Бөлік
Сипаттама
(6)
Ішкі дисплей қосқышы
Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде
жабылған болса, ұйқы күйін қосады.
ЕСКЕРІМ:
Ішкі дисплей қосқышы компьютердің
сыртынан көрінбейді.
*Бұл антенналар жəне инфрақызыл сəуле шығарғыштар компьютердің сыртынан көрінбейді.
Жақсы таратылым үшін антенналар жəне инфрақызыл сəуле шығарғыштардың айналасындағы
аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы
ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын
Заңдық,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз. Бұл ескертулер анықтама жəне
қолдау орталықтарында орналасқан.
38
Бап 3
Компьютермен танысу
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік
жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу
үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет
провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді
модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін
тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ:
Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін
пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөз береді. Берілген
мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Жаңа Интернет жазбасын орнату немесе компьютердің
параметрлерін бар жазбаны пайдаланатын реттеу үшін көмектесетін
мынадай мүмкіндіктер бар:
●
Интернет қызметтері мен ұсыныстары (кейбір жерлерде
бар)—бұл утилита жаңа Интернет жазбасын жасауға жəне бар
жазбаны пайдалану үшін компьютер параметрлерін реттеуге
көмектеседі. Бұл утилитаны пайдалану үшін,
Пуск (Бастау)
>
Все программы (Барлық бағдарламалар)
> Online Services
(Желідегі қызметтер)
> Интернет тармағын таңдаңыз.
●
Интернет провайдері беретін белгішелер (кейбір жерлерде
бар)—бұл белгішелер Windows жұмыс үстелінде көрсетілуі
немесе Online Services (Желідегі қызметтер) атты жұмыс үстелі
қалтасында топталуы мүмкін. Компьютерде жаңа Интернет
жазбасын орнату немесе компьютерді бар жазбаны
пайдаланатын етіп реттеу үшін белгішені екі рет басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шебері—Windows
жүйесінің Интернетке қосылу шеберін Интернетке төмендегі
жағдайлардың кез келгенінде қосылу үшін пайдалануға болады:
◦
Интернет провайдерінде тіркелген есептік жазбаңыз бар
болған жағдайда.
◦
Интернет есептік жазбасы болмаған жəне Интернет
провайдері шебердегі тізімнен таңдағыңыз келген жағдайда.
(Интернет провайдерлерінің тізімі барлық аймақтарда бола
бермейді).
◦
Тізімде жоқ Интернет провайдері таңдалған жағдайда жəне
таңдалған Интернет провайдері IP мекенжайы, сондай-ақ
42
Бап 4
Желі орнату