Анатомия бойынша сұрақтар:
Тіндердің түрлерін атаңыз және олардың функционалдық сипаттамасын беріңіз.
Тұлға сүйектерін және олардың негізгі қосылыстарын көрсету. Латын атауларын атау.
Бас сүйектерді және олардың негізгі қосылыстарын көрсету. Латын атауларын атау.
Аяқ сүйектерін және олардың негізгі қосылыстарын көрсету. Латын атауларын атау.
Қол сүйектерін және олардың негізгі қосылыстарын көрсету. Латын атауларын атау.
Тұлға бұлшықеттерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз, латын атауын атаңыз.
Бастың бұлшықеттерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз, латын атауын атаңыз.
Аяқ-қол бұлшықеттерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз, латын атауларын атаңыз.
Ас қорыту жүйесіне құрылымдық-функционалдық сипаттама беріңіз.
Ауыз қуысының, тістердің, тілдің, сілекей бездерінің, жұтқыншақтың қызметтері. Латын атауларын атау.
Өңеш пен асқазанның құрылысы, қызметі. Латын атауларын атау.
Тоқ ішектің және жіңішке ішектің құрылысы, қызметі, орналасуы. Латын атауларын атау.
Бауырдың, ұйқы безінің өт қабының, ішперденің құрылысы. Латын атауларын атау.
Тыныс алу жолдарының құрылысы, қызметі, орналасуы. Латын атауларын атау.
Өкпе, өкпе қапшығының құрылысы, қызметі, орналасуы. Көкірек аралық. Латын атауларын атау.
Несеп жүйесінің жалпы сипаттамасы. Латын атаулары.
Ерлер жыныс мүшелері. Латын атауларын атау.
Әйел жыныс мүшелері. Латын атауларын атау.
Жүрек-қантамыр жүйесінің сипаттамасы, қан тамырларының құрылысы.
Қан айналымының үлкен және кіші шеңберіне сипаттама беру.
Жүрек құрылысы, топографиясы, қызметі. Латын атауларын атау.
Қолқаның жоғарғы көтерілген бөлігі, қолқа доғасының тармақтары.
Қолқаның төмен баратын бөлігінің (кеуде және құрсақ колқасы) тармақтары. Жалпы мықын артерияларының тармақтары.
Жоғарғы қуыс веналары.
Төменгі қуыс веналары.
Лимфа жүйесі. Иммундық жүйе. Латын атауларын атау.
Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама беру.
Жұлынның құрылысы, қызметі, оның бөлімдері. Латын атауларын атау.
Мидың үлкен сыңарының құрылысы, қызметі.
Ми діңгегінің бөлімдері (сопақша ми, көпір, мишық, орталық ми, аралық ми) , олардың құрылысы мен қызметі.
XII жұп бас ми жүйкелері, иннервация аймағы.
31 жұп жұлын жүйкелері, олардың өрімдері, иннервация аймақтары.
Көз алмасының және көздің қосалқы аппаратының құрылысы. Латын атауларын атау.
Есту және тепе-теңдік мүшенің құрылысы. Латын атауларын атау.
Эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметі (гипоталамус, гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті бездері, ұйқы безінің және жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі). Латын атауларын атау.
Достарыңызбен бөлісу: |