л
32
∑
ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР
602
Ламинарлық ағыстар: а – тұтқыр
емес идеал сұйықтың ағысы (Ғ=0);
б – тұтқыр сұйықтағы ламинар
ағыс (Ғ–ϑ); в – турбулентті ағыс
(Ғ–ϑ
2
); г – шекаралық қабаттағы
ағыс
Лауэ әдісінің сұлбасы. SO – алғашқы
реттік сәуле; К – кристалл; ММ
'
–
кристалграфиялық жазықтықтың
бағыты; КL – шағылысқан сәуле,
РР
'
– фотопленка
есептеледі. Құбырдағы тұтқыр ламинарлық ағыс
Пуазейль заңымен анықталады.
ЛАРИНГОФОН (грекше «ларинкс –
көмей» + «фон – дыбыс») – сөйлейтін адамның
көмейінің сіңірі мен шеміршегінің механикалық
тербелістерін электрлік тербелістерге
түрлендіретін арнайы құралымдық микрофон;
іс жүзінде ауадағы дыбыстық тербелістерді
қабылдамайды. Әдетте ларингофондар көмейдің
екі жағына орналастырылады. Қарқынды шуыл
кезінде (ұшақта, танкте) радио немесе телефон
арқылы сөйлесуде қолданылады.
ЛАУЭ ӘДІСІ – монокристалдарды рент-
ген сәулесінің дифракциясы арқылы зерттеу
әдісі. 1912 жылы неміс физигі Макс
Лауэ
(1879–1960) кристалдардағы рентген сәулесінің
интерференциялық теориясын тұжырымдап,
кристалды рентген сәулелері үшін дифракциялық
тор ретінде пайдаланып тәжірибе жасауды
ұсынған. Бұл тәжірибені неміс физиктері Вальтер
Фридрих (1883 – 1968) және П. Книппинг жүзеге
асырған. Осы тәжірибеде рентген сәулесінің
кристалдағы дифракциясы алғаш рет бақылан-
ған. Тәжіри-
беде рентген
сәулесінің үздіксіз спектрінің жіңішке шоғы
қозғалмайтын монокристалға түсірілген. Кри-
сталл шашырататын сәуле
Брэгг-Вульф шарты
анықтайтын бағытта түсетін сәулеге перпенди-
куляр орнатылған жазық фотопленкаға суретке
түсірілетін болған (сызбаға қараңыз). Ірі кри-
сталл болған жағдайда фотопленка кристалдың
алдыңғы жағына орнатылады, осындай тәсілмен
алынған лауэграмма эпиграмма деп аталған.
Лауэ әдісі монокристалдарды кеңістіктік
бағдарлау, монокристалдың ішкі құрылымын
л
32
∑
ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР
603
тексеру, фонондық спектрлерді, ыдырау үрдістерін (процестерін), кристалдық
құрылымның «ескіруін» және қайта құрылуын зерттеулерде қолданылады.
ЛАУЭГРАММА – Лауэ әдісімен алынған дифракциялық кескін бейнеленген
рентгенграмма. Лауэграммадағы дифракциялық максимум (суреттегі күңгірт
нүктелер) төбесі түзу (шашырамаған) рентген сәулесі шоғы мен фотопленканың
қиылысуында жататын конустық қима бойынша орналасқан. Әрбір дифракциялық
максимумға бір ғана кристаллграфиялық жазықтықтар жүйелерінің әртүрлі
реттілікпен шағылысқан сәулелер үлестерін қосады, осы жайт лауэграмманы
кристалдың құрылымын ашу үшін қолдануға тыйым салады. Кристалдың әртүрлі
қалпынан алынған бірнеше лауэграмма бойынша оның таңдалып алынған коорди-
наттар жүйесіне қатысты кристаллграфиялық осінің бағытын анықтауға болады.
Лауэграмманың негізгі қолданылу аймағы: монокристалдарды бағдарлау (әсіресе
қырланбаған), симметрияның нүктелік тобын, кристалдың ішкі «құрылымының
кемелденуінің» бүлінуін, т.б.), жылулық диффузиялық және когеренттік шашы-
рауын, т.б. анықтау болып табылады.
ЛЕНГМЮРЛІК ТОЛҚЫНДАР – плазмалық жиілік пен плазманың көл-
денең тербелістері. Американ физиктері И.
Ленгмюр мен Л. Тонкс 1929 жылы
зерттеген. Плазма үшін кулондық күштердің алыс әсері тән, осының нәтижесінде
мұны серпімді орта ретінде қарастыруға болады. Егер плазмадағы электрондар
тобы олардың тепе-тең қалпынан жылжытылатын болса, онда оларға электр-
статикалық қайтатын күш әсер ететін болады, осы күш тербеліске түсіреді.
Тыныштықтағы салқын плазмада (электрондардың температурасы Т
е
→0)
плазмалық жиілікті таралмаған тербелістер (тұрғын толқындар) болады; ыстық
плазмада осы тербелістер топтық аз жылдамдықпен таралады.
ЛЕНЦ ЕРЕЖЕСІ – электрмагниттік индукцияның нәтижесінде пайда бола-
тын
индукциялық токтардың бағытын анықтайды; энергияның сақталу
заңының салдары болып табылады. Қозғалмайтын контурдағы индукциялық ток
оның өзі тудырған магниттік индукциялық ағын контуры шектеген бет арқылы
берілген ток тудыратын ағынның өзгерісіне бөгет (кедергі) болуға ұмтылатын
л
32
∑
ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР
604
бағыт бойынша бағытталады. Өткізгіштің тұрақты магнит өрісінде қозғалыс
кезінде онда пайда болатын индукциялық ток магнит өрісінің механикалық күш-
тері өткізгіштің қозғалысына бөгет болатын бағыт бойынша бағытталады.
Контурдағы индукциялық токтың бағытын анықтауға арналған осы ережені 1833
жылы орыс физигі Эмилий
Ленц (1804 – 1865) тұжырымдаған.
ЛЕПТОНДАР (грекше «лептос – жұқа, жеңіл») – күшті өзараәсерлесу тән
болмайтын қарапайым бөлшектер тобы. Бұл бөлшектер тек
электрмагниттік,
әлсіз және гравитациялық өзара әсерлесулерге ғана қатысады. Лептондарға
электрон, мюон, 1975 жылы ашылған ауыр лептондар және
электрондық, мюон-
дық нейтрино, сондай-ақ олардың антибөлшектері жатады. Барлық лептондар-
дың спині
1
/
2
-ге тең, яғни олар фермиондар болып табылады. 1975 жылға дейін
белгілі болған лептондардың массалары өзге қарапайым бөлшектердің (тек фотон-
дардан өзгелерінің) массаларынан кіші болған. Лептондар зарядталған (электрон,
мюон (μ), τ-лептон) және бейтарап (нейтрино) лептондарға ажыратылған. Бейта-
рап лептондар тек әлсіз өзараәсерлесуге ғана қатысады.
ЛЕПТОНДЫҚ ЗАРЯД, лептондық с ан (L) – лептондарды сипаттай-
тын ерекше кванттық сан. Лептондар саны мен олардың антибөлшектерінің
сандарының айырымы барлық үрдістер (процестер) кезінде тұрақты болатыны
анықталған. Мысалы, электрондық қармау үрдісінде протонның электронды
жұтуы электрондық нейтриноның ұшып шығуымен қабаттас өтеді е
–
+
р→ n + ν
е
,
ал теріс мюонды жұту – мюондық нейтриноның ұшып шығуымен қабаттасады
μ
–
+ р → n + ν
μ
; нейтронның бета-ыдырау үрдісі кезінде электронмен бірге
электрондық антинейтрино туады, т.б. Осы заңдылық лептондарда ерекше
«заряд» – лептондық заряд болады деп түсіндіруге болады. Әдетте е
–
, v
e
үшін
L
е
= +1, е
+
, v
e
үшін L
e
= –1; μ
–
, v
μ
үшін L
μ
=+1, μ
+
, v
μ
L
μ
үшін = –1; μ
–
, v
μ
үшін
L
μ
=+1, μ
+
v
μ
үшін L
μ
=1; τ
–
, v
τ
үшін L
μ
=+1, τ
+
, v
τ
үшін L
τ
= -1. Бұлардан басқа барлық
қарапайым бөлшектер үшін L = 0. Бөлшектер жүйесінің лептондық заряды –
жүйе құрамындағы бөлшектердің лептондық зарядтарының алгебралық қосын-
дысына тең. Сондықтан лептондар сандарының сақталу заңы лептондық
зарядтардың сақталу заңына ұласады.
ЛИДАР (ағылшынша «Lidar – Light detection and ranging – жарық арқылы
іздеп табу және қашықтықты анықтау» деген сөздердің бас әріптері бойынша
қысқартылған атау) – ауа және су орталарын қашықтан зондтауға арналған
оптикалық локатор. Локатор құрамында оптикалық сәуле көзі (әртүрлі лазерлер)
зондтау нәтижесін тіркейтін және өңдейтін жүйелі фотоқабылдағыш телескоп,
ақпараттарды бейнелеуге және басқаруға арналған құрылғылар, қоректендіру
блогы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |