А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
72
73
АМПЕРМЕТР – электр тогының күшін өлшеуге арналған аспап. Өлшеу-
лердің жоғары шектеріне сәйкес килоамперметр, миллиамперметр, микроампер-
метр және наноамперметрлер
болып ажыратылады. Ампер-
метр ток тізбегіне тізбектей қо-
сылады. Өлшеу қателігін болдыр-
мау үшін амперметрдің кіріс ке-
дергісінің аз болуы қажет. Қара-
пайым амперметрдің негізгі бө-
лігі электрөлшеуіш механизм-
нен (магнитэлектрлік, электр-
магниттік, ферродинамикалық)
кұралған болады.
АМПЕР-САҒАТ (А∙сағ; А∙һ) – электр мөлшерінің жүйеден тыс өлшеу бірлігі.
Амперсағат – бойымен 1А ток өтетін өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1
сағ уақытта өтетін электр мөлшері. А∙сағ = 3600 Кл-ға (кулонға) тең. Әдетте
аккумулятордың заряды А∙сағ-пен өлшенеді.
АМПЕР ТЕОРЕМАСЫ (грекше «теорема – қарастырамын»), шекті жұқа жазық
магнит өрісі («магниттік қабатының», қарапайым біркелкі магнетиктерден құ-
ралған) осы магниттің контуры бойынша өтетін (ағатын) сызықтық токтың өрі-
сіне тепе-теңдігін тұжырымдайды. Мұны 1820 ж. француз физигі Андре
Ампер
(1775 –1836) тұжырымдаған. Ампер теоремасы бойынша, егер магниттік
қабат құрайтын диполдердің (қарапайым
магнитиктердің) магниттік моменттерінің
тығыздығы сан жүзінде ток күшіне (і)
тең болған жағдайда, дөңгелек сызықтық
ток күші (і) магнит өрісіне (
Н) тепе-тең
(эквивалентті) болады. Осы теоремадан
тұйық тұрақты токтың магнит өрісін жалған
(фиктивті)
«магнит зарядтары» ретінде
қарастыруға болады, сол себепті тұрақты
электр токтарының магнит өрістерін зерттеу
мәселесін магнитстатикада қарастыруға
болады.
АМПЛИТУДА (латынша – шама), тер-
белістердің амплитудасы – гармониялық
«Магниттік қабат»: N және S – қара-
пайым магниттік диполдердің солтүстік
және оңтүстік полюстері; H – диполь-
дердің қорытқы магнит өрістері; i –
H өріске тепе-тең өріс тудыратын дөң-
гелек ток
Амперметрді жалғау сұлбасы: а – шунтпен (1 – шунт,
2 – жүктеме); б – ток трансформаторы (3) арқылы.
А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
72
73
тербеліс жасаушы (мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, электр
тогы күшінің мәні және айнымалы ток кернеуінің) дененің тепе-теңдік қал-
пының (орташа шамасынан немесе нөлдік ретінде қабылданған шамадан) мүм-
кін болғанша ең алшақ ауыт-
қуы. Ауытқу шамасы тербеліс-
тің толық периоды (қайтала-
нуының) жасалған кезде өзінің
ең алшақ ауытқу мәніне екі рет
жетеді. Қарапайым түсінікте амплитуда – тербелістің құлашы, ені болып табыла-
ды. Тербеліс амплитудасы тұрақты шамы.
Тербеліс амплитудасы жиірек едәуір кең мағынада – периодты заңдылықпен
тербелетін шамаларға қатысты да қолданылады; бұл жағдайда тербеліс амплиту-
дасы бір периодтан екінші периодқа өткенде өзгеруі мүмкін.
АМПЛИТУДАЛЫҚ МОДУЛЯЦИЯ (латынша «модулацион – өлшем,
өлшемділік») – тербелістің жиілігінен едәуір төменгі жиілікке өтетін тербелістер
(электрлік, механикалық) амплитудаларының периодты өзгерісі. Бұл модуляция
радио- және оптикалық, радиолокациялық, акустикалық локациялық т.б. байла-
ныстарда қолданылады. Мысалы, радиохабарлар таратуда дыбыстық тербелістер
төменгі жиілікті электрлік тербелістерге (модуляциялық сигналға) түрлендіріледі,
осы электрлік тербелістер радиотаратқыштар тарататын жоғары жиілікті
тербелістерді периодты түрде өзгертеді (яғни модуляциялайды).
АНАГЛИФТІК ТҮСТЕР ӘДІСІ (грекше «анаглифос – бедерлі») – бір ны-
санның ақ-қара екі кескінін әртүрлі түске бояп немесе сәйкес сүзгілерден өткізіп,
экранға түсіру арқылы
стереоскоптық кескін шығару әдісі. Стереожұп құрайтын
кескіндер объективтің оптикалық өстерінің арасы белгілі бір қашықтықта (сурет-
ке түсіру базасы) болатындай жағдайда қосымша түстерде (мысалы, қызыл және
жасыл) суретке түсіріледі, сонан соң әлгі кескіндерді көретін (яғни бақылаушы)
адам оң және сол көздерге арналған әртүрлі жарық сүзгілер болатын стереоскоп
арқылы қарайды. Егер, мысалы, оң көзбен қаралатын кескін қызыл түске, ал
сол көзбен қаралатын кескін жасыл түске боялған болса, онда стереоскоптың
оң жақтағы жарықсүзгісі жасыл түсті, ал сол жақтағысы – қызыл түсті болуы
қажет. Осының нәтижесінде әрбір көз тек «өзіне» арналған боз түсті байқайтын
болады. Осы жеке-жеке кескіндерді адам жалғыз көлемді ақ-қара кескін түрінде
байқайды. Осы әдіс көлемді суреттер, стереоскопты фильмдер түсіру кезінде
пайдаланылады.
АНАЛОГ (грекше «аналогос – сәйкес, өлшемдес») – өзге затқа, құбылысқа
немесе ұғымға сәйкес болатын бір нәрсе.
А
79
∑
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА
74
75
АНАМОРФТАУ (грекше «анаморфо – түрлендіремін») – нысан кескіндерінің
сыртқы пішіндерін оптикалық немесе өзгедей тәсілімен өзгерту (түрлендіру). Ана-
морфтау арнайы оптикалық жүйелер, сондай-ақ заттың және (немесе) экранның
жазықтығын көлбеулету арқылы жүзеге
асырылады. Кескіндерді анаморфтау үшін
цилиндрлік линзалар және оптикалық
айналар, сыналық және басқа оптикалық
жүйелер қолданылады. Екі өзара перпен-
дикуляр бағытталған кескіндердің созы-
лып ұлғаюының қатынасы анаморфтау (анаморфоздар) коэффициенті деп аталған.
Тік және көлденең бағыттарда біркелкі кішірейтіліп сығымданған немесе созылған
анаморфтау көп таралған (әсіресе кинотехникада).
АНГСТРЕМ (Å) – ұзындықтың жүйеден тыс бірлігі; 1Å = 10
–10
м = 10
–8
см =
0,1 нм (нанометр). Оптикада, атомдық физикада қолданылады; швед физигі әрі
астрономы Андерс
Ангстремнің (1814–1874) құрметіне аталған.
АНИЗОТРОПИЯ (грекше «анизос – бірдей емсе» + «тропос – бағыт») –
заттардың физикалық қасиеттерінің (механикалық, оптикалық, магниттік, электрлік
т.б.) бағыттарға тәуелділігі. Табиғи анизотропия – кристалдарға тән қасиет; мы-
салы, слюда пластинкасы белгілі бір жазықтықта (осы жазықтықта бөлшектер
арасындағы ілінісуі күші ең аз шамаға тең) жұқа қабыршақтар қабаттарға ажырап
бөлінеді. Кристалдардың кейбір қасиеттерінде (мысалы, тығыздығы және мен-
шікті жылу сыйымдылығында) анизотропиялық қасиеттер жоқ. Мысалы, жарықтың
мөлдір кристалдарда таралуы кезінде (кубтық торлы кристалдардан өзгелерінде)
жарық қосарланып сыну құбылысына ұшырайды және әртүрлі бағыттарда әрқи-
лы полярланады.
Кристалдардың анизотропиясының себебі – олардағы бөлшектердің реттілік-
пен орналасуының салдары болып табылады. Кейбір сұйықтардың, әсіресе
сұйық кристалдардың анизотропиясы молекулалардың асимметриясымен және
олардың белгілі бір бағытқа бағдаралануына байланысты туындаған. Поликри-
сталды материалдардың барлығы дерлік изотропты. Бұлардың анизотропиялық
қасиеттері олардың өңделуінің (жасытудың, сығымдаудың) нәтижесінде текстура
жасалғанда пайда болады. Анизотропия кристалл емес заттарда да байқалады.
Мысалы әйнек шынықтырылғанда анизотропиялық қасиет пайда болады. Крис-
талдар мен изотропты орталарда
электр өрісінің ықпалымен жасанды оп-
тикалық анизотропия түзіледі.
Магниттік анизотропия – денелердің магниттік қасиеттерінің әрқилы
бағыттарда әрқалай болуы.
?????????????
Достарыңызбен бөлісу: |