- Қанның шашыранды ұюының синдромы бүкіл ағзаның микроциркуляция тамырларында көптеген тромбтардың түзілуіне әкелетін қан ұйытатын факторлардың белсендірілуімен сипатталады. Бұл кездегі ұйытушы факторлардың шығындалуы және онымен шартталған фибринолиздің активациясы әдетте массивті қан ағумен (қан құйылулармен) қатар жүреді.
Себептері - ҚШҰ механизмін “қосатын” себептер бірмәнді емес. Олардың құрамына мынадай факторлар кіреді:
- Амниотикалық сұйықтық
- Эритроциттер гемолизаты
- Ацидоз
- Эндотоксиндер
- Жүректен шығатын қан мөлшерінің азаюы мен артериалды вазоконстрикция
- Қан тұтқырлығының артуы
- Капиллярлар мен венулалардың дилатациясы
Мүшелердегі морфологиялық өзгерістер - ҚШҰ-синдромының негізгі морфологиялық көріністері – микротромбтар, некроздар және қан құйылулар.
- ҚШҰ соңында бұзылыстың 2 типі туындайды:
- геморрагиялық диатез.
- Әр түрлі ағзалардың қызметінің бұзылуымен қатар микроциркуляторлық арнада қан ағымы бұзылуының салдарынан дамитын некроздар.
Ең жиі зақымдалатын мүшелер – бүйрек, өкпе, бүйрекүсті безі. - Ең жиі зақымдалатын мүшелер – бүйрек, өкпе, бүйрекүсті безі.
- Сирек зақымдалатын мүшелер – бауыр, ұйқы безі, асқазан-ішек жолы, тері, аденогипофиз.
- Өте сирек зақымдалатын мүшелер – миокард, ми.
- Зақымдалатын мүшелер арасында ерекше орын алатын – көкбауыр.
Бүйрек ұлғайған, ісінген, қыртысты зат сұр-сары реңді бозғылт, үрдіс ұзақтығы 2-3 тәулікке созылса, гиперемия және қан құйылулар аймағымен қоршалған ошақтық немесе тотальды кортикальды некроздар көрінеді. Каналшалар эпителиінің айқын дистрофиялық өзгерістері (некробиоз бен некроз дамуы мүмкін) анықталады. Микроциркуляторлық арнада шумақшалар қылтамырларында, әкелетін және әкететін артериолаларда, милы заттың тамырларында микротромбтар көрінеді. - Бүйрек ұлғайған, ісінген, қыртысты зат сұр-сары реңді бозғылт, үрдіс ұзақтығы 2-3 тәулікке созылса, гиперемия және қан құйылулар аймағымен қоршалған ошақтық немесе тотальды кортикальды некроздар көрінеді. Каналшалар эпителиінің айқын дистрофиялық өзгерістері (некробиоз бен некроз дамуы мүмкін) анықталады. Микроциркуляторлық арнада шумақшалар қылтамырларында, әкелетін және әкететін артериолаларда, милы заттың тамырларында микротромбтар көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |