АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет144/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   274

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



334

335


ЖАРЫҚТЫЛЫҚ – жарқырауық беттің берілген бағытта жарық шығаруын 

сипаттайтын  шама.  Жарықтылық  белгілі  бір  бағыттағы  жарық  күшінің  (І

жарқырауық бет ауданының (S) сол бағытқа перпендикуляр жазықтықтағы про-

екциясына қатынасы арқылы өлшенеді: B = I/S·cosα, мұндағы α – жарқырауық 

бетке түсірілген перпендикуляр мен жарық күші бағытының арасындағы бұрыш. 

Ол Халықаралық бірліктер жүйесінде нитпен (кд·м

2

) өлшенеді. 



ЖАРЫҚТЫҢ  ГАЗ-РАЗРЯДТЫ  КӨЗДЕРІ  –  газдардағы,  заттардың 

буларындағы немесе қоспаларындағы электр разрядтары нәтижесінде оптикалық 

сәуле шығаруға арналған газ-разрядты шамдар (аспаптар). Газ-разрядты шамдар 

жасау 1802 жылы орыс физигі Василий 



Петров (1761 – 1834) ашқан доғалық 

разрядтың жарық шығару құбылысына негізделген. Электр разрядын іс жүзінде 

жарықтандыруға пайдалану 1876 жылы орыс өнертапқышы Павел 



Яблочковтың 

(1847 – 1894) жаңалығынан кейін (доғалық көмірлі шамға патент алған) ғана 

дамытыла басталған. Газ-разрядты шамдардың кәдімгі электрлік қыздыру шам-

дарынан өзгешелігі: бұлардың сәулелік спектрлері мкм-дің (микрометрдің 10

–6



ондық үлесінен бірнеше мкм-ге дейінгі диапазондағы оптикалық аймақты қамтиды.



ЖАРЫҚТЫҢ  ЕРІКСІЗ  ШАШЫРАУЫ  –  өте  жоғары  қарқындылықты  

жарық  толқыны  түскен  және  шашыраған  сәуленің  өзінің  ықпалымен  заттың  

құрамына енген микробөлшектердің (электрондардың, атомдардың, молекула- 

лардың) қозғалыстарының өзгеруі себепкер болған әлгі заттағы жарықтың ша- 

шырауы.  Осы  шашырау  атомдардың  молекулаішілік  тербелістерінен  не 

молекулалардың айналуынан, не электрондардың атомдар ішіндегі қозғалыстары- 

нан туындайтын еріксіз комбинациялық шашырауға; ортаның серпімді (яғни, 

дыбыстық немесе гипердыбыстық) тербелістері қатысатын 



Мандельштам-

Бриллюэннің  еріксіз шашырауына ажыратылған. Жарық сәуленің еріксіз 

шашырауы қатты денелерде, сұйықтарда, газдарда, плазмада байқалады.

Егер  түсетін  жарықтың  қарқындылығы  аз  болса,  онда  заттарда  түсетін 

толқындардың  тек  өрістерінің  әсерінен  заттардың  микробөлшектерінің 

қозғалыстарының өзгеруі себепші болатын жарықтың өздігінен шашырауы пайда 

болады. Түсетін жарық сәуленің қарқындылығы өте үлкен болатын кезде ортаның 

сызықты емес қасиеттері байқалады. Ортаның микробөлшектеріне тек түсетін сәуле 

ғана емес, сонымен бірге шашыраған сәуленің де, оған қоса микробөлшектердің 

меншікті тербелістерінің жиілігіне тең күштер де әсер ететін болады.

Жарықтың  еріксіз  шашырауын  лазердің  қарқынды  сәулесін  аса 

жарықтылығы өте жоғары сәулеге түрлендіру және заттарда қарқынды гипер-

дыбыс  және  микробөлшектердің  өзгедей  қозғалыстарын  қоздыру,  заттардың 

микроқұрылымдарын зерттеу үшін пайдаланылады.



Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



336

337


ЖАРЫҚТЫҢ  ЖҰТЫЛУЫ  –  заттар  толтырылған  орта  арқылы  өтетін 

оптикалық сәуленің қарқындылығының кемуі (азаюы). Жұтылуды сипаттайтын 

негізгі заң – Б у г е р  з а ң ы J = J

0

exp(-k



λ

l). Бұл заң жұтушы орта l қалыңдығынан 

өткен жарық шоғын (J) түсетін шоқтың (J

0

) қарқындылығымен байланыстырады. 



Жарықтың қарқындылығына (J

0

) тәуелді болмайтын k



λ 

коэффициент жұтылу 

коэффициенті деп аталған, k

λ 

коэффициенті әдетте әртүрлі толқын ұзындығы 



үшін  түрлі-түрлі  болады.  Бұл  заңды  1729  жылы  француз  физигі  Пьер 

Бугер 

(1698 – 1758) тәжірибе жүзінде ашқан, кейіннен 1760 жылы неміс ғалымы Ио-

ганн 

Ламберт (1728 – 1777) теория жүзінде тұжырымдаған. Ол теория бойынша 

заттың кез келген қабатынан өткенде жарық ағынының қарқындылығы k

λ  

жұтылу 


коэффициентіне және қабаттың қалыңдығына тәуелді белгілі бір үлеске кемитін 

болған. Бұл заңның физикалық мағынасы k

λ

-ді сипаттайтын фотондардың үрдісі 



шығындалуы болады, бұл фотондардың тығыздығына, яғни қарқындылығына және 

жұтқыш қабаттың қалыңдығына (l) тәуелді емес. Бұл сәуленің қарқындылығы өте 

жоғары болмайтын жағдайда тура болады.

Кванттық  теорияға  сәйкес  жарықтың  жұтылуы  жұтушы  атомдардағы, 

иондардағы,  молекулалардағы  электрондардың  ауысуларына  немесе  қатты 

денелердегі едәуір төменгі энергиялар деңгейлерінің едәуір жоғары энергиялар 

деңгейлеріне ауысуларына байланысты пайда болады. Кері бағытта негізгі немесе 

төменгі қоздырылған күйге ауысу – фотон шығару немесе сәуле шығарусыз, не 

аралас-құралас (комбинациялы) тәсілмен ғана мүмкін болады. Қарқындылығы 

жоғары жарықтың жұтылуы Бугер заңына бағынудан қалады. Оның себебі өте 

көп  мөлшерде  жұтылған  бөлшектер  қоздырылған  күйде  «ұзақ»  уақыт  тұрып 

қалатындықтан жарық жұту қасиетін жоғалтады, осыдан ортаның жарық жұту 

сипаты едәуір өзгереді.

Егер жұтушы ортада жасанды т о л ы м д ы л ы қ   и н в е р с и я с ы жаса-

латын болса, яғни жоғарғы деңгейдегі қоздырылған күй төмендегіден артатын 

болса, онда түсетін ағынның әрбір фотоны өзіндей фотон индукциялайтын бола-

ды, соның нәтижесінде ол 

фотон жұтылмайтын болады. Осының салдарынан 

жарық күшейтіледі. Осы құбылыс Бугер заңында формальды түрде 



теріс жұтылу 

коэффициентіне (k

λ

) сәйкес болады, сол себепті осы құбылыс т е р і с  ж а р ы қ  



ж ұ т ы л у деп аталған. Осы құбылысқа кванттық генераторлардың (лазерлердің) 

және кванттық күшейткіштердің әсерлері негізделген.



ЖАРЫҚТЫҢ  КОМБИНАЦИЯЛЫҚ  ШАШЫРАУЫ  –  заттың  (газдың, 

сұйықтың және кристалдың) жарық жиілігін едәуір өзгертуге ұшырататын ша-

шыратылуы. Егер жарық көзі сызықтық спектр шығаратын болса, онда жарықтың 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау