АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет13/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   274

32

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР

ев-Клапейрон  теңдеуі)]  және  заттардың  балқу,  қайнау  температуралары  мен 

қысымдарының байланысын орнықтыратын теңдеуді қорытып шығарған.



КЛАУЗИУС Рудольф Юлиус Эмануэль (1822 – 1888) – неміс физигі. 1850 ж. 

У.Ранкинге  тәуелсіз  жылу  мен  механикалық  жұмыс  арасындағы  жалпы 

қатынасты  (термодинамиканың  бірінші  бастамасын),  бу  машинасының  идеал 

термодинамикалық циклін (Ранкин – Клаузиус циклі) және термодинамиканың 



«жылу өздігінен едәуір салқын денеден едәуір жылы денеге ауыса алмайды» 

деген екінші бастамасын тұжырымдаған. 1865 ж. 



энтропия ұғымын енгізген.

КнИппИнГ Пауль (1883 – 1935) – неміс физигі. 1912 ж. М. Лауэмен бірлесіп, 

рентген сәулесінің интерференциясын ашқан.

КоМпТон  Артур  Холли  (1892-  1962)  –  американ  физигі.  1922  ж.  зат-

тар  электрондарының  рентген  сәулесін  шашыратуы  салдарынан  әлгі  сәуленің 

толқын ұзындығының өзгеру құбылысын ашқан (Комптон эффектісі). Осының 

нәтижесінде 



фотонның  болатыны  дәлелденген.  1921  ж.  спин  туралы  идеяға 

келген.


КоТТон Эме (1869 – 1951) – француз физигі. 1907 ж. А. Мутонмен бірге 

жарықтың  өріске  перпендикуляр  таралуы  кезінде  магнит  өрісіне  орналасты- 

рылған  заттардағы 

жарықтың  қосарланған  сынуын  ашқан  (Коттон-Мутон 

эффектісі).



КРИШнАн Кариаманиккам Сриниваза (1898 – 1961) – үнді физигі. 1928 ж. 

жарықтың комбинациялық шашырауын ашқан.

КРУКС Уильям (1832 – 1919) – ағылшын химигі әрі физигі. 1879 ж. заттардың 

төртінші  күйі  туралы  ұғым  енгізген.  «Крукс  түтігі»деген  аспаппен  катодтық 

сәулені  зерттеген.  1879  ж.  катод  сәулесінің  энергия  және  импульс  таситынын 

дәлелдеген. 1886 ж. катод сәулесінің себебінен кейбір тотықтар мен тұздардың 

жарқырайтынын байқаған. 1903 ж. күкіртті мырыш пластинкаға түскен альфа-

бұлшек тудыратын эффекті (

сцинтилляциялық эффектісін) ашқан және осы эф-

фект негізінде жеке альфа-бөлшектің жарқырауы бойынша оны тіркейтін аспап 

(

Крукс спинтарископын) жасаған.

ЛЕБЕдЕВ Петр Николаевич (1866 – 1912) – орыс физигі. 1899 ж. жарықтың 

қатты денеге қысым түсіретінін, 1907 ж. газға қысым түсіретіндігін тәжірибе 

жүзінде дәлелдеген.



ЛЕМАн Отто (1855 – 1922) – неміс физигі. 1889 ж. сұйық кристалды ашқан.

ЛЕнГМЮР  Ирвинг  (1881  –  1957)  –  американ  физигі  әрі  химик.  1929  ж. 

Л.Тонкспен бірлесіп 



плазма ұғымын енгізген. Плазма – заттардың төртінші күйі.

ЛЕнц  Эмилий  Христианович  (1804  –  1865)  –  орыс  физигі.  1833  ж. 

индукцияның  электрқозғаушы  күшінің  бағытын  анықтауға  арналған  ережені 

тұжырымдаған (Ленц заңы). 1842 ж. (Дж. Джоульге қатыссыз) электр тогының 

жылулық әсерлер заңын ашқан.




33

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



ЛИББИ  Уиллард  Фрэнк  (1908  –  1980)  –  американ  физик-химигі.  1946  ж.  

