|
Аќмола облысы єкімдігініњ
|
Дата | 25.05.2018 | өлшемі | 156,87 Kb. | | #17202 | түрі | Регламент |
|
Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 31 мамырда
№ А-7/256 қаулысымен
бекітілді
|
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Эскизді (эскиздік жобаны ) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13610 болып тіркелген) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 15 минут;
2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;
3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың пакетін орнатылған талаптарының сәйкестігіне:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер бойынша, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда - 7 жұмыс күн;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, консультативтік-кеңесші органдарға (бұдан әрі - ККО) жолдайды - 7 жұмыс күн.
4) ККО техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша эскизді (эскиздік жобаны) қарастырады – 5 жұмыс күн;
5) басшы эскизді (эскиздік жобаны) келіседі және қол қояды немесе дәлелді бас тартады - 1 сағат;
6) кеңсе қызметкері келісілген эскизді (эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе дәлелді бас тартады – 15 минут.
6. Келесі рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалуына негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) өтінішті тіркеу;
2) жауапты орындаушыны анықтау;
3) құжаттарды тексеру және дайындау;
4) эскизді (эскиздік жобаны) келісу немесе дәлелді бас тарту;
5) келісілген эскизді (эскиздік жобаны) беру немесе дәлелді бас тарту.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсе қызметкері;
2) басшы;
3) жауапты орындаушы;
4) консультативтік-кеңесші орган.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:
1) кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 15 минут;
2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;
3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың пакетін орнатылған талаптарының сәйкестігіне:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер бойынша, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда - 7 жұмыс күн;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, ККО жолдайды - 7 жұмыс күн.
4) ККО техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша эскизді (эскиздік жобаны) қарастырады – 5 жұмыс күн;
5) басшы эскизді (эскиздік жобаны) келіседі және қол қояды немесе дәлелді бас тартады - 1 сағат;
6) кеңсе қызметкері келісілген эскизді (эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе дәлелді бас тартады – 15 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
|
"Эскизді (эскиздік жобаны)
келісуден өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
регламентіне
қосымша
|
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|