Анықтамалық Білім беруге, адам капиталының дамуына инвестиция жұмсау жалпы қоғам игілігінің кілті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ



жүктеу 222,77 Kb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата25.11.2017
өлшемі222,77 Kb.
#1769
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

11 


 

беруді  дамыту  бағдарламасында  білім  сапасымен  байланысты  бірнеше 

міндеттер 

ескерілген. 

Олардың 

қатарында 

институционалдық 

аккредитацияны жетілдіру, персоналды оқыту, стандарттар әзірлеу, бұларды 

сапаның бірыңғай тұжырымдамасы ретінде жүзеге асыру ТжКБ жүйесіне оң 

әсерін тигізер еді. Бұдан әрі, ТжКБ өңірлік департаменттерінің, өңірлік және 

салалық  кеңестердің,  сондай-ақ,  түрлі  ұлттық  органдардың  ТжКБ  жүйесін 

жетілдіру  жөніндегі  шараларға  белсенді  қатысуы  сапа  ұғымын  түсінудегі 

қақтығысқа  әкелуі  мүмкін.  Ұлттық  сапа  тұжырымдамасын  енгізу  Қазақстан 

Республикасының  білім  туралы  заңында  анықталған,  сапаның  айтарлықтай 

тар ұғымына ықпал етуі ықтимал. 

ТжКБ  сапасын  қамтамасыз  етудің  бір  тетігі  аккредиттеу  болып 

табылады,  одан  ТжКБ  колледждерінің  ағымдағы  аттестациясы  біріктіріледі 

деп  күтілуде.  ТжКБ  колледждерін,  сондай-ақ,  олардың  білім  беру 

бағдарламаларын 

аккредиттеу, 

аккредиттеу 

агенттіктері 

әзірлеген 

аккредиттеу  стандарттарына  сәйкес  бағалауға  бағытталатын  болады.  Білім 

беруді  дамыту  бағдарламасына  сәйкес,  мемлекеттік  колледждердің  10% 

(ТжКБ 49 колледжі) акредиттеуден 2015 жылға дейін өтуі тиіс. 2013 жылы 20 

колледжді  аккредиттеуден  өткізу  жоспарлануда.  Алайда,  таяуда  ұсынылған 

аккредиттеу  стандарттары  келісілген  ТжКБ  ұлттық  сапа  тұжырымдамасын 

негізге алмаған. Сонымен қатар, колледждер үшін аккредиттеу стандарттары 

сапа  менеджменті,  үдерістер  мен  ұйымдастыру  жүйесі  үшін  халықаралық 

негізді анықтайтын ISO 9001 және ISO 9004 стандарттарына сай келмейді. 

Білім  беруді  дамыту  бағдарламасы  білім  беру  бағдарламаларын, 

біліктіліктер  мен  стандарттардың барлық  түрін,  Германдық  дуальды жүйені 

енгізу  арқылы  жұмысберушілердің  ТжКБ-ға  қатысу  жоспарымен, 

жұмысберушілердің  ТжКБ  оқу  орындарының  қамқорлық  кеңестеріне 

қатысуымен,  қызметкерлерді  ТжКБ  бағыты  бойынша  оқытумен  тым 

күрделеніп  кеткен.  Сондай-ақ,  «Кооперативті  оқыту  2020  жылға  қарай 

кеңінен  жүзеге  асады»  деп  күтілуде.  Мемлекет  пен  жеке  меншік 

серіктестігінің қарастырылып отырған ауқымы шектен тыс көрінеді, өйткені 

экономикалық  дамыған  елдерде  компаниялар,  мысалы,  білім  беру  және 

даярлық  бағдарламалары  қалай  әзірленіп  жүзеге  асып  жатқанына  аса  көңіл 

бөлінбейді. Өнеркәсіптік сектордан құзіреттілік стандарттарын немесе кәсіби 

және  салалық  біліктіліктерді  әзірлеуге  белсенді  қатысу  талап  етіледі. 

Сонымен қатар, өнеркәсіптік сектордың қатысуы ТжКБ мәселелері бойынша 

кері  байланысты  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін,  олардың  болашақта 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

12 


 

қысқамерзімді оқыту, қажетті кадрларды дайындау және ТжКБ түлектерінің 

сапасын бағалауға қажетті. 

Білім  беруді  дамыту  бағдарламасында  (19  бет)  оқытушылық  құрамды 

оқыту  мен  біліктілігін  арттыру  мәселелері  мұғалімдік  мамандықтың  беделі 

мен  ТжКБ  сапасын  жетілдіруге  бағытталған  маңызды  басымдық  болып 

табылады. Бұл өз біліктілігін кәсіпорындарда арттыруды жоспарлаған кәсіби 

нұсқаушылар  мен  пән  мұғалімдеріне  қатысты.  Дегенмен,  Қазақстан 

Республикасында  тәжірибелі  нұсқаушы  бола  алатын  тұлғаларға  кәсіби 

өлшемдерді анықтау қажеттігін мойындаған жөн. Бүгінгі таңда өнеркәсіптің 

білікті  жұмысшылары  педагогикалық  даярлықсыз  ТжКБ  колледждерінде 

нұсқаушы  бола  алады.  Ал  білікті  жұмысшылары  мен  басшылары 

компаниядағы  жаңа  жұмысшыларды  оқытуға  қатысатын  көптеген  елдерде 

педагогикалық  білімнің  болуы  маңызды  талаптардың  бірі  болып  табылады. 

Мұғалім және нұсқаушы ретінде жалданатын кез келген адам педагогикалық 

қызметпен айналысуы үшін оқытылып, сертификатталуы тиіс. 



Жоғары білім және ғылым 

Осы есепте басым мәселелерге топтастырылған, білім беру саясатының 

алты маңызды саласы сипатталған.  

Бірінші басымдық – әлемдік ауқымда бәсекеге қабілеттілікке жету 

үшін жоғары білім  сапасы мен нәтижелілігін жетілдіру. 

Сапамен қамтамасыз ету, оқуға қабылдау және ілгерілеу: Жоғары білім 

сапасы  жеткіліксіз  ЖОО-ларға  қатысты  қолданылған  үкіметтік  шараларға 

байланысты  ЖОО-лар  саны,  әсіресе  жеке  меншік  оқу  орындары  2004–2005 

жылдары  айтарлықтай  қысқарды.  Жоғары  білім  беру  саласында 

студенттердің саны 1996 жыл мен 2005–2006 жылдар аралығында іс жүзінде 

екі  есеге  артса,  сол  кезеңнен  бастап  26  пайызға  кеміді.  Бұл  ішінара  ғана 

халық  санының  кемуімен  түсіндірілуі  мүмкін.  Алайда,  талапкерлердің 

санының  азаюы  мемлекеттік  ЖОО-ларда  байқалғаны  қызықты  факт.  Бұл 

ретте,  білім  сапасы  нашар  болған  сырттай  оқу  бөліміндегі  студенттердің 

саны айтарлықтай қысқарды. Қазақстанда ЖОО-ға түсу деңгейі ЭДЫҰ –ның 

көптеген  елдеріне  қарағанда  айтарлықтай  төмен,  бірақ  табысы  деңгейлес 

елдердің орташа көрсеткіштерімен шамалас. 

Сапамен  қамтамасыз  ету:  Қазақстан  сапаны  институционалдық 

қамтамасыз ету тұрғысынан бірқатар жетістіктерге қол жеткізді; 2013 жылға 



жүктеу 222,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау