Ананың бала қАМҚорлығындағы рөЛІ



жүктеу 24,14 Kb.
Дата27.01.2022
өлшемі24,14 Kb.
#37258
мақала



АНАНЫҢ БАЛА ҚАМҚОРЛЫҒЫНДАҒЫ РӨЛІ
Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпаөтан-ұрпаққа берілуі тиіс [1].

Баланың онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтарын қарастырудағы теориялық тұрғылардың негізгі белгісін атап өтуге болады. Жаңа туған сәби – аса нәзік, ғажайып, керемет және өте тәуелді жаратылыс иесі. Өмірінің ең ерте шағында ол тек біреудің көмегімен ғана дамуға жарамды, ересек адамның қатысынсыз және қамқорынсыз ол қоғамның толыққанды мүшесі болып өсе алмайтыны шүбісіз.



Ең жақын ересек туыстарымен (анасы, әкесі, атасы мен әжесі) бала өз өмірінің алғашқы кезеңдерінде кездеседі де, тек солардан және сол адамдар арқылы қоршаған ортамен танысады және адам тілін алғаш рет естиді, өз іс-әрекетіне арналған заттарды және құралдарды игере бастайды, келешекте – адами өзара қарым-қатынастың күрделі жүйесін де меңгереді. Қандай да бір себептерге байланысты өмірінің алғашқы бірнеше жылында ересектермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған балалардың кейін де «адам секілді» ойлауды, сөйлеуді үйрене алмаған және әлеуметтік ортаға бейімделе алмаған мысалдары аз емес екені белгілі. Бұл пайымдаудың дәл сондай көрнекілігі «госпитализм» феномені болып табылады, мұнда баланың ересекпен өзара әрекеті тек жасанды күтіммен шектеледі және баланың үлкен адам арасындағы толыққанды эмоциялық қарым-қатынас жасау мүмкіндігін болдыртпайды (мұндай жағдай ерте жастағы сәбиді балалар үйіне орналастырғанда болады). Мұндай балалар өздерінің қатарластарына қарағанда дене дамуында, интеллектуалдық та, эмоционалды дамуында да әлдеқайда артта қалатыны дәлелденген: олар кеш отырады, жүреді, сөйлейді, олардың ойындары жұтаң әрі бір тектес және көбінесе затты айналдырып қараумен шектеледі. Мұндай балалар, әдетте, енжар, білімқұмар емес, өзге адамдармен қарым-қатынас жасау машықтарын игермеген болып келеді. Сипатталған мысалдар ең шеткі, типтік емес құбылыстарды көрсетіп отырғаны сөзсіз, бірақ бұл мысалдар балалардың ересектермен адекватты қарым-қатынас жасауы олардың психикалық дамуы мен психикалық денсаулығының негізі болып табылатынының айқын көрінісі болып отыр. Бәрінен бұрын сәбидің анасымен физикалық және эмоциялық байланысына мұқтаж екені анықталады. Мұндай маңызды мұқтаждықты бұзу психикалық жағымсыздықтың түрлі формаларының себепшісі болуы мүмкін. Бала ананың бауыр етінен жаралады және тіпті, одан бөлінгеннен кейін де, денесі мейлінше дербес бола бастаса да, ол ұзақ уақытқа дейін анасының дене жылуына, оның құшағына және мейіріміне мұқтаж болады. Сәбидің анасына құштарлығын зерттеу соңғы онжылдықтар бойы экспериментті психологияның алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі болып келеді. Анасы мен сәбиінің арасындағы байланыстан асқан жақын әрі берік физикалық та, рухани да, жан ынтызарлығы да болса да, байланыс жоқ. Анасы нәрестесін тоғыз ай көтереді, оған өмір сыйлайды, баласына алғашқы өмірлік бейімділік береді, оған ерекше нәзіктікпен жақын, баласының ауруын өзінікіндей сезеді.Баланың психикалық-физикалық дамуында толыққанды отбасының маңызы айтарлықтай зор, сәбидің алғашқы өмір жылдарында әсіресе ананың рөлі ең маңызды болып табылады. Бала алғашқы өмір жылдарындағы анасымен қарым-қатынасының негізінде ғана кейін өмір бойы өзінің ересек өмірін қалыптастыратыны дәлелденген. Аналарға туғаннан 3-5 жас аралығында баласына қалай дұрыс қарым-қатынас жасау қажет екендігі жайлы нақты және қарапайым нұсқаулықтар беруге талай талпыныс жасалды және жасалып келеді, себебі дәл осы кезде тұлға, мінез негізі қаланатыны, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасаудың негізгі стереотиптері қалыптасатыны белгілі. Споктың «Бала және оған күтім жасау» кітабы барлығына мәлім, көптеген аналар балаларын «Спок бойынша» тәрбиелеген уақыт та болған. Ал қазір, міне, аталған кітапта баяндалған жағдайлар дау туғызатын және жоққа шығарылып жатқан кез келді. Мәселен, «баланы нақты кесте бойынша тамақтандыру қажет» деген «қалаған кезінде тамақ беру керек», «қосымша тағам қосу керек» дегені «тек қана ана сүтімен және барынша ұзақ уақыт тамақтандыру», «қолға үйретуге болмайды» - «барынша жиі қолға алыңыз» дегенмен ауыстырылып келеді. Шындық, әдеттегідей, ортасында тұр. Споктың тек бір пайымдауын: «Жақсы көретін ана баласына не беру керек екенін өзі біледі» дегенін жоққа шығару мүмкін емес. Сондай-ақ балалар психоаналитигі, балалар психиатрлары мен психотерапевтері арасындағы сөзсіз беделді Д. Винникоттың сөздерін келтіруге болады: «Кейде аналарды өздері жасап жатқанның айтарлықтай маңызы бар деген ой қобалжытады, мұндай кезде оларға оны айтпаған жөн, әйтпесе олар өз әрекеттерін қайта ойластырып, оларды нашарлау орындай бастайды. Ана болуды үйреніп алу мүмкін емес және қорқыныш сезімі физикалық дерлік қасиетке ие өте қарапайым махаббаттың орнын баса алмайды. Ендеше еңбектеніп, осы мәселелердің басын ашудың не қажеттілігі бар? Біреу болмасын біреу мұндай еңбекті мойнына алуы тиіс екендігіне сенімдімін, әйтпеген жағдайда баланың ең алғашқы даму сатысында ана мен сәбиінің қарым-қатынасы қаншалықты маңызды екенін ұмытып кетеміз. Ұмытып кетеміз және, ойланбастан, қыстырыла бастаймыз, ал дәл соны жасаудың қажеті жоқ. Егер ана қандай да бір айрықша күш-жігерсіз ана болуға жараса, біз ешқашан килікпеуіміз керек. Ол өзін қорғай да алмайды, себебі оны не үшін кінәлап жатқанын жай ғана түсінбей қалады. Ал біз оны жарақаттаймыз. Тек ол аяғының сынуы болмайды, қолдағы қанталап жатқан жарақат емес. Мұның бәрі оның баласының психикасын мертіктіруге айналады. Маңызды болып табылмайтын соншалықты қарапайым дүниеге қажетсіз килігуден біз тигізген жарақатты емдеу үшін ана талай жылдарын қаншалықты жоғалтады? Жас ананың үйренетіні көп. Ол мамандардан баланың рационына қосатын қатты тамақ жайлы, дәрумендер туралы, салмақ қосуды қадағалау жайында көп пайдалы нәрсе біледі. Ал кейде оған мүлде басқа тектес дүниелер жайлы айтылады, мысалы, бала тамақтанудан бас тартқан кезде ол қалай әрекет етеді? Бір жағынан, дайындығы бар кәсіби маман, мүмкін, арнайы бала күтімін жүргізуді үйренбестен өз сәбиіне қамқор болуға жарамды ананың интуициялық біліміне тәнті болған шығар. Интуициялық ұғынудың басты құндылығы шын мәнінде оның оқумен бұрмаланбаған табиғилығында жатыр». Осы заманғы ғылыми эксперементтік зерттеулердің күрделене түсуі әр алуан әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы құпиясы ашылмаған мәселелердің сырын ашып отыр [3].

«Фарфор қуыршақ»-ана жағымсыз немесе шиеленіскен жағдайларды жеңіп шыға алмайды, себебі «тез сынады». Ол шекара орнатуды, өзін және қоршаған ортасын қадағалауды білмейді, ересек әлеммен істес болуға дайын емес. Мұның барлығы оның ана ретіндегі қылықтарынан көрінеді: баласының проблемалары оның ұнжырғасын түсіреді, өзінің проблемалары секілді тұншықтыра береді. Бала қандай да бір қатты сезім білдірген кезде айқын көрінеді. «Фарфор»-ана өз баласын жақсы көргенімен, оның айғайы, долылығы, мұңы немесе қорқынышы алдында бірден тайсақтайды. Бала тарапынан пайда болған қатты «бұрыс» сезімдер сөгіс пен жазалауды туындатуы мүмкін. «Фарфор қуыршақ» өзінің жекелеген жанға бататын эмоциясына толы әлемінде өмір сүреді және барлығын солардың әсерімен қабылдайды. Бала шынайы өмірмен алауыздықта жүрген кезде баланың эмоциясы арқылы оның өзінің жеке үрейі мен абдыраушылығы шығып кетеді[4].

«Басшы» ана баласының тәуелсіз, қалыпты қызмет ететін ересек адам болу қабілетін түсіреді. Мұндай ана жеке өзі қатыгез үй іші ережелерін орната отырып, оларды орындауды талап ете, баласын бойсұнуға үйретеді, отбасына қатысты өзінің беделін көрсетеді. Осылайша, анамен қарым-қатынас бала дамуындағы басшылық рөлді ана атқаратынын көрсетеді. Бала тәрбиесінде, әсіресе ерте балалық шақта әкенің рөлі көбінесе әкенің дәстүрлі «мал тапқыш және қорғаушы» рөлінде және ананың жаны жайлылығын қамтамасыз етуден көрінеді деп есептеу қалыптасқан. Дегенмен, әкенің бұл кейпін психоаналитиктер соңғы жылдары қайта қарастырып жатыр. Баланың алғашқы өмір жылдарында-ақ әкенің келесі міндеттерін айқындап кетуге болады: Анасы баласына өзінің ішкі әлемін игеруге мүмкіндік береді, себебі кішкентай бала «өзіне анасының көзімен қарайды», ал әкесі баланы жоғары лақтырғанда, онымен ойнағанда сыртқы ортаны меңгеруге көмектеседі. Әке бала анасының назарынан айырылғанда жағдайды жұмсартуға көмектеседі. Егер анасы келе алмаса, жанында әкесі бар. Дені сау бала агрессиясын әкесіне де, анасына да міндетті түрде бағыттайды. Тек анасын жақсы көретін әке болса, баланың дамуына ауыртпалықсыз өзінің агрессиясын жеңу жеңілдеу болады. Баланың тәжірибесі бар, тіпті мұндай «жаман» ананы да жақсы көріп кетуге болады. Ересек өмірде оған қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас құру жеңілірек болады, себебі ол адамдарды «мінсіз» және «нашар» деп бөлмейтін болады, яғни мейлінше кемелденген тұлға болып өседі. Бірін-бірі сүйетін ата-аналардың өзара қарым-қатынасын бақылай отыра, кішкентай бала мұндай қарым-қатынасты есінде сақтайды, оларды бейсаналық деңгейде бойына сіңіреді. Егер бала әкесіз тәрбиеленіп жатса, психоаналитиктер балалардың мектепке дейінгі мекемелерге баруына ұсыныс жасайды, онда әкемен қарым-қатынас жасау тапшылығы қатарластарымен қарым-қатынас жасау арқылы орны толады: толық отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар үйде игерген қарым-қатынасты көрсетеді. Берекелі ананың баласы да толыққанды және дені сау болады, мұндай заңдылықты балалар мамандары бұрыннан байқаған. Баланың жасы ұлғайған сайын әкенің және отбасының басқа да мүшелерінің рөлі айтарлықтай маңызды бола бастайды, бірақ ананың орны бірінші болды және боып қала береді.

Ата-аналардың психологиялық ерекшеліктеріне қарамастан, ерлі-зайыптылар арасындағы шынайы және ақ пейілді қарым-қатынас айтарлықтай маңызды болып табылады. Мінездер мен көзқарастарындағы айырмашылықтарға қарамастан, бір-біріне деген сыйластық және ақ пейілді қарым-қатынас баланың өзін және ата-анасын сыйлаудың негізі болып табылатынын ерлі-зайыптылар түсінуі тиіс, баланың бойында бейсаналы түрде отбасының беріктіліне сенімділік қалыптасады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев egemen.kz: https://egemen.kz/article/260146-tauelsizdik-barinen-qymbat.

  2. Обозов Н.Н. Межличностные общения. – Спб., 2003. – 151 с.

  3. Джакупов С.М. Управление познавательной деятельностью в процессе обучения. – А.: Қазақ университеті, 2002. – Б. 11-15.

  4. Шерьязданова Х.Т. Учите детей общению. Алма-Ата: Рауан, 2011, – С. 156-160.

жүктеу 24,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау