Физиология бойынша сұрақтар:
Физиология ұғымы, бөлімдері (қалыпты, патологиялық, жалпы, жеке, қолданбалы).
-Физиология (грекше physis – табиғат, logos - ілім)- тірі ағза мен
физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың
қызметін зерттейтін тірліктану ғылымы.Ол жүйелермен ағзалардың
бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарымқатынасын тексеретін биологиялық ғылым. Физиологияның мәселесі
адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау,
олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және
сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы
атқарылатындығы жайында мәлімет беру.Физиология анатомия,
циталогия және гистология ғылымдарымен тығыз байланысты.Физика
мен химияның әрбір жетістіктері физиология үшін өте
маңызды.Себебі:олар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке
және қолданбалы болып жіктеледі.
Қалыпты физиология – дені сау адам ағзаның қалыпты жағдайы,
салауатты тұрмыс салтын, әртүрлі әсерлерге бейімделу әрекетін
тексеріп, оларды жақсарту амалдарын анықтайды. Қалыпты
физиологияның басты мұраты – адамның денсаулығын сақтау. Мұны
қазіргі кезде денсаулық туралы ғылым валеология (vale – сау болу,
logos - ілім) зерттейді.Физиология ғылымы медицина мен гигиенада
өте маңызды орын алады. Расында, ағзаның қалыпты қызметін,
денсаулыққа тән көрсеткіштерін жете білмей, ауруды емдеуге
болмайды. Сондықтар қалыпты физиология барлық медициналық
ғылымдардың теориялық негізі деп есептеледі.
Паталогиялық физиология – ауру ағзасындағы ауытқуларды,
олардың ағымдарын, барысын, дерттену тетіктерін анықтайды.
Сонымен қатар ол науқастардың бейімделу әрекетін, сауығу және
айықтыру үрдістерін зерттейді.
Жалпы физиология көптеген түрлер ағзаның жасушалары мен
тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің
жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін
зерттейді. Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне
жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу
құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология
салыстырмалы және эволюциялық физиология болып бөлінеді.
Салыстырмалы физиология – жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің
тірліктік негізін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.
Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардың онтогенез (жеке
даму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық
әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік
заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады.
Жеке физиология – кейбір тіндердің (ет, жүйке т.б.), ағзалардың (ми,
жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге(қанайналымы, тынысалу, асқорыту т.с.с.) бірлесіп ұйымдастырылу
және реттелу негіздерін тексереді.
Қолданбалы физиология – адамның әлеуметтік жағдайлары мен
мақсатты іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Оның
қатарына бірнеше физиология саласы жатады.
Авиация физиологиясы – ұшқыштар ағзаның ұшу кезіндегі жағымсыз
әсерленісін анықтап, оларды болдырмау тәсілдері мен амалдарын
табады.
Әлеуметтік физиология – адам ағзасына қоғамдық ортаның, өндіріс,
тұрмыс жағдайларының әсерін анықтайды.
Әскери физиология – оқу-жауынгерлік даярлану кезінде және соғыс
жағдайларында физиологиялық әрекеттердің реттелісін зерттейтін
әскери медицина саласы.
Ғарыштық физиология – космостық түрткілердің (салмақсыздық,
гиподинамия) ғарышкерлер ағзасына жарамсыз ықпалын тексеріп,
оларға қарсы сақтану амалдарын жасайды.
Еңбек физиологиясы – адам ағзасының еңбектену кезіндегі қалыпты
жағдайын, жұмыскерлігін, оған өндірістік әсерлерді тексеріп тиімді
жұмыс істеу шараларын жүзеге асырады.
Жас физиологиясы – адам ағзасы мен ағзалары және жүйелері
қызметінің туылған сәттен жеке дамуының ақырына дейінгі қалыптасу
және жойылу ерекшеліктерін тексереді.
Спорт физиологиясы – дене шынықтыру, машықтану тәсілдерін
ғылыми тұрғыдан ұйымдастырад.
Физиологияның негізгі физиологиялық ұғымдары мен принциптері.
-Физиология ғылымы ( грекше physic-табиғат,logos-ілім)біртұтас
ағзамен және оның жеке бөліктерінің (клетка,ткань,мүшелер)тіршілік
әрекетін,қызметін зерттейтін биология ғылымының бір саласы.Физиология
организм жүйелері мен ағзалардың бір-біріне әсерін,өзара байланысын және
сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді.Ол сондай-ақ тіршілік
қызметінің жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және филогенездік даму
барысында бақыланады.Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым саласы
ретінде биохимия,биофизика,нейрофизиология, эндокринология
экологиялық физиология,спорт физиологиясы,еңбек физиологиясы сияқты
әртүрлі ғылым салалары бөлініп шықты.Физиология
сонымен қатар ұшқыштар , ғарышкерлер,сүңгушілер,альпинистер ағзасына
табиғаттың әртүрлі төтенше әсерлері мен ауыр жүктемелерінің
күйін зерттейді.Жануарлар физиологиясы мен мал шаруашылық
өнімдерін жетілдіру жолдарын ғылыми тұрғыдан дәлелдейді.Физиология
үрдісі-дамып келе жатқан ғылым.Сондықтан ол дербес ғылым саласы
болғандықтан анатомия және гистологиядан бөлінгеннен бастап,ағзалардың
тіршілік әрекеті туралы физика,химия пәндерінің
әдістерін қолданып,көптеген маңызды деректер жинады.Физиология мақсаттары зерттеу объектілері мен әдістеріне байланысты қалыпты және
потологиялық болып 2-ге бөлінеді.1-шісі дені сау ағзалардың қалыпты
күйін,салауатты өмір салтын,әртүрлі орта факторларына бейімделуін,оларды
жақсарту әдістерін зерттейді.Қалыпты физиологияның басты мақсаты-адам
денсаулығын сақтау.Физиология ғылымы ауру адамның ағзаларында
болатын патологиялық процестердің шығу тегін және оның сипатын,себебін
анықтауға да үлкен үлесін қосады.Сондықтан физиология медицина
ғылымының теориялық негізін құраушы деп есептеледі..Адам және
жануарлар физиологиясы – экспериментті ғылым. Физиологияны оқыту
міндетті түрде студенттердің практикалық жұмыстарды орындауларымен
ұштастырылып отыруы қажет, нәтижесінде теориялық білімдердің
тәжірибелік дағдыларымен бекітіп, физиологиялық әдістемелердің алуантүрлі тәсілдерін меңгереді. Физиология ғылымы ( грекше physis- табиғат
logos- ғылым) бітұтас ағзамен және оның жеке бөліктерінің тіршілік әрекетін,
қызмет зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ф.я организм жүйелері
мен ағзаларының бір- біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен
қарым – қатынасын зерттейді. Сонымен қатар ол тіршілік қызметінің жас
кезеңдеріне байланысты онтогенез және филогенездік даму барысында
бақыланады. Физиология үрдісі – дамып келе жақан ғылым саласы
болғандықтан анатомия және гистологиядан бөлінгеннен бастап, ағзалардың
тіршілік әрекеті туралы физика, химия пәндерініің әдістерін өолданып,
көптеген нақтылы деректер жинады. Физиология сонымен қатар ұшқштар,
ғарышкерлер, сүңгушілер, альпинистер ағзасына табиғаттың әр алуан
төтенше әсерлері мен ауыр жүктемелерінің күйін зерттейді. Жануарлар
физиологиясы мал шаруашылық өнімдерін жетілдіру жолдарын ғылыми
тұрғыдан дәлелдейді. Ф.я мақсттары, зерттеу обьектілері мен әдістеріне
байланысты қалыпты және патологиялық болып екіге бөлінеді. Біріншісі дені
сау адам ағзаларының қалыпты күйін салауатты тұрмыс салтын әртүрлі ота
факторларына бейімделуін оларды жжаксарту әдістерін зерттейді. Демек ,
қалыпты физиологияның басты мақсаты- адам денсаулығын сақтау. Ф.я
ғылымы ауру адамның ағзаларында болатын патологиялық процестерлің
шығу тегін және оның сипатын, себебін анықтауға да үлесін қосады.
Сондықтанда ф.я медицина ғылымының теориялық негізін құраушы деп
есептелінеді. Ф.ның заңдарын білу арқылы еңбекті ғылыми
ұйымджастыруды шешіп қана қоймай, оның өнімділігін күшейтуді талап
етеді.
Қоздырғыш ұлпалардың жалпы сипаттамасы және қасиеттері.
-Тірі құрылымдар мен ұлпалар оларға әсеп етуші факторлар
Арасындағы өзара заңдылықтарын қозу физиологиясы зерттейді.Осыған
Орай ол ұлпаларды қозғыш деп атайды.Тірі организмнің негізгі қозғыш
Ұлпаларына-безді,бұлшық етті,жүйкелі ұлпалар жатад.Бұларға әсер етуші сыртқы және ішкі факторларын-тітіркендіргіштер деп атайды.Қозғыш
ұлпалардың жалпы қасиеті: Тірі организмде ұлпаларды -Қозғыш -
Қозбайтын деп екіге болінеді. Қозғыш ұлпаларға: жүйке, қаңқа, жүрек,
бірыңғай салалы еттер, сөл бөлетін бездер; Қозбайтын ұлпаларға: дәнекер
ұлпа, шеміршек, тері эпителийлері жатады; Қасиеттері: 1)Қозу 2)Қозу
процесін өткізу 3)Ет ұлпалары үшін жиырылу, ширығу, қатаю.
Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тен
әрекетін байқатпаған, атқармаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет
жиырылмаса, без сөл бөлмесе т.с.с, оларды тыныштық күйде деп
есептеңді.
Қозу деп тітіркендіру салдарынан жеке ұлпалар мен мүшелердің өзіне тән
әрекетті атқаратындай белсенді жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі
физика-химиялық, функционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын
күрделі биохимиялық реакция.
Тежелу -тірі құрылымдар әрекетінің толастауымен, бәсеңдеуімен
сипатталатын ерекше биологиялық күй. Тежелу процесі де тірі ұлпаның
тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде туындайды. Тежелу
сыртқы белгілері жағынан физиолоиялық тыныштыққа ұқсас.
Қан. Қанның негізгі қызметтері. Қанның құрамы мен саны.
-Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі
Ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни
Дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста
9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан
Деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе Және тері жатады.
Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі
Қанның құрамы мен қасиеттері. Қан қан клеткаларынан және сұйық
Плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және
Тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал
Плазма 55-60%-ын құрайды.
Плазма құрамы.
Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 %
Белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның
Құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза
Қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар – натрий, калий, кальций, хлор
Түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады.
Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γглобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады. Қан келесі қызмет атқарады:
асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Эритроциттер: құрылысы, саны, қызметі. Гемолиз және оның түрлері.
-Эритроциттер. Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер
және тромбоциттер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі эритроциттер, яғни
қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамнын жынысына байланысты:
ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның қызыл
клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм.
Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады
Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп тасымалдау қызметін
атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегі өкпеден дененің бүкіл клеткаларына
және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің
құрамындағы белок заты гемоглобиннің қатысуымен орындалады.
Гемоглобин күрделі зат. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі валентті темірі
бар бояулы заттан және г л о б и н белогынан тұрады . Адам денесіндегі
эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып
отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас
эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады.
Гемолиз.
Гемолиз ( грекше haima – қан, lysis – еру) – эритроциттің қабығы жарылып
немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген
қан деп атайды.
Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады.
1. Физиологиялық гемолиз – сау адамда болады. Денедегі ескірген
эритроциттер жарылып, олардың орнына сүйек кемігімен шыққан
эритроциттер қанға түседі.
2. Осмостық гемолиз-эритроциттің ішімен сыртындағы осмостық қысым
айырмашылығынан пайда болады. Қанға осмостық қысымы аз ертінді құйса,
эритроциттің ішіне су кіреді, ол ісінеді, судың кіруі тоқтамаса эритроциттің
қабығы жарылып қан гемолизға ұшырайды.
3. Химиялық гемолиз-эритроциттің липоид пен белоктан тұратын
мембранасын ерітетін химиялық заттардың /сірке қышқылы,
эфир,хлороформ, сілті/ әсерінен болады.
4. Биологиялық гемолиз- ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын
немесе өсімдіктерден алынатын улы заттар әсерінен болады.
5. Термиялық гемолиз-қанды жылытып, суытудан болады.
6. Механикалық гемолиз-қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан
эритроцит мембранасы зақымданады /жыртылады/.
7.Электрлік гемолиз-электр тоғының әсеріне болады.
Гемоглобиннің құрылысы, саны, қосылыс түрлері. Түсті көрсеткіш түсінігі.
-Гемоглобин (грекше – haima, haimatos – қан және латынша globus -шар) – адамның, омыртқалы және кейбір омыртқасыз жануарлырдың қанының қызыл пигменті. Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Гемоглобин жетіспесе анемия ауруы пайда болады. Гемоглобиннің қалыпты жағдайдағы нормасы әйелдерде 120-150г/л, ер адамдарда 130-160 г/л. Егер гемоглобин мөлшері шектен тыс көп болса, қан қоюланып жүрек қан тамыр ауруына шалдығады.Гемоглобин қанның қызыл жасушалары эритроциттердің құрамында болады. Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып, өкпеге апарады. Бұл "гем" деп аталатын ерекше ақуыз көмегімен жүзеге асырылады. Гемге оттегі молекуласы қосылады,ол -гемоглобин бөлігі. Жалпы гемоглобин 96%-ы нәруыз -глобиннен, 4%-ы темір атомы бар гемнен тұрады.O2-мен үйлескенде Hb оксигемоглобинге айналады НbО2. Бұл ашық қызыл зат артериялық қанда басым. Сонымен қатар, ол миокардта, барлық қаңқа бұлшықеттерінде де кездеседі. Гемоглобиннің көміртегі тотығымен қосылуы карбоксигемоглобин деп аталады. HbCO O2 тасымалдау қабілеттілігін жоғалтады, сондықтан жасушалар жедел оттегі аштығын сезінеді. Карбоксигемоглобиннің талдауы криминалистикада қолданылады, өйткені ол жасырын қан іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Hb тотығып, гемдегі темірі Fe темірімен алмастырылған кезде, тін қатты гипоксиядан зардап шегеді. Алынған HbMet метгемоглобині O2-ге байланғандықтан, оны іс жүзінде жасушаларға бермейді. Мұндай патологиялық жағдай нитриттермен, анилиндермен, сутегі асқынымен, калий перманганатымен, бертолат тұзымен және басқа тотықтырғыш заттармен улану кезінде пайда болады.Түстік көрсеткіш (ТК) – гемоглобиннің қаншалықты эритроцитпен қаныққандығын көрсететін ерекше бірлік. Қалыпты мөлшері 0,86—1,1 құрайды. ТК бойынша ажыратылады:
Гипохромды анемия – ТК 0, 8 төмен;
Нормохромды анемия. Көрсеткіш қалыптыдан ауытқымайды; Гиперхромды анемия. ТК жоғарылаған жаққа ауытқиды
Лейкоциттер: құрылысы, саны, қызметі. Лейкоцитарлы формула.
-Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (гр. λευκως — ақ және гр. κύτος — жасуша) – ядросы бар және белсенді амёба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. (4-9×10⁹) .Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады.
Ipi, ядросы болады. Орташа диаметрі 6-25 мкм. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.
Леййкоциттердің денесі, қабығынан цитоплазмадан және ядродан тұрады. Лейкоциттердің саны эритроциттерден 600-800 есе кем. жалған аяктарының көмегімен микроорганизмдерді қармалап (өте қалса) алып, өзінің вакуолдарына жібереді де оны қорытып жойып жібереді.Бұзылған лейкоциттер ipiңболып жарадан бөлініп шығады.
Бұл процесс фагоцитоз деп аталады, кезінде Мечников ашқан. Олай болса лейкоциттердің қорғаныштық қызметі олардың фагоцитоздық қасиетіне негізделген.Лейкоциттер 2 топқа бөлінген:
1. Гранулоциттер немесе түйіршікті лейкоциттерге нейтрофильдер, эозинофильдер, базофилъдер жатады. Цитоплазмасы түйіршікті, ядросы сегменттелген.
2. Агранулоциттер немесе түйіршіксіз лейкоциттерге моноциттер, лимфоциттер жатады. Олардың цитоплазмасында түйіршіктер кездеспейді және ядролары сегменттелмеген. Нейтрофильдер микроорганизмдерді фагоцитоз арқылы жоя алады. Лейкоциттердіңәр түрлі микроорганизмдердіқорытып жіберуін И.И.Мечников фагоцитоз (қарбу) деп, ал обыр жасушаларды «фагоциттер» деп атаған. Ол 1883 жылы иммунитеттің жасушалық теориясын құрды және фагоцитоздыңқорғаныштық ролін ашып Нобель сыйлығына ие болды. Эозинофильдер саны аллергиялық реакцияларда және ішек құрттарын жұқтырғанда көбейеді. Базофилъдер биологиялық белсенді заттар – гепаринді (қанныңұюына жол бермейді)
Және гистаминді (қантамырларын кеңейтеді) түзеді.
Иммунитетте лимфоциттер мен моноциттердіңмаңызы көбірек. Моноциттер лейкоциттердіңішіндегі еңipici.Олар барлық лейкоциттердің 4-8%-ын құрайды. Олар фагоцитарлық белсенділікпен сипатталады. Бip моноцит 100 микробты жояды. Моноциттер макрофагтарға айналып отырады.
Лейкоциттердің 25%-ын лимфоциттер құрайды. Олардың басым бөлігі лимфада. Олар жіліктің кемігінде пайда болады, әрі қарай дамитын мүшеге байланысты Т-лимфоциттері және В-лимфоциттері болып бөлінеді. Лимфоциттер – арнайы иммундық жүйенің элементтері
Тромбоциттер: құрылысы, саны, қызметі. Қанның ұю фазалары.
-Тромбоцит (thrombocytes, грек, thrombos - тромбы, kytos - жасуша) — қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы.
Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі грануломерден (хромомерден) және біркелкі (гомогенді), шеткі бөлігі — гиаломерден тұрады.
Қан табақшалары 8 – 11 тәулікке дейін тіршілік етеді.Белсендірілген тромбоциттер жарақат орнына (адгезия) және бір-біріне (агрегация) жабысып, жарақаттың орнын толтыратын тығынды құрайды. Сонымен қатар, олар плазмалық коагуляцияға екі негізгі жолмен қатысады - прокоагулянттық мембрананың экспозициясы және α-түйіршіктердің секрециясы.Тромбоциттер қызметі:
Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;
Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;
Қорғаныс – тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;
К апилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді. Олардың мөлшері 180 – 320 109/л
1-фактор – тромбоциттердің бетіне жабысқан плазмалық проакцелерин (VI ф), бұл протромбиннің тромбинге айналуын тездетеді, 2-фибриногеннің фибринге айналуын тездететін фактор. 3-фактор-тромбоциттік тромбопластин. Тромбопластин оның мембранасында және түйіршіктерінде болатын фосфолипид. Ол тромбоцит жарылған сәтте сыртқа шығып, қан ұюының бірінші кезеңіне қатысады.4- гепаринге қарсы тұратын фактор, ол гепаринмен әрекеттесіп, қан ұюын (гемокоагуляцияны)тездетеді.
Тромбоциттер қанның креаторлық байланысын, әсіресе қантамырлар
ының табиғи құрылысын сақтайды.
АВ0 жүйесі бойынша қан топтары және резус-фактор. Қанның топтық және резус- фактор туралы түсінік.
-Қан топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейдБарлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қан тобын анықтау үшін ABO жүйесі қолданылады. Негізгі екі антиген А және В арқылы қанды топқа жіктеуге болады.
1. А қан тобы (II) — эритроциттер А антигенін өндіреді.
2. B қан тобы (III) — тек В антигені өндіріледі.
3. О қан тобы (I) — екі антиген де кездеспейді.
4. АB қан тобы (IV) — екі антиген де бар.
Қан тобына байланысты плазмада антиденелер болады: альфа (антиА) мен бета (анти-B). Бұл ақуызды қосылыс бөгде антигендермен күресіп, иммундық жүйені қоздырады.
1. А қан тобы (II) — плазмада анти-B антиденесі бар.
2. B қан тобы (III) — сұйықтықта анти-A анти денесі кездеседі.
3. О қан тобы (I) — анти-А және анти-B де бар.
4. АB қан тобы (IV) — екі антидене де қан плазмасында жоқ.
Егер А қан тобына басқа қан тобын араластыратын болса, плазмадағы оның антиденелері өзара реакцияға түсіп, қан жасушалары жабысып қалады да, эритроциттер агглютинациясы болады. Нәтижесінде тамырлардың бітеліуі мен өлім туындайды.Егер адамның қан тобы А болса, оған А және О тобын құюға болады.
• Егер В қан тобына жататын адам болса, оған В және О тобы сәйкес келеді.
• АВ қан тобына кез келген топтағы қан құйылады: Антидене болмаса, мәселе туындаймайды.
• О тобына тек өзін ғана құя алады. Есесіне, олар кез келген топқа донор бола алады. Олардың құрамында антиген болмағандықтан, бұл қан тобымен ешқандай антидене қарсы күреспейді.
Дегенмен, қан құяр кезде тек топ қана емес, резус-фактор да назарға алынады.
Резус-фактор — эритроциттердің беткі қабатында орналасқан нәруызD-антигені. Егер сіздің қаныңызда бұл нәруыз болса онда резус-фактор оң (Rh+), егер болмаса — теріс (Rh–).
Егер резус-факторы теріс адам D-антигенді қанды құйдыратын болса, ағза D-антиденесін өндіре бастайды. Нәтижесінде эритроцит құрамы бұзылады. Егер, резус теріс болса, кез келген адамға құйыла береді. Ал, оң болған жағдайда толыққанды тексерістен соң ғана құйылады. Әлемде тек 15% адамның резус факторы теріс. Сондықтан, донор кейде ұзaқ ізделеді.
Жүктілік кезінде де Rh– адамдар денсаулығына мән берген жөн. Егер ұрықтың резус факторы Rh+ болса, онда ана қаны арқылы балаға өтуі мүмкін. Кейін оны қаны антидене өндіре бастайды. Алғашқы жүктілік те қауіпті болмағанымен, екінші не үшінші баланың қан жасушасын зақымдап, қан аздық тудыруы мүмкін.
Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері: қозғыштығы, өткізгіштігі, қысқаруы және рефрактерлік кезеңі.
-Қозғыштық.Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді. (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған жөне қозбаған бөліктерінің арасында потенциаддар айырмасы туындайды. Миокард торшаларьщда (кардиомиоциттерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).2.Қозуды өткізгіштік.Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет торшалары – пейсмекерлерде – пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай бар-лық ет талшықтарына жая таратады. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қаңдылар жүрекшелері кабырғасымен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен – 0,8-0,9м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 – 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттеріңде қозудың 4,7- 5 м/сек жыддамдықпен тарайтынын айтьп өтейік.
Жүректің өткізгіш жүйесі.Жүректегі қозуды туындатып, оның жүрекшелер мен қарын-шаларға таралуын, осының нәтижесінде олардың үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ететін бейқалып элементтердің (түйіндердің, шоғырлардың, талшықтардың) жиынтығы жүректің өткізгіш жүйесідеп аталады.Жүректің өткізгіш жүйесінің маңызы.
Миокарда ет талшықтарының екі түрі болады: жүрек етінің негізін құрайтын миоциттер – жүрек өткізгіш жүйесін құратын миоциттер. Бейарнамалы миоциттер саркоплазмаға бай, миофибрилдері аз, өте қозғыш. Жүректің өткізгіш жүйесі осы миоциттерден құралады. Олар топталып әр түрлі түйіндер құрайды, олардың шоғырлары тарамданып жеке жіпшелерге айналады.
Өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады. Бірі оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс венасы мен оң құлақша аралығында орналасқан синоатриалдық. Кис – Флек түйіні, екіншісі – оң қарынша аралығында жүрекшеаралық пердеге жақын орналасқан атриовентрикулярлық Ашшов – Тавар түйіні. Осы екі түйінді бір-бірімен жалғастыратын жіпшелер – Бахман талшықтары.
Атриовентрикулярлық түйіннің төменгі жағында орналасқан, қарыншааралық пердеге қарай жақындаған жерде Гис шоғыры басталады. Одан екі- оң және сол аяқшалар шығады. Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің эндокардың астымен төмен қарай түседі де, жүрек ұшындағы қалың етке жетеді. Одан әрі иіліп жоғары қарай көтеріледі, жеке Пуркинье талшықтарына айналады: Пуркинье талшықтары жүректің негізгі миоциттеріне жақындап онымен өзара түйіседі. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесі синоатриалдық түйіннен басталып, жеке Пуркинье талшықтаымен бітеді.
Жүректің өткізгіш жүйесі құрамындағы бөліктердің қайсысында болмасын өздігінен қозатын автоматиялық қасиет болады. Бірақ олар бірдей емес, жүрек автоматиясында айырмашылық – градиент болады.1883 жылы ағылшын ғалымы В. Гаскелл жүректің өткізгіш жүйесіндегі бөлімдер синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын автоматиялық дәрежесі төмендейді деген тұжырымға келді. (автоматия градиенті заңы) бұл заң бойынша атриовентрикулярлық түйн автоматиясы синоатриалдық түйін автоматиясынан төмен, Гис шоғырының автоматиясы бұдан да төмен. Демек, синоатриалдық түйінде өздігінен туатын қозу саны өте көп. Бұл сан жүрек соғуының жиілігіне сәйкес келеді.
Рефрактерлік – қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолюггік (толық) рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік және экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын пголық рефрактерлік деп атайды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргііике жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды.
Жүрек автоматизмі. Жүректің өткізгіш жүйесі. Автоматты градиент туралы түсінік.
Жүрек циклі және оның фазалары.
Гемодинамика түсінігі. Қан тамырлары бойынша қозғалысын қамтамасыз ететін факторлар (қан тамырларындағы қан қысымы, қан қозғалысының жылдамдығы, толық айналым уақыты).
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу кезеңдері және олардың сипаттамасы.
Дем алу және дем шығару механизмі. Өкпе көлемі.
Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жолдарының бөлімдері мен функциялары. Ас қорыту түрлері.
Ауыз қуысындағы ас қорыту. Сілекейдің саны, құрамы, қасиеттері және ас қорыту үшін оның маңызы.
Асқазандағы ас қорыту. Асқазан, асқазан безінің функциялары және асқазан сөлінің құрамы.
12 елі ішекте ас қорыту процесі. Ұйқы безінің құрамы мен қасиеттері.
Жіңішке ішек пен мықын ішекте асқорытудың мәні. Сіңірілуі.
Тоқ ішекте ас қорыту.
Ағзадағы зат алмасу туралы түсінік. Ассимиляция және диссимиляция ұғымы.
Ақуыз алмасу: функциялары, түрлері, қажеттілігі, биологиялық құндылығы. Азот балансы ұғымы, оның түрлері.
Майлардың алмасуы: функциялары, түрлері, қажеттілігі, биологиялық құндылығы.
Көмірсулар алмасуы: функциялары, түрлері, қажеттілігі, биологиялық құндылығы.
Бүйрек физиологиясы. Нефронның құрылысы. Зәр түзудің негізгі процестері.
Нейрон. Нейрондардың жіктелуі. Рефлекстердің түрлері (шартты рефлекстердің шартсыздан айырмашылығы). Рефлекторлық доғаның түсінігі.
Нейрондар жүйке жүйесінің және жүйке тінінің негізгі бірлігі болып табылады. Нерв жүйесінің барлық жасушалары нейроннан тұрады. Нерв жүйесі бізді қоршаған ортаға сезімталдық пен жауап беруге және екі бөлікке бөлуге болады: орталық жүйке жүйесі және перифериялық жүйке жүйесі .
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады, ал перифериялық жүйке жүйесі дененің қалған бөліктерінде жүретін сенсорлы және моторлы жүйке жасушаларының тұрады. Нейрондар, әдетте, атқаратын қызметіне қарай үш түрге жіктеледі. Сенсорлық нейрондар жауап беру тітіркендіргіштер ұяшықтарға әсер ететін жанасу, дыбыс немесе жарық сияқты сезім мүшелері, және олар сигналдарды жұлынға немесе миға жібереді. Қозғалтқыш нейрондар бәрін басқаруға арналған ми мен жұлыннан сигналдар қабылдау бұлшықеттің жиырылуы дейін безді шығару. Интернейрондар нейрондарды мидың немесе жұлынның сол аймағындағы басқа нейрондарға қосыңыз.(Нейрондар қозғалтқыш, сенсорлық немесе интерьерон ретінде жіктеледі. Қозғалмалы нейрондар орталық жүйке жүйесінен органға , безге және бұлшықетке ақпарат береді . Сенсорлы нейрондар орталық жүйке жүйесіне ішкі органдардан немесе сыртқы сигналдардан ақпарат жібереді. Интерноронда қозғалтқыш пен сенсорлы нейрондар арасындағы релелік сигнал.)
Байланысты нейрондар тобы а деп аталады жүйке тізбегі.Нерв процестері – сигналдарды өткізуге және таратуға қабілетті жасуша денесінің «саусақ тәрізді» проекциясы. Екі өсінді түрі бар:
Аксондар: әдетте жасуша денесінен сигналдарды алып жүреді. Олар әртүрлі аймақтарға сигналдарды жеткізу үшін бөлінетін ұзақ жүйке процестері болып табылады. Кейбір аксондар олигодендроциттер мен Schwann жасушалары деп аталатын глиальді жасушалардың оқшаулағыш қабатына орайды. Бұл жасушалар миелинді қабықшаны қалыптастырады, ол миелляцияланған нервтердің миелленбегендерге қарағанда импульстарды жылдамдатуы мүмкін болғандықтан, импульстарды өткізуге жанама көмектеседі. Миелин қабығының аралықтары Ranvier түйіндері деп аталады. Аксиондар синапстар деп аталатын түйіндерде аяқталады.
Дендрит: әдетте жасуша корпусына сигналдар әкеледі. Дендрит әдетте көп, қысқа және аксондарға қарағанда көп тармақталған. Олар жақын маңдағы нейрондық сигналдық хабарларды алу үшін көптеген синапстарға ие.
Барлық бөліктерінен ақпарат жіберу, қабылдау және түсіндіруге жауапты.
Ақпарат жүйке жүйесі құрылымдарының арасында жүйке сигналдары арқылы беріледі. Аксондар мен дендриттер нерв деп аталатын заттарға біріктіріледі. Бұл жүйке мидың , жұлынның және басқа дене мүшелерінің жүйке импульстері арқылы сигналдарын жібереді. Нерв импульстары немесе әрекет потенциалы – бұл нейрондық электр немесе химиялық сигналдарды босататын электрохимиялық импульстар, олар басқа нейронда әрекет ету әлеуетін бастайды. Нерв импульстері нейрональдық дендритке келіп, жасуша денесі арқылы өтіп, аксон бойымен терминалға дейін тасымалданады. Аксондардың көптеген бұтақтары болуы мүмкін болғандықтан, көптеген импульстар көптеген клеткаларға берілуі мүмкінНейрондардың үш негізгі санаты бар. Олар мультиполярлы, униполярлы және биполярлы нейрондар.
Орталық жүйке жүйесінде көпполярлы нейрондар кездеседі және нейрондық түрлердің ең көп таралған түрі болып табылады. Бұл нейрондарда бір аксон және көптеген дендрит бар, олар жасуша денесінен шығады.
Бір полярлы нейрондардың бір ғана жасушаның денесі мен екі процеске бөлінетін өте қысқа процесі бар. Бірполярлы нейрондар жұлынның жүйке жасушалары мен мидың нервтерінде кездеседі .
Биполярлы нейрондар – бір аксоннан және бір дендриттен тұратын сенсорлы нейрон, ол жасуша денесінен шығады. Олар тордың жасушаларында және алкогольді эпителияда кездеседі .
Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді.Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай Рефлекстің бірнеше түрлері бар.
Биологиялық маңызына қарай қоректік, қорғану, бағдарлау Рефлексі, т.б.;
Рецепторлардың (сезімтал жүйке ұштары) табиғатына қарай экстеррецептивтік, интеррецептивтік, проприрецептивтік Рефлексі;
Нейрондардың орналасуына қарай жұлындық, булбарлық (сопақша ми), диэнцефалдық (аралық ми) Рефлексі болады.
Рефлекторлық доға (рефлекторная дуга); (лат. Reflexus — шағылысу) — сыртқы және ішкі әсер етуші факторларға организмнің жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке толқынының жүретін жолы.
Рефлекторлық доғаны кем дегенде сезімтал, байланыстырғыш (аралық), қозғалтқыш нейроциттер тізбегі құрайды. Рефлекторлық доға қабылдағыш аппараттан (рецептордан), орталыққа тепкіш (афферентті) жолдан, орталықтан (жүйке жүйесіндегі орталықтар нейроциттерден тұрады), орталықтан тепкіш (эфферентті) жолдан, жауап беру мүшесі (эффектор) бөлімдерінен құралады. Қарапайым рефлекторлық доға жұлын арқылы тұйықталады, ал күрделі рефлекторлық доға жұлын және мидың қатысуымен іске асады.
Рефлекстер тұлғалық және вегетативтік болады. Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшенің (эффектордың) әсеріне байланысты қоздырғыш және тежеуші Рефлекстер болып бөлінеді. Қалыптасу табиғатына, атқаратын қызметіне және биологиялық маңызына қарай Рефлекстер шартты және шартсыз болып жіктеледі
Жүйке жүйесінің физиологиясы. Сопақша ми, көпір, орталық ми, мишық, ми қыртысының кызметтері.
Эндокриндік бездердің физиологиялық рөлі. Гормондардың түсінігі және қасиеттері.Гормондардың гипо - және гиперфункциясы кезінде дамитын жағдайлар.
Анализаторлар туралы түсінік.Анализаторлардың негізгі бөлімдері (перифериялық, өткізгіштік, орталық).
Достарыңызбен бөлісу: |