геохронологияның 



радиокөміртекті  әдісі  –  органикалық  нысандардағы 

радиокөміртек-14-тің мөлшерін өлшеу бойынша осы геологиялық нысандардың 



жасын  анықтауды  тұжырымдаған.  1953  ж.  тритий  изотопы  бойынша  жас 

анықтау тәсілін ұсынған. Нобель сыйлығының (химия бойынша) иегері (1960).



ЛИппАн  Габриель  (1845  –  1921)  –  француз  физигі.  1891  ж.  жарықтың 

интерференциясына  негізделген  ең  алғашқы  түрлі  түсті  фотографиялық 

әдісті ұсынған. 1908 ж. жазық суретте көлемдік кескін (бейне) көруге болатын 

интегралдық фотография тәсілін ұсынған.



ЛИХТЕнБЕРГ  Георг  Кристоф  (1742  –  1799)  –  неміс  физигі.  Өз  есімімен 

аталған пішіндерді ашқан (Лихтенберг пішіндері). Қолданысқа электр ұнтағын 

енгізген және 1777 ж. ксерокөшірменің негізгі үрдістерін (процестерін) ашқан. 

1778 ж. 


«оң» және «теріс электр» деген атаулар енгізіп, оларды «+»(плюс) және 

«-»(минус) таңбаларымен белгілеуді ұсынған.

ЛоРЕнц Хендрик Антон (1853 – 1928) – нидерланд физигі. Күшті магнит 

өрісінде  спектрлік  сызықтардың  бөлшектенетінін  алдын  ала  болжаған,  оны  

1896 ж. П. Зееман ашқан. 1897 ж. оның теориясын тұжырымдаған. 1892 ж. Май-

кельсон-Морли  тәжірибесін  түсіндіруге  арналған  (Дж.  Фитцджеральдке  қа- 

тыссыз)

 денелердің өлшемдерінің оның қозғалыс бағытында қысқаратыны 

туралы болжал ұсынған (Лоренц-Фитцджеральд қысқаруы). 1895 ж. қозғалыс- 

тағы денелерде тыныштықтағы денелерден өзгеше өтетін 



жергілікті уақыт ту-

ралы ұғым енгізген. 1904 ж. әртүрлі екі санақ жүйесіндегі ортақ бір оқиғаның 

кеңістіктік  координаттары  мен  уақыт  сәттерін  (мезеттерін)  өзара  байланысты-

рушы  формуланы  қорытып  шығарған  (Лоренцтің  түрлендірулері).  Лоренцтің 

түрлендірулерінен  арнайы  салыстырмалық  теорияның  бүкіл  кинематикалық 

эффектілері  шығады.  Сол  жылы 



электронның  массасының  жылдамдыққа 

тәуелділігінің формуласы қорытылып шығарылған. Салыстырмалық теорияға 

және кванттық механикаға ауысуға, салыстырмалық теорияның тұжырымдалуына 

ерекше жағдай жасалды.

ЛоУРЕнС Эрнест Орландо (1901 – 1958) – американ физигі. 1929 ж. магниттік 

резонанстық  үдеткіш-



циклотрон  идеясын  ұсынған  және  1931  ж.  оның  ең 

алғашқы  үлгісін  жасаған.  Қатерлі  ісіктерді  шапшаң  нейтрондармен  емдеу 

жөнінде ең алғашқы тәжірибе жасаған. Нобель сыйлығының иегері (1939 ж.).



ЛЬЮИС Гилберт Ньютон (1875 – 1946) – американ физик-химигі. 1933 ж. Р. 

Магдональдпен бірге 



ауыр суды алғаш рет алған және одан дейтерийді бөліп 

шығарған. 1929 ж. 



«фотон» деген ғылыми атауды енгізген.

ЛэМБ Уиллис Юджин (1913 – ?) – американ физигі. 1947 ж. тәжірибе жүзінде 

сутек  атомындағы  э



нергиялық  деңгейлердің  ығысуын  ашқан.  1962  ж.  ең 

алғашқы сызықтық үдеткішті жасауға қатысқан.


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау