46
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
1932 ж. нейтронның әсерінен туындайтын ядролық реакцияларды алғаш жү-
зеге асырушылардың бірі.
ХЕВЕШИ Дьердь (Георг) (1885 – 1966) – химик, физик әрі радиобиолог.
1913 ж. Ф. Панетпен бірлесіп6
таңбаланған атом әдісін тұжырымдаған. 1934
жылдан бастап таңба ретінде радиоқорғасын және радиофосфор пайдаланған.
1923 ж. Д. Костермен бірге
гафнийді ашқан. Химия ғылымы саласы бойынша
Нобель сыйлығының иегері (1943 ж.).
ХЕВИСАйд Оливер (1850 – 1925) – ағылшын физигі. 1886 ж. Дж.Рэлейге
қатыссыз
скин-эффект теориясын тұжырымдаған. Атмосфераның электрмаг-
ниттік толқындарды шашырататын иондалған қабаты болатынын болжаған.
ХЕЛЛУоРТ Роберт Уиллис (1930 – ?) – американ физигі. 1968 ж. еріксіз
комбинациялық шашыратылу негізінде лазер (комбинациялық лазер) жасаған.
ХЛАднИ Эрнст Флоренс (1756 – 1827) – неміс физигі. 1787 ж. «акустикалық
пішіндерді» ашқан және сипаттаған. 1796 ж. қатты денелердегі дыбыстың ауадағы
жылдамдыққа қатысты жылдамдығын анықтаған.
Жаңғырықты түсіндірген.
ХоКИнГ Стивен Уильям (1942 ж. т.) – ағылшын физигі. 1971 – 72 жылдары
қара апан динамикасының екінші заңын орнықтырған. 1974 ж. қара апанның
«булануының» кванттық үрдісін алдын ала болжаған.
ХоЛЛ Эдвин Герберт (1855 – 1938) – американ физигі. 1879 ж. гальванимагниттік
құбылыстардың маңызды біреуін – магнит өрісіне орналастырған ток өтіп
тұрған өткізгіште токтың және магнит өрісінің бағыттарына перпендикуляр
бағытталған электр өрісінің пайда болатынын (Холл эффектісі) ашқан.
цВЕйГ Джордж (1937 ж. т.) – американ физигі. 1964 ж. М. Гелл-Маннға
қатыссыз
кварктер болжалын ұсынған. 1969 ж. адрондар қарапайым құраушы
бөліктер кварктерден құралған күрделі құрылым: бариондар үш кварктен, мезон-
дар кварктен және антикварктен құралған адрондар моделін ұсынған.
цЕЛЬСИй Андере (1701 – 1744) – швед астрономы әрі физик. 1742 ж. нөл
градус ретінде қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнау температурасы, ал
жүз градус ретінде – мұздың еру температурасы алынған жүз градустық межелі
(шкалалы) термометрді ұсынған. Оған дейін 1694 ж. итальян физигі Карло
Ре-
нальдини (1615 – 1698) осындай температураны ұсынған болатын.
цельсийдің
қазіргі кездегі межесі кейін енгізілген.
ЧЕдВИК Джеймс Чадвик (Чедвик) (1891 – 1974) – ағылшын физигі.
1932 ж. берилийді альфа-бөлшектермен сәулелеген кезде шығатын сәулені зерт-
тей отырып, ол сәуленің электрлік бейтарап бөлшектер –
нейтрондардың ағыны
болып табылатынын анықтаған. 1934 ж. М. Гольдхабермен бірлесіп, алғаш рет
гамма-квант әсерінен ядроның бөлшектенетінін байқаған (Ядролық фотоэф-
фект). Алғашқылардың бірі болып
уран -235-тің кризистік массасын есептеп
анықтаған.
47
ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР
ЧЕМБЕРЛЕн Оуен (1920 ж. т.) – американ физигі. 1955 ж. Э. Сегремен
бірлесіп
антипротонды ашқан. Нобель сыйлығының иегері (1959 ж.).
ЧЕРЕнКоВ Павел Алексеевич (1904 – 1990) – кеңес физигі. 1934 ж.
гамма-сәуле тудыратын әдеттегі люминесценциямен қатар люминесценциялық
жарықтан өзгеше бір жарқыраудың пайда болатынын (Вавилов-Черенков
сәулесі), 1936 ж. осы сәуленің қасиетін ашып, оның бағытын анықтаған. Заттың
асқынжарық жылдамдықты зарядталған бөлшектердің әсерінен жарқырауы
Ва-
вилов – Черенков эффектісі деп аталған. Нобель сыйлығының иегері (1958 ж.).
ШАРЛЬ Жак Александр Цезар (1746 – 1823) – француз физигі. 1787 ж. тұрақты
көлем кезінде берілген идеал газдың массасының температурасы өзгергенде
қысымының өзгеретінін анықтайтын заңды ашқан (Ш а р л ь з а ң ы).
ШВАРц Мэлвин (1932 – ?) – американ физигі. 1962 ж. өзгелермен бірлесіп,
нейтриномен орындалған тәжірибе кезінде екі
типті нейтрино:
ν
e
мен ν
μ
болаты-
нын анықтаған.
ШВЕйГГЕР Иоганн (1779 – 1857) – неміс физигі. 1808 ж.
электрметрді ой-
лап тапқан.
ШоКЛИ Уильям Брэдфорд (1910 – 1989) – американ физигі. 1948 ж. тран-
зисторды ойлап табуда маңызды мәні болған «өріс эффектісін» ашқан. Нобель
сыйлығының иегері (1956 ж.).
ШоТТКИ Вальтер (1886 – 1976) – неміс физигі. 1915 ж. экрандық торы
бар электрондық шамды ойлап тапқан. 1914 ж. сыртқы үдеткіш электр өрісінің
әсерінен
электрондық қанығу тогының арту құбылысын ашқан және оның
теориясын тұжырымдаған. 1918 ж. күшейтудің супергетеродиндік принципін
ұсынған. 1939 ж. «жартылайөткізгіш – металл» қабатындағы жанасу кезінде
пайда болатын
потенциалдық бөгетті зерттеген (Шоттки тосқауылы), осындай
тосқауылды жартылайөткізгіш диодтардың теориясын тұжырымдаған.
ШРЕдИнГЕР Эрвин (1887 – 1961) – австриялық физик. Негізгі ғылыми
жұмыстары статистикалық физика, кванттық теория, кванттық механика, жал-
пы салыстмалық теория, биофизика салаларын қамтыған. 1926 ж. де Броильдің
материялық толқындары туралы және Гамильтон принципі идеялары негізінде
классикалық механикада Ньютон заңдарының қандай маңызы бар болса, атомдық
үрдістерде (процестерде) сондай мәні бар микробөлшектердің қозғалыс теория-
сы –
толқындық механиканың негізіне микробөлшектердің күйлерін сипаттауға
арналған толқындық функцияның (ψ-функцияның) теңдеуін енгізген. Сол жылы
өзінің толқындық механикасын, В.Гейзенберг, т.б. жасаған матрицалық механи-
каның тепе-теңдігін (эквиваленттілігін) дәлелдеген. 1926 ж. кванттық механика-
дағы жуық әдіс –
кванттық ұйытқу теориясын тұжырымдаған. Бөлшекті
кеңістіктің белгілі бір бөлігіне орналасқан және тұтастай қозғалатын толқындар
тобы ретінде көрсетуге ұмтылған. Нобельдік сыйлықтың иегері (1933 ж.).