АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет121/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   274

Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



280

281


ДОМЕН (латынша «доминиум – иелік») – заттың физикалық қасиеттері іргелес 

аймақтардан ерекше болатын шағын аймақ.



ДОМЕНДЕР (французша «домайне – иелік, аймақ, сфера; латынша «доми- 

ниум – иелік») – химиялық біртекті ортаның электрлік, магниттік немесе серпім- 

ділік қасиеттерімен немесе бөлшектердің орналасуындағы реттілігімен ерекше- 

ленетін  аймағы.  Антиферромагниттік  және 

ферромагниттік,  сегнетэлектрлік,  Ганн 

домендеріне, серпімділік домендеріне, сұйық 

кристалдардағы домендерге ажыратылған.

Ф е р р о м а г н и т т і к   д о м е н д е р   – 

ферромагнетиктің  кризистік  температурадан 

төмен  температурада  ажырайтын  өздігінен 

магниттелушілігі  болатын,  ферромагне-

тик  көлемінің  қаныққанға  дейін  өздігінен 

магниттелетін  аймақтары.  Домендердің 

магниттелушілік  векторлары  сыртқы  магнит 

өрісі  болмайтын  жағдайда  ферромагнетик 

үлгінің  қорытқы  магниттелушілігі  тұтастай 

алғанда, әдетте нөлге тең болады.

Ферромагнетиктің домендерге ажыратылуын 

мына себептермен түсіндіруге болады. Егер ферромагнетик түгелімен қаныққанша 

бір бағытта магниттелетін болса, онда оның бетінде магнит полюстері пайда болар 

еді және оны қоршаған кеңістікте магнит өрісі туар еді. Бұған ферромагнетикті 

домендерге ажыратуға қарағанда көп энергия қажет болар еді, сол себепті үлгіден 

тысқары магнит өрісі де тумас еді (магниттік ағын үлгінің ішінде тұйықталады). 

Көлем өзгермейтін және тұрақты температура болған кезінде ферромагнетикте тек 

бос энергия аз болатындай домендік құрылым жүзеге асатын болады. 



Ганн домендері – жеткілікті күшті сыртқы электр өрісінде N-тәрізді вольт-

амперлік сипаттамасы болатын біртекті жартылайөткізгіш қабаттарға ажырай-

тын әртүрлі меншікті кедергісі және электр өрісінің кернеулігі әрқилы болатын 

аймақтары.

1964 жылы американ физигі Джон 

Ганн (1928 – ?) жоғары жиілікті тербелістерге 

қатысты осы доменнің болатынын айғақтаған.



Сегнетэлектрлік домендер – сегнетэлектриктердегі біртекті өздік полярла-

натын аймақтар. Домендердің әдетте өлшемдері ~10

–5

 – 10


–3

 см болады. Домен-

дер 10

–5

 – 10



–7

 см қалыңдықты өтпелі аймақтарға (домендік шекарамен немесе 

қабырғамен) ажыратылған.

Кремнийлі  темір  кристалының  бе- 

тіндегі ұнтақтық пішіндер, үлгі кө- 

леміндегі  домендердің  шекаралары 

және оның бетін тұйықтайтын до- 

мендер байқалады. Жебелі сызықтар- 

мен  домендердің  магниттелушілік 

бағыты көрсетілген.



Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



282

283


ДОНОР (латынша «доно – сыйлаймын») – жартылайөткізгіштегі иондалуы 

(жылулық  қозғалыс  немесе  сыртқы  әсерлер  нәтижесінде)  өткізгіштік  зонада 



электронның пайда болуына себеп болатын қоспалы атом. Мысалы, германий 

(Ge) және кремний (Si) үшін фосфор (Р), мышьяк (Аs), сурьма (Sb) элементтерінің 

атомдарының типтік доноры болады. 

ДОНОРЛЫҚ-АКЦЕПТОРЛЫҚ БАЙЛАНЫС – әдетте қосарланған элек- 

трондары болмайтын атомдар, молекулалар, радикалдар арасындағы химиялывқ 

байланыс.  Әлгіндей  байланыс  орнатылған  бөлшектердің  бірі  электрондар 

жұбының доноры, екіншісі акцепторы болып табылады. Акцептор электрондарды 

қабылдауға қабілетті, бұларға көбінесе оң зарядталған атомдық жүйе жатады. До-

норда еркін (бос) бөлінбеген электрондар жұбы болады, ол донорлық-акцепторлық 

байланыс пайда болған кезде ортақ болады. Донорлық-акцепторлық байланыс 

орнатылып болған соң, мұның к о в а л е н т т і к  б а й л а н ы с т а н  іс жүзінде 

айырмашылығы болмайды. N (азот) атомы (мысалы, NH

3

), О, Ғ, Cl және ауыспалы 



металдар атомдары болатын молекулалық жүйелер көп жағдайда донорлар болып 

табылады.



ДОПЛЕР ЭФФЕКТІСІ – тербелістер көзінің және бақылаушының бір-біріне 

қатысты қозғалыстары кезінде бақылаушы қабылдайтын тербелістер жиіліктерінің 

(ω) немесе толқындар ұзындықтарының (λ) өзгеруі. Бұл эффектінің пайда бо-

луын мына мысалмен түсіндіруге болады. Қозғалмайтын толқын көзі көршілес 

екі импульс тізбегінің арасы толқын ұзындығы (λ

0

-ге) тең болатын біртекті ор-



тада ешқандай ауытқуға ұшырамайтын импульстерді тұрақты жылдамдықпен 

(υ) тарататын болсын дейік. Сонда қозғалмайтын бақылаушы осы импульстер 

тізбегін Т

0

 = λ



0

/υ уақыт өткен соң қабылдайтын болады. Егер де толқын көзі 

бақылаушы тұрған жаққа V<< υ жылдамдықпен қозғалатын болса, онда көршілес 

импульстер Т = λ/ υ уақыт аралығынан кіші уақыт аралығына бөлінетін болады, 

мұндағы λ = λ

0

 – VT



0

. Егер импульстердің орны-

на  үздіксіз  гармониялық  толқындағы  көршілес 

импульстер қарастырылатын болса, онда Доплер 

эффектісі кезінде бақылаушы қабылдайтын әлгі 

толқындардың жиілігі ω = 2π/Т, тербеліс таратушы 

көздің жиілігі ω

0

 = 2π/T



0

-дан үлкен болады: ω = 

ω

0

/(1–V/υ) (1).



Тербелістер  көзі  бақылаушыдан  алыстаған 

(қашықтаған) кезде қабылданатын жиілік кемиді, 

бұл  жайтты  (1)  формула  да  сипаттап  тұр,  тек 

Қозғалыстағы  дыбыс  көзі  тара- 

татын  дыбыс  толқындарының 

ортасы  дыбыс  көзінің  қозғалыс 

бағытына  қарай  ығысқан  көпте- 

ген шеңберлер түрінде болады.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау