ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН
ЭЭФ деканы
_________В.И.
Денисенко
___ ____________
2014 ж.
Қазақ тілі пәні бойынша
5В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығы студенттеріне арналған
SYLLABUS
Курс
1
Семестр
1
Кредит саны
3
ECTS бойынша кредит саны
5
Жалпы сағат саны
135
Практикалық сабақтар
45
СӨЖ
90
СОӨЖ
30
Семестрлік жұмыс
3
Диф.сынақ
Алматы
2014
Силлабусты дайындаған: ф.ғ.к., доцент Төлеуп М.М.
Қазақ тілінің жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалды. Қазақ және орыс тілдері
кафедрасының мәжілісінде №12 хаттамада 2014 жылдың 30 маусымында қаралып,
мақұлданды.
Кафедра меңгерушісі Р.Қ. Бөкейханова
Оқытушылар:
Советова Зауре Советовқызы, ф.ғ.к., аға оқытушы
Төлеубаева Күлайхан Тілеуғалиқызы, аға оқытушы
Ахметова Эльмира Тұрсынқызы, аға оқытушы
Алмухаметова Гульмира Сатыбалдықызы, аға оқытушы
Телгожаева Құралай Сағынбекқызы, оқытушы
Дүйсекова Малике Балабекқызы, оқытушы
Оқытушылардың
офис-сағаттарының
кестесі
кафедра
мен
деканаттың
қабырғасында ілінген. Офис-сағаттар кесте бойынша А-319, А-321, А-320
дәрісханаларында өткізіледі.
Байланыс телефоны: 8727-2925847
e-mail: kz@aipet.kz
Қазақ және орыс тілдері кафедрасының мекенжайы: АЭжБУ, индексі 050013,
Байтұрсынұлы көшесі, 126-үй, 319-кабинет, тел.: 2925847
«Қазақ тілі» пәні студенттердің бойында мемлекеттік сана мен отансүйгіш сезімін
нығайту, қазақ елінің рухани-мәдени жетістіктерін насихаттауға ықпал ету арқылы
қоғамда қазақ тілін білушілердің артықшылықтарын орнықтыру тетіктерін жетілдіру
мақсатын көздейді.
1. Пререквизиттері
Бұл курстың бастапқы деңгейі ретінде мектеп бағдарламасы шеңберінде қазақ тілі
пәні бойынша алған білімдері басшылыққа алынады.
2. Постреквизиттері
Кәсіби қазақ тілі.
3. Пәннің сипаттамасы
«Қазақ тілі» пәні курсы мектеп қабырғасында мемлекеттік тілді базалық деңгейде
меңгерген, қазақ тілінің функционалдық ерекшеліктерін, негізгі грамматикалық
категорияларын білетін, оқу, жазу, түсіну, айту сияқты коммуникативтік жалпы
дағдыларды игерген студенттерге арналған. Оқыту курсы лексикалық тақырыптардан,
сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін дамытуға бағытталған лексикалық және
грамматикалық тақырыптар мен сөздік жұмыстарынан тұрады.
3.1 Оқытудың мақсаты
Курстың мақсаты – студенттер күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін
араласуға, мәтіндерді оқып, түсінуге, өткен тақырыптарды баяндауға, эссе жазуға, радио,
теледидардан ақпараттар тыңдауға машықтандыру, студенттердің сөздіктермен, салалық
сөздіктермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасын
тереңірек игерту, жалпы техникалық сипаттағы мәтіндерді аудару әдістерін үйрету, осы
материалдардың негізінде тыңдалым, жазылым, оқылым, айтылым дағдыларын жетілдіру.
4. Әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы
Кредит саны 3=45 аудиториялық сағат + 3 семестрлік жұмыс + қосымша сабақ +
емтихан. Әр сабақтың ұзақтығы = 100 минут.
5. Пән мазмұны:
№ Лексикалық
тақырып
Грамматикалық
тақырып
Коммуникативтік дағдылар
1
Заман және
заң
Мақал-мәтелдердің
сөйлеу тіліне жұмсалу
ерекшелігі.
Тыңдау және сөйлеу: мәтіндер бойынша сұрақ-
жауап, мазмұнын айту.
2
Менің
мамандығым
Көптік мағынаның
берілуі. Зат есімнің
тәуелденуі, жіктелуі
мен септелуі.
Сөйлеу: өзі оқитын оқу орны, факультеті,
мамандығы туралы бір-бірінен сұхбат алу;
фильм бойынша сұхбаттасу.
Тыңдау: сұрақтарға жауап беру. Оқу: сұрақ қою,
көп нұсқадан таңдау.
3
Қазақстанда-
ғы білім беру
жүйесі
Табыс септігінің
сабақты етістікпен
тіркесуі.
Тыңдау және сөйлеу: мәтіндер бойынша сұрақ-
жауап, мазмұнын айту.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
тақырыбына ой-толғау.
4
Мен білетін
ұлы ғалым
Көмектес
септігінің
құралдық мағынаны
білдіруі.
Шақ категориясы.
Тыңдау және сөйлеу: мәтіндер бойынша сұрақ-
жауап, мазмұнын айту.
5
Нобель
сыйлығының
лауреаттары
Есімдіктердің
септелуі мен
тәуелденуі.
Тыңдау және сөйлеу: мәтіндер бойынша сұрақ-
жауап, мазмұнын айту.
Аралық
бақылау
(7-апта)
6
Қазақстан
–
әлемдік
кеңістікте
-у формалы
етістіктердің
септелуі.
Тыңдау және сөйлеу: мәтіндер бойынша сұрақ-
жауап, мазмұнын айту.
7
Қазақ елінің
ұлттық
байлығы
Көсемше, есімше
категориялары
Тыңдау және сөйлеу: мәтіндер бойынша сұрақ-
жауап, мазмұнын айту.
8
Адам және
табиғат – егіз
Де, бол, ет көмекші
етістіктерінің
қолданысы.
Оқу, тыңдау, сөйлеу:
Қоршаған орта экологиясы.
Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы
мәтіндерімен жұмыс: монолог, диалог, мәтіндер
мазмұнын айту.
9
Қазақ
халқының
дәстүрлі өнері
Анықтауыштық
тіркес.
Тыңдау және сөйлеу: мәтіндер бойынша сұрақ-
жауап, мазмұнын айту.
10 Ғылым мен
техника
Сөйлемді дұрыс
құраудағы сөздердің
орын тәртібі мен
сөйлем мүшелерінің
орналасу реттілігі.
Сөйлеу: «Болашақ – ғылым мен білімде»
тақырыбына монолог, пікірталас.
Оқу, тыңдау:
«Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары»
тақырыбы бойынша мамандық саласына
қатысты мәтіндермен жұмыс.
Аралық
бақылау
(14-апта)
6. Өз бетінше оқуға арналған материалдар:
1. Жай сөйлем және олардың түрлері.
2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктері.
3. Фразеологизмдер мен сөздердің мағыналық қатынасы.
4. Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің сөйлеу тіліне жұмсалу ерекшелігі.
5. Сөйлемді дұрыс құраудағы сөздердің орын тәртібі мен сөйлем мүшелерінің
орналасу реттілігі.
6. Интонацияның сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтай алу
қызметі.
7. Семестрлік тапсырмалар
№1 СӨЖ жазбаша орындалады.
Жұмыстың мерзімі: кесте бойынша
Тақырыбы: «Бүгінгі студент, ертеңгі маман – еліміздің болашағы» тақырыбына
эссе жазу.
Мақсаты: Оқытушы ұсынған тақырып бойынша ақпарат көздерін (оқулықтар,
ғылыми әдебиеттер, Интернет) пайдалана отырып, жан-жақты іздену нәтижесінде өз
түсінігін жазбаша баяндап беру дағдысын қалыптастыру.
Қойылатын талаптар:
- жұмысты А 4 форматында 14 шрифтпен басу;
- жұмыс мерзімінде өткізілуі керек.
№2 СӨЖ ауызша орындалады.
Жұмыстың мерзімі: кесте бойынша
Тақырыбы: «Қоғам және жастар».
Мақсаты: Оқытушы ұсынған мәтінді оқып, ондағы негізгі ойды түсіну арқылы
мәтінді ауызша баяндап беру дағдысын қалыптастыру.
Қойылатын талаптар:
1. Мәтінге сөздік түзу;
2. Оқылған мәтіннен негізгі ақпаратты таба білу;
3. Мәтінге жоспар құру (мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу);
4. Берілген мәтінге өз көзқарасын білдіріп, мәтінді толықтырып мазмұндау.
Ескерту: Әр оқытушы студенттің білім деңгейін ескере отырып, мәтіндерді
өзгертіп немесе толықтырып беруге ерікті.
№3 СӨЖ жазбаша орындалады.
Жұмыстың мерзімі: кесте бойынша
Тақырыбы: «Туған жерге саяхат» тақырыбына реферат жазу.
Мақсаты: Оқытушы ұсынған тақырып бойынша ізденіп, жиналған материалдар
негізінде реферат жазу.
Қойылатын талаптар:
1. Ақпарат көздерін пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша материал
жинау;
2. Жоспар құру;
3. Семестрлік жұмыс стандартқа сәйкес рәсімделуі тиіс.
СӨЖ-ді тапсыруға байланысты қойылатын талаптар:
Студент СОӨЖ кестесін қатаң ұстануы қажет. Интернеттен немесе басқа ақпарат
көздерінен алынған материалдарға сілтеме көрсетілуі тиіс. СӨЖ белгіленген мерзімде
тапсырылмаған жағдайда жұмыстың бағасы әрбір кеш тапсырылған күн үшін бір балға
төмендетіліп отырады және оны қабылдау емтиханға бір күн қалғанда тоқтатылады. CӨЖ
-ді уақытылы өткізу кестесін студент қатаң ұстануы қажет.
СӨЖ-ді рәсімдеу үлгісін әр оқытушы өз тобына ұсынады.
Семестрлік жұмыстар төменде көрсетілген әдебиеттен беріледі:
1. Әлмұхаметова Г.С., Ахметова Э.Т. Қазақ тілі: барлық мамандық студенттеріне
арналған өздік тапсырмалар топтамасы. - Алматы: АЭжБУ, 2014. - 36 б.
8. Бағалау критерийлері
Өлшемдері
Коэффицент мөлшері
СӨЖ: №1, №2, №3
27
СОӨЖ
10
Аралық бақылау 1,2
18
Аудиториялық жұмыс
30
Сабаққа қатысуы
15
Жіберілім рейтингі (ЖР)
100
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Қазақ тілі. Ғылыми- техникалық мәтіндермен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
Оқу құралы/Төлеуп М.М. АЭжБУ. Алматы, 2014. – 88б.
2. Қазақ тілі. Өздік тапсырмалар топтамасы (барлық мамандық түрлеріне арналған)
Әдістемелік құрал/Әлмұхаметова Г.С., Ахметова Э.Т. АЭжБУ. Алматы, 2014. –
88б.
3. Қазақ тілі кешені. Ф. Оразбаеваның жетекшілігімен. - Алматы, 2009.
Қосымша әдебиеттер
1 Бекітілген терминдер сөздігі: қазақша-орысша, орысша-қазақша. -
Алматы, 2009.
2 Құдайбергенов Р. Техникалыққ көптілдік сөздік. қазақша-орысша-немісше-
ағылшынша қзақша-орысша-немісше-ағылшынша. 4-бөлім. 1-ші бөл: қазақша-орысша-
немісше-ағылшынша. -Астана, 2008.
3
Мұсаұлы Ж. Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. -
Көкшетау, 2007.
4
Нұрекен Е., Темірбаев Д., Алияров Б. Жылу қайратият атауларының қазақша-
орысша,орысша-қазақша сөздігі. - Алматы, 2009.
Электронды
оқу
құралдары
мен
компьютерлік
мультимедиялық
материалдар
1. Ресми стиль бойынша мәтіндер жинағы және олармен жұмыс. Астана қ-сы,
Тілдерді дамыту басқармасы «Зерде» инновациялық орталығы, 2006.
2. Қазақ тілін жеделдете үйренеміз. Астана қ-сы, Тілдерді дамыту басқармасы
«Зерде» инновациялық орталығы, 2006.
3. Аудиоприложение к комплекту наглядных пособий «Казахский язык».
4. Құрышжан А.Ә. Қазақ тіліне арналған компьютерлік бағдарлама.
Достарыңызбен бөлісу: |