материяның
құрылымы туралы түсінікті тереңдетті. Заттардың 4 күйі белгілі: қатты заттар,
сұйықтар, газдар және плазмалар.
ЗЕЕБЕК ЭФФЕКТІСІ (латынша «эффектус – әсер») – өзара жалғастырылған
жапсарларының температуралары әртүрлі болатын әртекті өткізгіштерден құрал-
ған тізбектеліп қосылған электр тізбегінде электрқозғаушы күштің (ЭҚК)
пайда болуы. Бұл құбылысты 1821 жылы неміс физигі Томас
Зёебек (1770 – 1831)
ашқан. Терможұп арқылы температураны өлшеу тәсілі осы Зёебек эффектісіне
негізделген. Зёебек эффектісі
термоэлектрлік құбылысқа жатады.
а б в
Қатты денедегі, сұйықтағы және газдағы молекулалар. а – қатты денелердегі молекулалар
дұрыс жүйе құрайды; бүкіл қатты денелер кристалдық денелер. Молекулалар азды-көпті
тұрақты қалпын сақтайды, жылыту шамасына орай молекулалар біртіндеп тербеліс
жасай бастайды; б – сұйықтағы молекулалар біріне-бірі жақын орналасқан, бірақ
көршілер арасында еркін қозғала алады. Температура артқан сайын тез қозғала бастайды;
в – газдардағы молекулалар бірінен-бірі алыста болады, шапшаң қозғалады, кейде өзара
соқтығыса алады. Молекулалар соқтығысқан кезде молекулалар бірімен-бірі соқтығысатын
болады, өзге уақыттардағы біріне-бірінің ықпалы аз болады.
З
16
∑
ЗАҢ – ЗОНД
388
389
ЗЕЕМАН ЭФФЕКТІСІ – магнит өрісінде атомның және басқа атомдық
жүйелердің энергиялық деңгейлерінің және спектрлік сызықтарының
бөлшектенуі. Бұл құбылысты магнит өрісінде натрий буының жарқылын зерттеу
нәтижесінде 1896 жылы нидерланд физигі Питер
Зееман (1865–1943) ашқан.
Магнит өрісі әсерінен атомдардың энергетикалық деңгейлері бөлшектеніп,
әрқайсысы әртүрлі толқын ұзындығына сәйкес келетін бірнеше зеемандық
кіші
энергетикалық деңгейлер пайда болады. Кіші деңгейлер арасындағы ауысу-
лар кезінде бір спектрлік сызықтың орнына бірнеше полярланған құраушылар
(компоненттер) пайда болады. Зееман эффектісі кванттық жүйелерде (мы-
салы, атомда)
атомның механикалық
моментімен қатар
магниттік моментінің
байланысты болуы себепті туындайды
және ол кеңістікте тек белгілі бір бағытқа
бағытталады. Магниттік моменттің мүмкін
болатын бағыттары энергия деңгейлерінің
айну дәрежесіне тең болады. Зеемандық
бөлшектенуді зерттеу атомдардың «жұқа»
(нәзік) құрылымын зерттеу үшін маңызды.
Зееман эффектісін бақылау үшін сызықтық
спектр шығаратын жарық көзі қуатты элек-
трмагнит полюстерінің арасына орнатылады. Бұл қондырғыда әрбір спектрлік
сызық бірнеше құраушыға жіктеледі.
ЗОДИАКТІК ЖАРЫҚ – аспан сферасының үлкен дөңгелегінің (эклиптика-
ның) бойында, яғни зодиак аймағында созылып жататын әрі жұлдыздық аспан-
нан, батыста ымырт түскеннен кейін іле-шала немесе шығыста таң сәріде көрі-
нетін әлсіз жарық. Бұл жарық Күнді айнала қозғалып жүрген шаң-тозаң
бөлшектерінің күн сәулесін шашыратуынан пайда болады. Зодиактік жарықтың
түрі көкжиекке кеңейіп барып тірелетін конус тәрізді. Орта ендіктерде зодиак
жарығының конусы қыркүйек – қараша айларында таң сәріде, ал қаңтар – наурыз
айларында ымырт түсісімен айқын көрінеді.
ЗОНА (грекше – белдеу), аймақ – кез келген шекара арасындағы жолақ, кеңістік;
кез келген белгілер (шарттар) бойынша сипатталатын немесе ажыратылатын аймақ
(немесе оның бір бөлігі).
Активті зона, активті аймақ – ядролық реактордың ядролық отын орналасқан,
ядроның бөлінуінің тізбекті реакциясы өтетін және энергия бөлінетін аймағы.
Зееман эффектісін бақылаудың сұлбасы:
К – сәуле көзі (М магниттің полюстері
арасында орналасқан); Л – линза, П –
поляроидтар, ұзындығы 1/4λ-ға тең
пластинка полярлану сипаттамасын
анықтауға арналған.
З
16
∑
ЗАҢ – ЗОНД
390
391
Акустикалық көлеңкелік зона – шалғай ара қашықтықтан дыбыс қайтадан
естілгеніне қарамастан, алыстағы қуатты дыбыс көздерінен келетін дыбыстың
естілмейтін аймағы.
Алыс толқындық зона – Фраунгофер дифракциясы байқалатын толқындық
өрістің аймағы.
Валенттік зона – абсолют нөл температура кезінде валенттік электрондармен
түгелдей толтырылған кристалдағы электрондар энергиясының мүмкін болатын
мәндерінің аймағы.
Жақын толқындық зона – Френель дифракциясы байқалатын толқындық
өрістің аймағы.
Өткізгіштік зона – энергия деңгейлері электрондармен толық толтырылмаған
валенттік зона.
Рұқсат етілген зона – идеал кристалдағы электрондар ие бола алатын энер-
гиялар аймағы.
Толқындық зона – толқын таратушы жүйеден арақашықтығы осы жүйенің
өлшемдерінен және оның тарататын толқындарының ұзындығынан едәуір
қашықтықтағы кеңістіктің аймағы.
Тыйым салынған зона – идеал кристалда электрондардың бола алмайтын
энергиялық аймағы.
Ұдайы өндіріс зонасы – бөлінетін ядроларды ұдайы өндірілу жүзеге асыры-
латын көбейткіш-реактордың аймағы.
Үнсіз зона – акустикалық көлеңкелік зона кейде осылай аталады.
Энергетикалық зона – рұқсат етілген немесе тыйым салынған бір зона.
Френель зоналары – шекараларынан берілген нүктеге дейінгі оптикалық
жүрісінің айырымы толқын көзі тарататын толқын ұзындығының жартысына тең
болатын толқындық шеп бетінің учаскелері.
ЗОНАЛЫҚ ТЕОРИЯ, аймақтық теория – кристалдағы электрондардың
энергетикалық спектрлерінің кванттық теориясы, осы теория бойынша әлгі
спектрлер кезектесіп ауысатын
рұқсат етілген және тыйым салынған энер-
гия зоналарынан (аймақтарынан) құрылған. Зоналық теория кристалдардағы
бірқатар қасиеттер мен құбылыстарды, дербес жағдайда қатты денелердің электр
өткізгіштігінің әртүрлі сипаттамаларын түсіндіреді. Зоналық теорияның негізін
1928 жылы американ физигі Феликс
Блох (1905 – 1983) және 1930 жылы француз
физигі Леон
Бриллюэн (1889–1969) қалаған.
Зоналық теорияның негізіне бірэлектронды жуықтау деп аталған мынадай
жеңілдетілген түсініктер алынған: 1) идеал кристалдық тордың түйіндеріндегі